- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
2.1.2.2. Пневмококтар.
Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Пневмония – кең таралған өкпе ауруларының бірі. Ол көбінесе альвеола (өкпе көпіршіктері) мен өкпе интерстициальді тінінің зақымдалуынан болатын өкпе тінінің қабынуы. Бұл дерт өз алдына және қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхтың қабынуы, демікпе сынды бірнеше аурулардың асқынуынан да пайда болады. Сондай-ақ суық тию, дене мен ой еңбегiнен шаршап-шалдығу, зорығу, темекi шегу, әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Өкпе қабынуы жұқпалы емес, бiрақ дерттің дендеуіне пневмококтар, стафилококтар, стрептококтар сынды бактериялар және вирустар (риновирус, аденовирустар), саңырауқұлақтармен, сондай-ақ бірқатар қоздырғыш инфекциялар ықпал етеді. Сонымен қатар ол СПИД-пен ауырған кезде де болуы мүмкін.
Морфологиясы. St. pneumoniae (пневмококтар) крупозды пневмонияның арнайы қоздырғыштары болып табылады, көздiң мөлдiр қабығының (роговица) жара бойында жайғасады, олар iрiңдi ауруларды шақырады отит, бронхит, бронхопневмония, менингит, ринит, сепсис. Пневмококтар сопақша Грам оң “” диплококтар қозғалмайды, пiшiнi-ланцет тәрiздi диаметрі 0,5—1,25 мкм., спора түзбейді, талшықтары жоқ, жағындыда айналасында қалың капсула түзіп жұптасып немесе тізбектеліп орналасады. Капсуланың түзуін қан, сарысулар, ациттік сұйықтықтар белсендіреді. Ағзада капсула түзедi, қан немесе қан сарысуы аралас ортада өседi, қанды агарда колониялар жасыл желекпен шектелген. (2.8.сурет).
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Пневмококтар 0,1% глюкозамен байытылған қанды немесе сарысулы ортада жақсы өседі. Сұйық қоректік ортада біркелкі лайланады және жалпақ қар тәрізді тұнбаға түседі; тұрып қалған дақылда тұнбасы қалыңдайды.Тығыз қоректік ортада нәзік жартылай мөлдір, шеттері тегіс диметрі 1мм колониялар түзеді»: кейбір жағдайларда ортасы шұңқыр жазық колониялар пайда болады. Қанды агарда пневмококтардың колониялары альфа гемолиз түзеді де, түссізденген жасылтым аймақпен қоршалады (2.8.сурет). Ферменттік белсендігі басқалармен салыстырғанда төмен.
|
|
|
Электронды микроскоптағы көрінісі |
Грам әдісімен боялған таза дақылы |
Қанды агарда өсуі |
2.8.сурет.Strepetococcus pneumoniae /Медициналық микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.)./ |
||
Хемоорганотрофтар; метоболизмі ашу арқылы жүреді; клиникалық маңызы бар түрлері глюкозаны сүт қышқылына дейін ыдыратады. Каталазасы жоқ. Пневмококтарды басқа стрептококтардан ажыратып анықтау үшін оптохинмен сынама қояды (олардың өсуін тежейді; жасыл стрептококтардан айырмашылығы пневмококтар инулинді ыдыратады және өтке сезімтал (дезоксихолат сынамасы).Антигендік құрылымы. Пневмококтардың бiрнеше антиген типтерi белгiлi: полисахаридтi, жасуша қабырғасында орналасқан, капсулалық антигендер және – ақуыздық. Пневмококтар полисахариттік капсулаға ие. Жасанды қоректік ортада капсуласын жоғалтады, колониялары S- пішінінен R- пішінге ауысады. Пневмококтың топтық антигендері жоқ, бірақ капсулалық антигендерінің 80-нен астам серологиялық топтары анықталған. Ақ тышқандарға жоғарғы вируленттілікке ие (сепсис).
Патогенділік факторларлары. Жедел пневмониялар- этиологиясы мен патогенезі әр түрлі болып келетін өкпе паренхимасы мен аралық тканьнің экссудативті қабынуы . Процеске тамыр жүйесі жиі қатысады.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Пневмококтар ағзадан тыс, кепкен қақырықта ұзақ сақталады. Қыздыруға тұрақсыз, қайнатқанда тез жойылады. Дезертінділерге сезімтал. Жұқпа көзі науқас адамдар мен бактерия тасымалдаушылар. Пневмококк ауруханадан тыс кездесетін бактериялық певмонияның негізгі қоздырғышы болып табылады. Қоздырғыштар ағзаға екі жолмен енеді: а) эндогендік жол: стафилакокк, стрептококк, протей, пневмококк, ішек таяқшасы. б) экзогендік жол орнитоз қоздырғышы, микоплазма,пневмококк. Қоздырғыштардың ағзаға енуімен қоса, организм реактивтілігінің өзгеруі және шартты патогендік флораның бас көтеруі, инфекцияның бронх арқылы тарауы, бейімдеуші факторлар әсері, бронхтың секреция бөлу қызметінің бұзылуы және оның кірпікшелі эпителийінің өзгеруі, мукоцилиарлық клиренстің өзгеруі мен гуморалдық иммунитеттің төмендеуі, паренхиманың жергілікті қорғаныс механизмдерінің әлсіреуі, қан айналысының бұзылуы, өкпе тінінің (тканінің) инфильтрациясы пайда болу, қабыну процесінің тарауы сынды басты механизмдері бар. Жұқпа әртүрлі жолмен беріледі. Көбіне ауа тамшылары және қан арқылы таралуы мүмкін. Қажетті ем-дом тағайындау үшін, ауруды тудырған патогенді микроорганизмдер және олардың берілу әдістері зерттеледі.
