- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
4.6.Иерсиниоз
Иерсиниоз - фекальді-оральді жолмен берілетін өткір зоонозды бактериалдық ауру. Клиникалық көрінісі полиморфизмді: асқазан-ішек жолдарын, буындарды зақымдаумен, сондай-ақ интоксикация, қызба өршуі және рецидивімен сипатталады. Ішек иерсиниозының қоздырғышы - Iersiniа enterocolitica.
Морфологиясы. Iersiniа enterocolitica - полиморфты спора түзбейтін, грамтеріс таяқшалары, перитрихиальды талшықтардың арқасында қозғалады, капсула түзбейді.
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі, өсу температурасы 30°С - 43°С дейін/ Эндо ортасында 1тәулікте диаметрі 0.1-0.2 мм дөңгелек, дөңес, жылтыр, шеттері тегіс, түссіз колония түзеді. Маннит, мальтоза, сахароза, глюкоза ферменттейді.
Антигендік құрылымы О-антигендері бойынша бір 34 сероварға бөлінеді. Адамдарда жиі 03 және 09 ауру серотоптары ауру тудырады.
Патогенділік факторларлары Иерсиниялар – факультативті жасуша ішілік паразит. Патогенділігі инвазивтік қасиетіне және цитотоксиндерге байланысты. Иерсинияның вирулентті штамдары фагоцитозға және сарысуының бактериоцидтік әсеріне тұрақты
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Жұқпа көздері: жабайы және синантропты кемірушілер (негізгі резервуар), ауыл шаруашылық жануарлар (ірі қара мал, шошқа, жылқы т.б.), үй жануарлары (ит, мысық), үй және жабайы құстар, адам (ауру және бактериотасымалдаушы). Берілу жолдары: фекальды – оральды механизммен, алиментарлы (негізінен жиі жеміс-жидекпен), тағам, сүт, су арқылы (ашық су қоймалары), тұрмыстық қатынас (жиі ауруханаішілік және жанұялық ошақта). Мезгілі: қыс, көктем айлары.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Адамдарда ащы ішегінің қабырғасын жарақаттап, гастроэнтерит тудырады, содан тарап әр түрлі ағзалар мен жүйкелерді жарақаттап септикопиемияға алып келуі мүмкін. Иерсиниоздың негізгі клиникалық көрсеткіштері: гастроинтестинальді формасы 50% жиілікте кездеседі. Интоксикация көрінісінде гастроэнтероколит түрі бойынша өтеді. Сонымен қатар бауырдың ұлғаюы, малиналы тіл, буындағы ауырсыну, катаральді көріністер, әр түрлі сипаттағы шамалы бөртпе, күйдіру сезімі (алақан және табан), қабыршақтануы байқалуы мүмкін. (2-3 айдан кейін), толқын тәрізді ағым Абдоминальды формасы: интоксикалық көріністе оң және мықын аймағында аппендицит, мезаденит ауырсыну синдромымен өтеді. Сонымен қоса артралгия және миалгия, бауыр ұлғаюымен жүреді. Генерализденген формасы: аралас варианты-интоксикация симптомы (қалтырау, қызба, бас ауру, бас айналу, апатия, әлсіздік, ұйқысыздық, тершеңдік, сүйек сынғыштығы, бұлшық еттегі ауырсыну) немесе асқазан-ішек жолдарының симптомдарымен (іштегі ауырсыну, құсу, жүрек айну, іш өту) басталады. Катаральді синдром (тамақтағы ауырсыну, құрғақ жөтел), алақан-табандағы күйдіру сезімі, буындағы ауырсынумен көрінеді. Обьективті белгілерге сипаттама: бет, мойын гиперемиясы , аяқ -қол сүйектерінің гиперемиясы (қолғап, шұлық симптомы), коньюктивит, энантема, аурудың 2-3-ші күніндегі экзантема (кейде 1-ші күні) әртүрлі сипаттағы (дақты, папулезді, артикальді, эритрематозды т.б.) дақтар. Кейде қышумен бірге (ірі буынның айналасы және табиғи қатпарлардағы бүкіл денеге жайылған), 2-ші аптадағы қол саусақтары, алақан, табан терілерінің ірі немесе ұсақ пластикалық қабыршақтануы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, ағымның 5-6 күніндегі толқын тәрізді қызбасы және гепатит, серозды менингит, пиелонефрит, пневмония дамуы мүмкін. Септикалық вариант: (2-3% жағдайда). Өзгерудің сипаты: гектикалық түрдегі ұзақ қызба, қалтырау, профузды, айқын интоксикация, әртүрлі мүшелер мен жүйелердің зақымдануы (пневмония, полиартрит, миокардит, эндокардит, менингоэнцефалит, жедел бүйрек жетіспеушілігі, гепатит т.б. ІІ-лік ошақты форма: мына түрде көрінеді:, моно және полиартрит ірі буындардағы (5-8%), гастроэнтерит өткергеннен кейін 2-3 аптадан кейінгі түйіндер эритема (2-10%), типтік көріністегі миокардит, Рейтер синдромы (артрит, коньюктивит, уретрит)
Микробиологиялық диагноз қою. Иерсиниоздардың микробиологиялық диагноз қою үшін бактериологиялық және серологиялық реакциялар қолданылады. Бактериологиялық зерттеуде науқастан алынған материалды (нәжіс, қан, көмейден кілегей) және күдік тудырған тағамды, суды, Эндо, Плоскирева орталарына егіп, 37°С да, 48-72 сағат дақылдайды. Бөлек колониялардан таза дақыл бөліп алады. Оларды биохимиялық қасиеттері бойынша идентификациялап, диагностикалық агглютинирлеуші сарысу арқылы ажыратады. Серологиялық диагностикасы үшін агглютинация және пассивті гемагглютинация реакцияларын қолданады.
Иерсиниозды емдеуі мен алдын алуы. Арнайы алдын алу жолы жоқ. Емді антибиотиктермен (жиі стрептомицин, гентамицин, ампициллин) және сульфаниламидтермен жүргізеді.
4. 7. Тырысқақтың қоздырғышы.
Тырысқақ – Vibrio cholerae-ның 01 және 0139 топтары шақыратын аса қауiптi инфекцияларға жатады. Тырысқақтың 7 пандемиясы белгілі. Соңғысы әлі күнге дейін жүріп жатыр деп есептеледі. Тырысқақ вибрионын ХІХ -шы ғасырдың ортасында Р. Кох ашқан. Ауру аш ішектің токсикалық жарақатталуымен, су-тұзының алмасуының бұзылуымен және жоғарғы летальдығымен сипатталатын ауру. Vibrio cholerae тырысқақтың қоздырғышы, Vibrio туыстығына, Vibrionaceae әулетiне жатады. Оның 4 туысы бар, туысының 25 - ке жуық түрi бар. Еуропа медицинасы тырысқақпен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ғана танысты, ал оған дейін тырысқақтың Үндістан аймағында эпидемиясы байқалған. Тырысқақ ауруының эпидемиологиялық ерекшелігі - соғыс шайқастар кезінде ауру көтеріледі. Аурудың кең таралуы Ұлыбританияның Индия мен Орталық Шығыс аймағына колониялық экспансиялауы. Батыс Еуропа мен Ресейге тырысқақ поляктардың көтерілісі кезінде (1830-1830) тіркелді. Қоздырғыштың Еуропаға таралу жолдары - Таяу Шығыс (Левант, Анатолия), Египет және Жерорта теңізі порттары. Тырысқақты зерттеу үшін египетке 2 экспедиция жасақталған - француздар (Ру, Нокар, Штраусс, Тюйе) және немістер (Кох, Гаффки, Фишер, Тресков). Зерттеу барысында Луи Тюйе ауруды жұқтырып алып, қайтыс болады. Немістердің экспедиция зерттеу қорытындысы - 1883 жылы тырысқақ вибрионын тапқаны (“Кох үтірі”). Кох ұсынысы бойынша бактерияларды бөлу үшін тығыз қоректі ортаға екті (шыныда желатина құйылған орта). Тырысқақ вибрионы табылған соң көптеген гемолитикалық вибриондар анықталған, олар патогенді емес. Осылай вибриондарды бөлуін Готшлих ерлі-зайыптылар жоққа шығарды, себебі 1906ж Египетте Эль-Тор стансасында олар Меккеге қажылыққа барған мұсылмандардың қайтыс болған организмдерінен гемолитикалық вибриондар тапқан. 1939ж Сулавеси аралында (Индонезия) осы қоздырғыштар тырысқақ эпидемиясын тудырған, ал кейін тырысқақтың жетінші пандемия қоздырғышы екендігі дәлелденді. 1993 ж мәліметтер бойынша Оңтүстік-Шығыс Азияда тырысқақ ауруының қозғаны тіркелген, қоздырғышы вибрионның 0139 серовары (Бенгал).
