Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.5. Оқшаулағыштың кедергісін өлшеу кезінде температураны есепке алу.

Оқшаулағыштың кедергісі құбылмалы шама болып есептеледі, себебі ол көптеген се-бептерге тәуелді. Оған температура мен ылғал көп мөлшерде әсер етеді, сондықтан олар-

дың әсерінен оқшаулағыштың кедергісі төмендейді. Оқшаулағыштың кедергісін өлшеу-

44.

дің мақсаты машинаны жоғары қауіптіліктен сақтай отырып, сынаудан өткізу мүмкін-дігін тағайындауда немесе оны желіге қосуда болып табылады.

Мұндай өлшеулер тұрақты кернеуден қоректенетін мегомметрдің көмегімен жүргізі-леді. Егер тұрақты ток генераторы бар мегомметр қолданылатын болса, онда оның тұт-қасы үздіксіз және бірқалыпты айналып тұруы керек, яғни құралдың көрсету тілшігі мы-на жағдайларда орнығуы керек: кез келген баяулау немесе айналу кезінде үзіліс болса, орам мегомметр арқылы сыртқы бөлікке разрядталады, ал ол өлшеулерді созып жібере-ді немесе елеулі сиымдылықтары бар ірі машиналардың орамдарында қосымша қателік-тер тудырады.

Электр машиналары орамдарының оқшаулағыштарының кедергісі үшін жұмыстық температура кезінде тек ең аз мәні ғана межеленеді. Орамдардың оқшаулағыштарының рұқсат етілетін жай-күйі туралы сөз болғанда, негізгі өлшем- пайдалану процесі бары-сында оқшаулағыштардың кедергілерін салыстыру болып табылады. Бұл жағдайда өлшеулер жүргізілетін кездегі температура бірдей болуы керек, яғни t1 = t2 = ... = tп , мұндағы п – өлшеудің кезекті номері, ал өлшеудің ұзақтығы бір минутқа тең болуы тиіс.

Егер оқшаулағыштың кедергісі алдыңғымен салыстырғанда 30%-ға төмендеген бол-са, онда оқшаулағыштың кедергісі жарамайтын болып есептеледі. Электр жабдықтарын сынаудың көлемі, кезеңділігі және басқа да межелері электр қондырғыларының құрылы-сы ережесінің (ЭҚЕ-ПУЭ) бірінші бөлімінде нақтырақ келтірілген. Мұнда оқшаулағыш-тың температурасы 750С болғанда, оның кедергісі формула бойынша анықталатын мәні-нен кем болмауы тиіс, бірақ 0,5 МОм-нан төмен болмауы керек.

Электр жабдығының температурасы 200С болғанда, оқшаулағыштың кедергісі 4,7 МОм-нан кем болмауы тиіс. Бұл 3.2 кестеде көрсетілгендей, коэффициенттер негізінде 750С температура кезіндегі оқшаулағыштың кедергісінің (0,5 МОм) рұқсат етілген мәнін 200С температурадағы мәнімен қоса ретке келтіруден туындайды.

3.2 Кесте.

Температуралар айырмашылығы

5

10

15

20

25

30

35

40

Ретке келтіру коэффициенті

1,23

1,50

1,80

2,25

2,75

3,40

4,15

5,10

3.2.кестені қолданудың тәсілінің мәнісі мынада:

Δt = 75 – 20 = 550С температуралар айырмашылығын табады. Осы бойынша 3.2. кесте-ден ретке келтіру коэффициенттерін анықтайды. Бұл жағдайда, егер температуралар айырмашылығы 400С-дан көп болса, онда екі немесе одан көп ретке келтіру коэффици-енттерін қабылдауға болады. Біздің жағдайымызда аралық 550С-ты екі құраушыға бөлу-ге болады - 250С және 300С, бірінші жағдайда ретке келтіру коэффициенті 2,75-ке тең, ал екінші жағдайда – 3,40-қа тең. Онда жалпы ретке келтіру коэффициенті – 2,75*3,40 = 9,35 болады. Ендеше, 200С температура кезінде оқшаулағыш кедергісі мынаған тең бо-луы керек: 0,5*9,35 = 4,7 МОм.

Жұмыстық температура (750С) кезінде оқшаулағыш кедергісінің мәнін келесі ережені қолданып, жуықтап бағалауға болады: жұмыстық температурадан төмен температура кезінде оқшаулағыштың кедергісін өлшеген жағдайда, оқшаулағыш кедергісін әрбір то-лық немесе толық емес жұмыстық температура мен өлшеулер жүргізілген сол темпера-тураның арасындағы айырмашылығын 200С-қа екі еселеп арттырып отыру керек. Мыса-лы, 200С температура кезінде оқшаулағыштың кедергісі 4,8 МОм-ға, орамның жұмыс-тық температурасы 750С-қа тең болса, онда температуралардың айырмашылығы Δt = 75 – 20 = 550С болады. Ережеге сәйкес, бұл айырмашылықта әрқайсысы 200С-тан 3 толық (толық емес) аралық бар (20+20+15 = 55). Онда ретке келтірген өлшеулердің нәтижесі мынаған тең болады:

Rр.келт. = R200С / 2*2*2 =4,8 / 2*2*2 = 0,6 МОм (3.15)

Оқшаулағыштың жай-күйі туралы толық қорытындыны өлшеулер нәтижелерінің жиынтығы негізінде жасайды. Бірақ кейбір жағдайларда оқшаулағыштың сапасын жеткі-

45.

лікті түрде толық бағалайтын қайсыбір жекелеген анықтағыш параметрлер қолданыла-ды. Мұндай жағдайлар оқшаулағыштың нақты бұзылымдарын анықтау үшін қолданы-лады (ылғалдану,ескіру және т.б.).