Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5.6. Аспалы желілерде жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігі.

Аспалы желілердегі жұмыстар, қауіпсіздік шарттары тұрғысынан алып қарағанда,ке-лесі себептерге байланысты аса қауіпті болып саналады:

- жұмыстар, ережеге сәйкес, тіреулерге үлкен биіктікке шығу үшін көтерілумен байла-нысты;

- жұмыстар көптеген жағдайларда кернеу әсерінде немесе істеп тұрған басқа желілердің жанында жүргізіледі;

- жұмыс орны тұрақты болып саналмайды,себебі инженерлік – техникалық қызмет-керлер тарапынан техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды бақылауды, сонымен қатар қажетті қорғаныс құралдарын тексеру мен жеткізуді қиындатады.

Желіге қызмет көрсетуші барлық тұлғалар медициналық тексеруден өтулері тиіс жә-не биікте жұмыс істеуге рұқсаттары болуы керек. Олар техника қауіпсіздігі бойынша сәйкес келетін оқулардан және білімдерін тексеруден өтулері қажет. Оларға жұмыс іс-теудің қауіпсіз тәсілдерінен тәжірибелік дағдылар қажет, зардап шегушіні кернеу әсері-нен босату тәсілдерін, жасанды тыныс алдыру тәсілдері мен алғашқы көмек көрсету ережелерін білу керек.

18 жасқа толмаған тұлғалар биікте атқарылатын, кернеу әсеріндегі, ағаштарды шабу,

талдарды құлату және антисептиктерді ағаштарға сіңдіру жұмыстарына жіберілмейді.

Аспалы желілердегі жұмыстар қауіпсіздік шараларына қатысты келесі санаттарға бө-лінеді:

- ажыратылған желілердегі жұмыстар;

- кернеу әсеріндегі желілердегі жұмыстар;

- бір желінің тіреулеріне ілінген, басқа желінің өткізгіштері кернеу әсерінде тұрған кез-

73.

дегі, ажыратылған желілердегі жұмыстар;

- кернеуі 1000 В–тан жоғары желілердің тіреулеріне өткізгіштері ілінген, 1000 В–қа дейінгі кернеу әсеріндегі желілердегі жұмыстар;

- жұмыс істеп тұрған басқа желілерге жақын жерлердегі жұмыстар.

Аспалы желілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, қажетті ұйымдастыру және техни-калық іс-шаралар өткізілгеннен кейін жұмыс істеуге болады. Ережеге сәйкес, техника қауіпсіздігі ережелерінде айтылған жағдайлардан бөлек, аспалы желілердегі жұмыстар-ды орындайтын адамдар саны екіден кем болмауы тиіс

Ұйымдастыру іс-шаралары жазбаша немесе ауызша берілетін нұсқаудан, жұмысқа рұқсат беруден, жұмыс барысында қадағалау мен жұмыстың аяқталуын рәсімдеуден тұ-рады.

Жұмысты жазбаша немесе ауызша берілетін нұсқаумен рәсімдеу, оның орындалуы-ның қажеттілігін, қауіпсіз еңбектің шарттарын құруға мүмкіндікті және жұмысты орын-дайтын адамдардың біліктілігінің жеткіліктілігін растайды. Жазбаша нұсқау бойынша жерден тіреуге 3 м биіктіктен жоғары көтерілуге байланысты, ажыратылмаған желілер-дегі жұмыстар орындалады.

Техникалық іс-шараларға кернеуді ажырату, кернеудің кездейсоқтықпен берілуіне қарсы шаралар қолдану, «Қоспа – адамдар жұмыс істеуде!» плакатын ілу, кернеудің жоқ екендігін тексеру және жерсіндіргіштерді орнату жатады.

Кернеуді толық алып тастағанда орындалатын жұмыстар кезінде кернеуді шапқыш-тармен, автоматтармен, айырғыштармен, кернеудің берілуі мүмкін барлық жақтарына көрінерлік ажырату жасайтын сақтандырғыштармен ажыратады. Осыдан кейін комму-тациялық аппаратуралармен басқарылатын лездік ток тізбегіндегі сақтандырғыштарды (сақтандырғыштар, жапсырмалар) алып тастайды немесе бөліп тастау құрылғыларын, яғни оқшаулағыш материалдардың жапырақшаларын және т.б. орнатады. Кернеу беруге тиым салатын плакаттар ілінеді. Кернеу көрсеткіштің көмегімен ажыратылған желіде кернеудің жоқ екендігіне көз жеткізеді және содан кейін ғана жерсіндіргіш құрылғыны орнатады (жерсіндіргіш айырғыштарды, пышақтарды және т.б. қосады).