Морфологиясы.
Тырысқақ вибрионы факультативтік анаэроб, анаэробты жағдайда жылдам өледі. Бұл спора, капсула түзбейтiн, қысқа, иiлген немесе тiк, грам терiс таяқшалар, диаметрi 0,5 және ұзындығы 1,5-3,0 мкм қозғалады-монотрих (4.8.сурет).
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Тырысқақтың вибрионы қоректiк ортаны талғамайды , оптималді өсу температурасы - 37°С; рН 7.6-8.0. Ол 0,5-1% бар 1% сiлтiлi пептон суында жақсы және жылдам өседі. Өскенде 6-8 сағаттан соң нәзiк сұр түстi пленка түзедi, шайқағанда оңай бұзылып, ыдыстың түбiне лайланып шөгедi. Сiлтiлi ЕПА-да жылтыр шыны сияқты мөлдiр, көгiлдiр дақтары бар, диск тәрiздi қоймалжың консистенциялы колония түзедi (4.8.сурет). Вибриондар көмiрсуларды газсыз, қышқыл түзе отырып ферменттейдi, оксидаза ”оң”, индол түзедi, желатиндi ыдыратады (4.8.сурет)., күкiртсутек түзбейдi, нитраттарды нитриттерге айналдырады. Хейберг ортасын, маннозаны сахарозаны және арабинозаны ферменттеу қабiлетiне қарай барлық вибриондарды 8 топқа бөледі. Тырысқақ вибрионы бiрiншi топқа жатады және сахароза мен маннозаны ферменттеп, арабинозаны ферменттемейдi.
|
|
Vibrio cholerae - электронды микроскоптағы көрінісі |
Vibrio cholerae – Грам әдісімен боялған таза дақылы. |
|
|
Vibrio cholerae - – сілтілі агарда өсуі. |
Vibrio cholerae - Желатинді ыдырату сипаты |
4.8.сурет. Тырысқақ вибрионының морфологиялық,тинкториялдық және дақылдық қасиеті http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q=холера |
|
Антигендік құрылымы. Тырысқақ және тырысқақ тәрiздi вибриондар (01-топқа жатпайтын) жалпы Н-антигенге ие, бiрақ 0-антиген бойынша 139 0-серотопқа бөлiнедi. Тырысқақ вибрионы 01-топқа жатады. Ол жалпы А антигені және типоспецификалық В және С антигенi бойынша 3 серотипке бөлiнген; Vibrio cholerae–серотип 0гава /АВ/, Инаба /АС/, Гикошима /АВС/. Тырысқақ вибрионы диссоциация кезiнде 0R-антигенге ие. Түрi 4 биотопка бөлiнген: Vibrio cholerae, Vibrio eltor, Vibrio proteus, Vibrio albensis. Vibrio eltor-дан Vibrio cholerae-дан ерекшелiгi гемолитикалық әсер етушi қабiлетi бар.
Патогенділік факторларлары Vibrio cholerae–ның патогендiк факторлары:
Қозғалғыштығы.
Хемотаксис. Осы қасиетiнiң көмегiмен вибрион шырышты қабаттан өтiп, эпителиальды жасушалармен әрекеттеседi.
Адгезия және колонизация.
Ферменттер: муциназа, протеаза, нейраминадаза, лецитиназа және т.б. Олар адгезиялануға және колонизациялануға жағдай жасайды. Сондай-ақ шырыштың құрамына кiретiн заттарды бұзады.
Патогендiлiктiң негiзгi факторы экзотоксин – холероген.
Капилярлардың өткiзгiштiн жоғарылататын фактор.
ST, LT, SLT-типiндегi экзотоксиндер.
Эндотоксин – липополисахарид, ол күштi эндотоксиндiк қасиетке ие және организмнiң жалпы интоксикациясы мен құсуды туғызады.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі Тырысқақ - типті ішектік инфекция, эпидемиологиясы басқа энтеропатогенді бактериялар тудыратын өзгерістерге ұқсас. Табиғи резервуары - науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Негізгі жұқтыру механизмі - фекальді-оральді, сирек жағдайда тұрмыстық қатынас арқылы. Таралу жолы тағам, су арқылы, кей жағдайда тұрмыстық қатынас арқылы.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Адам организміне көп мөлшерде түскен вибриондар асқазанның қышқыл орта әсерінен өледі, тірі қалғандары ашы ішекке жетеді. Патогенді колонизация факторын талшықтар атқарады (жылжып қозғалу қызметі), муциназа (шырышты қабықтың кілегейін ыдыратып қоздырғыш эпителийге жетуін қадағалайды), нейраминидаза (ішектегі микроқылшықтармен байланыстырады). Бактериялардың енуіне қарсы эпителиалық жасушалар өтпен өнделген сілтілі сұйықтық бөледі - қоздырғыштың өсуі мен көбеюіне өте қолайлы жағдай жасайды. Келесі патогенді факторы - эндо- және экзотоксин бөлінуі. Эндотоксин - термотұрақты ЛПС, басқа энтеробактериялардың эндотоксиніне ұқсас келеді. Иммуногенді қасиеттері жоғары болғандықтан, вибриоцидті антиденелер түзіледі. Басқа әсері әлсіз. Экзотоксин (холероген) - термолабильді ақуыз- фенол мен формалинге сезімтал, протеолитті ферменттер әсеріне тұрақты. Холероген 2 компоненттен тұрады: компонент В - пентамер, моносиалды ганглиозидті рецепторлармен байланысады, нәтижесінде А компоненттің ішке енуіне көмектеседі. А компоненттің 2 суббірлігі бар - А1 суббірлігі (активті орталығы) және А2 суббірлігі екі компонентті байланыстырады. А1 суббірлігі аденилатциклаза компоненттерін күшейтеді, клетка ішінде цАМФ деңгейін жоғарлатады, нәтижесінде клетка ішіндегі сұйықтықтар мен электролиттер ішекке шығады. Бактерияның 0139 серовары экзотоксин түзеді, әсері әлсіздеу; токсин түзуін хромосомды және плазмидті гендер бақылайды. Эль-Тор биотипінің патогенді факторы болып гемолизиндер саналады. Тырысқақтың инкубациялық кезеңi бiрнеше сағаттан 6 тәулiкке дейiн созылады. Аш iшекке түскен тырысқақ вибрионы эпителиге жабысып өзiнiң қозғалғышын жоғалтады, интенсивтi көбейiп, аш iшектiң микроварсинкаларына колонизацияланады. Бiр мезгiлде көп мөлшерде холероген өндiрiлiп, аденилатциклазаның белсенділігін көтереді, ал соның әсерінен жиналған цАМФ энтероциттердегі сұйықтықтың гиперсекрециясын тудырады, ол өз кезегiнде тырысқақ диареясын шақырып, организмнiң сусыздануына және тұзсыздануына алып келедi.
