- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
Алапес – адамдарда болатын генерализацияланған бірінші реттік созылмалы ауру. Клиникасы-тері және жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабатының гранулематозды зақымданулары және шеткері жүйке жүйесі мен ішкі ағзалардың бұзылыстарымен сипатталады.
Аурудың аталуы грекше lepros – қабықшалы, бұдырлы сөзімен байланысты. Алапестік зақымданулар негізі-туберкулездегідей спецификалық гранулема болып табылады.
Ауру қоздырғышы - Mycobacterium leprae, 1874 жылы норвегия дәрігері Г.А.Гансен микроскопиялық зерттеулер нәтижесінде ашқан. Аурудың 85%-нан астамы Азия мен Африка континенттерінде кездеседі. Қазақстанда да алапес ауруы тіркелген.
Алапес ауруы барлық мемлекеттерде кездеседі, сондықтан дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маңызды мәселесіне жатады.
Тұқымдастығы: Mycobacteriaceae
Туыстастығына: Mycobacterium
Түрі: Mycobacterium leprae.
Морфологиясы. Mycobacterium leprae – тік немесе иілген, шеттері жұмырланған таяқшалар. Морфологиялық ерекшеліктері бойынша туберкулез қоздырғышына ұқсас. Грам оң, спора түзбейді, микрокапсуласы бар. Қозғалмайды. Зақымдалған ұлпаларда микроорганизмдер жасуша iшiнде шар тәрiздi жинақталған: лепралы шарды түзедi (6.5.сурет). Қоздырғыштың ерекшелігі қышқылға, спиртке тұрақты, сондықтан Циль-Нильсен әдісімен ғана боялады. Mycobacterium lepra тобындағы бактериялар полиморфты келеді, оларда түйіршікті, кокк, жіп, бұтақтанған түрлері кездеседі. Зақымданған жасушаларда олар шар тәрізді тығыз ұйынды құрап, бір-біріне параллель орналасады, яғни темекі қорабы тәрізді. Антилепроздық препараттар әсерінен морфологиялық өзгерістер пайда болады және де қышқыл мен спиртке тұрақтылығы жойылады.
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Қоздырғыш жасанды қоректік орталарда дақылданбайды. Mycobacterium leprae-ны дақылдандыру үшін арнайы жасуша дақылдары жасалған.
Қоздырғыш жасуша цитоплазмасында көлденең бөлініп көбейеді, бір жасушадан микробтың 1-3 жаңа ұрпағы пайда болады, олар бір-бірінен ажырамайды, сондықтан осы қоздырғышқа тән шар тәрізді жиынтықтары орналасады. Олардың ішінде микобактериялар бір-біріне қатарласып орналасады, қораптағы сигареталарға ұқсас, осындай түрлері зақымданған ағзаларда да орналасады. Бұндай жиынтықтар шар тәрізді 200-300 жасушадан тұрады, бұл қоздырғыштың таза дақылы болып келеді. Алапес ауруында аяқталмаған фагоцитоз дамиды. Зақымданған макрофагтар ерекше қасиеттерге ие – бозарған ядросы және «көбіктенген» цитоплазмасы бар.
