Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5.3. Аспалы желілерді пайдалануға қабылдау.

АЖ – ні құрастырғаннан немесе жөндеуден кейін оны пайдалануға қабылдау жүргізі-леді. АЖ-лерді қабылдау техникалық пайдалану ережелеріне ( ТПЕ – ПТЭ ) сәйкес ( СНиП ІІІ -3.01.04.-87 ), сонымен қатар Энергетика министрлігі бекіткен, электр желіле-рін пайдалануға қабылдау салалық ережелер бойынша жүргізіледі. АЖ- лерді екі шеті-нен шектелген қосалқы станциялардың жекелеген учаскелері, жұмыс істеп тұрған желі-лерге қосылған қосып-ажырату пунктері немесе учаскелері бойынша қабылдауға рұқсат етіледі. Бүкіл желі бойынша жұмыстардың аяқталуын күтпей-ақ, тапсырыс беруші келі-сім бойынша, АЖ- дің құрастыру жұмыстары аяқталған жекелеген анкерлі аралықтарын қарап шығуға және тексеруге талап қоюы мүмкін.

АЖ-лерді құрастыру немесе жөндеу жұмыстары аяқталған соң кәсіпорын басшылы-ғы оны пайдалануға қабылдауды жүзеге асыратын жұмыс комиссиясын тағайындайды. Комиссия құрамына электр желілері кәсіпорнының, мердігердің, қосалқы мердігердің, жобалау және басқа да қызығушылық танытқан ұйымдардың өкілдері кіреді. Жұмыстық комиссия келесі құжаттарды тексереді:

- құрылыс процесі барысында және жобалау ұйымымен келісіліп, өзгерістер енгізілген желінің жұмыстық жобасы;

- АЖ – лердегі (трассадағы) өткізгіштердің қималарының ауданы және түрі, тіреулердің типтері, қорғағыш жерсіндіргіш құрылғылардың және т.б. орындалатын сұлбалары;

- барлық инженерлік құрылымдармен өтпелерін, қиылыстарын және жақындауларын қабылдау актілері;

- жерсіндіргішт құрылғыларды құрастыру және тіреулерді тереңдету бойынша орында-латын жасырын жұмыстардың актілері;

- жер учаскесін бөлу туралы құжат;

- жерсіндіргіш құрылғылардың кедергілерін өлшеу хаттамасы;

- негізгі көрсеткіштері, сынақтан өткізу және жүргізілген жөндеу жұмыстарының мәлі-меттері көрсетілген желінің төлқұжаты.

Көрсетілген барлық құжаттар комиссия жұмысы аяқталған соң тапсырыс берушіде – пайдаланушы ұйымда сақталады.

АЖ-ні пайдалануға берер алдында жұмыстық комиссия оның техникалық жағдайын және жобаға сәйкестігін, фазалар бойынша жүктеменің бірқалыпты таралуын, салбырау

аралығы мен жерге дейінгі қашықтығын тексереді.

Барлық кемшіліктер жойылған соң және жұмыстық комиссия желіні қабылдағаннан

65.

кейін, мемлекеттік қабылдау комиссиясы жұмысын бастайды. Бұл комиссияны АЖ-ні өз қаражатына жасатқан ұйым тағайындайды. Комиссия құрамына тапсырыс берушінің, жобалаушының, архитектураның, бас мердігердің, қосалқы мердігердің, тораптық кә-сіпорынның, энергобақылау мекемесінің, санэпидбақылау мекемесінің, экология және өрт қызметі өкілдері кіреді.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясы желіні қарап шыққан соң, жұмыстық комис-сияның актілерінің, техникалық құжаттардың және бірқатар қосымша құжаттардың негі-зінде жұмыстың сапасын және АЖ-ні пайдалануға беру мүмкіндіктерін анықтайды. Ко-миссия желіні қосқаннан соң және оның қалыпты жұмысы туралы бір күннің ішінде қа-былдау актісіне қол қояды.

5.4. Аспалы электр беру желілеріне қызмет көрсету бойынша пайдалану іс – шаралары.

Электр берудің аспалы және кабельді желілерінің пайдалану режимдері оларға түсірі-летін түрлі жүктемелердің әсерлеріне байланысты. АЖ- дің тіреулері үшін бұлар:

- өткізгіштің салмағынан, оқшаулағыш ілмегінен, арматурадан және өзінің меншікті де-тальдарынан түсетін жүктеме;

- желден және көк мұздан түсетін жүктеме;

- өткізгіштердің керілуінен түсетін жүктеме.

АЖ-дің өткізгіштері олардың бойымен өтетін токтың жылулық және динамикалық әсерлеріне, сонымен қатар апаттық жағдайлардағы токтың ерекшеліктеріне ұшырайды. Сондай-ақ қоршаған ортаның температурасының ауытқулары, көкмұз бен қардың айтар-лықтай механикалық жүктемелері әсер етеді. Кернеуі 1000 В-қа дейінгі АЖ-лерде өт-кізгіштерге қосымша аспалар қосу, сонымен қатар оларды көлік құралдарының үзіп ке-туі жиі кездесіп отырады.

Аспалы электр беру желілерінің жұмыс жағдайының аса қиындығы, олардың сенімді және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін пайдалану іс-шараларының тәжірибелік жүйелерін жүзеге асыруды және құруды талап етеді.

АЖ-ді пайдалану бойынша қызмет көрсету іс-шаралары жүйесінің мағынасы мынада:

- АЖ-дің токтық жүктеме бойынша рұқсат етілген жұмыстық режимдерін сақтау;

- АЖ-ді жүйелі түрде қарап отыру;

- алды-ала сынаулар мен өлшеулерді жүргізіп отыру;

- жоспарлы – ескерту жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- қажетті техникалық құжаттар жүргізу ( АЖ-нің төлқұжаты, журналдар, қарау парақта-ры);

- апаттардың себептерін тиянақты тексеру және оларды жою бойынша іс-шараларға тал-дама жасау;

- АЖ-лерді күзету, соның ішінде тұрғындар арасында желіні қорғау ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізу және олардың өту аумағында жұмыстар жүргізу.