- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
Хеликобактериоз
Хеликобактериоз - Helіcobacter туыстастығына кіретін бактериялар шақыратын созылмалы жұқпалы ауру. Хеликобактерлер жайлы алғашқы мәліметтер 1983-1984ж. бойынша жедел гастродуодениті бар науқастардың асқазанның шырышты қабатында кездесетін имектелген бактериялар табылған.
Алғашқы “асқазандық” кампилобактерлерді Австралияда 1982ж. анықтаған; сау адамдар асқазандарында кездеседі екен. Адамға патогенді түрі - Нelіcobacter pylorі.
Морфологиясы. Қысқа, имектелген немесе оралған бактериялар; грам(-); қозғалғыш (лофотрихтер); талшықтары - 4-5, көбіне олар чехолмен қапталған және шеттерінде бүршіктері бар. Бактерияның клетка қабырғасында май қышқылдары бар - гексадекан, октадецен, гексадецен қышқылдары.
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Микроаэрофилді жағдайларда жақсы өседі; аэробты және анаэробты жағдайда өспейді. Оптималді температурасы 370С, бірақ көптеген түрлері 33-410С өседі; 25-280 және 420С өспейді. Оптималді қоректік орталары - қанды агар және шоколадты агар, сонымен қатар, гемині жоқ 10% сарысулы ортада да өседі (басқа кампилобактерлерден ерекшелігі). Глицерин, өт тұздары және NaCl (2.0-3.5%) қосылған қоректік орталарда өспейді. Кей штаммдардың гемолитикалық активтілігі жоғары (-гемолиз), гиппуратты гидролиздей алмайды. Helіcobacter қоздырғышы 48-72 сағатта тығыз қоректі ортада ұсақ, мөлдір жылтыр колониялар түзеді, біраз уақыт өткен соң колониялар кокка тәрізді формаға ауысады. Сұйық қоректік орта сәл лайланып, аспан-көгілдір-сұр түсті қабықша түзеді. Биохимиялық қасиеттері. Оксидаза, каталаза, уреаза, транспептидазды және фосфатазды активтілігі бар; Н2S түзеді; нитратты редуцирлемейді; сүтті ірітпейді, глюкозаға инертті. Антигендік құрылымы. Толық зерттелмеген. О-Аг мен Н-Аг бар Патогенділік факторлары. Хеликобактердің Аг (ЛПС) нейтрофилдердің миграциясын белсендіреді, жедел қабыну процесі дамиды. Хеликобактерлер клетка аралық жолда орналасуы хемотаксис пен қан жасушалары бұзылғанда шыққан мочевина мен геминмен байланысты. Бактериялық уреаза әсерінен мочевина аммиакқа ауысады, ал аммиак асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабатын зақымдайды. Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Жұғу көзі қоздырғышты хеликобактерларды нәжіспен бөлетін адам, фекальды – оральды механизммен; тағам, қарым қатынас және су арқылы жұғады. Суда қоздырғыш дақылданбаған түрде сақталады. Ластанған эндоскоп арқылы жұғады. Бір отбасы ішінде таралу жағдайлары кездеседі.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Жедел гастриті немесе созылмалы түрі қозған науқастарды зерттегенде, қабыну ошақтарынан көп мөлшерде бактериялар табылған. Шырышты қабатынан өтіп хеликобактерлер эпителиалді жасушаларға жабысады (4.7.сурет), шырышты қабаттың бездеріне енеді.
