Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.

Барлық аурулалардың ішінде жедел респираторлы ауру (ЖРА) бiрiншi орын алады. Бiрнеше себептерге байланысты ЖРА қоздырғыштары өте көп (130-ға дейiн) қиылысу иммунитетi жоқ болғандықтан: эффектi вакцинаның болмауы, жұғу жолдары өте қарапайым (ауа тамшылы). ЖРА-ның қоздырғыштарына мына вирустар жатады: ортомиксовирустар, парамиксовирустар, короновирустар, реовирустар, пикорновирустар және аденовирустар.

11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп

Ортомиксовирустар (грекше: Orthos-тікелей, тура myxa-клегей, шырыш) деп аталуы тыныс алу жолдарының шырышты қабатының мукопротеидтеріне бейімділігімен, яғни жасушалардың беткейлік рецепторларына- гликопротеиндеріне жабысу қаблеттілігімен байланысты. Құрамында адамның және жануарлардың кейбір түрлерін зақымдайтын А типті грипп вирусы бар, және тек адамдар үшін қауіпті В және С типті грипп вирусы.

Грипп (grippus) – тыныс алу жолдарын зақымдайтын, дене қызбасымен, жалпы ағзаның улануымен жүрек–тамыр, жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын, вирустар қоздыратын адамдардың жедел жұқпалы ауруы, ол

айқын эпидемиялық таралумен сипатталынады. Грипптің әр эпидемиясы адамдардың денсаулығына ауыр зиян келтіріп және мемлекеттің экономиялық ақуалын төмендетеді. Грипптің жұқпалы табиғаты Гиппократтың (412 ж. б.з.д.). кезінен белгілі. «Грипп» деген атты 18 ғасырда француз дәрігері Ф. Брус берген болатын. Италияда бұл ауруды «инфлюэнца» деп атаған. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғында адам заты белгілі қатерлі «испанки» деген грипптің эпидемиясына ұшырады. 1918 жылы Испанияда эпидемия туралы алғашқы мәлімет алынды. «Испанка» жер шарында таралып, шамасы 1,5 млрд адамға жұқты (жер шарында 1918 ж. – шамасы 2 млрд. адам). Бұл 20 млн. адам өмірін алып кетті – бірінші дүниежүзілік соғыстан да көп адам өлді. Кәзіргі кезде үш серологиялық типі белгілі – А, В және С. 1933 ж ағылшын зерттеушілері: В. Смит, К. Эндрюс, П. Лейдлоу А гриінің вирусын ауру адамдардан бөліп алды, гриптің этиологиялық құрылысын алғашқы жаңа этапқа жатқызды – ол жер шарындағы ең көп инфекциялардың бірі. Т. Френсис 1940 жылы бұрынғы штамдардан айқын ерекшеліктері бар гриптің вирусын анықтады. Алғашқы В. Смит, К. Эндрюс және П. Лейдлоулар анықтаған штаммаларды-А типті, ал Т. Френсистің анықтаған штаммаларды – В типті деп атау ұсынылды. Р. Тейлор 1947 жылы С типті гриптің жаңа вирусын бөліп алды. Індет таратуда вирустардың ең қауіптісі А типті вирусы. Ол адамдарда және құстарда грип ауруын туғызады. В грипп вирусы шектеулі ғана аймақта таралады. Ал С типті вирусы оқта-текте (сопрадикалық ) болатын тұмау. ДДҰ(ВОЗ) –ның 1980 жылғы классификациясы бойынша тұмау вирустарын 3 типке бөледі: А,В,С. Гриптің эпидемиологиялық кезеңінде А типі вирус көп мөлшерде таралады, ол антигендік құрылымының кезкелген өзгергіштігіне байланысты, барлық пандемияны шақырушы. 1957 жылдан бастап гриптік эпидемия әр жыл сайын болады. Грипп А вирусының пiшiнi сфера тәрiздi, диаметрi 80-120 нм. Сыртқы қабықшасы бар, эфирге сезiмтал бiр жiпшелi. Суперкапсиді бар, екі гликопротеидтен-гемагглютинин және неираминидазадан тұрады. Нуклеотиттен бөлек вирионды қоршап тұратын, липидті-базальды мембранасы бар, вирион нуклеокапсидi РНҚ-ның 8 фрагментiнен және 4 капсидтi ақуыздан тұрады. РВ1-траскриптаза, РВ 2-эндонуклеаза, NР-нуклепротеид РА-репликаза. Нуклеокапсид М1 матрикстi ақуызбен қапталған. Тұмаудың А типінде антигендерінің (гемагглютинин-НА және нейрамидазада – NA) айырмашылығы бар бірнеше типшелер жатады: гемагглютинин бойынша 15 антигендік типшелер ( H1-H15) және нейрамидаза бойынша (N1-N10). Солардың ішінен адамдарда ауру қоздыратын А грипінің құрамына үш НА(Н1,Н2,Н3) және екі (N1, N2) кіреді (11.1.сурет).

