Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)

 Классы: Mollicutes. (жұмсақ терілік деген мағына береді). Тұқымдастығы: Mycoplasmataceae. Туыстастығы: 1.Mycoplasma. 2.Ureaplasma Түрі: M.pneymoniae, M.hominis, M.genitalium, Ureaplasma urealyticum. «Микоплазма» термині Mycoplasmataceae және Acholeplasmataceae тұқымдастықтарына жататын барлық микробтар үшін қолданылады. Микоплазмалардың негізгі таксономиялық белгісі мочевинаны гидролиздеу қабілеті болып табылады.

Соңғы жылдардағы зерттеулер барысында M. fermentans және M.penetrans ЖИТС дамуына белсенді түрде қатысатындықтары анықталған. M.pneumoniae –респираторлық инфекциялар қоздырғышы, M.hominis, M.genitalium, U.urealyticum – урогениталдық инфекциялар қоздырғыштары болып табылады.

Микоплазмоз — бұл өткір және созылмалы жұқпалы ауру, ауру қоздырғышы бактериялардың, саңырауқұлақтардың және вирустардың арасындағы бос орынды алатын микоплазма атты микроорганизмдер.

Адам ағзасында 14 түрлі микоплазма өмір сүруі мүмкін. Оның ішінде тек үшеуі патогенді болып табылады. Ол: несеп жолының қоздырушысы болып табылатын Mycoplasma hominis және Mycoplasma genitalium, және тыныс алу жолдарының қоздырушысы болып табылатын Mycoplasma pneumoniae.

Микоплазмалар шарты түрде патогенді микроағза болып табылады. Олар бірқатар ауру тудыруы мүмкін, алайда, сирек жағдайларда оны дені сау адамның бойынан да анықтауға болады.

Микоплазмоз тобы адамдарда микоплазмалармен тудыратын ауру. Олар антропонозды бактериялық инфекция. Алғашқы рет 1898 ж. микоплазмаларды Э.Нокар, Э.Ру, А.Боррель байқаған. 1910 ж. Ж.Борде мен А.Боррель қоздырғыштың толық морфологиялық сипаттамасын берген. 1929 ж. К.Новак «микоплаз­малар» деген атауды ұсынған. 1931 ж. бактериялық сүзгіштердің көмегімен Эльфорд микоплазманың көлемін анықтаған. 1937 ж. алғашқы рет Дианес пен Эдзалл бартолин бездерінің абцесінен бөлінген іріңнен адамдарға патогенді микоплазмаларды бөліп алған. 1944 ж. М.Итон атипті пневмониямен ауырған науқастан микоплазмаларды бөліп алған. 1954 ж. уретритпен ауырған науқастан Шепард патогенді Ureaplazma urealyticum бөліп алған. 1962 ж. В.Д.Тимаков пен А.С.Про­зоровский респираторлы микоплазмоздың қоздырғышы Mycoplasma pneumoniae екндігін дәлелдеген.

Микоплазмалар – жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш қабатты липопротеидті цитоплазмалық мембранадан тұрады. Микоплазмалар сфералы, сопақшалы, жіпшелі, жұлдызшалы болулары мүмкін. Микоплазмаларды Берги жіктелуі бойынша жеке топқа жіктеген. Көлемдері әртүрлі бірнеше микрометрден 125-150 нм дейін. Ұсақ микоплазмалар бактериалді сүзгі арқылы өтіп, оларды сүзгілі форма деп атайды. Микоплазмалар топырақта,іркінді суларда және әртүрлі субстраттарда анықталған. Адам және жануарлар ағзасында патогенді және патогенді емес түрлері кездеседі. Патогенді микоплазмалар тыныс алу жолдарын, зәр шығару және ОЖЖ зақымдайды. Адамға патогендісі Mycoplasma pneumonia, шартты-патогенді - Mycoplasma hominy және Т- тобы.

Қоздырғыштың түріне байланысты олар тыныс ағзаларын немесе несеп-жыныс жолдарын, өте сирек жағдайда басқа ағзаларды да зақымдайды (8.2.кесте).

Морфологиясы. Микоплазма – ұсақ сфера пішінді және жіпше тәрізді жасушалар. Спора түзбейді. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ, сондықтан үш қабатты жұқа липопротеинді мембранамен қоршалған. Осының арқасында микоплазма пішіндері тұрақты емес, бактериалық сүзгіштерден өтіп кетеді, Грамша боялмайды, ал Романовский-Гимзе әдісімен жақсы боялады. Жасуша құрылымы өте қарапайым, үш қабатты цитоплазматикалық мемранамен қатар құрылымы прокариоттық нуклеоидтан және рибосомалардан тұрады. Микоплазмалар мембраналық паразиттер. Олар эукариоттардың жасушаларында жақсы паразиттік тіршілік ете алады, осы қасиеті оларды хламидиялардан ерекшелендіреді және қоздыратын патологиялық үрдістерінің патогенезіне тікелей әсер етеді. Қозғалатын және қозғалмайтын түрлері кездеседі. Минималды репродукцияланатын бірлігі – элементарлық денешіктері. Сонымен қатар микоплазмалар бүршіктену, бұтақталған және тізбектелген түрлерінің сегментациялануы арқылы, бинарлық бөліну жолымен, жіпшелерінің кокк тәріздес ыдырап кетуі арқылы да репродукцияланады. Олар сопақша немесе шар пішінді болады. Біртіндеп ұзарып жіпшелер құрастыруы мүмкін. Прокариоттар ішінде геномының көлемі бойынша ең кішісі – микоплазмалар (риккетсия геномының 1/16 бөлігіндей). Микоплазма пенициллинге тұрақты. Дегенмен, тетрациклин мен эритромицин олардың өсуін тежейді.