Ауру 3 типпен жүреді: 1) Ауруды бірнеше сағатта өлімге алып келетін, жедел, ауыр сусыздандыратын диареялы ауруы; 2) Жеңілдеу жүретін, немесе сусыздануға алып келмейтін диарея; 3) Симптомсыз өтетін ауру (вибрионтасмалдаушылық). Көптеген жұқтырған адамдарда ауру симптомсыз немесе жеңіл диарея түрінде өтеді. Анықталған мәліметтер бойынша, тырысқақтың ауыр түрі мен симптомсыз түрі классикалық формада 1:5-10, ал Эль-Тор тырысқағында - 1:25-100.
А) Клиникасы айқын тырысқақтың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 5 тәулікке дейін (орташа 2-3 тәулік); аурудың көріністері - жалпы әлсіздік, іш ауруы, құсу, қарқынды диарея синдромы. 1ш өтуі тәулігіне 10литрге дейін барады, нәжіс сулы, түссіз (“күрішті қайнатқан судың” түсіне ұқсас келеді). Келесі ерекшелігі - нәжістің иісі - тәтті секілді “балықтың” (нәжістің емес) иісі. Интоксикация дәрежесі бойынша аурудың симптоматикасы гастроэнтерит немесе энтерит ретінде өтеді.
Б) Ауыр жағдайда науқас адамда несептің деңгейі төмендейді, бүйректің жетіспеушілігі дамиды. Науқастың дауысы қарлығады немесе афония дамиды. Негізгі патогендік факторлар - гиповолемия және электролиттік баланстың қаумақты бұзылысы, нәтижесінде артериалді гипотензия, жүректің жетіспеушілігі, естің бұзылысы және гипотермия. Осындай жағдайды тырысқақтық алгид деп атайды. Сонымен қатар, ерекше көрінісі - facіes hіpocratіca (көзі шүнкірген, бет әлпеті үшкірленген, жақтар сүйектері қатты шығып түр). Клиникалық көріністердің сақталу ұзақтылығы уақытылы ем қолданумен байланысты, бірнеше сағаттан - бірнеше тәулікке созылады. Ем қолданбаған жағдайда науқас алгидті кезеңде қайтыс болуы 60% құрайды.
В) Сауығу кезеңі уақытша төзімділік қалыптасуымен байланысты, сондықтан адам қайтадан жұқтыруы мүмкін.
Инфекциядан кейiнгi иммунитет тұрақты ұзаққа созылады, аурудың қайталануы сирек байқалады. Антиденелермен иммундық есте сақтау және фагоцитоз жасушалары шақырған антитоксикалық және антимикробты иммунитет пайда болады.
Микробиологиялық диагноз қою. Тырысқақ ауруында зертханаға зерттелетiн материалды алу, консервациялау және тасымалдау ерекшелiктерi.
Тырысқақтың қоздырғышын бөлiп алу үшiн нәжiс, құсық массасы, мүрдеден алынған материал, тағам өнiмдерi, су, қоршаған ортаның объектiлерiнен алынатын жуынды пайдаланылады. Зерттелiнеген материалды жинау және зертханаға жеткiзу ерекше ұқыптылықты талап етедi. Ыдыстарда дезинфицирлеушi заттардың iзi қалмауы керек, себебi тырысқақ вибрионы оларға өте сезiмтал. Банкiлер, пробиркалар, шыны және резеңке тығындармен бекiтiлуi керек. Материалды алып болған соң пробирканың бетін тығаз бекітіп бетiне парафин құйып, байлап қытырлақ қағазбен екi рет орайды, аурудың аты жөнi, материалдын сипаты мен алу уақыты, аурудың болжама диагнозы және материалды жiберушi қызметкердiң аты-жөнi көрсетiлген жолдама жабыстырады. Егер зертхана алыстау, жарықта орналасқан болса, материал салынған ыдыстарды қатарластырып салып, металл ыдыстарға орналастырада. Оларды ағаш жәшiктерге салады. Жәшiктi байлап, пломбылап, бетіне “Жоғары Абайла” деп жазады. Материалды алған уақыт пен егу жүргізгеге дейінгі уақыт 3 сағаттан аспауы керек. Материалды бiрден 1% пептон суында еккен дұрыс.
Тырысқақ ауруынан алынған материалға бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу жүргiзу. Бактериоскопиялық зерттеу кезiнде тырысқақтан алынған зерттеу материалынан жұғынды дайындап, Грам әдісімен бояп “iлiнген тамшы” препараттарын дайындайды.
Бактериологиялық зерттеу кезiнде материалды түрлi сұйық және тығыз қоректiк орталарға егедi. Екiншi этапта жұғынды жасап, Грам бойынша бояп қозғалғыштығын анықтайды, нитрозоиндолды сынақ және 0-сарысумен шыныда агглютинация реакциясын жасайды. Үшiншi этапта колонияның сипатына назар аударып, 0-сарысуымен және Инаба, Огава сарысуымен шыныда агглютинация реакциясын қояды. Дақылды идентификациялағанда бөлiнген дақылдан тырысқақ фагына сезiмталдығын анықтап, оның генотиптiк қасиеттерiн, биохимиялық активтiлiгiн анықтайды.
Тырысқақты экспресс-диагностикалау үшiн қолданылатын әдiстер және вибрион тасымалдаушыны анықтау.
Тырысқақты эксперсс-диагностикалау үшiн келесi әдiстердi пайдаланылады:
1. Тырысқақ сарысуымен және типтiк тырысқақ фагымен вибрионды иммобилизациялау /қозғалғыштығын тоқтату/ реакциясын қояды. Нәжiстiң тамшысын немесе судың бетiндегi материалдың 0-сарысумен, типтiк Огава және Инаба немесе типтiк тырысқақ фаггтармен өңдейдi. Одан “жаншылған” тамшы препаратын дайындап фазды-контрасты немесе қараңғы жазықты микроскоппен қарайды.
2. Иммунофлюоресценттi әдiс. Зерттелiнетiн материалдын препаратың флюоресцирлеушi тырысқаққа қарсы сарысуымен өңдеп, люминесценттiк микроскоппен зерттейдi. Препараттардан вибриондар ашық сары - жасыл түспен жылтырап көрiнедi. Вибрион тасымалдаушылықты анықтау үшiн, серологиялық зерттеу қолданып агглютинация реакциясы немесе ПГАР қояды, сондай – ақ лизис реакциясы арқылы вибриоцидтiк антиденелердi анықтайды. Вибрион тасымалдаушыларды анықтау үшін агглютинация реакциясын немесе ПГАР, деген серологиялық зерттеу жүргізеді, және в лизиса реакциясында вибриоцидты антиденені анықтайды.
