Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

11.1.4.Тогавирустар

Тогавирустар (лат. toga – плащ – жамылғы) – буынаяқтылар арқылы жұғатын, адамдарда жүйелі дене қызбасын және вирустық энцефалиттер қоздыратын арбовирустардың (arthropod borne – буынаяқтылармен берілетін) бір тобына жатады.

Гликопротеин кірпікшелері

Тогавирустың құрылысы

Тогавирустың репликациясы

11.5.сурет.

Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Togaviridae. Туыстастықтары : 1. Alphavirus (Синдбис вирусы)

2. Rubivirus (Қызамық вирусы)

Тогавирустар — (11.5.сурет) құрамында РНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Үш түрлі туысқа альфа-, руби- және пестивирустарға бөлінеді. Вирионның диаметрі 40—70 нм, пішіні шар тәріздес, липопротеидті қабыққа оралған нуклеокапсиды бар. Бір тізбекті шұбырынды РНҚ-лы.  Рубивируc туыстығына қызамық вирусы, пестивирус туыстығына мал обасының вирусы жатады. Тогавирустар торшаның цитоплазмасында өсіп-өнеді.

11.1.4.1. Қызамық.

Қызамық вирусы (Rubivirus туыстығы) - балаларды басымырақ зақымдайтын, қызба және бөртпемен сипатталатын жедел жұқпалы ауру; теріде дақ тәрізді бөртпелердің пайда болуымен, тыныс жолдарының қабынуымен, лимфа түйіндерінің үлкеюімен және организмнің жалпы интоксикациясымен сипатталады. Жүкті әйелдер қызамықпен ауырса, нәрестенің ақаулары мен өліміне әкелуі мүмкін. Вирус алғаш рет 1961 жылы бөлінген.

Қызамықтың шақырушы вирусы Rubivirus әулетiне жатады. Вирус-сфера тәрiздес, диаметрі 60-70 нм, геномы бiр жiпшелi фрагменттелмеген РНҚ.

Таксономиясы. РНҚ-ды вирус Togaviridae (T.toga - шаш) тұқымдасына, Rubivirus (лат. rabrum - қызыл) туыстығына жататын бір ғана өкілі.

Морфологиясы, антигендік құрылымы. Вириондары сфералық пішінді және күрделі ұйымдасқан құрылысы бар, диаметрі 60 нм, геномы бір жіпшелі РНК молекуласынан құралған. Вирус суперкапсиді 2 түрлі гликопротейдтен: Е1-ол гемаглюинациялаушы қасиетке ие және Е2-ол рецептор қызметін атқарады. Вирус сыртқы ортаға тұрақсыз 56ºС температурада және май еріткіштер әсерінде тез активсізденеді -70ºС да және мұздатқанда жақсы сақталады. Қызамық вирусында 2 антигенi бар, вирустың сыртқы және ішкі антигендерден тұратын кешені бар. Оның бiреуi iшкi антиген-нуклеопротеин, капсидпен байланысқан, екiншi суперкапсидпен байланысқан антигендік варианттары жоқ гемаглютинациялық белсенділікке ие. Вирустар бiрiншiлiк жасушалық дақылында репродукцияланады. Вирус репродукциясы жасуша цитоплазмасында жүредi. Вибриондардың әрi қарай жетiлуi, бүршiктенуi бойынша Гольджи қондырғының мембранасының көпiршiктерi арқылы, кейiн сыртқы мембрына арқылы жүреді. Вируспен зақымдалғаннан кейiн, мойын лимфа түйіндерінде көбейеді. Лимфа түйіндері ұлғайып, пальпация жасаған кезде ауырсынады. Вирус бiрiншi лимфаға, соңынан қанға енедi. Ауруда қызба, бөртпелердiң болуымен, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен, бұлшық еттердiң және буындардың ауыруымен жүредi.

Дақылды өсіру. Вирус біріншілікті және кайта өндірілген жасуша дақылдарында, цитоплазмалық қосындылар, кейде цитопатикалық әсер түзе отырып көбейеді. Жануарлардың сезімталдығы.Тәжірибені тек маймылдарға ғана жасауға болады.