8.2.кесте Медициналық маңызы бар. Mycoplasma және Ureaplasma туыстастықтарының түрлері.

№

Түрлері

Орналасуы

Тудыратын аурулары

M.pneumoniae

Тыныс жолдары

Жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынулары, трахеобронхит, атипті пневмония, респираторлы емес көріністер

M.hominis

Несеп-жыныс және тыныс алу жолдары

Пиелонефрит, жанбас ағзаларының қабыну аурулары, туғаннан кейінгі қызба, даму ақаулары

M.genitalium

Несеп-жыныс және тыныс алу жолдары

Гонококты емес уретрит (урогениталды микоплазмоз)

M.orale

Тыныс алу жолдары

Белгісіз

M.salivarium

Ауыз қуысы

Гингивит, периодонтит

M.primatum

Тыныс жолдары, маймылдардың несеп-жыныс жолдары (адамда сирек)

Маймылдарда – уретрит

M.fermentans

Несеп-жыныс және тыныс алу жолдары

Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, ревматоидты артрит

Ureaplasma urealyticum

Несеп-жыныс жолдары

Гонококты емес уретрит, нәрестелердің салмағы жетіспей туу, өкпенің созылмалы аурулары, туа пайда болған пневмония, бедеулік

Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Бірқатар ферменттік жүйелерінің болмауына байланысты микоплазмаларды дақылдандыратын қоректік орталар міндетті түрде күрделі болуы керек. Олардың құрамына аминқышқылдары, нуклеин қышқылдарының алғашқы құраушы заттары, +холестерин және т.б. заттар кіреді. 1,3% агары бар табақшаларда микоплазмалар тек қана микроскоппен өтпелі жарық арқылы қараған кезде көрінетін колониялар түзеді. Колониялардың түрі «қуырылған жұмыртқаға» ұқсас болады (8.7.сурет).

8.7.сурет Тығыз қоректік ортадағы микоплазма колониясы Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А.

Уреаплазмалардың колониялары одан да ұсақ, түйреуіш ұшы сияқты болады. Мимкоплазмаларды сорпада өсіргенде орта сәл лайланады, уреаплазманы өсіргенде орта өзгермейді. Жартылай сұйық агарда (0,3%) түтікше ұшы енген жолында ғана сәл «шаңдану» байқалады. Глюкозаны ферменттейтін микоплазмаларға (M.genitalium, M.fermentans) өсіру үшін қоректік ортаға глюкоза қосады, аргининді қорытатындарға (M.hominis) – аргинин, уреаплазмаларға – мочевина қосады. Микоплазма немесе уреаплазманың өскендігін бақылау үшін қоректік ортаға индикатор қосады.

8.3.кесте Адамға патогенді микоплазмалардың негізгі биохимиялық қасиеттері. www.health.org

Түрі

Аргининді гидролиздеуі

Глюкозаны қышқылға дейін ыдыратуы

Маннозаны қышқылға дейін ыдыратуы

Тетразолий тұздарын қалпына келтіруі (а.ж.* /ан.ж.**)

M. pneumoniae

-

+

+

+/+

M. hominis

+

-

-

-/-

M, fermentans

+

+

-

-/+

M. genitalium

-

+

/-

+/-

* а.ж. - аэробты жағдай; ** ан.ж.- анаэробты жағдай.

 Глюкозаны ферментациялаған жағдайда қышқыл бөлініп ортаның рН қышқыл жағына қарай өзгереді, L-аргинин мен мочевинаны ферменттеген жағдайда аммиак бөлініп ортаның рН-шы сілтіліге өзгереді. Микоплазмалардың таза дақылын бөліп алу үшін Хайфликтің модификацияланған ортасын, SP-4 ортасын, β-глобулинді фракциясының гидролизатының негізінде жасалған қоректік орталарға себеді. Уреаплазмалардың таза дақылын бөліп алу үшін құрамында мочевина мен индикаторы бар сорпа, стандартты агарландырылған А5К орта т.б. қолданылады. Ферменттік белсенділігі төмен (8.3.кесте).