Тырысқақты емдеу мен алдын алу. Тырысқақтың арнайы алдын алу үшiн өлi тырысқақ вакцинасы - холероген анатоксиндi пайдалынады, лас заттардан тазартылған поливаленттi тырысқақ бактериофагы. Емдеу принциптері – ағзадан кеткен сұйықтықтары мен электролиттерді қалпына келтіру. Антибактериалды терапия - левомицетин, триметоприм-сульфаметоксазол, фуразолидон, тетрациклин қатарына жататын препараттармен жүргізіледі. Сақтандыру шаралары - сырттан ауруды кіргізбеу үшін тазалық-гигиеналық шекаралы шараларды ұйымдастыру; түрғындар арасында санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізу; ерте науқас адамдарды және вибрион тасымалдаушыларды анықтау; эпидемиялық қауіптілігі жоғары аудандарда аурудың алдын алу үшін тұрғындарға жалпылама тетрациклин таратып ішкізуін ұйымдастыру. Арнайы сақтандыру үшін эпидемиялогиялық көрсеткіштері бойынша вакцина енгізіледі.
Тесттер.
1. Тырысқақ вибрионына ... элективті қоректік орта.
Эндо ортасы
Плоскирев ортасы
висмут-сульфитті агар
сілтілі агар
ет пептонды агар
2. Тырысқақтың адамға негізгі жұғу жолы ... .
контактілі
алиментарлы
су арқылы
ауа тамшылы
трансмиссивті
3. Тығыз қоректі ортада беті тегіс, жалпақ және де көгілдір колонияларын ... түзеді.
a) St aureus
b) Escherichia coli
c) Salmonella typhi
d) Vibrio cholereae
e) Shigella sonnei
4. Тырысқақ диагностикасында зерттеу материалы ретінде ... қолданылады.
зәр
мұрын-жұтқыншақтан жуынды
өт
нәжіс
қан
5. Тырысқақ кезіндегі диареяның дамуына ... жағдай жасаушы фактор
ішек эпителийінің инвазиясы
қан ағымында циркуляцияда болуы
экзотоксин әсері
ішек қабырғаларында деффектінің пайда болуы
эндотоксин әсері
6. Тырысқақ қоздырғышының берілу жолы
тұрмыстық-контактілік
фекальді-оральді
ауа-тамшылы
жыныстық
трансмиссивті
7. Тырысқақ вибрионының элективті қоректік ортасына ... жатады.
a) Ет-пептонды агар
b) 0,5 %-ті глицеринді орта
c) сарыуызды-тұзды агар
d) Эндо ортасы
e) 1 %-ті пептон суы
8. Тырысқақ вибрионының басты патогенді факторына ... жатады.
a) сыртқы мембрана ақуыздары
b) фибринолизин
c) эндотоксин
d) холероген
e) плазмокоагулаза.
9. Тырысқақ қоздырғышын пептон суында өсірген соң … егу жасаған жөн.
a) Плоскирев ортасына
b) сілтілі ЕПА-ға
c) Эндо ортасына
d) сары уызды тұзды агарға
e) сезімтал жануар организміне
10. Капсула түзбейтін, монотрих, грамтеріс, иілген таякшалар ... ауруын тудырады.
a) эшерихиоз
b) іш сүзегі
c) тырысқақ
d) дизентерия
e) иерсиниоз
5-БӨЛІМ
Зоонозды аурулардың қоздырғыштары - иерсиниялар, бруцеллалар, франсиселлалар, бациллалар.
Аса қауiптi зоонозды инфекцияларға: оба, туляремия, бруцеллез, сiбiр күйдiргiсi, сап және тырысқақ аурулары жатады. Алғашқы бес ауру зооантропонозды, ал тырысқақпен тек қана адамдар ауырады. Бұл аурулалардың ерекше қауiптi инфекциялардың қатарыны кіру себебi, олардың қоздырғыштары мынадай қасиетке ие:
Олардың өте тез залалдайтындығында /яғни жұқпалы/ обаны, туляремияны, бруцеллезді барлық адамдар тез қабылдайды.
Тек қана эпидемия емес, сондай-ақ пандемияда тудыруға қабiлеттi /Оба, тырысқақ /.
Ауыр түрде өтетiн инфекцияны шақырады.
5.1.Оба қоздырғышы - Yersinia pestis. Оба (лат. pestis) – Yersinia pestis қоздырғыштары әр түрлі механизммен берілетін, ауыр интоксикациямен, жоғары қызбамен, тері, өкпе, және де лимфа жүйесінің зақымдалуымен, септицемиямен сипатталатын жоғары деңгейде өлім туғызатын (20-75%) жұқпалы ауру. Ауру аса қауіпті жұқпа тобына кіреді, халықаралық ережелерімен бақыланады, сондықтан конвенциялық (карантинді) инфекцияларға жатады. Оба –айқын интоксикация, терінің, өкпелік, лимфатикалық түйіндердің зақымдалуымен және жиі сепсистің дамуымен сипатталатын, зоонозды табиғи-ошақты жедел жұқпалы ауру.
Обаның 3 пандемиясы белгілі , ол миллиондаған адам өліміне себеп болды. Бірінші пандемия VI-ғасырда анықталып оның кесірінен 100 миллион адам өлді. Екінші пандемия XIV-ғасырда п.б, ол қытайдан басталып Азия және Европа мемлекеттеріне дейін тарады. Ол кезде 65 миллион адам өлді. Үшінші пандемия 1894 жылдан 1938 жылға дейін болып, 15 миллион адам өмірін алып кетті. Ауру қоздырғышын 1878 жылы Г.Н. Минх және 1894 жылы француз ғалымы А. Иерсен ашты және бұл қоздырғышты оның құрметіне Yersinia pestis деп атады. Ш. Китазато Гонконгтағы оба эпидемиясы кезінде бір – бірінен бөлек ашқан.
Тұқымдастығы: Enterobacteriaceae.
Туыстастығы: Yersinia.
Түрі: Yersinia рestis.
Оның он бір түрі бар, олардың ішінде адам үшін қауіпті үш түрі белгілі:
1. Yersinia pestis оба қоздырғышы
2.Yersinia pseudotuberculosis псевдотуберкулез қоздырғышы
3.Yersinia еnterocolitica ішек инфекциясы қоздырғыштары, ал қалған түрінің патогенділігі әлі айқын емес. Зоонозды жұқпа қоздырғыштары оба антропозооноз, дене қызуының көтерілуімен өте айқын улану белгілерімен, терінің лимфа түйіндерінің өкпе және басқада мүшелер мен жүйелердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Морфологиясы. Yersinia pestis – полиморфты, ұсақ сопақша таяқша, талшықтары жоқ, спора түзбейді, нәзік капсуланы 370С-та түзе алады, грамтеріс, патологиялық материалдардан алынған жағындыларда биполярлы боялады. 5.1.сурет
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Оба қоздырғышы – факультативті анаэроб, психрофил ең қолайлы өсу температурасы 280С. Тығыз қоректік орталарда R- және S- пішінді колониялар түрінде өседі; R-пішіндісі жоғары вирулентті, S-пішінділердің вируленттілігі төмен. Иерсиниялардың өсуін жылдамдату үшін қоректік орталарға өсу стимуляторлары қосылады: натрий сульфиті, гемолизденген қан, сарцина фильтраты. Тығыз қоректік ортада өскенде 8-12 сағатта «сынған шыныға» ұқсас түссіз колониялар түзеді, 18-20 сағатта колониялары «айнала өрнекті орамалға» немесе «түймедақ гүліне» ұқсас, ортасы ашық түсті, кейбір кезде 48 сағаттан кейін S-колонияларға ауысады. Yersinia рestis-тің көптеген штамдары күнгірт пигментті колониялар түзеді. Сұйық қоректік ортаның бетінде үлбір түзіп өседі, одан төмен қарай «үңгір сталактитіне» ұқсас жіпшелер түзеді, түбінде агглютинация реакциясына ұқсас түйіршіктеніп өседі. Қоздырғыштың биохимиялық белсенділігі бар, көмірсуларды (глюкоза, манноза, маннит, мальтоза, арабиноза, салицин, ксилоза, эскулин) көмірқышқыл газға дейін ыдыратады, гиалуронидаза, протеинкиназа, фибринолизин, гемолизин, лецитиназа, РНҚаза мен коагулазаны түзеді. Глицеринді ыдыратуына байланысты «+» және «-» хемоварианттарын бөледі. Сүтті ұйытпайды, индол мен күкірт сутегін түзбейді, нитратты нитритке айналдырады. Каталаза түзеді және оксидаза түзбейді. Глицеринді және мелибиозды ыдыратуы бойынша оба иерсинияларын үш биовариантқа бөледі: ортаазиялық және Ирандық melivialis , ортаазиялық және ортаафрикалық antigua және космополиттық orientalis. Идентификациялау үшін қолданатын негізгі биохимиялық қасиеттері: желатинді сұйылтпайды, мочевинаны ыдыратпайды; рамноза мен сахарозаны ыдыратпайды; декстринді ыдыратады.
