- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
Эндемиялық қайталама сүзек - зоонозды табиғи-ошақты ауру, тропикалық, субтропикалық елдерде кездеседі. Боррелиялардың 20-дан астам түрлері осы аурудың қоздырғышы болып табылған. Соның ішінде жиі ауру тудыратын түрлері – Borrelia duttoni және Borrelia persica.
Тұқымдастығы: Spirochaetaceae; Туыстастығы: Borrelia; Түрлері: Borrelia duttoni, Borrelia persica.
Морфологиясы. Пішіні бұранда тәрізді, 12 иірімі бар, ұштары үшкірленген. Жасушалары көлденеңінен бөлініп көбейеді.
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері.
Дақылдандыруды тәжірибелік жануарлар организмінде, қоянның сарысуы, ұйытылған жұмыртқа ақуызы қосылған (Клигер – Робертсон, Аристовский - Гельцер , Келли) орталарда жүргізіледі, оптималды өсу температурасы 28 – 30 0С, баяу өседі (4-7 күн, кейде 2 – 3 апта), рН 7,2 – 7,4 . Ферменттік белсенділігі нашар зерттелген.
Антигендік құрылымы толық зерттелмеген.
Патогенділік факторларлары толық зерттелмеген. Тәжірибелік жануарлардың ішінде қояндар, иттер, теңіз шошқалары, егеуқұйрықтар, ақ тышқандар және т.б. боррелияларға сезімтал.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Табиғатта боррелияларды кеміргіштерден аргас кенелері тасымалдайды және қоздырғышты трансовариалды жолмен ұрпақтан ұрпаққа беріп отырады. Адамға Ornithodorus туыстастығына жататын кенелер шаққанда жұғады. Эпидемиялық және эндемиялық қайталама сүзек қоздырғыштарын биологиялық сынама арқылы ажыратады. Резистенттілігі 400 жоғары температураға сезімтал. 45 – 500 температурада 30 минутта өледі, ал 00С - тан төмен температурада бірнеше тәулік; мұздатқанда (-70 - 900С, глицерин қосып) бірнеше ай сақталады. Дегидротациялаған кезде тез өледі. Дезинфектанттардың көбіне сезімтал, бірнеше минуттан кейін қырылады.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті.
Кенелі қайталама сүзектер табиғи ошақты ауруларға жатады. Негізгі эпидемиологиялық көріністері ауылдық ошақтармен байланысты. Боррелиялардың симптомсыз тасымалдаушылары жылы қанды жануарлар (кеміргіштер, кірпілер, жарқанаттар және т.б.) және жәндік қоректі салқынқандылар (кесірткелер, тасбақалар және т.б.). Сонымен бірге кенелерде тасымалдаушы болады, олар қоздырғышты трансовариалды жолмен (жұмыртқасы арқылы) еш өзгеріссіз, барлық даму циклынан өте отырып, жылдар бойы сақтай отырып, 5 – 6 ұрпағына дейін береді. Жұмыртқасынан басқа, личинкалары, нимфалары, ересек түріде (имаго) қоздырғышпен жұқтырылады. Аргас кенелерінде тасымалдаушылық 10 - 15 % жағдайда кездеседі. Қоздырғыш кене шаққанда жұғады. Науқастанушылық тропикалық және субтропикалық елдерде, сонымен бірге оңтүстік аймақтарда және қолайлы климаттық жағдайы бар мемлекеттерде (Африка, Америка, Евразия) жиі кездеседі. Кене шаққан орында аздаған қанау, төмпешік, айналасы қызарған шеңбермен қоршалған зақымдану пайда болады. Жасырын кезеңі кене шаққан уақыттан бастап 5 – 14 күн. Науқастарда температурасы көтеріледі (38 – 39 кейде 400С). Қызбалық кезең 1 – 5 күнге созылады, бас ауру, кейбір аймақтағы бұлшық еттерде (әсіресе балтырдың) ауыру сезімі, интоксикация, беттің сарғаюы дамиды. Зәрде ақуыз табылады. Апирексиялық кезең басталады, яғни дене температурасының 35,60C дейін төмендеуі және әлсіздік. Қызбалық ұстама 5- 7 күннен кейін қайталанады, кейіннен 1- 2 күнге дейін қысқарады, кейде бірнеше сағатқа дейін болуы мүмкін. Ұстаманың саны 3 – тен 28 – ге дейін, орташа саны 8 – 12. Ауру 1 – 2 айға созылады. Ауру жазылумен аяқталады, кейде асқыну байқалады. Өлім – жітім сирек кездеседі.
Микробиологиялық диагноз қою. Микробиологиялық диагноз қою эпидемиялық қайталама (биттік) сүзекке ұқсайды. Қан тамшысын Романовский – Гимзе әдісімен бояп және гистологиялық препаратты күмістендіріп, микроскопта қарайды, сонымен бірге қаннан «қалың» және «ілінген» тамшы дайындау арқылы боррелияларды анықтайды. Аурудың екінші аптасының соңында серологиялық тәсілдер, яғни ИФТ, РНИФ, иммунды блотинг әдістері қолданылады. Боррелияларды анықтау үшін 1 мл науқас қанын теңіз шошқаларының тері астына, құрсақ қуысына енгізу, бір тамшысын ауыз, мұрын көз конъюнктивасына тамызу арқылы жұқтырып бақылауға болады. 5 – 7 күннен кейін жануар қанында боррелиялар жеткілікті мөлшерде жиналады. Ақ тышқандардың құрсақ қуысына жұқтырғанда да 48 сағаттан кейін боррелияларды жануар қанынан анықтауға болады. Қоздырғыштың ДНҚ-ын қаннан немесе қан сарысуынан анықтау үшін генодиогностиканың кез келген түрін, соның ішінді ПТР қолануға болады. Аргастық кенелі боррелиозды эпидемиялық биттік қайталама сүзектен, безгектен және басқа да қызбалық аурулардан ажырату керек
Инфекцияларды емдеу мен алдын алу Тетрациклин, ампициллин, левомицетин, жаңа макролидтер және басқалары тағайындалады. Арнайы сақтандыруы жоқ. Індетпен күрестің негізгі шаралары - биттерді жою, ауруларды уақытылы анықтау, ошақта болған адамдарды санитарлық өңдеуден өткізу, кенелерден сақтану , кенелерге қарсы репелленттерді қолдану және т.б.