Mycobacterium leprae- электронды микроскоптағы көрінісі |
M.leprea лепраматозы Циль-Нильсен әдісімен бояған |
|
|
Алапестің клиникалық көріністері |
|
6.5.сурет http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q=лепра |
|
Антигендік құрылымы. Лепра экстрактына 2 антигендi бөлiп алған: 1. Термастабильдi полисахаридтi. 2. Термолабильдi ақуызды. Химиялық құрамы жағынан Mycobacterium tuberculosis-ке ұқсас, спиртке және қышқылға төзімді, сол себепті Циль – Нильсен әдісімен бояйды. Қоздырушының келесі қасиеттері оның тудырған ауруын ерекшелейді:
Эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық белгілері. Алапес ауруы төмен деңгейдегі жұқпалық қасиеті бар антропонозды инфекция. Бұл ауру әлеуметтік-экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Табиғи резервуары және ауру көзі тек науқас адам. Ауру жұқпалы. Орта ғасырда лепрамен ауырған науқастарға арнайы емделетін орындар ашқан. ХІХ ғасырда бұл аурумен ауырған науқас саны біршама азайған. Бірақ лепра тропикалық аймақтарда дамушы елдерге әлі де глобальды проблемалар қатарында саналады.жергілікті түрғындардың лепрамен ауыруы олардың әлеуметтік өміріне және санитарлық мәдениетіне байланысты. Ауру адам қоздырғышты жөтелгенде, түшкіргенде, кейде жәй әңгімелескенде де жан-жағындағыларға жұқтыруы мүмкін. Ауру қоздырғышының таралуы ауа-тамшылы және /контактты түрде/ инфильтраттары ыдырағанда ойық жараның бөліктері және көптеген биологиялық бөлінулер арқылы жұғады. Микобактерия тері арқылы оңай адам ағзасына енеді.
Лепрамен әйелдер де, еркектер де бірдей ауырады. Бірақ олардан туған балалар сау болады. Адам ағзасынан тыс жерде өмір сүре алмайды, ал мәйітте бірнеше жылға дейін сақталуы мүмкін. Әсіресе антибиотиктерге тұрақты лепроматозды аурулар өте қауіпті, бұлардың мұрын бөліндісінде қоздырғыш өте көп мөлшерде орналасады Резистенттілігі өте жоғары. Адамдардың өліктерінде M.eprae ұзақ уақыт сақталады. Адам организмінен тыс жағдайда тіршілік қабілеттілігін жылдам жоғалтады.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Кіру қақпасы – жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаты және зақымданған тері. Mycobacterium leprae тіндік макрофагтардың жасушаішілік облигатты паразиттері және де тері мен аймақтық жүйке жүйесі жасушаларына (лемоциттер) жоғары деңгейдегі тропизмділігі бар (арнайы зақымдау). Енген қоздырғыш лимфа-гематогенді жолмен таралып, тері жасушаларын және жүйке жүйесі леммоциттерін зақымдайды. Себебі қоздырғыш фибронектин байланыстырушы ақуыз бөледі. Осы арқылы олар жасушаға өтеді.
Инкубациялық кезеңі 3-5 жылға дейін, дегенмен 6 айдан 30 жылға дейін созылуы мүмкін. Алапес кезіндегі барлық тіндердің зақымдануы ағзаның иммундық реакциялар нәтижесі болып табылады. Ал аурудың дамуы толығымен макроорганизмнің резистенттілігіне байланысты. Алапестің келесі клиникалық түрлерін ажыратады: туберкулоидты, лепроматозды. Лепроматозды түрі эпидемиологиялық жағынан өте қауіпті. Алапеске қарсы жасушалық иммунитет пайда болады. Макрофагтар алапес қоздырғышының көбеюін шектей алмайды. Сонымен қатар, фенолды гликолипидтерге және басқа да антигендерге антиденелер көп мөлшерде түзіледі. Бұл аурудың клиникалық түрлеріне байланысты.
Микробиологиялық диагноз қою.Зерттеу материалы-тері мен мұрын кілегей қабықшаларының бөлшектері, қақырық, лимфа пунктаттары т.б. Зерттеу үшін бактериоскопиялық, серологиялық әдістер қолданылады. Жедел әдісі бактериоскопиялық. Жағындыны Циль-Нильсен әдісімен бояйды. Қорытынды диагноз кою үшін тері және кілегей қабаттарын гистологиялық зерттеулермен толықтырады. Серологиялық диагностикасы – фенолды гликолипидке қарсы антилипидтерді ИФТ көмегімен анықтау. Қосымша зерттеулері – аурудың иммундық статусын анықтау, фенолды гликолипидпен лейкоциттердің бласттрансформация реакциясын және лепроминді сынама қою. Аллергологиялық әдіс. Аса сезімталдықты анықтауға лепроминмен сынама қойылады. Лепроминді сынама – Фернандес және Мицуда реакциясы арқылы жүргізіледі.
