Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

11.2.3.Белдемелі ұшық

Бұл Herpesviridae туыстастығына жататын ДНҚ вирус қоздыратын вирусты ауру. Белдемелі ұшығы (кейде мұны белдеме теміреткісі деп атайды), ол жел шешек вирусының жұғуынан шығады. Ұшықтың бұл түрімен тек үлкен адамдар ғана ауырады. Дерттің қоздырғышы тек адам терісін ғана емес, жүйкені де зақымдайды, сондай-ақ бұл кезде бас ауырады. Вирус түскен жерге жақын жатқан лимфа түйіндері ісінеді, науқастың қызуы көтеріліп, адам әлсізденеді. 6 — 8 күннен кейін көпіршіктер кеуіп, қабыршақтана бастайды. 2 — 5 аптадан кейін ауру толықтай жазылып кетеді.

Негізгі клиникалық белгілері. Дененің бір бөлігіндегі жеке нервтердің бойымен дамитын эритематозды негіздегі топталған көпіршікті бөртпелер жедел дамиды. Ауруға продромальды белгілер қосарланады: қышу сезімі, несралгиялық ауырсыну. Үшкіл жүйке бұтағы бойымен орналасқан бөртпелер ауырсынбалы болады. Гипералгезия, парестезия, дене қызуының көтерілуі байқалады. (38-390С). Бөртпелер ісінген эритема түрінде басталады, сосын бұлыңғыр сірлі немесе сірлі-гемморагиялық сұйықтығы бар көпіршік пайда болады. Ауыр ағымның айырмашылығы үшкіл нервтің бұтағының бойында орналасуымен байланысты. АИВ-жұқпа кезінде белдеме ұшық (11.11.сурет) бетте және ауыз қуысы шырышты қабатында орналасады, ал ЖИТС сатысында қарапайым және белдеме ұшық бөртпелердің аса айқындылығымен байланысты. Ол екіншілік пиогенді микрофлораның қабатталуымен сипатталады және ауыр өтеді.

Жел шешек

Белдемелі ұшық

Баладағы ( Zoster) герпес вирусы

Баладағы ( Zoster) герпес вирусы

Эпштейн-барр бөртпесі

11.11.сурет http://go.mail.ru/search_images?q=герпес

Емі. ұшықтың жеңіл түрінде жасыл бриллиант ерітіндісін пайдалану керек; организмнің көп жері зақымданған жағдайда 6 мл адам иммунноглобулинін егеді; ал ұшық асқынып, іріңдесе, антибиотиктер қолдану қажет. Ұшықтан алдын ала сақтану үшін дене тазалығын сақтап, организмді шынықтыру керек.

Тесттер.

1. Белдемелі теміреткіні шақырады:

  1. ұшық вирусы

  2. аденовирус

  3. поксвирус

  4. Куру вирусы

2. Нағыз шешектегідей бөртпелер ... пайда болады, бірақ тыртық қалмайды.

  1. тұмауда

  2. қызылшада

  3. желшешекте

  4. эпидемиялық паротитте

  5. қызамықта

3. Аңқада және ауыздың кілегейлі қабатында, теріде көпіршікті бөртпелер түзумен сипатталатын ауруды ... шақырады.

  1. тұмау

  2. қызылша

  3. эпидемиялық паротит

  4. желшешек

  5. қызамық

4. ДНҚ-нан тұратын, герпесвирустарға жататын ... қоздырғышы болып табылады.

  1. қызамық

  2. тұмау

  3. қызылша

  4. эпидемиялық паротит

  5. желшешек

5. Белдемелі теміреткі ауруының қоздырғыштары:

    1. поксивирустар

    2. герпесвирустар

    3. аденовирустар

    4. папововирустар

    5. гепадновирустар

6.І-типтегі қарапайым герпес вирусы туғызатын ауру:

  1. ерін герпесі (ұшық)

  2. белдемелі теміреткі

  3. генитальды герпес

  4. нәрестелер герпесі

  5. жел шешек

7. ІІ-типтегі қарапайым герпес вирустары ... ауруын тудырады.

  1. стоматит

  2. итальды герпес

  3. экзема

  4. кератоконьюктивит

  5. менингоэнцефалит

8. Бетта-герпес вирустары ... ауруын тудырады.

a) ерін герпесі

b) Жұқпалымононуклеоз

c) жел шешек

d) цитомегаловирустық Жұқпалы

e) белдемелі теміреткі

9. Герпес вирусының геномдық жиынтығы:

a) біржіпшелі фрагменттелмеген позитвті РНҚ

b) екі жіпшелі ДНҚ

c) бір жіпшелі ДНҚ

d) біржіпшелі фрагменттелген негативті РНҚ

e) екі жіпшелі шеңберлі РНҚ