Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы

Trichomonas tenax дене пішіні алмұрт тәрізді, ұзындығы 6-13 мкм. Алдыңғы ұшында 4 талшығы болады, бүйірінде ундулярлы мембрана орналасады. Ұзындығы дене ұзындығының 3/4 шамасында. Сау адамдардың 30 %-да, және үлкен адамдарда балаларға қарағанда жиі кездеседі. Ауыздың шырышты қабығының қатпарларында, тістің кариозды қуыстарында, созылмалы тонзилиттің миндалиналардың (көмекей безі) критілерінде, асқазан сөлінің төмен қышқылдығында мекендейді. Адамнан адамға берілу екі түрінің де сүйіскенде, жалпы ыдыстармен және тіс шөткелері мен және түшкіргенде немесе жөтелгенде қақырықпен беріледі.

Trichomonas vaginalis – антропонозды, адамның жыныс мүшелерін жарақаттап трихомониаз ауруын шақырады – (вагинит, уретрит, простатит). Бұл паразиттің ұзындығы 14-30 мкм. Алдында 4 талшығы бар. Жасушаның ортасына дейін үлкен емес ундулярлы мембрана кіреді. Жасушаның соңынан шығатын, аксостиль денесінің ортасына дейін созылады. Ас қорыту вакуольдерінде бұл паразит қоректенетін лейкоцит, эритроцит және бактериялар орналасады. Циста құрмайды (9.6.сурет).

Желбіреуші мембрана

Trichomonas vaginalis –тің электронды микроскоптан көрінісі

Уретрадан алынған жұғындыдағы Trichomonas vaginalis. Метилен көғімен боялған

(жыныс

мүшелеріндегі)

(ауыздікі)

(ішектікі)

9.6.сурет Трихомоналардың құрылысы

Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологиимикологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А.

Жыныстық жолмен және сирек қолданылатын заттар арқылы жұғады. Бұл трихомонада әйелдерде қынапта, және жатыр мойнында, еркектерде – зәр шығару түтігінде, қуықта және қуық асты безде мекендейді. Әйелдердің зақымдануы 20 – 40%, ерлерде 15% дейін жетеді. Иесіне бұл трихомонада қатты зақымдалулар жасамайды, бірақ зәр шығару жүйесінің эпителейімен қарым-қатынаста бола отырып, ол эпителиальды қабаттың астында ұсақ қабыну ошақтарының пайда болуын шақырады және шырышты қабықтың жасушаларының жойылуға әкеледі. Бұзылған эпителиальді жабын арқылы мүше қуысына лейкоциттер түседі. Ерлерде ауру әдетте 1 айдан кейін спонтанды жазылумен аяқталады. Әйелдерде трихомоноз бірнеше жыл жүруі мүмкін. Нақты анықтайтын тікелей иммунофлюоресценция әдісі, ПТР және қоректік ортаға егу. Эпидемиялық процестің сипаттамасы. Қоздырғыштың көзі және ошағы –тек қана ауру немесе тасымалдаушы адам. Қоздырғыштың берілу механизмі –жанасу, берілу жолы-жыныстық қатынас арқылы іске асады.

Трихомониаз барлық жерде таралған. Тұрмыстық қатынасу арқылы залалдану өте сирек кездеседі. Бірақ төсек-орын және басқа бұйымдар, медицина аспаптары қатты ластанса, адамдарға жұғу қаупі арта түседі. Трихомонадалардың су арқылы берілу мүмкіндігі оның ионды тұздық құрамына байланысты. Трихомонадалардың өзен, тоған және су құбырындағы суларда тез өлуіне байланысты ондай сулар арқылы берілуі өте сирек болады.

Әдетте жұқтыру қаупі жыныс қатынасының жиілігімен байланысты. Ерлердің сырқаттылығы трихомониаздың әйелдер арасында таралуымен бірдей. Қазақстанда бұл инвазия кең тараған. Толық емес статистикалық деректерге сәйкес, түрғындардың жұқтыруы, әсіресе қаладағы жастар арасында 30% және одан жоғары болады, ал бала туатын жастағы әйелдер арасында -45-50%.

