Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.

Жедел ішек аурулары жедел респираторла аурулардан кейін 2-орын алады. ЖІА жылына 3 млрд адам ауырып, оның 5 млн өледі.

ЖІА таралуының негізгі 3 себептері:

  1. Нашар санитарлық-гигиеналық жағдай (судың нашар болуы, канализацияның болмауы, тұрғылықты жерлердің нашар тазалануы).

  2. Көптеген ЖІА қарсы вакцинаның болмауы

  3. ЖІА қоздырғыштарының көптеген түрлерінің болуы. ЖІА 60% - 80% -ның вирустар құрайды.

Денсаулық сақтау саласындағы аса күрделі мәселелердің қатарына жедел ішек аурулары (ЖІА) жатады. ДДҰ-ның мәліметтері бойынша ішек инфекциясымен ауыратындардың саны миллиондап саналады. ЖІА негізінде бактериялар қоздырады ( шигеллалар, сальмонеллалар, вибриондар т.б.) бірақ ішек инфекцияларының көптеген қоздырғыштары анықталмай отыр, осыған вирустар себепкер болады. ЖІА—ның вирустық табиғаты өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап жан -жақты зерттеле бастады. Ауру қоздыруда олардың маңызы әртүрлі, жиірек кездесетіні пикорновирустар. 20 ғасырдың басында белгісіз вирустар ашыла бастады (ротавирустар, астровирустар, калицивирустар және Норволк вирусы) және олардың этиологиясы анықтала бастады.

Пикорновирустар

(Picornaviridae тұқымдастығы) – РНҚ-ды вирустардың ауқымды тобына жатады. Пикорновирустар тұқымдастығы (pico- ұсақ, RNA-РНК) деген мағына береді. Бұлардың көбісі адамдар үшін патогенді болып келеді. Олар белгілері бойынша төрт туыстықтарға жатады: Enterovirus, Rinovirus, Cardiovirus, Aphtovirus. Туыстастықтарды бір- бірінен ажыратып анықтау антигендік айырмашылықтарына, рН ортасына сезімталдығына, адамдарға патогенділігінің айырмашылығына ж.т.б. қасиеттеріне негізделген. Энтеровирустар адамдарда жүйке жүйесінің және басқа ағзалар мен тіндерде патологиялық үрдістер қоздырады. Кардиовирустар және афтовирустар көбінесе жануарларға патогенді болып келеді.

Құрылымы. Пикорновирустар қарапайым құрылымды ұсақ вирустарға жатады (11.12. сурет). Диаметрі 30 нм құрайды. Вирион икосаэдрлі капсидтен тұрады, симметриясы куб тәрізді. Капсид 12 бесбұрыштан (пантамерлер) тұрады, олардың әрқайсысы өз кезегінде бірнеше ақуыздық суббірліктерден протомерлерден құралған оларды VP1,VP2, VP3 және VP4 деп белгілейді. Суперкапсиді жоқ. Вирус құрамында көмірсулар және липиттер болмайды, сондықтан олар эфирдің ж.б. май еріткіштердің әсеріне сезімтал емес. VP1,VP2, VP3- капсидтің сыртқы беткейін құрайды, VP4- вирионның ішкі қабатын құрайды, сондықтан сыртынан ол көрінбейді. Сыртқы қабатының ақуыздары жасуша иесінең рецепторларын тани алады, вирионның жасушаға жабысуында және жасуша ішінде вириондық РНҚ-ң босанып шығуында рөл атқарады, және де иммуногендік қасиетін анықтайды. Геномы VPg ақуызымен байланысқан, сегменттелмеген (+) РНҚ молекуласынан тұрады. Вириондық

РНҚ капсидті алып тастаған жағдайда да өзінің инфекциондық (жұқпалық) қасиетін сақтайды.

Репродукциялануы. Вирус жасуша сыртындағы рецепторлармен өзара әрекеттеседі (11.12.сурет). Вирус геномы жасуша ішінде эндоцитоз тәсілімен немесе цитоплазмаға геномдық (+)РНҚ-ның жұғуы арқылы түседі. Вириондық РНҚ оң жіпшелі РНҚ болғандықтан вирус спецификалық ақуыздарға тікелей трансляциаланады, яғни ақуызды синтездеу үшін вирус геномы информациялық РНҚ (иРНҚ) ретінде пайдаланады. Трансляциалану процесі кезінде бірегей полипептидті тізбек синтезделеді, сонан кейін ол протеазаның әсерінен 4 ақуыздарға (VP1-VP4) және РНҚ тәуелді полимеразаға ыдырайды. Бұл полимераза геномдық оң- жіпшелі РНҚ- нан теріс жіпшелі РНҚ- н (матрица) синтездейді. Оң/ теріс жіпшелерден вирус геномы репликацияланады. Жаңадан синтезделген вириондық РНҚ (в РНҚ) капсидке қосылады. Капсидте құрылымдық ақуыздар жинақталады. Сонан кейін жаңадан синтезделген вириондар жасушадан лизистену жолымен сыртқа шығады. Жасуша ішінде бір вирионнан 150 000-ға дейін жаңа вириондар синтезделеді. Репликациалану жасушаның цитоплазмасында жүреді және цитопатиялық әсер етумен аяқталады.

Пикорнавирустың құрылысы

Пикорнавирустың репликациалануы

11. 12. Сурет Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А.