Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

2.1.Грам оң коктар

2.1.1. Стафилококтар

Стафилококтар – грам оң коктар, әдетте жағындыда жүзімнің шоғыры тәрізді орналасады. Стафилококтарды 1880 ж. Л. Пастер мен бір-біріне қатыссыз Огстон ашқан. 1884 ж. Розенбах толықтай сипаттап анықтамасын берді. Стафилококтар - Micrococcacеae тұқымдастығына, Staphilococcus туыстастығына жатады, бактериялардың 31 түрі бар. Соның ішінде адам патологиясында жиі патогенді қасиетін көрсететін түрлері:

S. aureus - алтын түсті стафилококк

S. epidermidis - эпидермальды стафилококк

S. saprоphуticus - сапрфитті стафилококк.

Морфологиясы. Стафилококтар грам оң, шар тәрізді жасушалар, қалыпты жағдайда жағындыда жүзімнің шоғыры тәрізді орналасады (2.1.сурет), жалғыз және қосарланыпта орналасады, грам оң, талшықтары болмайды, спора түзбейді. Жасуша қабырғасының негізгі компоненті пептидогликан, рибитихой және глициринтейхой қышқылдары

және А протейінен тұрады. Көптеген стафилококтар беткей орналасқан капсула түзеді.

2.1.сурет. Стафилококтар-электронды микроскоптағы көрінісі /http://www.hesslewoodlodge.com/

Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Стафилококтар қарапайым ортада (рН 7,0-7,5) өседі. Cтафилококтар құрамында тұздың жоғарғы концентрациясы бар элективті қоректік орта сарыуызды тұзды агар немесе сүтті тұзды агарда жақсы өседі. Сарыуызды-тұзды агарда қоректік ортада крем түсті бұлыңғыр дөңгелек сары түсті, ұсақ шеттері тегіс, домалақ пішінді әр түрлі пигменттелген (сарғыш, сары, қызыл-сары түсті) колониялар түзеді (2.2.сурет). Қанды агарда колониялар гемолиз зонасын түзеді. Қалыпты жағдайда 15% NaCl қатысуымен 45°С-да жақсы өседі. Сондықтан элективті ортада лецитовителлаза ферментінің түзілуіне байланысты колониялар айналасында тәж тәрізді сақина орналасады. Сұйық қоректік ортада біркелкі лайланып,кейін клегейлі тұнба түзеді.

Пигмент түзу түріне қарай

  1. Staphуlococcus aureus – алтын түсті пигмент

  2. Staphуlococcus albus – ақ түсті пигмент

  3. Staphуlococcus citreus – лимон сары түсті пигмент

Стафилококтардың биохимимялық активтілігі жоғары: (2.1кесте). Каталазопозитивті, нитраттарды нитритке айналдырады, Фогеса-Проскауэра реакциясы оң, ақуызбен майларды белсенді гидролиздейді, анаэробты жағдайда глюкозаны газсыз қышқылға дейін ашытады. Глицеринді, глюкозаны, лактозаны, сахарозаны, маннитті ферменттейді, әр түрлі ферменттер түзеді (плазмокоагулаза, фибринолизин, лецитиназа, лизоцим, сілтілі фосфатаза, ДНҚ-аза, гиалуронидаза, теллуритредуктаза, протеиназа, желатиназа және тағы басқалар). Аталған ферменттер стафилококтардың метаболизіміне қатысып, оның патогенділігін айқындайды. Фибринолизин мен гиалуронидаза стафилококтардың инвазивтілігін жоғарлатады, плазмокоагулаза фагоцитоздан қорғап протромбинді тромбинге айналдырады фибриногеннің ұюына алып келеді, нәтижесінде стафилококтың әр жасушасы фагоцитоздан қорғалынатын ақуыздан тұратын қабықшамен қоршалады.