Патогенезі және клиникалық белгілері.Трихомонадалардың дамуы мен көбеюіне ыңғайлы жағдайлар әйел қынабының алдыңғы күмбезі маңында, ерлердің несеп шығаратын жолында болады. Қабыну реакциялары дамып, қоздырғыш несеп-жыныс жүйесінің бөліктеріне өтеді ( 9.7.сурет). Трихомонада шығаратын гиалуронидаза зат алмасудың токсикалық өнімдерінің, қабаттас микрофлораның жасуша аралық кеңістікке өтуін жеңілдетеді. Трихомонадалық инвазия өткінші немесе симптомсыз паразит тасымалдаушылық түрінде де өтуі мүмкін. Трихомониаздың мұндай түрі 10-35%-да байқалады, ол эпидемиологиялық жағдайды қиындатады. Трихомониаз жедел, жеделдеу және созылмалы асқыну процесі ретінде өтеді. Клиникасы кольпит, вульвит, вестибульбит, цервицит, простатит, цистит және басқаша асқыну түрлерінде көрінеді. Бастапқы белгілері жыныс ағзалары маңында қышу, сирегірек жағдайда –күю сезімі пайда болды деген шағымдармен байланысты. Көп мөлшерде көбікті, сұр түсті бөлінділер пайда болады. Жас балалар жиірек жағдайда аналарынан немесе оларды күтетін басқа адамдардан жұқтырады. Еркектерде трихомониаздың негізгі белгілері несеп жолынан сұйықтық шығуы, несеп шыққанда қышу және несеп шығудың бұзылуы болып табылады.

Ә йельдегі трихомониаз белгісі /жатыр мойны /

Е рлердегі трихомониаз белгісі /уретра/

9.7.сурет http://go.mail.ru/search_images?q=трихомониаз

Әдетте оларда белгілер әлсіздеу болады. Ауру созылмалы түріне ауысса 100% жағдайда созылмалы простатит дамиды. Иммунитеті -жеткілікті дәрежеде әлі зерттелмеген.

Микробиологиялық диагноз қою. Клиникалық, эпидемиологиялық және лабораториялық деректерге негізделеді. Лабораториялық әдістердің ішінде ең жиі қолданылатыны несеп жолдары бөлінділерінен, уретрадан алынған қырындылардан жасалған жағындыны микроскоппен тексеру. Микроскопиялық әдіс. Науқастан алынған зерттеу заттарын физиологиялық ерітіндімен араластырып «ілінген тамшы» препаратын дайындап түнек айдынды, фазалы –контрасты микроскопта қарайды (обьектив x40, окуляр x10). Трихомонадалар мөлшері бойынша лейкоциттерге жақындайды, бірақ олардың үндірлеуші мембранасы мен талшықтарының әсерінен болатын қозғалысын байқауға болады. Тиісті зерттеу заттарынан дайындалған жағындыларды құрғатып, фиксациялап (сұйық фиксаторларда) метилен –көк бояуымен немесе Романовский –Гимзе әдісімен бояйды, морфологиясын анықтайды. Боялған жағындыны зерттегенде, эпителиалдық жасушалардың үстіндегі лейкоциттердің жиналуына көңіл аудару керек. Лейкоциттердің көп жиналуы трихомонадалық қабынудың белгісі болып саналады. Бұл белгі жиі байқалады, бірақ дәрігер-лаборанттар оған көп мән бермейді де, осындай өзгерістерді есепке алмайды. Аралас жұқпа болған жағдайда боялған препаратттарды микроскопта қарау гонококтарды және т.б. қоздырғыштарды да анықтауға мүмкіндік береді. Дақылдық әдіс. Таза дақылын бөліп алу үшін тиісті қоректік орталарға, мысалы СКДС (казеин гидролизаты ашытқы мальтозатұзды ерітінді) ортасына сеуіп, өсіп -өндіреді. Бұл әдіс созылмалы трихоманиаз кезінде қолданған жөн, және де трихоманада штамдарының емдеу препараттарына сезімталдығын анықтау үшін қажет. Серологиялық әдіс. Трихомонадаларға қарсы пайда болған антиденелер деңгейін анықтауға негізделген: ПГАР, КБР, ИФТ, ЖИФР –реакциялары пайдаланылады. Бұл әдістер қосымша тәсілдерге жатады. Себебі тасымалдаушы адамдарда және емделіп жатқандарда да оң нәтижелі болуы мүмкін. ПТР –мен трихомонадалар ДНҚ –ы анықтау әдісі қолданылады, бұл әдістің спецификалығы жоғары әрі сезімтал тәсіл. Бірақ экспресс -әдіс ретінде және емдеу тиімділігін бақылау үшін қолдануға болмайды. Емдеуі және алдын – алу шаралары. Арнайы этиотропты препараттар қолданылады: меронидазол, птинидазол, орнидазол, осарсол, аминарсон, фуразолидон, клотримазол т.б. Екі жақ партнерлерін (ері мен әйелін) бір уақытта емдегенде нәтижесі тиімді болады..Кездейсоқ жыныс қатынастарынан сақтану, презервативті қолдану, ауырғандарды ертерек анықтау және емдеу.