Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
    1. Трансформаторларды құрғатпай пайдалану үшін қосу шарттары.

Трансформаторларды құрғатусыз қосуға рұқсат беру мәселесі сынақ нәтижелері мен трансформаторды құрастыруға дейін және құрастыру кезінде қандай күйде болғандығы анықталғаннан соң шешіледі. Оқшаулағыштардың жай-күйін тексеру ауқымы және құр-ғатусыз қосу шарттары қуатқа, кернеуге және трансформаторды тасымалдау шарттары-

на байланысты болады.

Құрғатусыз қосу кезінде құйылған майымен және ұлғайтқышымен тасымалданған , қуаты 1000 кВ*А –ге және кернеуі 35 кВ –қа дейінгі І – ші өлшемдегі трансформа-торларды қосу шарттары:

а). майдың деңгейі май көрсеткіштегі көрсетілген белгі аралығында болуы керек;

ә). орамдардың R60 / R15 қатынасының мәні 10 – 300 С температура аралығында

1,3-тен кем болмауы тиіс;

б). майдың сипаттамасы қолданыстағы межелерге сәйкес болуы керек;

в). егер бірінші шарт орындалмаса, бірақ трансформатордың орамдары мен қосып-ажы-ратқыш маймен көмкерілсе, немесе, егер екінші шарт орындалмаса, бірақ майда судың белгілері байқалмаса және майдың тесіп өту кернеуі межеленген кернеудің мәнінен 5 кВ - шамаға дейін төмендеп кетсе, онда tg δ және С2 / С50 мәндерін қосымша өлшеп,

108.

межеленген кернеуден кем болмауын реттеу керек.

7.2 Кесте. Диэлектрлік tgδ шығындардың рұқсат етілген мәндері.

35 кВ кернеулік трансформаторлардың қуаты,

кВ*А

Орамдарының температуралары ... 0С болғандағы күш беретін майлы трансформаторлардың tgδ үшін рұқсат етілген ең жоғарғы мәні

10

20

30

40

50

60

70

6300 – ге дейін

1,2

1,5

2,0

2,6

3,4

4,5

6,0

10 000 және одан жоғары

0,8

1,0

1,3

1,7

2,3

3,0

4,0

Екінші өлшемдегі ,қуаты 1600-ден 6300 кВ*А-ге және кернеуі 35 кВ –қа дейінгі майымен және ұлғайтқышымен тасымалданатын трансформаторлар құрғатусыз қосы-латын кезде, І- ші өлшемдегі трансформаторларға қойылатын талаптарды қанағаттан-дыруы керек. Бұдан басқа «ә» пункті бойынша жүргізілген сынақтардың мәндері 7.4 кестедегі мәндерге сәйкес келуі керек.

Қуаты 100 кВ*А –ге дейінгі трансформаторларды құрғатусыз жұмысқа қосу үшін трансформатор майын тесіп өту кернеуіне сынау жеткілікті.

Трансформатормен бірге бір мезгілде қосылыстардың бірінші және екінші реттік тіз-бектерін қарап шығу керек, оқшаулағыштардың кедергілерін өлшеу және оларды жоға-рылатылған кернеумен сынау қажет, өлшегіш құралдарды, релелік қорғанысты, бөл-гіштердің ажыратқыштарының, қыска тұйықтаушылар мен жетекпен бірге айырғыш-тардың жұмыстарын тексеру керек.

7.3 Кесте. Сиымдылықтардың с2 / с 50 қатынасының рұқсат етілген мәндері.

35 кВ кернеулік трансформаторлардың қуаты,

кВ*А

Орамдардың температуралары 0 С болғандағы майлы трансфор-маторлардың орамдарындағы С2 / С 50 қатынасының рұқсат етілген максимал мәні

10

20

30

6300 – ге дейін

1,1

1,2

1,3

10 000 және одан жоғары

1,05

1,15

1,25