Гемагглютининнiң негiзгi қызметтерi:

  • Жасушалық рецепторды таңуы.

  • Жасуша мембранасымен вибрионның мембранасын және лизосоманың мембранасымен қосылуын қамтамасыз етедi. Вирионның жасушаға кiруiне жауап бередi.

  • Вирустардың пандемиялығын анықтайды.

  • Иммунитеттiң құралуында жауап бере отырып, протективтi қасиетке ие. Гемагглютиннiң типтерiн ажырататын грипп А вирусының 15 антигенi табылған (Н1-Н15).

  • Нейраминидазының негiзгi қасиеттерi:

  • Жасуша мембранасынан және қайта синтезделген вириондарды нейрамин қышқылдардан бөле отырып, вириондардың диссеминациясын қамтамасыз етедi.

  • Гемагглютининмен бiрiгiп вирустардың пандемиялық және эпидемиялық қасиеттерiн анықтайды.

Вирустарда 10 түрлi (1-10) нейраминидаза варианттары табылған.

Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae)құрыласы

Грипп А вирусының репродукциялануы

11.1.сурет

Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А.

Резистенттілігі. Вирустар қыздырғанда (65ºС 5-10 мин iшiнде өледi) кептiргенге күн сәулесi әсерiне, УКС-не сезiмтал. Дезинфектанттардың детергенттеріне сезімтал, эфирге, қышқылға, сiлтiлерге тез жойылады. Өте төменгі (-70 ºС ) теперартурада ұзақ сақталады, 4 ºС температура жағдайында бір аптадан соң патогенділігін жояды, бөлме температурасында тіршілігін 1-2 тәулік сақтайды.

Антигендік құрылысы: Терең орналасатын капсидтік қабықша антигені рибонуклеопротеид және М-ақуыздарымен байланысады. Осы антиген құрылысы бойынша грипп вирусының А,В және С типтерін ажыратады. Суперкапсидтің қабықшадағы беткейлі антигендер гемагглютинин және нейраминидаза- вариант спецификалық антигендер бар.

Дақылдандыру: Грипп вирусы ұлпа дақылдарында және тауық эмбрионында жақсы өседі. Репродукциялануы адам эмбрионының бүйрек жасушалар дақылында өтеді.

Клиникасы, патогенезі және эпидемиологиясы. «Испанка» деп аталған А типті грипптің ең ауыр пандемиясы 1918 жылы болды 20 млн адам өлімге ұшырады. 1957 жылы А грипптің пандемиясы азиаттық вирусымен шақырылған, 2 млрд адам зақымдалды. Грипп – эпидемиялық таралуы жоғары, тыныс алу жолдарының жедел инфекциясы. Жұқпа көзі – науқас адам, таралу жолы – ауа-тамшылы. А грипп вирусы адамға және жануарларға патогенді; В және С грипп вирусы адамға ғана патогенді. Аурудың өршуі қыс мезгілінде және әрбір он жыл сайын пандемиясы өтеді.

Тыныс жолдарындағы, көмейдiң Иммунитет созылмалы түрде, бiрақ типоарнайы түрде болады.

Адам ағзасында вирустың негізгі таралуы (локализациясы) – трахея, бронхлардың тыныс алу жолдарының шырышты қабатының эпителиальды жасушаларында грипп вирусы көбейiп, клиникалқ белгiлерi бойынша трахея бойымен ауырсынып, құрғақ жөтелмен айқындалады. Зақымданған жасушалалардың өнiмдерi қанға өтiп температурасының 39ºС-қа дейiн көтерiлуiне және интоксикацияға алып келедi. Ауру жалпы симптомдарымен басталады; қызба, дене қалтырау, бас және бұлшықеттерінің ауруы, көз симптомдары (көзден жас ағу, көздің ашуы т.б.). Кейін респираторлық белгілері қосылады; жөтел, мұрыннан су ағу, фарингит, ларингит, 3-4 күннен соң жазылу байқалады. Патогенезі. Төменгі тыныс алу жолдарының эпителиальдық жасушаларының микопротеиндік рецепторларын да грипп вирусы гемагглютининнің көмегімен адсорбциялайды. Нейраминидазаның қатысуымен эндоцитоз арқылы клеткаға енеді. Зақымдалған Жасушаның ядросында вирустық РНҚ-ның репликациясы, вирустық ақуыздардың синтезі, жаңа вириондардың жиналуы өтеді. Жасушадан вирус бүршіктенумен шығады. Тыныс алу жолдарының шырышты қабатындағы эпителиоциттердің мембранасының бұзылуынан эрозиялар пайда болады. Эрозияланған беткейлерден вирус қанға өткен соң вирусемия дамиды. Ол жоғарғы температурамен, бұлшық еттер мен сүйектердің ауруымен, цитоксикациямен білінеді.

Иммунитеті. Гриппке қарсы иммунитеттің деңгейін секреторлық IgAS белгілейді.