Инфекцияларды емдеу мен алдын алу. Алапеске қарсы емдеуге арналған негізгі препараттар: сульфон препараттары, дапсон, солюсульфон, диуцифон. Сонымен қатар, рифампицин, клофазимин, фторхинолондар қолданылады. Емдеуі ұзаққа созылады (3-10 жылға дейін). Бірақ алапес қоздырғыштары жүйке жүйесінде, бұлшық еттерде сақталуы мүмкін. Алапеске қарсы арнайы сақтандыру препараттары жасалмаған, тек қана эндемиялық аудандарда BCG вакцинасы қолданылады. Оның құрамында А лепромин және BCG бар. Вакцинаны егер алдында лепромин сынамасы қойылады. Теріс нәтижелі Мицуда реакциясы бұндай адамдардың микобактерия жұқтырғанын, аурудың жасырын кезеңінің дамуын көрсетеді. Сондықтан оларға жоспардан тыс BCG вакцинасы егіледі. Адамда және жануарда патогенді әсер туғызатын кейбір түрлері ғана. Мысалы: Mycobacteriaceae туысы, туберкулез бен лепраны; Actinomycetaceae актиномикозды және Nocardiaceae нокардиозды тудырады. Streptomycetaceae туысының кейбір өкілдері терінің, тері асты май клетчаткасының, кейбір мүшелерде кілегей қабықтардың мицетомасын тудырады. Actinomycetaceae туысы адамның ішегінде қалыпты микрофлорасында және ауыз қуысында кездеседі. Actinomycetales қатарындағы микроорганизмдердің көпшілігі еркін өмір сүреді, яғни топырақта және суда. Streptomycetaceae және Micromonosporaceae әртүрлі антибиотиктер жасауға пайдаланады. Микобактериялар Mycobacterium тұқымдастығының Mycobacteriaceae туысына жатады.
Тесттер.
1. Алапес ауруының қоздырғышы:
a) Mycobacterіum ulcerans
b) Mycobacterіum marіnum
c) Mycobacterіum asіatіcum
d) Mycobacterіum ransasіі
e) Mycobacterіum leprae
2. Қышқылға тұрақты бактерияларды ... әдісімен боялады.
a) Романовский – Гимзе
b) Здродовский
c) Циль – Нильсен
d) Бурри
e) Грам
3. Лепра қоздырғышының дамуы үшін оптималдық температура:
a) 38-40ºС.
b) 42-44ºС.
c) 22-25ºС.
d) 33-35ºС.
e) 8-10ºС.
4. Лепраның Микробиологиялық диагноз қою үшін алынатын материал:
a) мұрыннан жұғынды
b) нәжіс
c) несеп
d) қан
e) қақырық
5. Лепраны емдеуге арналған препараттар:
a) эубиотиктер
b) сульфондық препараттар
c) нистатиндер
d) пенициллиндер
e) интерферондар
6. Мицуд реакциясы ... теріс мәнді болады:
a) дені сауларда
b) туберкулоидтық формасымен ауыратындарда.
c) лепроматоздық формасымен ауыратындарда.
d) бактерия тасымалдаушыларда.
e) туберкулезбен ауыратындарда
7. M.leprae ... арқылы беріледі.
a) тұрмыстық қатынас
b) тағам
c) жыныстық қатынас
d) вертикальді
e) су
8. Алапестің диагностикалау әдісі ... болып табылады.
a) серологиялық
b) иммуноблотинг
c) бактериологиялық
d) терілік-аллергиялық сынама
e) ИФА
9. Қоздырғыш организмде баяу көбейеді, нәтижесінде инкубациялық кезең ұзаққа, тіпті 15-20 жылға ... ауруы кезінде созылады.