Уреаплазмалар қанттарға инертті, диазабояуларын өзгертпейді, каталазасы жоқ; орқоян мен теңіз шошқаларының эритроциттеріне бетта-гемолитикалық белсенділік танытады, гипоксантин түзеді. Уреаплазмалар фосфолипаза, А иммундыглобулинді ыдырататын арнайы протеаза бөледі.

Антигендік құрылымы. Күрделі, жасуша мембранасында түрспецификалық антигені бар. Жоғарғы жиілікке ие мутация нәтижесінде антигендік полиморфизмі айқын байқалуымен ерекшеленеді. Химимялық құрамында полисахаридтер, ақуыздар, гликопептидтер болады. Ақуыздардың басым көпшілігі мен липидтер мембрана құрамына кіреді.

Патогенділік факторлары. Негізгі патогенділік факторлары: адгезиндер, токсиндер, агрессия ферменттері және метаболизмнің өнімдері. Мембраналық ақуыздардың кейбіреулері адгезиндер рөлін атқарады. Патогендік факторлары әртүрлі және құбылмалы.

Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Табиғатта микоплазмалар кең таралған. Жұқпа көзі – ауру адам, тасымалдаушы. Таралу механизмі – аэрогенді, негізгі таралу жолдары – ауа-тамшылы, жыныстық қатынас арқылы. Ауруға адамның сезімталдығы жоғары. Ауру оқиғаларының жиілеу мезгілі – жаз айларының аяғы мен күз айлары. Уреаплазманың жұқтыру көзі – ауру адам. Жыныстық жолмен жұғатын ауруларға (ЖЖЖА) жатады, сезімталдығы жоғары. Негізгі қауіпті топтары – гомосексуалистер мен жезөкшелер. Ерекшелігі – жиі соз, трихоманоз, кандидоз ауруларымен бірлесіп ауру тудырады. Қоршаған ортада тұрақсыз. Жоғарғы температураға, ылғалдылыққа, ультракүлгін сәулелерге шыдамайды. Ортаның рН-шы – 7,5-8,0, уреаплазмалар сілтілі ортаға өте сезімтал, оптимальды рН 6,0/-0,2. Микоплазмалар және уреаплазмалар фторхинолондарға, цефалоспориндерге, азалидтерге, тетрациклиндерге сезімтал. Кең қолданылатын антисептиктер мен дезинфектанттарға сезімтал.

Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Микоплазмалар қоздыратын инфекцияларға ғана тән сипаттамалары жоқ. Клиникалық-морфологиялық белгілері бойынша микоплазмалық инфекциялар басқа бактериялық қоздырғыштар, хламидиялар, вирустар, саңырауқұлақтар т.б. тудыратын патологиялармен ұқсас болып келеді. Сондықтан дер кезінде анықтап, клиникалық диагноз қою қиын. Микоплазмалық инфекциялар жедел түрде өтуі мүмкін, бірақ созылмалы күйге жиі ауысып кетіп отырады.

Олар жоғарғы тыныс алу жолдарының эпителтоциттерінің мембраналық паразиттері болғандықтан фагоциттер мен эпителиоциттерде персистенцияланады. Бронхтар мен альвеолардың эпителиялық жасушаларына супероксиданттардың токсикалық әсер етуінің салдарынан бронхтар мен өкпеде қабыну дамуын, бауыр, ми басқа да ағзаларға гематогендік диссеминациялануын, уретраның цилиндрлі эпителиялық жасушалар мембраналының зақымдануын тудырады. Патологиялық үрдіс сипаттамасы қоздырғыштың кіріу қақпасына байланысты. Мысалы: M. hominis фарингитпен қатар урогениталдық жолдар инфекциясын қоздыра алады. Құрсақішілік ұрықтың микоплазмозы кезінде Жұқпажоғарғы тыныс алу жолдарында, урогениталдық жолдарда, ОЖЖ-де дамиды. Микоплазмалық инфекциялар әртүрлі иммундық патологиялық реакциялармен қатар жүретіндіктен Жұқпа ағымы күрделеніп, науқастың жағдайы нашарлауы мүмкін. Олар түрлі аурулардың кофакторлары бола алады: ЖИТС, ісіктік үрдістер, артриттер және этиологиясы белгісіз түрлі синдромдардың (созылмалы шаршағыштық, Крон ауруы т.б.) себепшісі екндігі анықталған. M.pneumoniae –респираторлық микоплазмоз қоздырғышы. Респираторлық микоплазмоз өте кең таралған. Жұқпаауа тамшылы жолмен беріледі. Жұқпа көзі – жедел түрдегі науқастар немесе ауруынан толық жазылмаған тасымалдаушылар. Инкубациялық кезеңі – 3-11 күн, кейде 3 аптаға созылады. Клиникалық көрінісі әртүрлі, ол жоғары тыныс алу жолдарының қабынуы (фарингит, назофарингит, трахеит, трахеобронхит, бронхит) түрінде немесе ауырлық дәрежесі әртүрлі пневмония түрінде өтуі мүмкін. Көп жағдайларда ауру микоплазмалы-вирусты аралас этиологиялы болады. Респираторлы микоплазмоз кезінде респираторлы емес көріністер де байқалады: полиморфты эритема гемолитикалық бұзылыстар, миалгия, артралгия, бауыр зақымдалуы, эндокардиттер, ОЖЖ зақымдалуы және т.б. M.hominis, M.genitalium, U.urealyticum – урогениталиялық жолдардың микоплазмозының қоздырғыштары болып табылады. Урогениталиялық микоплазмоз халық арасында әр-түрлі топтарда кеңінен таралған. Ең жиі кездесетін топтар: жыныстық белсенді жастағы адамдар, жеңіл жүрістегілер, гомосексуалистер және т.б. Ер адамдарда микоплазмалар уретра мен үрпектің шеткі терісінде, ал әйелдерде қынап, жатыр мойны мен уретрада орналасады. Урогениталиялық микоплазмалық Жұқпажыныстық қатынас арқылы жұғады. Сонымен қатар ұрықтың жатырішілік жұғуы мен нәрестенің туу жолдарынан өту кезінде жұғатындығы да дәлелденген. Уреаплазмалар гонококтық емесе уретрит, простатит, жедел уретралық синдром, әйелдер мен ерлер бедеулігін қоздырады, сонымен қатар нәрестелердің аз салмақпен және туа пайда болған өкпе патологиясы дамуына себепші болатындығы анықталған.

