- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
Үш -типтік ұшық вирусы екі түрлі зақымданулар қоздырады: жел шешек вирусы (varicella) және белдеу теміреткі (zoster). Ауру алғаш жел шешек түрінде өтеді, оның рецидиві- белдеу теміретке түрінде өтеді. Бұл вирусты 1911 жылы бразилиялық дәргер Э. Араго ашқан. Вирус екі түрлі ауру қоздырады. Жел шешекке (varicella) көбінесе балалар шалдығады, дене қызбасымен, жалпы интоксикациаланумен, мөлдір сұйық толған бөртпе (везикула) шығумен өтеді. Белдемелі ұшық (herpes zoster) немесе белдеуші теміреткі балакезінде жел шешекпен ауырған ересек адамдарда болатын эндогенді инфекция. Ауру жүйке жолдарының бойымен везикулярлық бөртпелер шығуымен көрініс береді.
Морфологиясы. Герпес вирусының вирионы нуклеоидтан құралып, ол капсид ортасында орналасады диаметрi 140-210 нм, сфера тәрiздi пiшiнге ие. Нуклеокапсидi iшкi қабықшамен қапталған. Вирус геномы екi жiпшелi ДНҚ-ға ие (11.10.сурет). Iшкi қабықшаның гликопротеиндерi типоарнайы антиген болып саналады. Нуклеокапсидтiң ақуыздары типоарнайы антигендiк этиотоптарын тасымалдайды. Желшешек вирусы герпесвирутарға кіреді. Бұл вируста ішкі және сыртқы антигендер анықталған.
Эпидемологиясы, патогенезі, Клиникалық белгілері. Жел шешек балалар арасында жиі кездесетін ауру. Ересек тұрғындардың 80-90% жас кезінде жел шешекпен ауырғаны туралы мәлімет берген. Ал жел шешекпен аурып тұрғандардың 10%- да белдеу теміреткесімен науқастанғаны тіркелген.
Жұқпа көзі ауру адам және вирус тасмалдаушылар. Вирус ауа тамшылы жолдары, жанасу(бөртпе бөлінділерімен) жолдарымен беріледі. Ауру жылдың салқын айларында жиілейді, жел шешек немесе үш -типтік ұшық вирусымен 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар жиі, ал 10 жастан асқан балалар мен ересектер сирек ауырады. Сырқаттың инкубациялық (жасырын) кезеңі 11 күннен 21 күнге дейін, яғни орташа 14—15 күнге созылады. Ауру бастапқы кезде жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатының эпителиясында көбейеді содан кейін лимфа тамырлары арқылы қанға түсіп, вирусемия қоздырады. Қан мен терінің (дерматроптық әсері) және шырышты қабаттың эпителиялық жасушаларына барады. Нәтижесінде науқастың бетінде, кеудесінде, аяқ- қолдарында, ауыз -қуысының шырышты қабатында везикулярлы бөртпелер пайда болады. Ауру басталғанда температура 38—39°С-ге дейін көтеріледі де, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. 3—5 күн өткеннен кейін бөрткеннің көбеюі тоқтайды да, температура төмендеп, қалпына келеді, бөртпе қара қотырланып, 1,5—2 аптадан соң оның қабығы түседі. Кейде барлық жері ауырған кезенде температурасы көтерілмей, әдеттегідей бір қалыпты болады. Ауру адам сырқаттың инкубациялық кезеңінің соңғы күнінен бастап және бөртпе шыққаннан кейінгі 9-күнге дейін жұқпалы болып есептеледі. Әдетте желшешек жеңіл өтеді, бірақ кейде (әлжуаз балаларға шыққанда) асқынатын да кезі болады, терісі іріңдейді, құлақтары мен аузының шырышты қабығы т. б. қабынып ауырады. Әйелдерде жүктіліктің үшінші айында бұл ауруға шалдығуы өте қауіптіі себебі ұрығына әсер етіп , бала ақаулық пен туылуы мүмкін (вирус планцета арқылы беріледі) Ауырып тұрған балаларда жұлынының артқы түбіршектерінде немесе жүйкенің ганглияларында вирус бірнеше жыл бойы сақталады. Сақталынған вирустың белсенділігінің артуы нәтижесінде белдеу теміреткесі дамуы ықтимал.Оған әр түрлі жағдайлар (ілеспе аурулар, жарақаттану, иммунитеттің төмендеуі және т.б.) ықпалын тигізеді.Белдеу теміреткесі жекеленген сезімтал жүйке жүйесі бойымен онша айқын емес қызарған дақтар (диаметрі 3-5см) шығуымен сипатталады.18- 24 сағаттан кейін бөртпелер айнала шеті айқын шектелген іші суға толған ауыратын везикулаларға айналады.Зақымдану көбінесе кеудеде (қабырға аралық жүйке жүйесінің бойымен ауырсыну) және де кез келген сезімталдық жүйке жүйесінің бойында орналасуы мүмкін. Зақымдалу белгілері 2-4 аптадан кейін жойылады.
Дақылдануы. Герпес вирустары әртүрлi жасушалық дақылдарында дақылдайды, кейбiр серотиптерi тауық эмбрионында репродукцияланады. Рецепторлы эндоцитоз арқылы сезiмтал жасушаларға герпес вирустары енедi. Депрегелизация, транскрипция және репликация ядрода жүредi. Вирус лабаториялық жануарлар ағзаларда көбеймейді. Адам эмбрионаның фибробласты жасушасы дақылында вирустарды бөлiп аламыз, КБР мен вирустарды идентификациялаймыз.
Иммунитеті. Бала кезінде жел шешекпен науқастанған ересектерде өмір бақилық иммунитет қалыптасады. Қан сарысуында вирус бейтараптаушы және комплемент байланыстырушы антиденелелер жиналады. Бірақ олар аурудың рецидивінен құтқара алмайды. Өйткені персистенциялық жұқпа ошағы жұлынның ганглияларында сақталады. Сонымен қатар Т супрессорлар санының көбюі байқалады, ол өз кезегінде екіншілік иммунды тапшылық қоздыруға себепкер болады. Балаларды ерте жасында тiрi вакцинамен иммунизациялаймыз. Реконвалесценттердiң қанынан алынған иммуноглобулиндi Жұқпа ошағы нда қолданады.
Резистенттілігі. Вирус сыртқы ортаға тұрақсыз, термолабильді болып, май еріткіштерге және дезинфекциялызаттарға сезімтал. Спиртке УК-сәулелеріне, протеаза және фосфатазаға өте сезімтал. Желшешек вирусы барлық жерде бірдей тараған, Жұқпа көзі тек қана ауру адам болып табылады. Инфекцияның берілу механизмі-аэрозольды. Вирус бастапқы кезде тыныс жолдарының шырышты қабатында көбейеді, кейін лимфагенді жолмен қанға еніп теріге таралады.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін заттар: күлдіреуік бөліндісі, қан, мұрын жұтқыншақ шайындысы. Вирусологиялық әдіс таңбалы жағынды дайындап, Романовский Гимзе әдісімен бояп, препаратты қарап қос денешіктер( Липшиц денешігі және Цанк) жасушаларын анықтайды. Вирусты бөліп алу (индикациялау) тек қана адам эмбрионының фибриобластынан дайындалған жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ, синситиялар түзілуі бойынша индикациялау) Идентификациялау КБР, РИФ. Серологиялық диагноз қою КБР,ИТФ.