|
4.7.сурет. Асқазанның шырышты қабатындағы хеликобактериялар http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3 |
Бактериялардың активтілігі шырышты қабаттың қабырғасын бұзады, нәтижесінде асқазан сөлі мүшенің қабырғасынан сыртқа шығады. Нelіcobacter pylorі созылмалы инфекциямен айқындалады. Гастрит және асқазанмен 12 - елі ішектің жарасы пайда болады. Асқазанның қатерлі ісігінің пайда болуында маңызы бар. Гастродуаденит симптомдарына ұқсас. Пациент дәрігерге эпигастрий аймағы тұрақты ауырғанына шағымданады. Бұл жағдай метронидазол мен фуразолидон қолданған соң іш ауруы басылады. Инкубациялық кезеңі - 7 тәулік. Ауру науқаспен қатынаста болғанда жұғуы мүмкін (балалар мен жасөспірімдер арасында). Жедел кезеңінде асқазан сөлінің рН өзгереді, 40-50% пациенттерде - лоқсу мен құсу байқалады; 3 айдан соң созылмалы гастрит дамиды, кейінірек жаралы гастродуоденит cимптомдары байқалады.
Микробиологиялық диагноз қою. Helіcobacter pylorі асқазан мен оң екі елі ішектің шырышты қабатынан алған биоптаттан бөлу.
Бактериялар гематоксилин-эозин немесе Уортин-Старри бойынша күміспен боялған гистологиялық препараттарда жақсы көрінеді; акридин оранжпен боялған препараттарда өте жақсы көруге болады.
Қозғалғыштығын анықтау үшін фазалы-контрастты микроскопия қолдануға болады.
Хеликобактерлердің уреаздық активтілігін клотестте анықтайды.
Дақылдың таза өсіндісін алу үшін басқа микрофлораны тежейтін антибиотиктер (цефсулодин, амфотерицин) қосылған қанды агар қолданады.
ИФА, РСК жүргізіледі.
Хеликобактерияларлық инфекцияларды емдеу мен алу. Метронидазол, фуразолидон, амоксиклав, цефокситин, эритромицин қолдануға болады, соңғысын тетрациклинмен ауыстыруға да болады
Тесттер.
1. Кампилобактериялар ... жолмен беріледі.
алиментарлы
парентеральді
жыныстық
трансмиссивті
вертикалді
2. Қисық, иілген деген сөзден ... қоздырғышы шыққан.
сальмонелла
шигелла
кампилобактерия
иерсиния
эшерихия
3. Жынысты жолмен жұғуға ... қабілетті.
сальмонеллалар
шигеллалар
иерсиниялар
кампилобактериялар
эшерихиялар
4. Егде жастағы адамдарда артрит, перикардит, менингит және васкулитті ... шақырады.
эшерихиялар
сальмонеллалар
шигеллалар
иерсиниялар
кампилобактериялар
5. Асқазан ойық жарасы және созылмалы гастритпен ауыратын науқастардан ұдайы ... бөлінеді.
coli
S. typhi
H. Pylori
C. lari
S. sonnei
6. ... ұсақ, грам теріс бактериялар,иілген, S тәрізді немесе сәл спираль пішінді
бактериялар
жасуша
дұрыс жауап жоқ
хеликобактериялар
барлық варианттар дұрыс
7.Қазіргі негізгі атауы – helios ... деген сөзбен байланысты.
күн
ай
аспан
жасуша
бактерия
8.Хеликобактериоздардың таралу механизмі ... арқылы жұғады.
күн
ауа
ластанған су және көккөністер
талшықтарды
нуклеоид
9. Микробиологиялық диагноз қою ... әдістер қолданады.
Хеликобактериялар
Бактериологиялык, серологиялық және генді-малекулалык
спораны
айна
лупа
10.Қоздырғыштарды алғашқы рет ... жылы Г. Биззозеро адаммен жануарлардың асқазан шырышты қабатынан тапқан.
1893
1986
1978
1958
1941
е) барлығы дұрыс
11 ... алғашқы рет 1893 жылы Г.Биззозеро адаммен жануарлардың асқазан шырышты қабатынан тапқан.
Кампилобактерияны
Хеликобактерияларды
жасушаларды
бактерияларды
қоздырғыштарды
12. НР тек қышқылды ортада тіршілік етуге бейімделген,өйткені сыртқы қабығы көп қабатты және мочевинаны ... түзеді.
ферментті-уреза
қоздырғыштар
Хеликобактериялар
Бактериялар
Кампилобактериялар