Иммунитет жасушалық және гуморальдық болады. Жергілікті – SІgA иммуноглобулинін түзеді. Жеңіл түрінен кейін ұзақ емес, ауыр түрінен кейін − 5-6 жылдық иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз қою. (8.4.кесте) Респираторлы микоплазмозға күдік туғанда зерттеу материалы ретінде қақырық, мұрын, жұтқыншақ шырышы, бронх шайындысы және түсік кезіндегі ұрық пен ана құрсағында өлген баланың ішкі ағзаларынан жағынды-препараттар алынады Урогениталды инфекцияларда таңғы несептің ортаңғы бөлігі, уретра, қынаптың, цервикалды өзектің шырышты қабаттарынан қырынды алынып зерттеледі. Лапароскопия, амниоцентез жасағанда алынған материалдар да тексеріледі. Простатитте простатаның бөлігі, ер адамдардың бедеулігінде – сперма зерттеледі.

Бактериологиялық әдіс – урогениталды микоплазмаларды анықтау көбінесе тығыз орталарға, тыныс алу жолдарының микоплазмозын зерттеу – сұйық немесе жартылай сұйық орталарға себу арқылы жүргізіледі.

Микроскоптың кіші ұлғайтуында M. pneumoniae (басқа микоплазмалар емес) колониясының бетінде адсорбцияланған эритроциттер жақсы көрінеді.

Адамның урогенитальдық жолынан M. hominis, U. urealiticum, M. fermentans және сирек жағдайда басқа (патогенді емес) микоплазмалардың түрлері бөлінуі мүмкін. Олардың барлығы биохимиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді. M. hominis –аргининді, U. urealiticum – мочевинаны, алM. fermentans –аргинин мен глюкозаны ыдыратады.

8.4.кесте Микоплазмалық инфекциялардың зертханалық диагностикасыwww.health.org

Әдісі

Зерттеу мақсаты

Қолданылатын тест

Бактериологиялық

Қоздырғышты бөліп алу

Зерттеу материалын элективті қоректік орталарға себу, қоздырғыштың таза дақылын бөліп алу және оны идентификациялау

Серологиялық

Қоздырғыштың антигендерін анықтау

ПГАР, ИФР, ИФТ

Қоздырғыштың антигендеріне антиденелерді анықтау

ПГАР, ИФТ, РИТ және т.б.

Молекулалық-генетикалық

Қоздырғыштың ДНҚ анықтау

ПТР, ДНҚ-зондтау

Осы қасиеттердің негізінде олардың дифференциациясын жүргізуге болады. Әртүрлі серологиялық реакцияларды (иммунды флюоресценция, өсудің ингибициясы, метаболизм ингибициясы) қолданумен жүретін иммунологиялық әдістердің жоғарғы арнайылығы бар, бірақ өкінішке орай тек арнайы зертханаларда ғана атқаруға болады.

Дақылдағы микоплазмалардың титрін анықтау үшін он реттік сұйылту сериясын жасап, әр сұйылтуды (0,5 мл) дақылдандырудың қоймалжың ортасына (0,3%) себеді. Микоплазмалар өскен соңғы пробиркадағы колонияларды санайды және сұйылтудың дәрежесіне көбейтеді. Титрді КОЕ/мл-мен санайды. Уреаплазмаларды титрлеуді сұйық ортада жүргізеді. Ортаның түсі өзгергендігі байқалған соңғы пробиркадағы сұйылтудың кері өлшемін титр деп қабылдайды. Титрді түс өзгертетін бірліктермен көрсетеді.