Антигендік құрылымы. Оба бактериясының антигендік құрылымы күрделі. Оба қоздырғышының 15-тен астам антигендік құрылымы бар. Yersinia pestis-тің термолабилді капсулалық және термостабилді соматикалық антигендері бар; олардың негізгілері: F1- (капсулалы), V - (ақуыз) және W - (липопротеидті) антигендер - фагоцитозды тоқтатады. Басқа иерсиниялармен, эшерихиялармен, сальмонеллалармен, шигеллалармен ортақ антигендері бар.
Оба бактериялары жоғары вируленттілігімен ерекшеленеді, зақымдалмаған тері арқылы да ене алады, тышқандар үшін улылығы жоғары ерекше токсин бактериоциндер (пестициндер - тышқандық токсин) түзеді. Вируленттілігінің көптеген факторлары (V -, W - антигендер, тышқандық токсин – ақуыз, F1, коагулаза және т.б.) плазмидалардың гендерімен бақыланады (рРst, рCad, pFra). Олар жүрек, бауыр жасуша митохондрияларының қызметін бұзады: рРst плазмидасы-пестицин, плазмокоагулаза, фибринолизин түзілуін қадағалайды; pFra плазмидасы - капсуланың 370С-та түзілуіне және фагоциттердің микробты жоюына кедергі жасайды; рCad плазмидасы - V - және W -антигендердін түзілуін және фагоциттер құрамында сақталуын қадағалайды. Сонымен қатар, вируленттілік факторларға микробтың антифагоцитарлық қасиетін күшейтетін жасушадан тыс аденилатциклаза, цитохромоксидаза ферменттері және пигмент түзілуі жатады. Адам қанының О-тобымен ортақ антигені бар.
Патогендік факторлары. Оба таяқшасы өте патогендi және агрессивтi бактерия. Жоғарғы инвазивтiлiк, токсигендiлiк, аллергендiлiк және фагоцитозды тежеуге қабiлеттiлiк, қоздырғыштардағы мынандай патогендiк факторларына байланысты.
Бұл жасушалар экзогендi бояғыштарды және геминдi сiңiруге қабiлеттi. Ол өз кезегiнде темiрдi тасымалдау жүйесiнiң қызметіне байланысты және қоздырғыштың ағза ұлпасында көбеюiне мүмкiндiк бередi.
Ортада Са2 ионының болуымен 37оС өсуге тәуелдiлiгi.
Қоздырғыштардың макрофактар iшiнде көбеюiн қамтамасыз ететiн, антигендердiң синтезделуi.
“Тышқан уы” токсинiн синтездейдi, бұл токсин сезiмтал жануарлардың жүрегi мен бауырындағы митохондрияларда электрондардың қызметiн бұзады.
Капсуланы синтездеу. Олар макрофаггтардың активтiлiгiн тежейдi.
Пестициндi синтездейдi - бұл түрлiк белгi.
Фибриннолизиндi синтездейдi.
Плазмокоагулазаны синтездейдi, екi ферментте сыртқы мембранада орналасқан және жоғарғы инвазивтiлiк қасиетке ие.
Эндогендi пуриндердi синтездейдi.
Сыртқы мембрананың термоинвазивтi ақуыздарды синтездейдi, олар антифагоцитарлық активтiлiкке ие.
Нейраминидазаның синтезі. Адгезияға қатысады.
Аденилатциклазаны синтездейдi. Реакциялардағы тотығуды тежеп, макрофагтардың киллерлiк әрекетiне тосқауыл көрсетеді.
Адгезияланатын кірпікшелер түзеді. Олар фагоцитозды тежеп, қоздырғыштың макрофаггтарға енуiн қамтамасыз етедi.
Аминопептидазаны синтездейдi.
Токсикалық және аллергендiк әсер ететiн жасуша қабырғасындағы компоненттердiң және эндотоксиндi /ЛПҚ/.
рН6-антигені. Ол фагацитозды тежеп цитотоксиндік қасиетке ие.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Қазақстан Республикасында арнайы обаға қарсы мекемелер бұл індеттің 17 автономды ошақтан тұратын 6 табиғи ошағына эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етеді. Қазақстанның 38% жерінде обаның табиғи ошақтары орналасқан. Оба – табиғи-ошақтық ауру, аса қауіпті инфекцияларға жатады. Орта ғасырдағы оба эпидемиялары ондаған миллион адамның өліміне әкелді.
