Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

9.2.Талшықтылар.

Талшықтылардың шамамен 6-8 мыңдай түрлері белгілі. Талшықтылардың денесі цитоплазмалық мембранадан басқа дене пішінінің тұрақтылығын қамтамассыз ететін, арнайы қабықша – пелликула мен қапталған. Эктоплазманың жіп тәрізді өсіндісі қозғалу органелласы бір немесе бірнеше талшықтары бар. Талшықтың ішіне қысым ақуыздарының фибрильдері кіреді. Кейбір талшықтыларда ундулиярлық мембрана бар. Талшық ундулиярлы мембрананы – толқын тәрізді қозғалысқа келтіреді. Талшықтың негізгі энергетикалық қызмет атқаратын органелла кинетосомамен байланысты. Талшықтылар қатарында жасушаның ішіне енетін тығыз салмақ түрінде аксостиль – тірек органелласы бар. Талшықтылардың әртүрлі паразитті түрлері адамның әртүрлі мүшелерінде мекендейді. Олардың даму циклі әртүрлі. Талшықтылар гетеротрофтылар.

9.2.1.Лейшманиоздардың қоздырғыштары.

Лейшманиоздар – трансмиссивтi жолмен берілетін адам мен жануарлардың табиғи- ошақты жұқпалы аурулары. Кейбiр жасушалар клетканы және шырышты қабықшаны жарақаттайды (терiлiк лейшманиоздар) басқа жасушалар iшкi органдарды зақымдаумен сипатталатын инвазия тобы (висцеральды лейшманиоз). Терілік лейшманиоздың қоздырғышын 1897ж. Ташкентте Ресей дәрігері П.Ф. Боровский ашқан, ал вицериалдық лешманиоз қоздырғышын У. Лейшман (1900) және Ш. Донован ашқан. Лейшманның құрметіне қоздырғыш- лейшмания, ал қоздыратын ауру лейшманиоз деп аталды. Адамдарда паразиттік тіршілік ететін лейшманиялардың медицина үшін маңыздысы: Leishmania tropica (Wright), L. Major (Yak) L. aethiopic (Bray) т.б.Лейшманиоз қоздырғышы -Sarcomastigophora типіне, Mastigophora типшесіне, Zoomastigophoraе классына, Knetoplastida отрядына, талшықты класқа Trypanosomidal – тұқымдасына, Leishmania туыстығына жатады.

Лейшманиоздардың қоздырғыштарының екi даму циклi бар. Олар домалақ пішінді, өлшемi 2-5 мкм Романовский-Гимзе әдiсi бойынша цитоплазма сұр – көк түске, ал орталықта орналасқан ядро қызыл сия-көк түске боялады (9.2.сурет).

Антропоноздық терiлiк лейшманиоздың қоздырғышы (қалалық типi) - зоонозды терiлiк лейшманиоздардың ауылдық түрi. Зоонозды терiлiк лейшманиоз кезiнде инкубациялық кезең 2-4 аптаға созылады. Бұл ауру өткiр ағыммен сипатталады, жаралар аяқта орналасады. Висцералды лейшманиоз ауруының табиғи резервуары - ит, қасқыр, шибөрі, таратушысы - москит. Жұғу жолдары. Ауырған иттердің қанын сорған москит адамды шаққанда сілекей безі арқылы адам қанына тарап, ауруға шалдықтырады. Адамдар арасында лейшманиоздың 2 түрі кездеседі.

1. Зоонозды тері лейшманиозы.

2. Висцералды лейшманиоз.

Бұл аталған аурумен ересектерден гөрі балалар жиі ауырады. Висцералды лейшманиоз ауруымен ауырған иттің жүні түседі, көбінесе жата береді, тамаққа зауқы жоқ, көз айналасындағы жүні түсіп, тықырланып "көзілдіріктің ізі” қалғандай көрініс байқалады. Инкубациялық мерзімі: ұзақтығы бірнеше аптадан 6-8 айға жетеді.

Ауру белгілері сырқаттану барысында бауыр мен талақтың көлемі үлкейеді, әлсіздік пайда болады, бас ауырады және дене қызуы жүйесіз түрде көтеріледі (39-40ºС), сүйек кемігінің зақымдануына байланысты қан аздығы - анемияға әкеліп соқтырады. Қан анализінде лейкоциттердің, гаммаглобулиннің азаюы байқалады.

Лейшманиялар талшықтық түрі қоректік орталарда немесе (москиттер) теміреткілердің ішегінде дамиды

Романовский-Гимзе әдісімен боялған жұғынды

Макрофагтағы лейшманияның талшықсыз түрі (амастигота).

Лейшманиялар талшықсыз түрі, ағзаның ретикуло-эндотелиальды жасушаларында, бауырда, көк бауырда лимфа түйіндерінде, макрофагтарда дамиды

Романовский-Гимзе әдісімен боялған жұғынды

9.2.сурет Лейшманияның таза дақылы (талшықтық түрі - промастигота). Лейшманияның құрылысы

Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А.

Соңғы тіркелген ауру адамдарға висцералды лейшманиоз кеселінің диагнозы көп жағдайда уақытылы қойылмауда. Себебі соңғы 10 жыл көлемінде бұл аурудың тіркелмеуі емдеу-сауықтыру мекемелерінің сарапшы мамандарының алдын – ала сақтығының төмендеуіне септігін тигізді.

Лейшманиоздардың проблемасы, әсіресе оларды емдеу және диагноз қою Қазақстан халқының денсаулығын сақтау ұйымы үшін мәнді мәселе болып табылады. Терілік лейшманиозбен ауырған науқастар 9.3.сурет Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, ал висцералды түрі – Қызылорда облысында кездесіп отырады. Соңғы 10 жыл ішінде республикада 497 терілік лейшманиозбен және 9 висцералды лейшманиозбен ауырған науқастар тіркелген, сонымен қатар, 6– уы леталды жағдаймен аяқталған. Ауру Орталық Азияда, Закавказье, Жерорта теңiзiнде таралған. Лептоманодты стадияда паразиттер маскиттердiң организмiнде орналасады, жасанды ортада дақылданғанда колониясы ұзын өрiм тәрiздi болады. ұзындығы 10-20 мкм. көлденеңiнен 5-6 мкм.

9.3.сурет Қолдың терісіндегі лешманиоз http://go.mail.ru/search_images?q=лейшманиоз

Микробиологиялық диагноз қою - жара бетіндегі ылғалды, төс сүйегі кемігінің жағындысын микроскоп арқылы зерттеп, паразиттің лейшманиялық түрін табу болып саналады. Алдын алу үшін теміреткілердің (москиттер) шағуынан сақтану; қоғамдық шаралар теміреткілерді, табиғи резервуарларды жою; санитариялық­ағартушылық жұмыстар жүргізу, ауруларды емдеу.

Лейшманиоздың емдеуі мен алдын алуы. Висцеральды лейшманиозда бесвалентной сурьма препаратын (солюсурьмин, неостибозан, глюкантим т.б.) қолданады. Сауықпаса амфотерицин қосып антибиотиктер қолданады. Терілік түріде алғашқыда төмпешіктерге мепакрин, мономицин, уротропин, сульфат берберин салып, жара пайда болғанда осыларды жағынды ретінде қолданады. Алдын алу шараларына емдеу мекемелерінің санитарлық тазалығын сақтау, адамдардың жеке басын москиттерден қорғауы, ВЛ-дың табиғи резервуарларымен (иттер, қасқырлар, шакалдар) күрес жүргізу, ВЛ тіркелген табиғи ошақтарда москиттерге қарсы шаралар жүргізу жатады.