Серологиялық әдістер. Микоплазмалардың антигенін анықтау. Иммундыфлюоресценциялық реакция (ИФР). Микоплазмалардың антигендерін ИФР (төте немесе жанама тәсілдерімен) арқылы анықтайды. Зерттеу материалдары: урогениталдық жолдан алынған қырындылар, мұрын–жұтқыншақтан алынған жағындылар, лаваждық және синовиалдық сұйықтық және кез-келген басқа материал. Заттық шынысы материалды кепкеннен кейін бірден суық сусыз ацетонмен немесе 96 °С спиртпен 15 мин бойы бекітеді. Содан кейін материалды бояйды, яғни ИФР қояды. Иммундық материалды жағындыға бірқалыпты етіп жағады, және ылғалды камерада термостатқа (37 °С) 25 мин қояды. Сосын препараттарды ағынды су астында (10-15 мин) және бірнеше рет фосфаттық буфермен (рН 7,2) шаяды. Препараттарды кептіреді және люминесценттік микроскопта қарайды. Сүзінділер жиынтығы, объективтер мен окулярлар – хламидияларды зерттеу кезіндегідей. Микоплазмалар мембраналық паразиттер болып табылады, сондықтан люминисценттік микроскопта олар жасушалар бетінде және оларға жақын орналасқан жерде жасыл түсті гранулалар түрінде көрінеді. Егер препаратта жарқыраған 10 гранулалардан кем болмаса нәтижелер оң болып саналады. Жалған теріс нәтижені болдырмас үшін жағындыда жасушалардың үлкен мөлшері болу керек. Агрегатгемагглютинациялық реакция (АГАР). Осы реакцияның көмегімен қандағы микоплазмалардың АГ-нін анықтайды, өйткені микоплазмалық инфекциялар әдетте жайылмалы сипатқа ие болады және микоплазмалар әртүрлі ағзалар мен тіндерде, соның ішінде қанда анықталуы мүмкін. Зерттеу материалы қан сарысуы болып табылады. Иммундыферментті талдау– соңғы жылдары серодиагностика тәжірибесіне енгізілген жоғарысезімтал әдіс. Микоплазмаларға қарсы антиденелерді анықтаудареспираторлық микоплазмоз және басқа микоплазмалық инфекциялардың диагнозын дәлелдеу үшін қанда антиденелер және олардың тиісті титрі болуы қажет. Бұрын осы мақсатпен респираторлық микоплазмоз диагноз қоюы кезінде негізінен КБР қолданған. Бұл әдіс көп еңбектенуді қажет ететін болса да және ие тіндерінің гликолипидтерімен немесе кейбір бактериялармен қиылыспалы реакциялардың әсерінен арнайылығы жеткіліксіз болса да, көптеген зертханалар әлі күнге дейін осы реакцияны қолдануда. Бірқатар шетел зертханаларында КБР–на M.pneumoniae–ның гликолипидтік фракциясынан құралған диагностикумдарды дайындайды. Қан сарысудың қос сынамаларында арнайы АД титрі 4 есе және одан аса жоғарылауының диагностикалық маңызы бар. Қанның бірінші сынамасын аурудың алғашқы 3 күнінде, ал екіншісін – ауру басталғаннан 10-14 күннен кейін алған жөн.

Шамамен респираторлық микоплазмозы бар науқастардың 15%-да жұп сарысуларда антидене титрінің жоғарылауын КБР-мен таба алмайды, оны жанама комплемент байланыстыру реакциясы-мен (ЖКБР) анықтайды. Енжар гемагглютинациялық реакциясымен жалпы антиденелерді анықтайды. Аурудың динамикасында қанның қос сарысуында арнайы антидене титрінің жоғарылауының (4 есе және одан жоғары) диагностикалық маңызы бар. Қан сарысуының жалғыз сынамасының зерттеуі кезінде 1:32 титрінің диагностикалық маңызы бар.

Иммундыферментті талдау– микоплазмалар мен уреаплазмалардың антигендеріне M және G сыныбындағы антиденелерді анықтау әдісі, маркерлік фермент ретінде ақжелектің (хреннің) пероксидазасын пайдаланумен тығыз фазада тікелей емес иммундыферментті талдауды қолдануға негізделген. Микоплазмаларды анықтауға арналған молекулалық-биологиялық әдістер.Бұл әдістермен берілген клиникалық үлгілерде микроорганизмге спецификалық нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) анықталады. ПТР – in vitro–да микоплазма ДНҚ-ның белгілі бір фрагментінің амплификациясына негізделген. Қазіргі уақытта кейбір фирмалар ПТР-да микоплазмаларды анықтауға арналған диагностикумдарды өндіреді. Реакцияны нұсқауға сәйкес қатаң жүргізеді. ДНҚ-зондтар негізіндегі гибридизация. Әрбір микроорганизмнің геномында нуклеотидтердің реттілігі – антигендік құрамына қарағанда көп мөлшерде спецификалық. Екінші тізбекке біртізбекті ДНҚ-ның әртүрлілігі олардың нуклеотидтік реттілігі комплементарлығының дәрежесіне тәуелді. Белгілі және белгісіз микроорганизмдердің ДНҚ-ының тізбектерінің әртүрлілігін өлшегенде, олардың бір түрге жататындығын немесе жатпайтындығын анықтауға болады.