Оба инфекциясының негізгі көзі – кемірушілердің бірнеше түрлері (тарбағандар, суырлар, саршұнақтар, сұртышқандар). Екіншілікті жұқпа көздері үй тышқандары, дала суыры, қояндар, егеуқұйрықтар (барлығы 300 түр) болып табылады. Инфекцияның негізгі таралу механизмі – трансмиссиялық. Бұл індет адамдарға инфицирленген бүргенің шағуы нәтижесінде, сондай-ақ қарым-қатынас (ауру жануарды сойғанда, терісін алып, етін бөлгенде) және тағамдық (жануардың етін жеткіліксіз термиялық өңдеп қолдану кезінде) жолдармен жұғады. Зақымданғаннан кейін науқас адам жұқпа көзі болады. Обаның өкпелік түрі аса қатерлі болып есетеледі, өйткені ауалы-тамшылы жолмен ауру көп адамдарға жұғады. Аурудың қандай түрінде болмасын науқастарды оқшаулайды (изоляциялайды), қатал карантиндік шаралар өткізеді. Күн және ультра күлгін сәулесі, кептіру, жоғарғы температура мен дезинфекциялызаттар (лизол, фенол, хлорамин және басқалары) Y. pestis-ті тез арада жояды. Төменгі температураға, мұздатқанға және еріткенге төзімді, патологиялық материалда 10 тәулікке дейін өмір сүреді, 00С температура кезінде 6 айға дейін сақталады.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Оба кезінде жұқпалы процесстің дамуы бұл ауру қоздырғышының кіру қақпасына байланысты. Қоздырғыш тері және шырышты қабаттары арқылы өтіп, лимфалық тамырлар бойынша таралады, тез көбейеді, лимфа түйіндерінің, өкпелердің және басқа ағзалардың зақымдалуын, организмнің жалпы улануын (интоксикация) тудырады. Бубонды, өкпелік және біріншілік – септикалық, ішектік (сирек жағдайда) түрлерін бөледі. Бубонды түрі кезінде лимфа түйіндері зақымдалады (бубон – лимфа түйінінің тауық жұмыртқасындай ұлғаюы), одан қоздырғыштар барлық ағзаға, оның ішінде өкпелерге түсіп, екіншілік пневмония тудыра алады. Ауалы – тамшылы жолмен таралғанда обаның біріншілік өкпелік түрі дамиды. Жаппай зақымдану кезінде біріншілік-септикалық түрі дамиды. Оба кезінде барлық ағзалар мен жүйелер (жүрек-тамырлық жүйе, бүйректер, бауыр, көкбауыр, сүйек миы, ішкі секреция бездері және басқалар) зақымдалады. Оба жұғу жолына байланысты. Әдетте жасырын кезеңі 2-3 күнге созылады. Септикалық және біріншілік өкпелік обада инкубация 1-2 тәулікке қысқарады және вакцина қабылдаған адамдарда ол ұзарады. Ауру жалпы симптомдармен (бас ауыруы, дене қызуының көтерілуі 39 – 400С, қалтырау, бұлшық еттің ауыруы, кейбір жағдайда құсу), сондай-ақ бубонды немесе өкпелік түрлеріне тән симптомдармен көрінеді. Ауру ауыр жағдайда өткенде (бубонды түр, сепсис, екіншілік пневмониямен қабынғанда) қанда көп мөлшерде оба қоздырғыштарын табуға болады. 5.1.сурет
Терілік обада қоздырғыш енген жер алғашқыда қызарады,сосын ауыратын папула, содан кейін везикула және пустула пайда болады. Терілік оба сирек кездеседі. Қалыпты жағдайда терілік-бубонды обаға айналады. Енген жерден ауру қоздырғышы регионарлы лимфа түйіндеріне өтеді, онда олар тез көбейіп біріншілік бубонға айналады. Бубон ауырғыштығымен сипатталады, әсіресе салмақ түскенде.
Бубонды обада ену қақпадағы тері зақымданбайды. Негізгі белгілері обаның бұл түрінде регионарлы шеткейлік лимфа түйіндері зақымданып біріншілік және екіншілік бубондар түзіледі (5.1.сурет). Көбінесе бубонды оба бүрге шаққаннан оба жұқтырылған кейін пайда болады. Бубонды оба асқынулармен өтеді. Ішінде ең ауыры екіншілік өкпелік оба, менингит, көбінесе өлімге әкеледі.
Септикалық обаның біріншілік және екіншілік түрін ажыратады, соңғысы бубонды обаның асқынуы болып есептеледі. Біріншілік септикалық оба әлсіз организмге көп мөлшерде жоғары вирулентті ауру қоздырғышы енгенде дамиды. Ауру аяқ астынан басталып ауыр дамиды. Бірінші орында ауыр интоксикация белгілері болады: жоғары қызба, жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары және ентігу. Жиі геморрагиялық синдромдармен сипатталады (терілік геморрагия, ішкі ағзалардың қанталауы). Біріншілік өкпелік оба адамдарда ауалы-тамшылы жолмен жұққанда пайда болады. Бұл оба эпидемиологиялық тұрғыдан аса қауіпті және ауыр өтеді, болжамы нашар болып келеді. Г.П. Руднев (1940) ауруды негізгі үш кезеңге бөлді: алғашқы қызбалы қозу, анық кезең және сапронозды (терминальды) кезең. Аурудың алғашқы кезеңі әртүрлі белгілермен басталады. Ауру жедел 39 – 400С қызбамен, буындардың, белдің, бұлшық еттердің ауыруымен басталады. Ауру адамдар бастың қатты ауыруына, әлсіздікке, жүректің айынуына, құсуға шағымданады. Аурулардың беттері ісінеді, қызарады және кейбір кезде конъюнктивит дамиды. Бірінші күннің аяғында аз қақырықпен әлсіз жөтел пайда болуы мүмкін, онда оба микробы болуы да болмауы ықтимал. Емделмеген ауру қақырығында оба микробтар саны көбейеді және терминальды кезенде максимумға жетеді. Біріншілік пневмониялық обада қақырық мөлшері мен сипатының диагностикалық маңызы бар, өйткені қалыпты оба дамуында қақырық көп бөлінеді және ол көпіреді, тағы да онда қан байқалады. Аурудың анық кезеңінде адам жағдайы ауырлайды, кеудеде ауыруы күшейеді, демікпе пайда болады, дене қызбасы жоғары, жүрек дүрсілдері ашық емес, тахикардия мен аритмия анықталады. Терминальды кезенде сопоронозды жағдай пайда болады, өкпе-жүрек жетіспеушілік белгілері дамиды. Көбінесе 2-4 тәулікте өлімге әкеледі.
Ішектік оба өте аз кездеседі, сондықтан патогенезі бойынша ортақ мағлұматтар жоқ. Клиникасы ауыр түрде жоғары қызбамен, интоксикациямен, жүрек-тамыр және жүйке жүйелерінің өзгерістерімен өтеді. Науқас ішінің ауратынына, қан құсатынына шағымданады. Қан аралас іші өтеді. Ішектік оба 1-2 тәулікке созылады,уақытынан кеш басталған ем өлімге әкеледі.
Иммунитеттің ұзақтығы мен деңгейлігі әртүрлі. Қайталап ауру жағдайлары сирек кездеседі.
Микробиологиялық диагноз қою. Оба диагностикасы клиникалық көрінісіне эпидемиологиялық мәліметтерге (эпидемиологиялық ошақта болуы) лабораторлы тексеру әдістерінің қорытындысы оң болған нәтижеде обаның диагнозы қойылады. Обаны бактериологиялық зерттеу үшiн, зерттелетiн материалды /қан, iрiң, қақырық, ауыз жұтқыншақ шырышынан, қақырықтан, қаннан, пустула қоймалжыңынан, ликвордан, секционды материалдан, тірі кеміргіштен, кеміргіштің мәйітінен, бүргелерден, судан, ауадан, лимфа түйiндерiнен алынған пунктат /. ЕПА бар табақшаларға егедi. Ерітiндi 25-280С инкубациялайды. 20-24 сағаттан соң “тоқылған орамал” /R-формасы/ түрiндегi колониялар, ол вируленттілiгi аз бактериялар R–формалы колониялар түзедi. Таза дақылды идентификациялау бактериальды жасушаның морфологиялық, өсу сипаты, антигендiк және биохимиялық қасиеттерiне, арнайы фаггқа сезiмталдығы және биосынақ жасайды.
Обаның экспресс-диагностикасы:
Иммунофлюресценттi әдiс қоздырғышты тек қана патологиялық материалды алып қоймай, сондай-ақ қоршаған орта обьектiлерiнiң /су, ауа/, тағам өнiмдерiнен алып тексеруге мүмкiндiк бередi. Бұл мақсатта люминесценттi арнайы обаға қарсы сарысуды, люминесценттi капсулаға қарсы соматик +сарысуды пайдаланады.
Оба бактериясының антигенiн анықтау үшiн, зерттелетiн материалды стандартты обаға қарсы сарысуымен тексередi .
Барлық зерттеулер арнайы зертханаларда, қорғаныш киімдерімен жүргізіледі. Зерттеу материалы бубон пунктаты, қақырық, қан, нәжіс, мәйіттер мен өлген жануарлар ағзаларының бөлшектері болып табылады.
