Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

11.1.2.1. Парагрипп

Парагрипп вирусы жоғарғы тыныс алу жолдарының, әсіресе көмекейдің зақымдалуымен және ағзаның жалпы улануымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Адамдардың парагрипін алғаш рет 1956-1958 ж АҚШ та анықтады.

Парагрипп вирусының пiшiнi сфера тәрiздi диаметрi 150-200 нм. Геномы бiр жiпшелi, фрагменттелмеген негативтi РНҚ-дан және 6 геннен тұрады. Вириондық РНҚ-мен ақуыз NР және полимириазды Р және L ақуызымен байланысқан. Нуклеокапсиді матриксты М ақуызымен қапталған.

АПГВ тауық эмбрионында нашар көбейеді де және 50ºС қа дейін қыздырғанда өседі. Жұқпа көзі ауру адам немесе бактерия тасымалдаушылар болып табылады. Берілу жолы аэрозольді, қарым-қатынастық. Парагриппозды инфекциялар ЖРА сияқты көріністер байқалады. Бұл ауру грипке қарағанда жеңіл ағымда өтеді. Аурудан соң гуморалды иммутет пайда болып ол бірнеше жыл бойы сақталады. Адамдарда парагрипп инфекциясы ЖРА типi бойынша өтедi. Вирустар мұрын жұтқыншақ шырышты қабығанан эпителиальды жасушаларында репродукцияланады. Сосын олар вирусемияны шақырып қанға өтедi. Инфекциядан кейiн типоарнайы гуморальды иммунитет қалыптасады ол бiрнеше жыл сақталады.

Парагриппен аурулалардың лабораториялық диагностикасында келесi әдiстер қолданады:

  • Вирусты антигендердi иммунофлюоресценция әдiсiмен және мұрын жолы мен жұтқыншақ шырышты қабығынын эпителиальды жасушасынан ИФ әдiсiмен анықтау.

  • Вирусологиялық әдіс – адамның біріншілік және ауыспалы ұлпа дақылдарына жұқтырып, вирустың индикациясын цитопатогендік әсері бойынша және вирустарды жасуша дақылында тежеуші гемодсорбция реакциясының көмегiмен жасайды.

  • Вирусқа қарсы антиденелердi тежеуші гемодсорбция реакциясы немесе жұп қансарысуын қолданып, жасуша дақылындағы нейтрализациямен анықтайды. АД титрі 3-4 аптадан кейін анықталады, кейін 2-4 есе үлкейеді.

Арнайы алдын алу жолдары жоқ.

11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы

Қызылша – Қызылша – көбнесе балалар ауыратын жедел вирустық инфекция, ауру жалпы интоксикациямен, жоғарғы тыныс жолының шырышты қабатының қабынуымен, және макуло-папулезді бөртпемен сипатталынады. Қызылша вирусы Paramyxoviridae тұқымдастығына, Morbillivirus туыстығына жатады. Қызылшаның қоздырғышын 1954 жылы Дж. Эндерс и Т. Пибелс ашқан. Қызылшаның қоздырғышы морфология бойынша басқа парамиксовирустарға ұқсайды: вирионның диаметрі 150-250 нм, вирустық геномы біржіпшелі фрагменттелінбеген негативті РНК ан тұрады, оны 6 кұрылымдық (кодирлеуші) ақуызы бақылайды: нуклеокапсид ақуыздары NР, Р и L, М- ақуызы (матриксті) және екі гликозилирленген ақуыздар, олар суперкапсидтің құрамына кіреді; Н (гемагглютинин) и F (жабысу ақуыздары, гемолизин). Гемагглютинин, гемолизин, нуклеопротеид и М-ақ уызыдары антигендік спецификасы және иммуногенділік дәрежесі бойынша ажыратылады. Моноклональды антиденелердің көмегімен, адамның қызылшасының бірнеше түрі анақталған. Қызылша – балаларда жедел дамитын инфекция, вирус мұрын-жұтқыншақтан қанға өтіп барлық ағзаға таралады, денеде бөртпе пайда болады. Адам организміне енген вирус алдымен мойынның лимфа түйіндерінде көбейеді. Бір апта өткен соң вирусемия дамиды. Бөртпелер бір апта өткен соң алдымен бетте содан соң денеде пайда болады. Бұл кезде қызба, лимфа түйіндерінің ісінуі, буындарда ауру пайда болуы мүкін.