Молекулалық-биологиялық әдістер өте жоғарғы сезімталдылыққа ие. Бірақ клиникалық материалда микробты анықтау факты тапқан заттың этиологиялық маңыздылығы жайында қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді, өйткені сау адамдар арасында микоплазматасымалдаушылық өте кең таралған. Диагнозды дәлелдеу үшін микроорганизмнің этиологиялық рөлін дәлелдейтін зерттеулерді жүргізу қажет. Осындай зерттеулердің бірі – арнайы антиденелер титрінің динамикасын анықтау. Нәтижелерді талдау. Егер микробиологиялық әдіс пен АГАР, ИФР және ПТР , немесе тек АГАР, ИФР және ПТР, немесе АГАР және ИФР, немесе АГАР және микробиологиялық әдістердің нәтижелері ұқсас болған жағдайда генерализацияланған Жұқпанемесе ошақтың (ол жерден микоплазмалар қанға түседі) бар болуы туралы айтуға болады.

Микоплазмозды емдеу мен алдын алу. Микоплазмалар мен уреаплазмалардың антибиотиктерге (пенициллин мен оның туындыларына) жоғарғы төзімділігі бар, олардың әсер ету механизмі жасуша қабырғасының синтезінің ингибициясында. Сонымен қатар, олар жасушаішілік ақуыздың синтезін тежейтін әртүрлі антибиотиктерге және бірінші кезекте тетрациклиндер мен макролидтерге (эритромицин, олеандомицин және спирамициннен басқа, оларға M. hominis төзімді) жоғары сезімтал. Фторхинолондар тобы пероральдық қолдану кезінде жоғарғы емдік әсер етеді

Микоплазмалық инфекцияларды емдеу кезінде клиникалық түрлерін, кеселдің ауырлығын, асқынулардың бар болуын есепке ала отырып антибиотиктерді таңдайды, яғни клиницистермен келісе отырып препаратты, курсының ұзақтығы мен санын таңдау индивидуальды жүргізілу керек. Сонымен қатар адаптогендерді, пробиотиктерді және иммунды түзеуші препараттарды қолдану көрсетілген. Респираторлық микоплазмоз ауалы-тамшылы жолмен жұғатын антропоноздық Жұқпаболып табылады, сондықтан осы ауру кезінде вирустық табиғатты жедел респираторлық аурулардың алдын-алуына негізделген ұйымдастырушылық шаралардың барлық жүйесін қолдануға болады. Урогенитальдық микоплазмалық инфекциялардың алдын-алу әдістері жыныстық жолмен берілетін басқа ауруларына ұқсас болу қажет. Арнайы алдын-алу әдістері қазіргі уақытқа дейін толық зерттелмеген.

Микоплазмоздың түрлері. Қоздырғышына қарай мынандай түрлері бар:

Респираторлық микоплазмоз әдетте ӨРА немесе пневманияның ауыр түрі ретінде жүреді. Ол ауа тамшысы арқылы жұғады. Белгілері: дене қызуының жоғарылауы, тамақтың қабынуы, тұмау, пневманияға өткен жағдайда өкпе қабынуының барлық белгілері көрінеді, яғни тоңазу, дене қызуының жоғарылауы. Жыныстық-несеп жолы микоплазмозы — бұл жыныстық, сирек жағдайларда тұрмыстық жолмен берілетін несеп жолының ауруы. Микоплазмалар 60–90 % жағдайда несеп жолының қабынуы кезінде пайда болады. Сондай-ақ дені сау адамдардың талдамасында микоплазмалар 5–15% жағдайда кездеседі. Бұл аурудың белгілері білінбей ұзақ уақыт сақтала алатынын көрсетеді. Алайда жүктілік, бала туу, жасанды түсік, тоңу, стресс жағдайларында микоплазмоздар белсенді болып, ауру өткір түріне енеді. Микоплазмоз пиелонефрит, простатит, уретрит, артрит, сепсис, жүктіліктің әртүрлі патологиялары, босанғаннан кейінгі эндометрит сияқты аурулар тудыруы мүмкін.

Жүкті әйелдердегі микоплазмоз. Соңғы жылдары жүкті әйелдердің микоплазмозы белең алды, себебі осы кезде әйел иммунитеті өте нашар болады, сондықтан ағзаға жұқпа кіріп кетеді. Жүкті әйелдердің микоплазмозы түсікке, эндометритке алып келуі мүмкін. Жыныс жолдары арқылы жұғатын қоздырғышы қазіргі таңда кең таралып, негізгі өзекті тақырыпқа айналды. Соңғы он жылда Қазақстанда мерез, соз (іріңді қабыну) және баска да Жұқпалыаурулар, сонымен қатар жыныс жолдарымен жұғатын, яғни урогенитальді хламидиоз бен микоплазмоз ауруының таралуы өсіп келеді.