a) алапес
b) туберкулез
c) бруцеллез
d) Күл
e) көкжөтел
10. Алапес (лепра) қоздырғышы ... әдісі бойынша боялады.
a) Здродовский
b) Романовский-Гимзе
c) Нейссер
d) Бурри-Гинс
e) Циль-Нильсен
7-БӨЛІМ
Патогенді спирохеталар
Спирохеталар (Speira – иілген /изгиб/, chaite - шаш) – спиральға ұқсас иілген, өте жіңішке (шаш сияқты) қозғалғыш бактериялар. Берджи анықтамасы бойынша Srirochaetalis қатары Srirochaetaetaceae тұқымдастығында адамға патогенді 3 туысы бар – Borrelia, Treponema, Leptospira.
Морфологиясы. Спирохеталар (spira - иірім, chaite- шаш) иірімделген, нәзік, қозғалғыш бактериялар. Спирохета денесі протоплазматикалық цилиндрді қоршайтын көп қабатты сыртқы жасушалық қабықшадан тұрады. Протоплазматикалық цилиндр цитоплазмалық мембранамен қоршалған цитоплазманы құрайды. Протоплазмалық цилиндрдің айналасында, жасуша қабығының тереңінде қозғалтқыш аппарат орналасады, ол периплазматикалық талшықтардан (фибриллалардан –эндоталшықтар ) құрылған. Фибриллалар қабықша мен протоплазматикалық цилиндр арасында орналасады. Фибриллалардың бір ұшы цитоплазмалық цилиндрдың полюсына, блефаропластқа тіркелген, ал келесі ұшы бос. Жасушаның екі шетінен саны бірдей фибриллалар шығады. Бір жасушада периплазматикалық фибриллалардың саны спирохета түріне байланысты 2-100 дейін болады. Лептоспираларда бұл эндоталшықтар қабықшаға бекіп, өсік жіпшені құрайды. Периплазматикалық фибриллалар спирохеталардың қозғалғыш аппараты болып келеді (өз өсінде айналу, иілу, жылжу). Олар талшықты бақтерияларға қолайсыз қоймалжың ортада қозғалуға қабілетті. Капсулалары мен споралары болмайды, бірақ циста тәрізді құрылым түзуге қабілетті. Спирохеталар-Грам теріс. Дифференциалды бояу тәсілі – Романовский-Гимзе әдісі. Осы бояу әдісімен туыстастық ерекшелігін ажыратуға болады. Күмістендіру әдісімен де бояуға болады.
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері.
Хемоорганотрофтар. Спирохеталардың арасында аэробтар, микроаэрофилдер, факультативті анаэробтар және қатал анаэробтар кездеседі. Көміртек және энергия көзі ретінде көмірсулар, амин қышқылдар, липидтерді туыстық ерекшелігі бойынша қолданады. Жасанды қоректік орталарда өсуі таксономиялық және тіршілік жағдайына байланысты. Дақылдандыру үшін күрделі қоректік орталарды қажет етеді, құрамында сарысу, тіндік экстракттар болуы қажет. Өсуі баяу. Осы қатардың кейбір өкілдері қолайсыз жағдайларда циста және L-пішінге айналады. Спирохеталар көлденеңінен бөлініп көбейеді, кейде циста түзіп және дәндерге бөлшектеніп көбейе алады.
Эпидемиологиясы. Спирохеталардың арасында суда, топырақта өз бетінше тіршілік ететін, және де әр түрлі жануарлармен ассоцияцияланған жағдайда болатын түрлері кездеседі. Адам патологиясында үш туыстастық маңызды: трепонема, боррелия, лептоспира. Трепонемалар - мерез, фрамбезия, пинта, беджель; боррелиалар – эпидемиялық, биттік, аргастық кенелік беррелиоздар, иксод кенелік боррелиоздар, қайталама сүзек; лептоспиралар - лептоспироз, брахиспироз ауруларын қоздырады.