Қызылшаның клиникалық көрінісі

Қызылша: Филатова-Коплика-Бельскидің дақтары

11.3.сурет http://go.mail.ru/search_images?q=корь

Бөртпелер 2-3 күнге дейін сақталады. Қызылша жас балаларда жеңіл, ал үлкендерде ауыр ағымда өтеді. Кейде артрит, энцефалит, тромбоцитопения дамуы мүмкін. Қызылша әсіресе жүктіліктің 3 айлық кезеңінде қатерлі. Инфекциядан кейінгі иммунитет тұрақты және ол өмір бойы сақталады. Қызылша диагностикасын да вирусологилық және серологиялық әдістер қолданылады. Қызылша вирусын лабораториялық жануарлар нашар қабылдайды, тауық эмбрионында нашар көбейеді. Оны бөліп алу үшін маймылдың бүйрегінің біріншілік трипсинизирленген жасуша дақылын қолданады немесе адам эмбрионнын қолданады, ол жерден осы вирусқа ған тән цитопатикалық әсерді байқайды. Вирус жасуша хромосына мутагендік әсер етеді. Вирус қоршаған ортаға, жоғарғы температураға, дезертінділерге тұрақсыз, төменгі температураға (70°С) тұрақты. Инфекцияның көзі тек науқас адам. Ол инкубациялық кезеңнің соңғы күндерінен, бөртпенің пайда болуына 4-5 күн қалғанда айналасындағы адамдарға қауіпті. Вирус ауа тамшылы жолмен жұғып жоғарғы тыныс жолының шырышты қабатының эпителиальды жасушаларында қөбейеді. Қанға өтіп, тамырдың эндотелия жасушаларын жарақаттайды, оның нәтижесінде бөртпе пайда болады. Аурудың айқан белгісі ұрттың шырышты қабатында Филатова-Коплика-Бельскидің дағының пайда болуы (11.3.сурет). Инкубациялық кезең 10 тәулік. Продромальды кезеңінде жедел респираторлы аурулардың белгілері пайда болады (ринит, фарингит, конъюктивит). Бөртпе температура көтерілгеннен кейін 4 тәуліктен кейін пайда болады, алғашында баста (маңдай, құлақтың арты), одан кейін ғана барлақ денеге тарайды. Температура 7-8 тәулікте қайта қалпына келеді. Жиі пневмония, аурудың ерте кезеңінде – көмейдің ісуі, круп деген асқынуларға алып келеді. Сирек жағдайларда 8-10 жастан асқан балаларда қызылша энцефалиті ретінде ауыр өтеді. Профилактикалық қызылшаға қарсы иммуноглобулин қабылдаған балаларда ауру жеңіл өтеді. Инфекциядан кейінгі иммунитет тұрақты, өмір бойы сақталады, ол вирус нейтрализдеуші антиденеге Т-цитотоксикалық лимфоциттермен және иммунды есте сақтаумен байланысты. Лабораториялық диагностика сұраныс бойынша жүргізіледі. Жедел диагносткалық әдіс иммунофлюоресценция әдісі. Вирустың көбейгенін цитопатикалық әсерден және гемогглютинация реакцияснан байқайды. Вирустың идентификациясын ИФР, ТГАР, РН жүргізеді. Балаларды бірінші жылы аттенуирленген штаммдардан дайындаған тiрi вакцинамен иммунизациялаймыз.