Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

2.3. Грам теріс таяқшалар

2.3.1 Протейлер

Протейлер шартты-патогенді микроорганизмдерге жатады. Олар зәршығару жолдарының және іріңді жарақат инфекцияларын, сонымен қатар сепсисті тудырады. Ауру эндожұқпа түрінде өтуі мүмкін және ауруханаішілік инфекциясыныда қоздыруға қатысады. Протейлерді 1885 жылы Г. Хаузер ашқан. Протейлер Enterobactereceae тұқымдастығына, Proteus туыстастығына жатады, оның ішіне 3 түр кіреді. P. vulgaris, P. mirabilis, P. penneri адамдар үшін патогенді болып табылады, олар іріңді-қабыну процесстерін және тағам токсикоинфекцияларын шақырада.

Морфологиясы. Барлық Proteus туыстығының өкілдері (2.17.сурет) Грам теріс, шеттері дөңгелектенген жұптасып немесе тізбек тәрізді орналасқан таяқшалар, спора және капсула түзбейді, перетрихтар қозғалады. Полиморфизмге бейім, кокк және жіп тәріздестері де кездеседі. Қозғалмайтын талшықсыз түрлері де кездеседі.

Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Факультативті анаэробтар, хемаорганотроф, өсу температурасы 20ºС дан 38ºС дейін, оптимумы 37ºС, рН 7,2-7,4, 42ºС та да жақсы өседі. Қоректік орта таңдамайды, ЕПА-да Н-пішінді (талшықты) көкшіл-түтін түстес, нәзік жабынды болып, жайылып тармақталып өседі (қазылу феномені) бұл өсудің қалыпты пішіні. Бұл феноменді Шукевич әдісінде қолданады (егіндіні конденсантты суы бар қиғаш ЕПА-ға еккенде жайылған жабынды көтеріліп түрада). Қолайсыз жағдайда О-пішінді ЕПА шеттері тегіс үлкендеу колония түзеді. ЕПС - да диффузды лайланып, бетінде нәзік қабықша пайда болып, қою, ақ тұнба түзбейді. О-пішінді өт қышқылы бар: 0,1-0,2% карболқышқылы, 5-6 % этанол, бояғыштар, дегергенттер Плоскирев ортасында өседі. Мұнда мөлдір, нәзік, жылтыр, өзіне тән иісі бар, колониялар түзбейді. Біраз уақыттан соң колониялар лайсаңданып, ортасы сұр-қаралау болып келеді. О-пішінді протейлердің колониялары сальмонеллалардың колонияларына ұқсас, ол идентификацияны күрделендіреді. Протейлер глюкозаны қышқылға және аз мөлшерде тұз түзе отырып ферменттейді (2.6. кесте). Лактозаны ферменттемейді, уреаза мен фениланиндезаминазаны күкіртсутегін түзеді. Желатинді ыдыратады. Түрлерді арнайы тест арқылы анықтайды. (2.6. кесте)

Протейлер - электроны

микроскоптағы көрінісі

Протейлер – жарық микроскоптағы көрінісі.

Плоскирев ортасындағы өсінді

2.17.сурет. Proteus mirabilis /Медициналық микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.). /

Антгендік құрылымы. Протейлерде О-және Н-антигендері болады. Жасуша қабырғасының ЛПҚ - эндотоксин негізгі патогенді факторы болып табылады.

Патогенділік факторларлары. Протейлердің вируленттілігі басқада энтеробактериялардағыдай адгезиясымен, микрокапсуласымен, пилилермен, жасуша қабырғасының сыртқы мембрана ақуыздарымен байланысты. Кірпікшелер жасуша рецепторларымен әсерлескенде қабыну реакциясын жүргізетін соңғы жағдайда (ИЛ-6, ИЛ-8) цитотоксиндердің активтілігі жүреді. Қанға цитотоксиндер түскенде генерализация процессі жүреді. Протейлер жасуша ішіне енуге (пенетрация) және инвазияға қабілетті.

Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Табиғатта кең таралған. Қоршаған ортаның әртүрлі әсеріне өте тұрақты, шіру процесстеріне қатысады. Инфекцияның шығу көзі адамдар мен жануарлар болып табылады. Жұғу жолы – жиі алиментарлы (су, тағамдар), кейбір жағдайда қарым- қатынас (ластанған қол,нәрестелердің кіндігі, урологиялық катетрлер) арқылы жұғады. Дезинфекциялы ертінділерге тұрақты. Кейбір антибиотиктерге де тұрақтылығы байқалған. Протейлер адам және жануарлардың тоқ ішек және әйелдер қынаптарының қалыпты микрофлорасына кіреді.Олар іркінді қалдық суларда, топырақтар да кездеседі. Инкубациялық кезең 2-6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады.

Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Барлық протейлер ауру шақыра бермейді, ауру шақыратын протейлерге P. mirabilis ( 85-90% ауру шақырады), және P. vulgaris, P. рenneri жатады. Ауруханаішілік инфекцияларына жатады. Протейлер адамда әр түрлі аурулар шақыруы мүмкін, көбінесе тағам токсикоинфекциясы (энтероколит, гастрит, дисбактериоз)тәрізді өтеді, ал басқа шартты-патогенді микроорганизмдермен қосылса: сепсис, менингит, остеомиелит, артрит, отит, пневмония, плеврит, өткір бүйрек жеткіліксіздігін, жарақат және ауруханаішілік ауруларын шақырады. Аурудың ауырлығы ағзаға түскен протейлердің мөлшеріне байланысты. Протейлерді жұқтыратын топтарға көбнесе иммунитеті төмен (нәрестелер, қарттар, созылмалы ішек, өкпе-бронх аурулары бар және антибиотиктерді ретсіз қолданатын) адамдар жатады.

Микробиологиялық диагноз қою. Микробиологиялық диагноз қоюында бактериологиялық тәсіл қолданады. Зерттелетін материалдар: ірің, зәр, құсық, жуынды су, қан, ликвор, қақырық плевралық экссудат. Дифференциалды-диагностикалық ортаға (Плоскирев), ЕПА-ға Шукевич әдісімен егеді. Бөлінген таза дақылды биохимиялық қасиеттері бойынша идентификациялайды. Серотоптарын, О-және Н- антигендерінің титрінің өсуін, агглютинация реакциясы арқылы анықтайды.

Протейлер туғызатын ифекцияларды емдеу мен алдын алу. Протейлер шақырған тағам токсикоинфекцияларын бейарнайы емдеу үшін дезинтоксикация жүргіземіз (асқазанды жуу, көп су ішу т.б.). Іріңді процесс немесе сепсис болған жағдайда, емдеу үшін міндетті түрде антибиотикограммадан кейін антибиотиктер қолданады. Дисбактериоз және тағам токсикоинфекцияларын емдеу үшін комплексті интесті-бактериофаг сапалы болады. Емделмейтін, созылмалы ауруларда аутовакциналар қолданылады. Арнайы алдын алу жоқ, жалпы профилактикаға санитарлы-гигиеналық ережелерді қатаң сақтау керек.

2.6. кесте. Proteus түрлерінің биохимиялық белсенділігі

Биохимиялық

Белгісі

Ыдыратады

Түзеді

Түрдері

Глюкозаны

Мальтозаны

Манитті

Ксилозаны

Салицинді

Индол

H2S

Уреаза

Орнитин деккарбокси

лаза

Желатинді

сұйылтады

P. Vulgaris

-

В

В

-

P. Мirabilis

-

-

В

-

P. penneri

-

-

-

-

-

-

Белгіленуі: «» - оң реакция

«-» - теріс реакция

«в» - вариабельді реакция