- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
Мысқыл - синонимдері: свинка, құлақ маңы безінің қабынуы - жедел вирустық ауру, құлақ алды шықшыт бездерінің сирек жағдайда басқа ағзалардың қымдалуымен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. Өлім жағдайы өте сирек болғанымен, бедеулік, кереңдік, диабет, панкреатит және т.б. ауруларды шақыруымен қауіпті. Бұл қоздырғышты 1934 жылы К. Джонсон және Р. Гудпасчур анықтады.
Таксономиясы: Тұқымдастығы: Paramyxoviridae. Туыстығы: Rubulavirus
Морфологиясы және антигендік қасиеттері. Эпидемиялық паротит вирусы басқа парамиксовирустар сияқты сфера пiшiнді, диаметрі 150-200нм гемагглютинациялаушы гемолитикалық, нейраминидазды және симпласт түзуші активтілікке ие. Вирус геномы бір жіпшелі фрагменттелмеген РНК дан түзілген Вирион құрамында 8 ақуыздан тұрады, олар HN және F суперкапсид ақуыздары.
Дақылдандыру. Тауық эмбрионында дақылдайды.
Резистенттілігі. Вирус сыртқы ортафакторларының әсеріне тұрақсыз. Май еріткіштерде, 1% лизол, 2% фенол әсерінде бірнеше минут ішінде өледі.
Эпидемологиясы.Бұл ауру барлық жерде бірдей кездеседі өте жұқпалы антропонозды инфекция. Жұқпа көзі болып тек қана ауру адам болып табылады. Берілу жолдары ауа тамшылы, кейде сілекеймен ластанған тұрмыстық заттар арқылы жұғуы ықтимал. Көп жағдайда 5-15 жастағы балалар, ал кейде үлкендер ауырады. Инкубациялық кезеңі орташа 14-21 күн.
Патогенезі. Вирус ауыз қуысы арқылы құлақ алды сөл бездеріне еніп, сол жерде көбейеді. Вирус бездер іскенге дейінгі 1-6 күн бойына және клиникалық симптомдар пайда болғаннан кейін 4 күн бойы бөлінеді. Науқас инкубациялық кезеңнің соңынан кері даму кезеңіне дейін жұқпалы. Қанға еніп, әртүрлі ағзаларды зақымдайды және оның асқынуынан орхит, менингит, менингоэнцефолит пайда болуы мүмкін.
Клиникалық белгілері. Инкубациялық кезең орташа 18-20 күн, 11 күнге дейін қысқарып 23 күнге дейін ұзаруы мүмкін, продромсыз өтуі мүмкін. Продормальды кезеңнің ұзақтығы әркелкі, жиі 1-2 күн, симптомдары да әр түрлі. Аурудың басы 38-39С-қа дейін көтерілуімен және шықшыт безінің алдымен бір жақтық, кейін екінші жағының ісінуімен сипатталады. Алдымен ісіну құлақтың артында және төмен яғни емізікті ісікпен төменгі жақ тармағының арасында орналасады. Құлақ қалқаны жоғары және артқа ығысады, сырғалық қалқияды, бастың пішіні алмұрт тәрізді болады (11.4.сурет). Ісіну жұмсақ қамыр сияқты, пальпацияда онша сезімтал емес. Бұғанаға дейін ісіну байқалады. Терісі бозғылт, қабынулы өзгеріссіз. Шайнағанда ауырады. Естуі төмендейді. Паротитік инфекция кезінде ОЖЖ зақымдалуы жиі кездеседі: серозды менингиттер, менингоэнцефалит. Қосарланған түрлеріне: орхит, оофарит. Өте сирек: ларингит, бронхит, конъюктивит, отит, остиомиелит, полиартрит, эндокардит, нефриттер болуы мүмкін.
|
|
11.4.сурет Мысқылдың клиникалық көрінісі http://go.mail.ru/search_images?q=эпидемическии паротит |
|
Иммунитеті. Ауырғаннан кейінгі иммунитет тұрақты және ұзақ мерзімді болып, ауру екінші рет қайталанбайды.
Лабораториялық диагностикасы. Вирусологиялық және серологиялық әдістер қолданылады. Зерттеу материалы үшін, зәр, жұлын сұйықтығы, ликвор, несеп, қан сұйықтығы алынады. Вирус ТГАР, ИФР, НР және КБР көмегінде идентификцияланады. Серологиялық зерттеулер арнайы антиденелер титрінің ауру барысында көтерілуі. ИФА+ПЦР-диагностикасы.
Емдеуі. Симптоматикалық ем. Төсектік режим, диета, поливитаминдер, ыстықты түсіретін препараттар (анальгин, парацетамол); Зақымдалған бездерді қыздыру (УВЧ, УФО). Ауыр жағдайда реконвалесценттің сарысуын (20-25 мл) немесе гаммаглобулин қолданылады. Анальгетиктер, ауру сезімін басатын, ұйыктататын дәрілер тағайындалады.
Эпидемиялық паротиттің алдын алу үшін бірнеше вакцина ұсынылған:
Смородинцев ұсынған паротиттік дақылдық құрғақ тірі вакцина Ресей (бір жастан үлкен балаларға). Нәрестелерде алты айға дейін плацентарлық енжар иммунитет сақталады. Паротиттік-қызылшалық дақылдық құрғақ тірі вакцина (Ресей) Қызылшаға, қызамыққа, паротиттке қарсы лиофильденген тірі вакцина (Индия); MMR- Қызылшаға, қызамыққа, паротиттке қарсы вакцина (АҚШ)