Лабораториялық диагностикасы:

Вирустарды бөлiп алу үшiн, диагностикалық зерттеу үшiн мұрын жұтқыншақтың жұғындысын алады. Келесi әдiстердi қолданады:

  • Вирусологиялық зерттеу.

  • Серологиялық зерттеу

Экспресс-диагностикалық әдіс.

  1. риноцитоскопия – Романовскии-Гимзе әдісімен жұғынды таңба дайындап бояйды

  1. серологиялық әдіс – жұпты сарысуларды зерттейді, ГАТР, РИФ.

  2. генетикалық анализ әдістері.

Вирусологиялық зерттеу – қоздырғыш гриппен ауырған науқастың алғашқы бес күнінде мұрын-жұтқыншақ шайындысынан бөліп алып, 10-11 күндік тауық эмбриондарының амнион және аллантоистық қуыстарына жұқтырады. Адамның, маймылдардың бүйректің біріншілік дақылдарына жұқтырады.Тауық эмбрионының зақымдалуы, адам эмбрионының жасуша дақылында өте сирек қолданады. Вирусты ГАР және ГАТР көмегiмен идентификациялайды.

Серологиялық зерттеу грипп вирустарының түрлi серологиялық типтерiнiң эталонды штамдарының жинағы болып табылатын, стандартты диагностикумдары КБР және ТГАР - на сезiмтал болып табылады, ол бiр ғана вирустық серотипiнiң барлық штамдарының антиденелерiн табуға қабiлетi бар. Диагностикалық маңызы ол (грипптiң эпидемия кезiнде) жұп қан сарысуындағы антидененiң титрiн 2 рет көбейетінін көрсетедi. Егер антидененiң титрi өспеген жағдайда, грипп жоқ екендiгiн көрсетпейдi.

Экспресс диагностикасы. Иммунофлюоресценттi Кунс әдiсi, қоздырғыштың әр түрлерi үшiн арнайы және әмбебап болып табылады. Вирустардың антигендерi флюоресценттi антиденелер арқылы тiкелей және тiкелей емес жолдармен жүргiзiледi: зерттеу үшiн мұрын жұтқыншақтан жұғынды алады, қоздырғышпен залалданған жасуша дақылдарын алады. Препарат дайындау үшiн материалды 10 минут центрифугирлеп, тұнбасынан бiрнеше заттық шыныларына штативтi жұқпа дайындайды. Оны түрлi флюоресценттi (АI, АII) В грипп вирустарына қарсы антисарысулармен өңдейді, оны микроскоппен көргенде, жасуша iшiнде, жылтыраған вирусты қосындылар көрiнеді. Аденовирустар ядрода, гриппен парагриппте, цитоплазмада домалақ немесе овальды қосындылар көрiнедi. Жылтыраған вирусты қосындылар бiртiндеп немесе қосақталып орналасады.

Науқастан алынған зерттелетiн материалдан вирустық антигендердi табуға арналған, иммуноферменттiк анализ меңгерiлген.

Емдеу үшiн химиопрепараттар қолданады, амантадин және ремантадин (тек қана грипп А вируста әсер етедi) гриппке қарсы иммуноглобулин, интерферон. Иммунитет тудыру үшiн мынындай вакциналалардың типтерiн ұсынады:

  • Вирустың аттенуирленген тiрi вакцинасы.

  • Толықвирионды өлтiрiлген.

  • Субвирионды вакцина.

  • Суббiрлiктiк вакцина, құрамында тек қана гемагглютинин және нейраминидаза болады.

Грипп В вирусының А типті антигендiк құрылымы, Н және N бойынша ерекшеленедi. Антигендiк дреиф процессi әлсiз айқындалған. В типi эпителияның жергілікті түрінің шығуына себепкер. Грипп В вирусы тек қана антигендiк құрылымы бойынша ғана емес, басқада белгiлермен ерекшеленедi. Грипп С вирусының геномы 1 жiпшелi 7 фрагменттi негативтi РНҚ-дан тұрады. Вируста нероминидаза болмайды. Вирус тауық эмбрионында бейiмсiз және төменгi температурада (32-33ºС) өседi. С типтегi вирус гриптің спарадиялық ауруларын тудырады.

Арнайы – алдын алу шаралары. Қазіргі кезде гриппке қарсы бірнеше вакциналар қолданылады. Ремантидин, оксолин, интерферондар (неовир), реальдерон, гамма-глобулин. Грипптен кейін дамитын бактериальдық асқынулардан сақтандыру үшін антибиотиктер және сульфаниламидтерді қолданады. Вирустардың дреиф және шифт антигендiлiгi эпидемияның үздiксiздiгiн қолдайды. Гендегi нақты мутациялар арқылы шақырылған Н антигенiнiң өзгерiсi гемаглютининнiң антигендiк қасиетiнiң сапалық жағынан өзгерiске алып келуiн дреиф деп атаймыз. Антигендiк шифт кезiнде екi вирус аралығындағы рекомбинация негiзiнде толық геннiң алмастыруын айтады.