Тесттер.

1.Антропонозды риккетсиоз ... залалданған көйлек биттері арқылы беріледі.

  1. эпидемиялық бөртпе сүзегі

  2. эндемиялық бөртпе сүзегі

  3. Ку-қызбасы

  4. қайтымды сүзек

  5. кенелік қайтымды сүзек

2. Ірі, әр түрлі оралымдары бар спирохеталар ... шақырады.

  1. эпидемиялық бөртпе сүзегін

  2. қайтымды сүзекті

  3. эндемиялық бөртпе сүзегін

  4. Ку-қызбасын

  5. орнитозды

3. Биттердің ішек эпителиясында көбейетін, тістегеннен кейін олардың нәжісін теріге үйкелеген кезде жұғатын риккетсиялар ... қоздырғыштары болып табылады.

  1. эндемиялық бөртпе сүзегі

  2. Ку-қызбасы

  3. қайтымды сүзек

  4. эпидемиялық бөртпе сүзегі

  5. кенелік қайтымды сүзек

4.Спирохеттердің қызбамен сипатталатын антропонозды Жұқпақоздырғышы ... болып табылады.

  1. эпидемиялык бөртпе сүзегі

  2. эндемиялык бөртпе сүзегі

  3. қайтымды сүзек

  4. Ку-лихорадка

  5. кенелік қайтымды сүзек

5. Антропонозды жұқпа болып ... табылады.

  1. эпидемиялық бөртпе сүзегі

  2. эндемиялық бөртпе сүзегі

  3. Ку-қызбасы

  4. кенелік қайтымды сүзегі

  5. қайтымды сүзек

6. Қайтымды сүзек боррелидің патогенділік факторы болып ... табылады.

  1. эндотоксин

  2. экзотоксин

  3. капсула

  4. адгезия пилиі

  5. агрессия ферменттері

7. Қайтымды сүзек … беріледі.

  1. тамақ арқылы

  2. ауа тамшылары арқылы

  3. тұрмыстық жолмен

  4. трансмиссивті жолмен

  5. жыныстық қатынас арқылы

8. Орнитоз қоздырғышы болып табылады:

  1. Legionella pneumophila

  2. Mycoplasma pneumoniae

  3. Staphуlococcus aureus

  4. Candida albicans

  5. Chlamуdia psittaci

9.Физикалық және химиялық факторларға тұрақты, қоршаған ортада ұзақ сақталатын, Бернет риккетсиясы … қоздырғышы болып келеді.

  1. Ку-қызбасы

  2. эпидемиялық бөртпе сүзегінің

  3. микоплазмоз

  4. орнитоз

  5. трахома

10. Ауа шаң, тұрмыстық жағдай және тағам арқылы ...беріледі.

  1. эпидемиялық бөртпе сүзегі

  2. микоплазмоз

  3. орнитоз

  4. трахома

  5. Ку-қызбасы

11. Жұқпа көзі ретінде… құс шаруашылығында облигатты жасушаішілік паразиттермен пайда болатын Жұқпалыауру болып табылады.

  1. орнитоз

  2. эпидемиялық бөртпе сүзегі

  3. микоплазмоз

  4. Ку-кызбасы

  5. трахома

12. Жұқпа көзі ретінде жабайы және үй құстары болып келетін psittaci хламидиялар ... қоздырғышы болып табылады.

  1. орнитоз

  2. эпидемиялық бөртпе сүзегі

  3. микоплазмоз

  4. Ку-кызбасы

  5. трахома

13. Риккетсиоздың Cоxiella туыстығы ... шақырады.

  1. эпидемиялық бөртпе сүзегін

  2. эндемиялық бөртпе сүзегін

  3. Ку-қызбасын

  4. қайтымды сүзекті

  5. кенелік қайтымды сүзекті

14. Аэрозольды жол арқылы берілу... тән.

  1. эпидемиялық бөртпе сүзегіне

  2. эндемиялық бөртпе сүзегіне

  3. қайтымды сүзекке

  4. Ку-қызбасына

  5. кенелік қайтымды сүзегіне

15. Тотықұстардан жұқтырған адамдардан алғаш рет бөлініп алынған, интоксикацияға және өкпенің зақымдалуына әкелетін Жұқпалыауру ... болып табылады.