Резистентгілігі. Вирус қоршаған ортаға тұрақсыз, УК сәулесі, май ерітнділер мен көптеген химиялық заттар әсерінен тез жойылады.

Эпидемиологиясы. Қызамық - жоғары қатынасты инфекция, барлык жерде таралған, негізінен 3-6 жастағы балаларды зақымдайды. Үлкендер де ауыруы мүмкін. Ауру ұйымдастырылған балалар ұжымдарында кездесетін эпидемияның күрт көбею түрінде жиі тіркеледі. Аурудың жиілеуі қыс-көктем кезінде байқалады. Жұқпа көзі клиникалық көріністі немесе жасырын түрдегі инфекциясы бар науқас болып табылады. Вирустар жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышымен, нәжіспен және зәрмен бөлінеді. Қоздырғьпштың таралу механизмі -аэрогенді. Қызамық вирусы плацентарлы тосқауылдан өтіп, жатырдағы баланы зақымдауға қабілетті, тератогендік қасиетке ие.

Патогенезі және клиникалық белгілері. Қоздырғьштың кіріу қақпасы жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары болып табылады. Мойынның лимфа түйіндерінде көбейгеннен кейін вирустар қан ағымына түсіп, ағзаға таралады. Жасырын кезеңнің ұзақтығы 11-22 күн. Ауруға тән белгілер -дене қызуының жоғарылауы, денедегі ұсақ дақты бөртпенің пайда болуы (11.6.сурет), артқы мойын лимфа түйіндерінің ісінуі. Ауру салыстырмалы түрде жеңіл өтеді, асқынулар сирек кездеседі. Қызамық жүкті әйелдер үшін қауіпті, себебі ұрық зақымданып, жүктілік нәтижесі түсікпен, ұрыктың өлуіне немесе ұрықтың ауыр ақауларына - саңыраулық, көру мүшесінің зақымдануы, психикалық кемістігіне, жеке мүшелердің жетілмеуіне әкелуі мүмкін. Жүктіліктің алғашқы үш айындағы ұрықтың зақымдалуы қатерлігініде аса жоғары болатыны анықталған (90%). Сондықтан, осы кезде әйелдің қызамықпен ауруы жүктіліктің түсікпен аяқталуына тура көрсеткіш болып табылады.

11.6.сурет Қызамықпен ауырған баланың денесіндегі бөртпелері

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу материалы - мұрын-жұтқыншақ бөліндісі, қан, зәр, нәжіс, өлген ұрықтық ағзаларының бөлшектері. Вирусты жасуша дақылдарында бөліп алады. Бөлініп алынған вирусты, ГАТР көмегімен идентификациялайды. Серолгиялық диагностикада антиденелерді анықтау үшін ИФР, ИФТ, РИТ, ГАТР қолданылады.

Иммуноферменттi және радиоиммунды әдiстер, КБР, ТГАР, нейтрализация реакциясы бойынша IgМ классының вирус арнайы антиденелерін анықтаймыз.

Арнайы сақтандыруы және емдеуі. Қызамық кезіндегі вакцианалық сақтандырудың негізгі мақсаты жүкті әйелдерді қорғау, оның нәтижесі ретінде - ұрықтың зақымдануы мен туа біткен қызамық синдромы бар балалар туылуынан сақтандыру. Вакцинацияны көптеген елдерде өткізеді. Алдын алу ретінде өлi және тірi вакцина қолданылады. Көбіне 12-14 жастағы қыздар мен бала босануға қабілетті жастағы әйелдерге иммунизация жүргізеді

Емдеуі симпоматиалық.

Қызамық профилактикасында-карантин жұмыстары жүргізіледі. Тірі және өлген вакциналар қолднылады.

Иммунитеті. Инфекциядан соң, гуморальды иммунитет қалыптасады. Бөртпе пайда болған кезеңнің алдында, қан сарысуында вирусты нейтралдаушы (IgM) антидене пайда болады, оның титры максимум 2-3 аптаға жетеді, ал 2-3 айдан кейін олар жойылады. IgG антиденелер бөрітпе жойылған соң пайда болып ұзақ сақталады.Қызамықпен жас кезінде ауырып жазылған соң, ағзада өмірбақилық иммунитет қалыптасады.