Зерттеудің бірінші күні. Әкелінген материалдан жағынды дайындайды, оны ауада кептіреді, Никифоров ерітіндісінде 20-30 минут фиксациялайды. Жағындыны Грам әдісімен және метилен көгімен бояйды. Жағындыларды микроскопта қараған кезде, алдын-ала болжамдау диагноз қоюға мүмкіндік беретін, биполярлы боялған грамтеріс сопақша таяқшалар анықталады. Люминесцентті сары суымен боялған жағындыда арнайы жарқыраған оба микробтары көрінген болса алдын-ала болжамдау диагнозының дұрыстығын көрсетеді. Нативті материалда оба микробының 1 - фракциясын анықтау үшін иммуноглобулинді және антиденені антигендік диагностикуммен немесе обаға қарсы люминесцентті сары суымен өңдейді, ал кейінгі кезде ПГАР және антигенді бейтараптау реакциясы иммундыглобулинді диагностикуммен оба микробына қарсы F1 антиденелерді ауру қанынан анықтау үшін қолданады.
Басқа микробтан таза зерттеу материалдарын өсіргіш заттар қосылған (қан, натрии сульфиті және т.б.) Хоттингер немесе Мартен агарларына және сорпаларына себеді. Құрамында басқа микрофлора бар материалдарды 1:200 - 1:800 концентрациялы генцианфиолет бар Туманский ортасына себеді. Ортаны 280С температурада, оба микробының 1 - фракциясын анықтау үшін 370С инкубациялайды.
Зерттеудің бірінші күні фагпен сынама қоюға болады – жедел әдіс. Зерттеу материалын үш Туманский орталарына: бір табақшаға бір тамшы зерттеу материалын сеуіп, оған бір тамшы оба фагын тамзады, келесі табақшаға материал себіледі, сосын табақша шетіне фаг тамызып оны «жол» сияқты ағызады; үшінші табақшаға (бақылау) материал енгізіп себеді.
Теңіз шошқасы мен ақ тышқанға биологиялық сынама қояды. Қақырықты, көмейден алынғын шайындыны, ашық абсцесс іріңін тері ішіне жағу арқылы енгізеді (алдын-ала тері жүнін қырып тастайды, стерильді изотоникалық натрий хлориді ерітіндісін жағып скарификациялайды). Скарификацияланған аймаққа зерттеу материалын, скальпелдің жалпақ бөлігімен (аймақ бетін стерильді Петри табақшасымен қалқалап) жағады. Ластанбаған материалды (қан, жабық бубон ішіндегісі және т.б.) жануарлардың тері астына немесе іш қуысына енгізеді. Жануарлар 3-9 күнде өледі. Диагноз қоюды жеделдету үшін бір теңіз шошқасына және ақ тышқанға жұқтыруға 2 сағат қалғанда гидрокортизонның 5 мг-ын аяқ тері астына енгізеді. Жедел диагноз қою үшін гидрокортизон егілген ақ тыщқанды 1-ші тәуліктен кейін сояды, 3-ші тәулікте гидрокортизон егілген теңіз шошқасын сояды, қалғанын 6-ші тәулікте сояды.
Зерттеудің екінші күні (18-24 сағаттан кейін). Тығыз және сұйық қоректік орталардағы микроб өсуін зерттейді. Сұйық ортада қалыпты өскен колониялардан жағынды дайындап Грам әдісімен және метилен көгімен бояп микроскопта қарайды. Тығыз қоректік ортада өскен қалыпты колонияларды таза дақыл бөліп алу және идентификациялау үшін іріктейді.
Оба қоздырғышына күмәнді екі-үш колонияларға оба бактериофагтарын тамызады. 10-12 сағат инкубациядан кейін оба бактериофагтарымен қойылған сынамаларды талдайды. Оба бактериофагтарының әсерінен лизистенген колониялардың диагностикалық маңызы бар. Зерттеу материалында оба микробы болған жағдайда анықталады: 1-ші табақшада – стерильді таңба, 2-де – фаг енгізілген жерде стерильді жолақ, 3-де – қалыпты оба микробы.
Зерттеудің үшінші күні (36-48 сағат). Бөліп алынған дақыл келесі негізгі белгілері бойынша идентификацияланады:
микробтың морфологиялық (нативті материал мен таза дақыл микропрепараттары), Хоттингер сорпасы мен агарындағы колониялар сипаттары;
оба бактериофагына сезімталдығы;
таза дақылдың люминесцентті микроскопта арнайы жарық шығаруы; ПГАР мен АгБР анықтаған оба микробына сәйкес арнайы Аг F1 фракциясы болуы.
ферментативті белсенділігі – глицеринді, мочевинаны, рамнозаны, сахарозаны, глюкозаны және т.б. ыдырату.
Идентификациямен қатар сериялық сұйылту және дискілеу әдістерімен антибиотиктерге сезімталдығы анықталады.
Зерттеудің төртінші күні (60-72 сағат). Идентификация қорытындысы келесі сынамалармен қойылады:
оба бактериофагына және антибиотиктерге сезімталдығы; 1 - фракцияны ИФР, ПГАР немесе АдБР арқылы анықтау; ферменттік белсенділігін анықтау.
|
|
Yersinia pestis – Грам әдісімен боялған таза дақылы. |
|
|
|
Yersinia pestis - электронды микроскоптағы көрінісі |
Yersinia pestis – флюоресцентті әдісімен боялған таза дақылы. |
|
|
Обаның бубонды түрінің клиникалық көрінісі |
Обаның терілік түрінің клиникалық көрінісі |
5.1.сурет. Обаның морфологиялық, дақылдық қасиеттері және клиникалық көріністері http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q=чума |
|
Қорытынды диагноз дақылды бөліп алып идентификациялау, зерттеу материалын жұқтырған теңіз шошқалары мен ақ тышқандардың өлімі негізінде қойылады. Зерттеу материалында F1 антигенді анықтау (ИФР) және серологиялық әдістер (ИФТ, ПГАР, АгБР-антигенді бейтараптау реакциясы және АдБР-антиденені бейтараптау реакциясы) қолданылады.
Обаны емдеу мен алдын алу. Емдеуі антибиотиктер (стрептомицин, тетрациклин, левомицетин, рифампицин, ципрофлоксацин) және ұзақ уақыт әсер ететін сульфаниламидтер және обаға қарсы иммундыглобулин мен спецификалық фаг қолданылады.
Шет елден инфекцияның әкелінуін және оба бойынша эндемиялық ошақтарда аурудың пайда болуын алдын алуға бағытталған шаралар негізгі болып табылады. Ол үшін халықаралық және республикалық ережелер мен талаптарға негізделетін шаралар жүйесі бар.
Біздің елде бұл індетке қарсы шараларды жүргізетін обаға қарсы орталық және арнайы станциялар торабы бар. Арнайы сақтандыруды эпидемиялық көрсеткіштер бойынша обамен ауыратын науқас пайда болуы жағдайында немесе обаның табиғи ошақтарында тұратын адамдар арасында жүргізеді. Аттенуацияланған EV штамынан алынған тірі вакцина қолданылады, оны тері үсті, тері астына (инесіз егу), пероралды және аэрозолды жолмен енгізуге болады. Вакцинациядан кейін түзілген иммунитет 6 айға созылады.
