- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
11.3.1.3. Коксаки вирустары
Қоздырғышты алғаш рет АҚШ ғалымдары Г. Дольдорф және Г. Сиклс 1948 жылы Коксаки деген жерде ( Нью- Иорк штатында) полимиелит ауруының белгілері бар ауырған баланың ішегінен бөліп алған. Сондықтан бұл вирус Коксаки – вирус деп аталған. Кейбір қасиеттері бойынша полиомиелит вирусына жақын болғанымен, антигендік қасиеті және жаңа туылған ақ тышқандарға вируленттілігі бойынша ерекшелігі бар.
Таксономиясы. Тұқымдастығы: Picornaviridae. Туыстастығы: Enterovirus.
Түрі: Коксаки вирус А және В. A (type A, B, Coxsackie viruses)
Морфологиясы. Коксаки вирустары- өте майда вирустар. Вирионның симетриялық типі куб тәріздес. Кейбіреулерінің мөлшері 100 нм – ге дейін жететін кристалл құрауы мүмкін. Жалпы пикорнавирустар сияқты құрамында липиттері жоқ, гемагглютинині бар.
Дақылдандыру. Коксаки вирустары штамдарының көбісі жасуша дақылдарында өседі. Жаңа туылған ақ тышқандардың ағзасында жақсы көбейеді, оларға жұқтырғаннан соң пайда болған клиникалық белгілеріне байланысты екі топқа бөлінеді, Коксаки А және В вирустары.
Коксаки А типінің Коксаки В типінен айырмашылығы – адамның дақылында көбеймейді. 2 типі де адамда полимиелит тәрізді ауру тудырады. Адамда сал, асептикалық менингит, эпидемиялық миалгия (Борнхолм ауруы), гастроэнтерит, жедел респираторлы аурулар, миокардит. Коксаки В типі қызамық және паротит вирусымен бірігіп адамда панкреатит ауруын тудырады. Коксаки вирусы анадан балаға берілуі мүмкін.
Антигендік құрылымы. Коксаки вирустарының отыздан астам серотиптері белгілі. Антигендік құрамына сәйкес А тобына 26 тип ( соңғы мәліметтер бойынша 28), В тобына 6- серологиялық типтер жатады. Олардың серологиялық варианттарының бәріне ортақ топтық спецификалық антигендері бар, және әрқайсысына тән типтік спецификалық антигендері А және В тобындағы вирустардың ортақ комплемент байланыстырушы қасиеті бар, оны ГАТР- ның көмегімен анықтауға болады.
Эпидемиологиясы. Коксаки тобының вирусы табиғатта кең таралған және адам патологиясында үлкен маңызға ие. Бұл вирустар барлық энтеровирустардың ішіндегі ең кардиотроптысы. Жұқпарезервуары инфицирленген адам. Коксаки вирустары науқас адамдармен қатар денсау адамдардың (әсіресе төрт жасқа дейінгі балалардың) ішегінде, мұрын жұтқыншақғынан табылған, олар әртүрлі жануарлардың ағзасында айналымда болуы мүмкін. Вирустар сыртқы ортада лас суларда, канализациялық суларда, шыбын денесінде де кездеседі. Негізгі берілу жолы фекальды-оральді және жанасу арқылы беріледі. Коксаки вирусының қоздыратын ауруы полиомиелитке тым ұқсас және одан өлім-жітім аздау болады және полиомиелитке қарағанда коксаки инфекциясы жеңіл түрде өтеді.Олар жазда және күзде байқалады.
Патогенезі клиникасы және иммунитеті. Ағзаға Коксаки вирусының енуі және таралуы полиомиелит инфекциясындағыдай. Ауру 5-14 күнге созылған жасырын кезеңінен кейін бас ауырып, дене қызбасы көтеріліп құсуымен басталады. 1-2 күнен кейін белгілері кете бастайды. Бір аптадан кейін аурудан айыққандай болған кезде, нейрондардың жұлынның қандай дәрежеде және алдыңғы мүйізінің екі жақты немесе бір жақты зақымдануына байланысты қозғалыс мүшелерінің әлсізденуі (сенуі) басталып, толық сал болумен аяқталады, және т.б. белгілері болуы мүмкін. Сонымен Коксакидің клиникалық дамуына байланысты бөлінеді. Коксаки А тобының вирусы жаңа туылған тышқандарда дене бұлшық еттерін зақымдайтын әлсіз салдылықты туғызады. Коксаки А вирустары адамдарда ұшықтық баспа (герпангина),жұтқыншақтың артқы қабатында ұшық тәрізді бөртпелер, дисфагия, дене қызбасы, ауыз қуысында және аяқ қолдарында күлдіреуік және балаларда диарея, кейде бөртпе шығыуын туғызады. Коксаки В вирусы жаңа туылған тышқандарда ОНЖ-ң зақымдалуын туғызады энцефаломиели, миокардит, плевродиния (кеудесі қысылып ауыратын ұстама, дене қызбасы, кейде плеврит), асептикалық серодды менингит т. б. дамуына себепкер болады. Ал бұлшық ет зақымдалуы нашар білінген. Инфекцияға жауырын аралық қоңыр майының некрозы тән. Сонымен қатар Коксаки А-ң кейбір сероварлары (20, 21, 24) және Коксаки В-ң барлық сероварлары гемаглютиндеуші қасиетке ие. Коксаки вирусы адамдарда полимиелит тәрізді аурулардан бөлек, өзіндік клиникасы бар басқа да ауруларды туғызады: асептикалық менингит, эпидемиялық менингит, герпангина, гастроэнтерит, ЖРА, миокардит.
Ауырғаннан кейін кернеулі типтік спецификалық иммунитет қалыптасады. Қан сарысуында вирус бейтараптаушы антиденелер жиналып, ұзақ жылдар бойы сақталады. Комплементбайланыстырушы, антиденелер бірнеше жылдан соң жойыла бастайды.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын материал: мұрын, жұтқыншақ шайындысы, нәжіс, жұлын сұйықтығы, несеп, нәжіс, өліктен алынатын материалдар. Коксаки А вирусы (1-26 типтері).
Вирусологиялық әдіс: а) жаңа туылған ақ тышқандарға жұқтыру- әлсіз салдану,өліммен аяқталу; б) жасуша дақылдарына жұқтыру ЦПӘ (толық дегенерация, таңдық түзілу). Вирусты идентификациялау: БР (жаңа туылған тышқандарға -жұқтыру).
Серологиялық әдіс: (иктервал науқастың қос қан сарысуымен): БР, КБР, ИФТ. Жедел диагноз қою- ИЭМ (иммунды электрондық микроскоптау).
Коксаки В вирусы ( 1-6 типтері). Вирус штамдарын бөлі алу: а) жаңа туылған тышқандарға –жұқтыру (тырысып сал болу, өліммен аяқталу);б) жасуша дақылдарына (Hep- 2,Hela ж.б.) жұқтыру- ЦПӘ толық дегенерация) таңдық түзілу, түсті сынама.
Арнайы алдын-алу және емдеуі. Жалпы медициналық алдын- алу шаралары жүргізілмейді. Спецификалық профилактикасы, яғни вакцина егу қолданылмайды.
Симтоматикалық ем шаралары, арнайы алдын алу, этитропты препараттар жоқ.
