Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

2.1.4.Микрококтар.

Микрококтар – Micrococcus туыстастығының шартты-патогенді бактериялары (2.9 сурет). Сүтқоректілердің терісінде, топырақта тіршілік етеді; тағамдық өнімдерден және ауадан бөлінеді. Кей кездері иммунотапшылығы бар аурулардың басқа да микробтар қауымдастығымен әртүрлі оқшаулауда іріңді-қабыну ауруларын шақырады. Туыстастық 11 түрден тұрады. Типтік түрі – M. luteus.

Микрококтар - 0,5-2 мкм өлшемді грамоң сфера пішінді жасушалар. Жұптасып, тетра пішінді, бұрыс түрде жиналған болып орналасады, бірақ тізбек түрінде ешқашан кездеспейді. Сирек қозғалғыш. Спора түзбейді. Облигатты аэробтар. Микробиологиялық диагноз қою. Микроскопиялық әдіс. Негізгі әдіс – бактериологиялық.

2.9 сурет. M. luteus. таза дақылының жұғындысы. Грам бойынша бояу. /Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А./

2.1.5.Пептококтар

Пептококтар - Peptococcus туыстастығының шартты-патогенді бактериялары (2.10.сурет). Басқа да микробтар қауымдастығымен әртүрлі оқшаулауда іріңді-қабыну ауруларын шақырады. Типтік (жалғыз) түрі – Peptococcus niger.

Пептококтар 0,3-1,2 мкм өлшемді дөңгелек коктар, жұптасып, тетра пішінді, бұрыс түрде жиналған болып немесе қысқа тізбектер түрінде орналасады. Қозғалмайды. Грамоң. Облигатты спора түзбейтін (клостридиалды емес) аэробтар.

Ауыз қуысында, ішекте, несеп-жыныстық жүйесінде мекендейді. Микробиологиялық диагноз қою. Негізгі әдіс – бактериологиялық (анаэробиоз жағдайында).

2.10.сурет. P. niger таза дақылының жұғындысы. Грам бойынша бояу.

/Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А./

2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)

Пептострептококтар - Peptostreptococcus туыстастығының шартты-патогенді бактериялары, олар тоғыз түрден тұрады: P.anaerobius, P.asaccharolyticus, P.heliotrinreducens, P.indolicus, P. magnus, P.micros, P.prevotii, P.productus, P.tetradius. ауыз қуысында, жоғарғы тыныс жолдарында, ішекте, несеп-жыныстық жүйесінде мекендейді (2.11.сурет). Басқа да микробтар қауымдастығымен әртүрлі оқшаулауда іріңді-қабыну ауруларын шақырады. Типтік түрі – P.anaerobius.

Пептострептококтар 0,5-1,2 мкм өлшемді дөңгелек сфера тәрізді коктар, жұптасып, кішкене бұрыс түрде жиналған болып немесе тізбектер түрінде орналасады. Қозғалмайды. Грамоң. Облигатты спора түзбейтін (клостридиалды емес) аэробтар.

Микробиологиялық диагноз қою. Негізгі әдіс – бактериологиялық (анаэробиоз жағдайында).

2.11.сурет. P.anaerobius таза дақылының жұғындысы. Грам бойынша бояу. /Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А.