Ревакцинация 12 айдан кейін жүргізіледі комплексті, сонымен қатар режим, диета. Терi iшiлiк аллергиялық сынақ жургізеді /пестинмен/. Обаның арнайы алдын алу үшiн штамының тiрi әлсiзденген вакцинасын қолданады. Оны терi бетiне, терi iшiне және терi астылық жолмен егедi. Сондай-ақ құрғақ таблетка түрiнде шығарылатын вакциналар бар. Вакцинациядан кейiн қалыптасқан иммунитет 1 жылға созылады. Емдеу үшiн антибиотиктер және антимикробты сарысу қолданады. Алдын-алу емдеу әдістері –этиотропты терапия, стрептомицин, тетрациклин, левомицитин, аминогликозидтер, бактрим, гентамицин, мономицин және т.б., моно- немесе политерапия түрінде 7-10 күн аралығында тағайындалады. Ауыр түрлерінде стрептомицин мен левомицетин бірге тағайындалады. Бактериологиялық зерттеу бубонды түрінде дене қызуы қалыптасқаннан кейін 4 аптадан кейін, өкпелік түрінде дене қызуы қалыптасқаннан кейін 6 аптадан соң алынады. Реконвалесценттер 3 ай бойы диспансерлік бақылауда болады. Обаның эпидемиялық аймақтарында тұратын халықтар егілуі қажет, тірі обалық вакцина қолданылады, ол тері үстіне 1 рет егіледі, 7 жасқа дейін -1 тамшы, 10-60 жастағыларға 3-тамшы немесе тері астына 1 рет 0,5 мл. Осы әдіс бойынша 1 жылдан соң ревакцинация жасалынады. 2. Francisella tularensis – туляремия қоздырғышы болып жедел және созылмалы адамдарда және жануарларда ағзада қабыну процесін дене қызуының көтерілуімен, интоксикациямен, лимфа түйіндерінің зақымдалуымен өтеді. Табиғи ошақтарда өмір сүретін халық пен белгілі маман топтарын вакцинациялау (эпидемиялық көрсеткіштер бойынша)
Күтім ерекшеліктері: Оба ауруымен ауыратын адамдарды күту кезінде қатаң эпидемияға қарсы режимды сақтау керек. Обамен ауыратын науқастармен обаға қарсы киімсіз қарым қатынаста болған адамдарды инкубациондық кезең біткенге дейін антибиотиктермен емдей отырып, толық изоляциялайды.
Обамен ауырған науқас жатқан бокстың есік терезелері толық жабылуы керек. Бұл бокстарды желдетуге мүлде болмайды. Емдік шаралармен, күтім процесін ұйымдастыратын медициналық персонал обаға қарсы киім кию қажет.
Оба ауруы кезінде қатаң төсектік режим сақталынады, себебі жүрек қан тамыр жүйесінде зақымдалу байқалады. Минимальды физикалық күш түссе, ол жүрек тоқтауына немесе жүрек жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.
Бубонды формасымен ауыратын науқастарда ауру сезімін азайту үшін, жылыту компрестерін қолданады. Шамадан тыс қозу, галлюцинация, сандырақ болуына байланысты мейірбике аурудың жалпы жағдайын қадағалау керек.
Тесттер.
1. Оба қоздырғышы тығыз қоректік ортада өсуі кезінде ... кезеңдер болады
1. «маржан моншағы»
2. «дөңгелек таяқшалар»
3. «ересек колония»
4. шангренді тері»
5. сынған айна»
2,3,4
1,2,3
2,3,5
2,3,4,5
1,4
2. Оба қоздырғышының түрлік белгісі болып табылатын патогенділік факторы ... .
эндотоксин
V-W-антиген
рН6-антиген
«тышқан» токсині
пестицин
3. Бубонды, өкпелік, біріншілік-септикалық түрлері бар, ағзаның барлық жүйелері мен мүшелерінің зақымдалуымен өтетін ауруға ... жатады.
тырысқақ
туляремия
бруцеллез
сібір күйдіргісі
оба
4. Негізгі патогенетикалық факторы экзотоксин болып табылатын, адамда теріні, өкпені және ішектерді зақымдайтын зоонозды ауруға ... жатады.
оба
сібір күйдіргісі
туляремия
бруцеллез
тырысқақ
5. Капсула түзетін қоздырғыштарға ... жатады.
1. оба қоздырғышы
2. бруцеллез қоздырғышы
3. туляремия қоздырғышы
4. сібір күйдіргісі қоздырғышы
5. тырысқақ қоздырғышы
1,4,5
2,5
1,3
1,3,4
3,4,5
6. Оба қоздырғышының фагацитозды тежейтін патогенділік факторына ... болып табылады.
1. V-W-антигендер
2. «тышқан» токсині
3. кпасула
4. адгезия кірпікшелері
5. рН 6-антигені
1,2,4
1,2,3
1,3,4,5
1,3,5
2,5
7. Оптимальды өсу температурасы 280С болатын бактерияға ... жатады.
Yersinia pestis
Salmonella typhi
Escherichia coli
Shigella sonnei
Vibrio cholereae
8.Оба таяқшасының ет-пептонды агардағы колониясының сипаты:
сынған шыны тектес
дөңгелек, дөңес, жартылай мөлдір
дөңгелек, жалпақ, лайсаң
жапырақ тәріздес, лайсаң
жалпақ, сарғыш түсті
9. Сұйық орта беткейінде төмен қарай салбырап тұратын жіпшелерді, борпылдақ қабықшаны ... түзеді.
Escherichia coli
Vibrio cholereae
Shigella sonnei
Yersinia pestis
Salmonella typhi
10. Адамға залалданған бүргелердің шағуы арқылы ... жұғады.
Оба
Бруцеллез
Лептоспироз
Туляремия
Сібір күйдіргісі
11. Оба ауруын ... тудырады.
Yersinia pestis
Vibrio cholereae
Brucella abortus
Salmonella typhi
Shigella sonnei
12. Оба қоздырғышының табиғи таратушысынан адамға ... тасымалдайды.
Бүрге
шыбын
маса
бит
кене
13.Yersinia pestis-ң тығыз қоректік ортада өсу ерекшелігі:
температуралық оптимумы 43°С
ЕПА өспейді
10% тұз қосылған ортада өседі
температуралық оптимумы 25-28°С, ЕПА өседі
глицериннің қосылғанын қажет етеді
14.Yersinia pestis-ң биохимиялық белсенділігінің ерекшелігі:
уреаза ферменті бар
күкірт сутегін түзеді
лактозадан қышқыл мен газ түзеді
индол түзеді
глюкоза және арабинозадан қышқылсыз газ түзеді
15.Оба қоздырғышының негізгі патогенді факторы ... болып табылады.
эндотоксин
адгезия
экзотоксин, тышқан токсині
микроколонизация
инвазия
16. Ауыр интоксикация, қызба, лимфа түйіндердің зақымдалуы, септицемиямен сипатталатын карантинді ауру ... деп аталады.
оба
туляремия
бруцеллез
сібір күйдіргісі
тырысқақ
17. Грам теріс,овальды таяқша,психрофилді,оптимальды өсу температурасы 28 г радус болатын қоздырғышқа ... жатады.
оба
туляремия
бруцеллез
сібір күйдіргісі
тырысқақ
18. Грам теріс, овальды таяқшалар,биполярлы боялатын және жоғары вируленттілікке ие, қоздырғышқа ... жатады.
туляремия
бруцеллез
сібір күйдіргісі
оба
тырысқақ
19. Жерар және Робикпен ұсынылған, EV аттенуирленген тірі вакцинасы ... алдын алу үшін қолданылады.
обаны
туляремияны
бруцеллезді
сібір күйдіргісін
тырысқақты
20. Тығыз қоректік ортада оба қоздырғышы ... колониясын түзеді.
бриллиантты алқа
тоқымалы орамал
арыстан жалы
шагренді тері
жас колония
