Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.2. Сынау түрлері.

Электр жабдықтары мен автоматика құралдарын сынау мыналарды қамтиды: қа-былдау – тапсыру, профилактикалық, жарамсыздыққа шығару, операция бойын-ша, бақылау, типтік (арнаулы).

Қабылдап – тапсыру сынақтары жабдықты орнату орнында құрастырғаннан неме-се жөндегеннен кейін пайдалануға берер алдында жүргізеді. Электр қондырғылары үшін олардың мәні ретке келтіруде болып саналады. Өнеркәсіптік өндіріс өзінің электр қон-дырғыларының түрлілігімен ерекшеленеді, яғни онда басқару станциясы бар заманауи автоматты электр жетектері, трансформаторлы қосалқы станциялары, аспалы және ка-бельді электр беру желілері және т.б. бар. Сондықтан қабылдап-тапсыру сынақтарының көлемі мен межелері электр құрылғыларын құрайтын түрлі электр жабдықтары үшін қажетті тексерулерді, өлшеулерді және сынауларды қарастырады, және электр жаб-дықтарының пайдалануға жарамдылығының негізгі белгілерін анықтайды.

Бұл белгілерді екі түрге бөлуге болады: абсолютті және салыстырмалы.

Абсолютті белгілер тексеру кезіндегі тексерілетін электр жабдықтарының пайдала-нуға жарамдылығын (немесе жарамсыздығын) анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді және өлшеулер немесе сынаулар кезіндегі физикалық шамалардың мәндерін нақты анықтайды.

Межелерде сонымен қатар оқшаулағыштың, түйіспелі қосылыстардың, ток жүретін бөліктердегі және электр машиналары мен аппараттарының орамдарындағы рұқсат етіл-ген температуралардың жай-күйлері, ажыратқыштардың уақытша сипаттамалары және т.б. көрсетілген.

Тексерілетін жабдықтың жай-күйінің салыстырмалы белгілері қосып ретке келтіру сынақтары кезінде алынған кейбір электрлік шамалардың мәндерін сол шамалардың бұрын алынған мәндерімен, мысалы, заводтық сынаулар кезінде немесе осы типтес жабдықты қосып ретке келтіру жұмыстарын орындаған кездегі мәндерімен салыстыруға негізделеді.

Бұл белгілерді электр машиналарының, трансформаторлардың сипаттамаларына са-раптама жасаған кезде, сонымен қатар оқшаулағыштың кедергісін өлшеу кезінде жиі қолдануға тура келеді.

Электр қондырғысын пайдалануға қосу мүмкіндігі туралы соңғы қорытындыны оны

33.

кешенді түрде жұмыс барысында байқап көру негізінде береді. Осы сынауларды жүргізу кезінде электр жабдықтарының босаңсыған бөліктерін дер кезінде анықтап және жөн-деуге мүмкіндік туады.

Жарамсыздыққа шығару сынақтары – бұл жөндеу алдындағы электр жабдығының ақауын анықтау.

Операция бойынша сынақ, немесе операция аралық бақылау (ОАБ) электр жаб-дықтарын жөндеу барысында жүзеге асырылады.

Бақылау сынақтары көлеміне тәуелсіз, жөндеуден кейін орындалады. Бұл сынақ-тардың мақсаты – жөндеуден кейін электр жабдықтарының және автоматтандыру құралдарының техникалық мәндерінің төлқұжаттағы мәндерімен, жөндеуге қатысты техникалық шарттармен, стандартпен және т.б. сәйкестігін тағайындау.

Типтік сынақтар құрылымы, материалдары немесе дайындау технологиясы өзгерген кезде, яғни егер осы өзгерістер машиналар мен трансформаторлардың сипаттамаларына әсер ететін болса, және, ережеге сәйкес, қабылдау сынақтарының бағдарламасы бойын-ша сәйкес келетін параметрлерді тексеруді қамтитын болса ғана жүргізіледі.

Бұл сынақтардың мақсаты, машиналардың құрылымын сипаттайтын нақты мәндердің жобалау барысында енгізілген немесе тәжірибелік –құрылымдық зерттеулер кезінде алынған мәндермен сәйкес келуін нақтылау.