Желіде жұмыс істеген кезде тасымаладанатын жерсіндіргіштерді жұмыс орындала-тын орынға жақын жердегі тіреуге орнатады. Өткізгіштердің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты жұмыстар кезінде жерсіндіргіш жұмыс орнының екі жағына орнатылады. Жерсіндіргішті орнату, бекіту және алып тастау жұмыстары диэлектрлік қолғаптардың немесе оқшаулағыш штанганың көмегімен орындалады.

Түсірілген жерсіндіргіш өткізгіші бар ағаш немесе темірбетон тіреулерде жерсіндіру түсірілген өткізгішке, ал егер ол жоқ болса, онда ол 0,5 – 1,0 м тереңдікке енгізілген бұр-ғыға, металл өзекке, жасанды жерсіндіргішке жалғанады. Жерсіндірілген бейтарап өткіз-гіші бар аспалы желілердегі жұмыстар кезінде, тасымалданатын жерсіндіргішті жұмыс орнындағы нольдік өткізгішке жалғауға рұқсат етіледі.

Егер желіні бір адам қарап шығатын болса, онда ол тіреуге көтерілмей, жазбаша нұс-қаусыз орындайды. Қарап шығушы желіні кернеу әсерінде деп есептеуі керек, себебі ажыратылған желіге кез келген мезетте кернеу беріліп қалуы мүмкін. Тәуліктің түн мез-гілінде қарап шығу кезінде қарап шығушы трассаның шетімен жүру керек, себебі ол үзілген өткізгішті абайсызда басып кетуі мүмкін. Үзілген өткізгішті байқаған соң, қарап шығушы оқшаулағыш құралдардың көмегімен оны алып тастауға мүмкіндігі бар.

Тіреуге шығардың алдында оның негізінің беріктілігіне көз жеткізу керек. Егер негізі радиус бойынша 2,5 – 3,0 см – ге дейін шіріген болса, онда оны алдын-ала кергіштермен бекітпейінше, оған көтерілуге тиым салынады.

Тіреулерге тек қана тырнақты қапсырмаларды немесе басқа да қосымша құралдарды

қолданып көтерілуге рұқсат етіледі. Тіреулерде жұмыс істеген кезде монтер белдігінің шынжырымен қапсырылып, әрқашан екі аяқпен тұру керек. Сақтандырғыш белдіктерді, монтерлық тырнақты қапсырмаларды, қамсыздандырғыш арқандарды әр 6 ай сайын тексеріп тұру қажет.

Бұрыштық бір бағанды тіреулерге ішкі бұрыш жағынан көтерілуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар өткізгішті керетін жағынан да тіреуге шығуға және жұмыс істеуге бол-майды.

74.

Аздаған көлбеулігі бар тіреуге, ол түзетіліп және жерге жақсы бекітілмейінше көтері-луге болмайды. Тіреуге көтерілердің алдында сақтандырғыш белдіктің, тырнақты қап-сырманың, диэлектрлік қолғаптың, оқшаулағыш сабы бар құралдардың, қосымша құрал-дардың және т.б. бүтіндігін тексеру керек.

Кернеуді алып тастамай, тіреудің басына дейін көтерілуге байланысты орындалатын жұмыстар кезінде қауіпсіздік үшін арнайы киімнің маңызы зор. Ол ыңғайлы болуы, қозғалысқа шек қоймауы керек, оның барлық түймелері түймеленуі, жеңі түсірулі және түймеленуі тиіс.

Бір тіреудің бойына орналасқан, кернеуі 1000 В- қа дейінгі және радио тарату желі-лерінің, кернеуі 1000 В–қа дейінгі және 1000 В–тан жоғары желілердің өткізгіштері, со-нымен қатар кернеуі 1000 В–тан жоғары параллель орналасқан электр беру желілерінің бар болуы кезіндегі тіреулердегі орындалатын жұмыстар барысында ерекше ұқыпты-лықты сақтау қажет.

Кернеуі 1000 В– тан жоғары жұмыс істеп тұрған желінің өткізгіштеріне жанасып не-месе қауіпті қашықтыққа жақындап кету мүмкін болатын жағдайда, осы желіні ажыра-тып тастау керек және жұмыс орындалатын орынды жақын жерден жерсіндіру қажет. Кернеуі 1000 В-тан жоғары желінің әсер ету аймағында өткізгішті жерде тарқату жұмы-сы жүріп жатса, онда өткізгіш жерсіндірілуі тиіс. Өтпелер мен қиылыстардағы жұмыс-тар аса үлкен қауіп тудырады. Бұл жағдайда барлық жұмыстар жазбаша нұсқаумен орындалады және қиылысатын желілердегі өткізгіштерге абайсызда жанасып кетудің ар-найы алдын-алу шаралары қабылданады.