Өкпе қабынуының түрлері: ошақты — өкпенің аздаған жеріне жайғасады; сегментарлы — өкпенің бір немесе бірнеше бөлігіне таралады; бөлікті — өкпенің бір бөлшегін жаулайды. Бұған крупозды пневмония да жатады; тұтас – егер қоздырғыштар өкпеге тұтастай таралса, «тұтас пневмония» деп аталады.
Патогенезі, клиникасы. Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді. Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39°С — 40°С-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 — 5 күннен кейін қайта бастайды. Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады.
Алдын алуы және емдеуі. Пневмококтың алдын алу үшін әртүрлі 23 полисахаридті антигендердің серологиялық варианттары кіретін поливалентті вакцина ұсынылған. Егу сезімталдықтары жоғарғы топтарға 5-10 жыл аралығында жасалып отырады. Пневмококтың алдын алу үшін ауруханаға жатқызу , жатқан орында жеткілікті ауа болу, құнарлы тамақтандыру және тамақтың ішінде ақуыздың, майдың ,көмірсудің, витаминдердің жеткілікті мөлшерде болуы. Пневмонияны кең спектрлі әсер ететін антибиотиктермен, физиотерапия, емдік денешынықтырумен айналысу, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу пневмонияның алдын алуға көмектеседі. Диагноз тек қана рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде қойылады.
Тесттер.
1. Іріңнен стрептококктарды бөліп алу үшін ... қолданады.
қанды агарды
сарыуызды-тұзды агарды
Эндо ортасын
Плоскирев ортасы
Левин ортасы
2. Стрептококктарда ... қоздырғыштардың адгезиялық қасиетін жоғарылатады және анықтайды.
М ақуызы
протеаза
эритрогенин
А ақуызы
капсуласы
3. Жәншәуны ... шақырады.
стрептококктар
стафилококктар
пневмококтар
гонококтар
менингококктар
4. Стрептококктар … .
іріңді-қабыну инфекцияларын шақырады
ЕПА өседі
стафилококктар шақырған ауруларды, тудыра алмайды
жұғындыда топтасып, жиналып орналасады
адгезиндері жоқ
5. Стрептококктардың морфологиялық ерекшеліктеріне … орналасуы жатады.
тізбектеліп немесе жұптасып
жүзімнің шоғыры тәрізді
бұршақ пішінді
шағала қанаты тәрізді
таяқша тәрізді
6. Стрептококктар жұғындыда ... орналасады.
тізбектеліп
балық шоғырына ұқсас
бұрыштанып
жүзім шоғырына ұқсас
тетрада түрінде
7. Стрептококкты инфекциялардың зертханалық диагностикасының негізгі әдістеріне ... жатады.
бактериологиялық, серологиялық
микроскопиялық
серологиялық, биологиялық
биологиялық
микроскопиялық, серологиялық
8. Стрептококктың М-ақуызы ...
фагоцитозды тежейді.
инвазиялық қасиетін анықтайды.
эритроциттерді бұзады.
хемотаксисті тежейді.
антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.
9. Қан агарында гемолиз аймағын түзетін, іріңді коктарға ... жатады.
стрептококктар
стафилакокктар
гонококктар
менингоккоктар
пневмококктар
10. Стрептокок инфекциясында ... эритроциттердің ыдырауын тудырады.
фибринолизин
эритрогенді токсин
лейкоцидин
стрептолизин
цитотоксин
11. Жәншәудың антитоксикалық иммунитетін анықтау үшін ... қолданылады:
a) қояндарға биосынамасын
b) Шик сынамасын
c) Манту сынамасын
d) тышқандарға биосынамасын
e) Дик сынамасын
12. Стрептокок инфекциясында Жәншәу ауруына себепші патогенді факторына ... жатады.
a) цитотоксин
b) эритрогенді токсин
c) стрептолизин
d) фибринолизин
е) энтеротоксин
13. Str. Pyogenes ... шақырмайды.
Жәншәуны
ревматизмді
гломерулонефритті
энтеритті
қабыну тілмесін
14. Жәншәудың патогенезінде ... үлкен рөл атқарады.
эритрогенді токсин
энтеротоксин
лецитиназа
фибринолизин
плазмакоагулаза
15. Пневмококтардың басты патогенді факторына ... жатады.
a) полисахаридті капсуласы
b) М-ақуызы
c) капсуласы
d) эритрогенині
e) S-гемолизині
16. Жасанды қоректі ортаға дақылдаған кезде капсуласын жоғалтып, S-тен R-формасына өтетін коктарға ... жатады.
a) пневмококтар
b) стафилококтар
c) микрококтар
d) менингококтар
e) гонококтар
17. Қанды агарда майда, шеті жасыл гемолизді аймақпен қоршалған колониялар ...түзеді.
a) клебсиеллалар
b) пневмококтар
c) кандидалар
d) риккетсиялар
e) хламидиялар
