Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Өткізгіштерді белгілеу үшін түрінің жанында қалыпты көлденең қимасының ау-

60.

даны да көрсетіледі, мысалы, А - 50 – көлденең қимасы 50 мм2 болатын алюминий өткізгіш.

Қалыпты көлденең қимасы дегеніміз өткізгіштің нақты қимасының жуықтап алын-ған шамасы. Болаталюминийлі өткізгіштің түріндегі сан, мысалы, АС – 150, өткізгіштің алюминий бөлігінің ғана көлденең қимасын көрсетеді.

Оқшауланбаған өткізгіштердің көлденең қималарының келесі шкалалары қабылдан-ған: 4,6,10,16,25,35,50,70,95,120,150,185,240,300,400,500,600,700 мм2.

5.1.2. Аспалы желілердің оқшаулағыштары.

Оқшаулағыштардың келесі типтері қолданылады:

- кернеуі 6 – 10 кВ желілер үшін ШС – 6, ШС – 10 типті фарфорлы істікті;

- кернеуі 20 – 35 кВ желілер үшін Ш – 20, Ш – 35 типті фарфорлы істікті;

- 35 кВ және одан жоғары кернеулі желілер үшін ПФ және ПС типті аспалы істікті фар-форлы немесе шыны.

ШД және ШС типті оқшаулағыштар тіреулерге ілмекпен және істікпен бекітіледі. 110 кВ және одан жоғары кернеулер кезінде тек қана гирляндаға жинастырылған аспалы оқ-шаулағыштар қолданылады. (5.2 сурет).

5.2. Cурет. Аспалы оқшаулағыштардың гирляндалары: 1 – оқшаулағыш, 2 - өткізгішті

бекітетін қысқыш, 3 - өткізгіш.

Аспалы оқшаулағыштардың гирляндалары ұстап тұрушы және керіп тұрушы болып екіге бөлінеді. Ұстап тұрушы оқшаулағыштар аралық тіреулерге вертикаль орналасты-рылады, ал керіп тұрушы оқшаулағыштар анкерлі тіреулерде қолданылады және шама-мен горизонталь жағдайда болады. Электр беру желілерінің (ЭБЖ - ЛЭП) жауапты учас-келерінде қосарланған гирляндалар қолданылады.

Гирляндадағы оқшаулағыштардың саны ЭБЖ – дегі кернеуге, кему жолының меже-ленген және тиімді ұзындығына және тіреудің материалына тәуелді (оқшаулағыштың талап етілетін деңгейіне). 35 кВ кернеу кезінде ағаш және темірбетон тіреулерде гирлян-дада екі аспалы оқшаулағыш, 110 кВ кернеуде – алты оқшаулағыш, 220 кВ кернеуде –

он екі оқшаулағыш орнатылады. Темір тіреулерде бір – екі оқшаулағыш артық орнаты-

лады.

Кернеуі 220 кВ – тан жоғары аспалы желілерде гирляндаларды қысқа тұйықталу до-

ғасы пайда болған жағдайда зақымданудан қорғайтын, қорғағыш мүйізшелер және сақи-

61.

налар қолданылады.

5.1.3. Аспалы желілердің тіреулері.

Аспалы ЭБЖ ағаш, металл және темірбетон тіреулер арқылы жүргізіледі.

Қолданылуына қарай тіреулер аралық, анкерлі, бұрыштық және шеткі болып бөлінеді.

Тіреулер біртізбекті, және екітізбекті, арқансыммен және арқансымсыз болуы мүмкін.

Желіде кең тарағаны аралық тіреулер. Жазық жерлерде осы тіреулердің саны барлық өткізгіштер бүтін, желі бойымен аралық тіреулерге әсер етуші жүктемелердің жұмысы қалыпты жағдайда болғанда, тіреулердің жалпы санының 80 – 90 % - ын құрайды (5.3 сурет).

5.3. Cурет. Аспалы желілердің сұлбасы.

Тіреу вертикаль күштерді қабылдайды: өткізгіштердің, оқшаулағыштардың, мұздың, тіреудің өінің массасын және горизонталь күштерді: өткізгіш пен тіреуге түсетін желдің қысымын. (5.4 сурет.)

Өткізгіш үзілген жағдайда, аралық тіреулер аралықтарда үзілген өткізгіштің, өткізгіш бойындағы теңестірілмеген керілудің көлденең күштерін өзіне қабылдайды.

Анкерлі тіреулер аралықтың белгілі бір санынан кейін орнатылады (әрбір 3 – 5 км са-йын), оған өткізгіштер мықтап бекітіледі және ол барлық өткізгіштердің үзілуіне есеп-телген. Аспалы оқшаулағыштары бар желілердің өткізгіштері анкерлі тіреулерге кергіш гирляндалармен бекітіледі, іргелес бір және сол фазалардың тіреулерінің аралықтарын-дағы өткізгіштері өткізгіштердің көмегімен ілмектеліп жалғанады.

Қосалқы станцияларға кіреберістерге желінің өткізгіштеріне әсер ететін керілуді өзі-не қабылдауға арналған – шеткі тіреулер орнатылады. Шеткі тіреулер қосалқы станция-ларға жақын тіреулер болып саналады. Шеткі тіреулер берік етіп жасалады, өткізгіштер оларға анкерлі тіреулердегі сияқты, кергіш оқшаулағыштардың гирляндаларымен бекі-тіледі. Желінің бұрылу нүктесіне бұрыштық тіреулер орнатылады.

220 кВ және одан жоғары кернеулі желілерде өткізгіштердің тармақтануы қолданы-лады – фазаға бірнеше өткізгіш жалғанады. Мұнымен өткізгіштердің маңайында электр өрісінің кернеулігі азайтуға және ауаның иондануын ( тәж разряды ) әлсіретуге қол жет-кізуге болады. Тармақтанған фазалардың өткізгіштерінің арасындағы қашықтық 40 см шамасында болуы керек. Белгілеу үшін желі бойымен тармақтанған фазалардың өткіз-

гіштерінің арасына арнайы кергілер орнатады.

5.5 суретте тіреулердегі өткізгіштер мен арқансымдардың жиі кездесетін орналасула-рының сұлбасы кескінделген. Өткізгіштердің үшбұрыштың ұштарында орналасуы кер-

неуі 35 кВ – қа дейінгі желілерде және металл мен темірбетон тіреулердегі біртізбекті

110 кВ – тық желілерде кең қолданылады. Өткізгіштердің горизонталь орналастырылуы

62.

металл және темірбетон тіреулердегі кернеуі 110 кВ және одан жоғары желілерде қол-данылады. Екі тізбекті тіреулер үшін, пайдалану тұрғысынан қарағанда, өткізгіштерді «кері шырша» типімен орналастыру ыңғайлы.