- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
4.4. Вирустық гепатит е
Гепатит Е вирусы (НЕV), (Caliciviridae тұқымдастығы).
Вирустық гепатит Е - адамның жедел жұқпалы, бауырды зақымдайтын және ағзаның жалпы улануын, сирек жағдайда дене сарғаюын тудыратын ауру. Алғаш рет (1983 ж) М.С. Балаян вирустың сипаттамасын анықтады.
Е вирустық гепатит жұғу тәсілі бойынша А вирустық гепатитке жақын. Ал, Е вирустық гепатит, бөлек бір ауру екенін, 80-жылдары- М.С.Балаян дәлелдеді. Ол нағыз ғалымға сай, сол кезде әлі анықталмаған гепатит түрмен өзін-өзі жұқтырды. Бұл нақты, А вирустық гепатиті емес екені, айдан анық болатын. Өйткені зерттеушінің, аталған гепатитке қарсы иммунитет өндірілді. Дәрігерлер, әріптестің халін бақылай отыра, тұңғыш рет аурудың сипаттамасын жазды. Статистикалық мәлімет бойынша Е вирустық гепатитке шалдыққандардың көбі ер адамдар. Е вирустық гепатит жүкті әйелдер үшін өте кауіпті. Орта Азия мен Қазақстанда Е вирустық гепатитті алдын алу үшін, тек қайнаған суды ішу қажет. Өйткені ыстық судағы Е вирустық гепатитінің жұқпалары өліп, жойылады. Эпидемия немесе Е вирустық гепатиті тіркелген жерінен аулақ жүргеніңіз жөн. Егер симптомдар байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет. Ауруханаға жатудан бас тартпаңыз. Е вирустық гепатитінің жұқпалары үшін Оңтүстік-шығыс Азия (Үндістан, Бирма, Қытай), Африка, Орталық Америка ең қолайлы мекен.
Морфологиясы. Қоздырғышы - гепатит Е вирусы (НЕV) – сфера пішінді, вирион диаметрі 27-30 нм, геномы бір жіпті фрагменттелмеген РНҚ нан тұрады, ол РНҚ тәуелді РНҚ полимеразаны,протеазаны және вирустың жасушаға енуін қамтамасыз ететін трансмембраналық ақуызды кодтайды.. НЕV қасиеттері гепатит А вирусына ұқсас, бірақ антигендік туыстығы жоқ, вируленттігі төмен. Экспериментальдық жануарлардан НЕV маймылдар-приматалар, үй шошқалары, егеуқұйрықтар сезімтал.
Эпидемиологиясы. Е гепатит вирусы эндемиялық бұрқетпелер қоздырады.Инфекцияның жұқтыру көзі - ауру адам. Қоздырғыш организмнен нәжіспен бөлініп отырады. Жұқтыру механизмі - фекальды- оральды, негізгі таралу жолы - су арқылы. Топыраққа түскен вирустар грунттағы суларға таралады. Жасырын кезеңі 2-6 аптадан аспайды. Дәл диагноз қоюға мүмкіндік беретін клиникалық белгілері байқалмайды: жалпы мазасыздану сирек жағдайда дене сарғаюы болады. Болжамы көбінесе қолайлы. Жүкті әйелдерде кесел асқынып, өлімге әкелуі мүмкін. Аурудың созылмалы үріне айналуы байқалмаған.Гепатит Е жиі ересектер - 15 жастан 29 жастағылар ауырады, жазғы айларында ауыл шаруашылықта жұмыс істеген адамдар арасында су ішуі күшейгенде. Гепатит Е су құбырларында күрделі ақаулар болған жерлерде - эндемиялық ауру ретінде таралған. Канал, арық суларын қолданатындар арасында таралған.
Клиникасы. Инкубациялық кезеңі орташа 30 тәулік, 14-50 тәулікке созылуы мүмкін. Ауру бәсеңдеп басталады, сарғаю алдынғы кезеңі 4 тәулік, терінің сарғаюы 1-3 апта созылады. Аурудың ауыр түрі сирек кездеседі, 95% жеңіл түрде дамиды.
Иммунитеті. Аурып түрған соң тұрақты, өмірбақилық, вирусты нейтралдайтын антиденелер мен иммундық есте сақтау жасушаларымен қалыптасады. Гепатит Е мен гепатит А арасында қиылыса иммунитет қалыптаспайды.
Лабораториялық диагностикасы. Жедел гепатит Е диагнозы А, В және С гепатиттеріне теріс нәтиже берген әдістер арқылы қойылады. Иммунды электронды микроскопия қолданады. Қазіргі уақытта НЕV антигендеріне пайда болған антиденелерді ажырату тест-жүйелері ұсынылған, яғни ИФА жүргізіледі. Диагностикасы. НСV қанда өте аз мөлшерде болғандықтан, басқа вирустық гепатиттерде қолданатын скринингтік әдістерде диагностикасы өте қиын. Сондықтан вирустық гепатит С диагностикасы үшін спецификалық вирустық ақуыздарға түзілген арнайы антиденелерді анықтайтын тест-жүйелер дайындалған, оны ИФА анықтауға болады. Сонымен бірге ДНҚ-зонд қолданады. % жуық қан құйылуынан жұғады
Е вирустық гепатитті алдын алу мен емдеу. Жалпы медициналық сақтану шаралары жүргізіледі: санитарлық гигиеналық жағдайларды жақсарту, сапалы сумен қамтамасыз ету және т.б. Арнайы алдын алу шарасы мақсатында бүтін вирионды өлі вакцина жаслған. Рекомбинантты және тірі вакциналар жасау үшін зерттеулер жүргізіліп жатыр. Мыналар вакциналарды енгізуге қарсы айғақтар болып саналады:
1) шала туғандық, туған кездегі салмағы 2000 грамнан кем;
2) препараттың құрамдас бөліктеріне сезгіштіктің артуымен байланысты алдындағы дозаның күшті аллергиялық реакциясы (генерализдендірілген бөртпе – есекжем, тыныс алу ауырлығы, өңеш пен ауыз қуысының ісуі, гипертензия, шок). Бұл ретте осы вакцинаның одан әрі қолданылуы доғарылады;
3) 38С-тан жоғары температурасымен немесе жалпы жай-күйдің айтарлықтай бұзылуларымен білінетін ауырлығы орташа және ауыр сырқаттар. Вакцинаны денсаулықтың қалыпқа келгенінен кейін 2-4 аптадан соң вакцинациялауға рұқсат етіледі;
4) жүктілік;
5) ауыр емес жіті респираторлық вирустық жұқпалар, ішек және басқа жіті жұқпалы аурулар. Вакцинаны аурудан айыққаннан кейін бірден вакцинациялауға болады. Емдеуі симптоматикалық. Жүкті әйелдерге арнайы иммундыглобулин енгізу ұсынылады.