Staphylococcus aureus

Грам әдісімен боялған

СУА-да өсуі

Қанды агарда өсуі

Staphylocoсcus epidcrmidis

Грам әдісімен боялған

Ет-пептон агарында өсуі

Қанды агарда өсуі

2.2 сурет. Стафилококтардың морфологиялық және дақылдық қасиеттері / Медициналық микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.)./

Антигендік құрылымы. Стафилококтарда 50 - ден астам антигендердің типі анықталған, оның әрқайсысына қарсы антиденелер түзіледі. Осы антигендердің көпшілігі аллергиялық қасиеттерге ие. Талғампаздығы бойынша антигендерді туыстық антигендер (жалпы Staphylococcus туыстығы үшін); адамның эритроциттерінің, терісінің, бүйрегінің изоантигендерімен ортақ, қиылысқан әрекеттесуші-антигендер (аутоиммунды аурулар осылармен байланысты); түрлік және типті спецификалық антигендері болады. Түрлік спецификалық антигендерге S.аureus түзетін А ақуызы антиген жатады. А ақ уызы антигенінің иммуноглобулиндермен әрекеттесуі, науқастың ағзасындағы комплемент жүйесімен фагоцитоздың қызметінің бұзылуына алып келеді.

Патогенділік факторларлары. Патогенділік белгісі болып маннитті ыдыратуы, гемотоксин, некротоксиннің барлығы патогенділік көрсеткіші болып табылады. Стафилококтар бізді қоршаған ортада, ауада, шаңда, адам терісінде ауыз мұрын қуысында, жарақаттарда кездеседі. Патогенділік факторлар қатарына комплемент байланыстыратын, фагоцитозға тосқауыл қоятын - капсула, сонымен қатар опсонизацияны тоқтатып және комплементтердi тежейтін А ақуызды жатқызуға болады. Адамдарда жиі патогенді – қасиетін көрсететін стафилокок түрі бұл алтын-сары түсті стафилококк, олар фагоцитоздаушы жасушаларды бұзатын токсиндердi, соның iшiнде лейкоцитиндi бөлiп шығарады. Гемолизиндер (a, y, c) адам және жануар эритроциттерiн лизиске ұшыратады. Стафилококк бөлiп шығаратын энтеротоксиндердiң (А, В, С, Д, Е, F) әсерi тағамынан улану процесстерін шақырады. Жаңадан туылған нәрестелерде стафилококк бөлiп шығаратын энтеротоксинердiң әсерi тағамынан улану процесстерін эксфолиативтi токсиндер орныққан, олар импетито, жалпылама Жәншәу тәрiздi бөртпе тудырады.

Стафилококк инфекциясы патогенезiнде экзоферменттерінің қасиеттері:

  1. плазмакоагулаза-қанды ұйытады

  2. гиалуринадаза-ұлпада стафилококтың таралуын қамтамасыз етедi

  3. лецитиназа-лецитиндi бұзып, лейкопения жағдайын тудырады

  4. фибринолизин-жергiлiктi қабыну ошағына қарсы тұратын фибриндi ерiтедi

Стафилококк төмендегі қасиетке ие токсиндер бөліп шығарады:

  1. гемолизин – эритроциттерді лизиске алып келеді.

  2. лейкоцидин лейкоциттерді жоюшы

  3. некротоксин - ұлпаны некрозға алып келеді

  4. летальді токсин - жануарларды өлімге алып келеді

  5. энтеротоксин– тағамнан улануды шақырушы токсин

  6. эксфолатин– күйген тері синдромын тудырады

Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Стафилококтар адам организмiнiң қалыпты микрофлорасының құрамына кiредi. Олар өсiмдiктерде, жерде, ауада, күнделiктi қолдануда жүрген заттарда болуы мүмкiн. Бактериотасымалдағыш қасиетi А ақуызының мөлшерiнiң азаю салдарынан пайда болады. Емханаларда iрiңдi қабыну процесстерi көрiнiс беретiн науқастар стафилококтардың негiзгi ошағы болып табылады. Стафилококтар қоршаған ортада көп уақытқа дейiн тұрақты болу салдарынан қарым-қатынас (контакт) арқылы жұғады. Стафилококтар құрғатуға тұрақтылығы жоғары, оларда күн сәулесiнiң зор әсерiне қарсы арнайы пигмент бар. Қайнатқанда 70-80ºС 20 мин ішiнде жойылады. Дезинфекциялаушы заттар 15-20 мин. 3% (фенол) немесе 2-5 мин. 1% (хлорамин ерiтiндiсi) стафилококтарды жояды.

Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Стафилококтар ағзаға терімен, шырышты қабаттың жарақаты арқылы еніп әр түрлі аурулар тудыруы мүмкін, жас өспірімдердің безеулерінен бастап (acne) ауыр, летальдығы 80% - ға жететін перитонитке, эндокардитке, сепсиске және септикопиемияға алып келуі мүмкін. Стафилококтар сыздауықтардың, гидроадениттердің, абсцесстердің, флетмоналалардың, остеомиелиттердің; соғыс уақытында-жарақаттардың іріңді асқынулардың себебі болып табылады. Аллергиялық қасиеттері болғандықтан псориаздың, геморрагиялық васкулиттің, тілменің, бейарнайы полиартриттің себебі болады. Стафилококтармен инфицирленген ас тағамдармен уланулардың жиі кездесетін себептері болады. Стафилококтар-жаңа туылған балалалардың сепсисінің негізгі себепшісі, сепсистің (септицемия-іріңді қан) негізінде ретикулоэндотелиальды жүйенің ағзалалардың жарақатына алып келеді. Септикопиемия – қоздырғыштар әр түрлі ағзалармен ұлпаларда іріңді ошақтарды шақырады, яғни бұл іріңді метостаздармен асқынған сепсис. Сау адамдардың ағзасы стафилококтарға тұрақты. Стафилококты инфекциялардан кейін антитоксиндер пайда болады, ол стафилококтарға қарсы тұрақты иммунитет тудырады. Шырышты қабаттың жергілікті иммунитерін IgA- қамтамасыз етеді.

Микробиологиялық диагноз қою. Стафилококк инфекциясының зерттеу материалдары: iрiң, экссудат, жарақат бөлiндiлерi, таңу материалдары, сепсиске күдiк туғанда қан, мұрын-жұтқыншағы мен көмей кiлегейiнен алу. Бактериоскопиялық зерттеу әдісінде жұғынды дайындап, Грам әдісімен бояп, микроскоп арқылы көреміз. Бактериологиялық зерттеуде (2.2. кесте) материалды ілмекпен қанды және сарыуызды тұзды- агарға (СУТА) егеді, келесі күні өскен колонияларға сипат береді. Сарыуызды тұзды ортаның бетiнде дөңгелекше келген, пигменттелген (алтын түстес, лимон сияқты сары, ақ) шеттерi тегіс колониялар түзедi, ал сұйық ортада тек шектелген лайлануды тудырады, қанды агарда гемолиздiң бар немесе жоқтығы байқалады. Лецитиназды активтiлiкке ие стафилококтардың колониялары шетiне күлгiн жылтыр түспен шектелген лайлануды тудырады (2.2 сурет).

2.2. кесте. Стафилококты инфекциялардың бактериологиялық диагностикасы

Зерттеу күні

Зерттеу түрі

1-ші күн

Зерттеу материалды сары-уызды тұзды агарға егу

Қанды қантты сорпаға егу

2-ші күн

Қоректік ортада өскен стафилококтардың колонияларынан таза дақыл бөліп алады

3-ші күн

Дақылдық қасиеттерін зерттеу

Грам әдісімен боялған жұғандыны микроскоппен көру

Коагулазалық сынақ қою

Анаэробты ферментацияны анықтау үшін маннитті ортаға егуі

ДНҚ –лық белсенділігін анықтау

Фаголизабельдікті анықтау

Антибиотокограмманы анықтау

4-ші күн

Нәтижені қортындылау

Плазмокоагулаза реакциясы. Екi немесе араластырылған қан плазмасын 0,4 мл мөлшерiнде шыны түтiкшеге құйып, стафилококк дақылынан бiр бактериологиялық бұғаудан енгiзiп термостатқа 37ºС-мен 2,4 және 24 сағаттан кейiн тәжiрбие нәтижесi ретiнде плазмокоагулазалық қою тұнба түсетiнiн байқайды. Ауруханалық жұқпа ошағын анықтау үшiн науқастардан және бактериотасымалдаушы адамдардан таза дақылды бөлiп алады, кейiн арнайы стафилофакоктар жиынтығының көмегiмен фаготиптеуді жүргiзедi. Фагтарды этикеткада белгiленген титрге дейiн араластырып, зерттелетiн дақылдарды Петри табақшасындағы қоректiк ортаға газонмен егеді, кептiрiп, кейiн Петри табақшасында алдын ала белгiленген квадраттарға сайма сай келетiн фагтар тамшысын бұғаудың көмегiмен тамызады. Нәтижесiн лизис дақылының бар жоғын анықтау арқылы бақылайды.

2.1 кесте. Стафилококтардың түрлерінің негізгі дифференциальды белгілері. /Тец В.В.Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии-М.:Медицина,2002./

Белгілері

Түрлері

S.аureus

S.epidermidis

S.saprophyticus

S.intermedius

Плазмокоагулаза

ДНК-аза

Гемолиз

Алтын түсті пигмент

Маннитті ұйытуы

Гиалуронидаза

Фосфатаза

Тотығуы

манниттің

трегалозаның

Новобиоцинге тұрақтылығы

(-)

(-)

-

-

-

-

-

-

?

-

-

-

-

-

-

-

-

?

-

-

-

?

?

-

Стафилококты инфекциялардың емдеуі мен алдын алуы. Медициналық қызметкерлер мен перзентханалардағы стафилокок тасымалдаушыларды анықтауда санация – алдын алу шараларының негiзгi бағыты б.т. Стафилококты инфекцияларды емдеу үшін міндетті түрде стафилококтардың антибиотиктерге сезімталдығын тексергеннен кейін біріншіден бетта-лактамды антибиотиктерді қолданамыз. Стафилококты инфекцияны антибиотик және сульфаниламидтi препараттармен емдейдi. Септикалық процестерде стафилококқа қарсы иммуноглобулин енгiзiледi. Стафилококты инфекциялардың ауыр және созылмалы түрiн емдеу үшiн антимикробты және антитоксиндi антиденелердiң синтезiн реттейтiн стафилококты анатоксин және антивакцина, стафилококтарға қарсы (адамның) иммуноглобулин, антистафилококты плазма қолданылады. Жаңа туылған балалардағы стафилококты инфекциялардың алдын алу ерекше проблема болып табылады. Жүкті әйелдерге стафилококты анатоксин егеді, туған әйелдердің сүтін тексереді, егер ол сүтте стафилокок болса, балаға сүтті қайнатып беру керек. Стафилококтарға қарсы жасанды иммунитет тудыру үшін стафилококты анатоксин және (таблетка немесе сұйық), өлі стафилококтардан дайындаған вакцина қолданады.

Тесттер.

1. Стафилококкты инфекцияға күдіктенгенде зерттелетін материалды қайда егеміз:

  1. СТА және ҚА

  2. өт сорпасы

  3. Эндо ортасы

  4. сарысулы агар

  5. теллуритті орта

2. Эксфоллиатині бар стафилококктар тудырады:

  1. Жәншәу

  2. тамақтан улану

  3. энтерит

  4. нәрестенің күлдіреуі

  5. Сепсис

3. Стафилококктардың колониялары... болады.

  1. шеті тегіс пигменттелген

  2. түссіз мөлдір

  3. ұсақ құрғақ

  4. ірі, кедір-бұдыр

  5. түссіз, лайланған

4. Стафилококктар ... туғызбайды.

  1. Жәншәуны

  2. остеомиелитті

  3. перитонитті

  4. фурункулді

  5. сепсисті

5. Стафилококктар жұғындыда ... орналасады.

  1. жүзім шоғырына ұқсас

  2. тізбекті түрде

  3. жұптасып

  4. балықтардың шоғыры түрінде

  5. тетрада түрінде

6. Стафилококктарды элективті ортада өсіру ... болып табылады.

  1. сарыуызды-тұзды агар

  2. сілтілі агар

  3. Китта-Тароции ортасы

  4. пептон суы

  5. ет пептонды агар

7. Стафилококктардың фагоцитозды тежемейтін патогенділік факторларына ... жатады.

  1. гиалуронидаза

  2. А ақуызы

  3. капсуласы

  4. тейхой қышқылы

  5. токсиндері

8. Стафилококкты сепсистің микробиологиялық диагноз қоюнда ... қолданады.

  1. қанды қантты сорпаға егу

  2. қанды тікелей микроскоптау

  3. қанды агарға егу

  4. агглютинация реакциясы

  5. аллергиялық сынама

9. Стафилококктар тұқымдастығы:

  1. Micrococcaceae

  2. Streptococcaceae

  3. Neisseriaceae

  4. Bacillaceae

  5. Brucellaceae

10. Стафилококктардың кең тарауына ... ықпал етеді.

  1. патогенді стафилококтарды тасымалдаушылардың жоғарлығы

  2. плазмокоагулазаны өндіру

  3. лейкоцидинді өндіру

  4. полиантибиотикке сезімталдық

  5. альфа-токсин