  1. орнитоз

  2. эпидемиялык бөртпе сүзегі

  3. микоплазмоз

  4. Ку-кызбасы

  5. трахома

16. Пневмонияның ауыр түрімен сипатталатын, жүрек-қантамыр жүйесін, бауыр, көкбауырды зақымдайтын, жедел немесе созылмалы түрде өтетін хламидоз:

  1. Ку-кызбасы

  2. эпидемиялык бөртпе сүзегі

  3. орнитоз

  4. микоплазмоз

  5. трахома

17. Қоздырғышы жасанды қоректік ортада өсетін ... ауруы.

a) бөртпе сүзегі

b) микоплазмоз

c) орнитоз

d) Ку кызбасы

e) трахома

18. ... жасушалық қабырғалары жоқ бактерияларға жатады.

a) Актиномицеттер

b) Спирохеталар

c) Микоплазмалар

d) Риккетсиялар

e) Хламидиялар

19. Микоплазмалар ... венерологиялық ауруды тудырады.

a) сифилис (мерез)

b) жұмсақ шанкр

c) венерологиялык гранулема

d) трихомоноз

e) гонорея

9-Бөлім

Медициналық протозоология

Медициналық протозоология адам және жануарлар үшін инвазия қоздырғышы болып саналатын қарапайымдылардың морфологиясын, биологиясын, тіршілік циклын, экологиясын, сонымен қатар олардың тудыратын аурулардың клиникалық көріністерін, патогенезін, эпидемиологиясын, диагноз қою әдістерін, емдеу және алдын алу шараларын зерттейді. Қарапайымдылар - эукариоттарға жататын, бір жасушалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін және барлық жерде тіршілік етеді жәндіктер. Қарапайымдылар жіктелуі бойынша 70 000 түрі бар, олардың 10 000-нан астам түрлері паразиттік тіршілік етеді. 50-ден астам түрлері адамдардың паразиттері болып табылады және ондаған түрлері адамдардың факультативті паразиттеріне жатады. Қарапайымдылар адам ағзасында түрлі ағзалары мен тіндерінде өсіп, көбейе алады және өсімдіктерде, жануарларда да ауру туғызуға қаблетті. Олар адамдарда безгек, лешманиоздар, лямбблиоз, амебиоз, токсоплазмоз, балантидоз, пневмоцитоз, трипаносомоздар, трихомоноздар және т.б. ауруларын тудырады. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады. Қарапайымдылардың жасушасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1,5 мм. Қарапайымдыларда эукариот жасушалары сияқты организмнің қызметін атқаратын, маманданған органеллалары болады, көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты). Ядрода қабықша, ядрошырыны, ядрошық және хромосомалар болады. Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген: жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары - pseudopodia (латынша pseudo - жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтары мен кірпікшелері. Қозғалу органелласының түрі қарапайымдылардың систематикасына негізделген.

Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді, конъюгация (ядроның қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония жолымен де көбейеді. Қарапайымдылардың ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) жасуша сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Яғни қозғалмайтын дөңгелек пішінге ие болады, зат алмасу процессі баяулайды. Цисталық кезеңде паразитті кеуіп кетуден және зианды заттардың әсерінен сақтайтын қатты қабықша қаптайды. Циста күйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда жасуша циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.

Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Қарапайымдылар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлар 5 типке бөлінеді. Қарапайымдылардың қоректенуі ас қорыту ферменттерін құрайтын, ас қорыту вакуольі арқылы жүреді. Ол пиноцитоз есебінен жүзеге асады қортылмаған ас қалдығы сыртқа шығады. Кейбір қарапайымдыларда хлоропластары бар және фотосинтез есебінен қоректенуге бейімделген.

Қарапайымдар шақыратын ауру, протозойлы деп аталады. Медициналық мағынасы бар қарапайымдыларға қарапайымдылардын төрт класстары жатады.

Класстарға бөлiнуi қозғалатын мүшелердің құрылысына және қарапайымдылалардың көбею ерекшеліктері негiзделедi.

  1. тамыраяқтылар /саркодылар/ (Sarcodina).

  2. талшықтылар (Flagellata).

  3. споровиктер (Sporozoa).

  4. инфузориялар (Infusoria).

ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ Медициналық көзқарас бойынша қарапайымдылар келесі экологиялық топтарға бөлінеді:

1.Қуысты мүшелерде мекендейтін, сыртқы ортамен байланысты қарапайымдылар:

а. Ауыз қуысында мекендейтін қарапайымдылар:

Ауыз амебасы - Entamoeba gingivalis (Саркодиналар классы)

Trichomonas tenax (Талшықтылар классы)

б. Ащы ішекте мекендейтін қарапайымдылар:

Лямблия - Lamblia intestinalis (Талшықтылар классы)

в. Тоқ ішекте мекендейтін қарапайымдылар:

Дизентерия амебасы - Еntamoeba histolytica (Саркодиналар кл.)

Балантидия - Ваlantidium соlі (Инфузория классы)

г. Жыныс мүшелерінде мекендейтін қарапайымдылар:

Қынап трихомонадасы - Trichomonas vaginalis (Талшықтылар кл.)

д. Өкпеде мекендейтін қарапайымдылар:

Пневмоциста – Pneumocystus carinii (Споровиктер классы)

2.Ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар.

а. Трансмиссивті емес берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:

Токсоплазма — Тохорlasmа gondіі (Споровиктер классы)

б. Трансмиссивті берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:

Лейшманиялар – Leishmаnіа (Талшықтылар классы.)

Трипаносомалар – Trypanosoma brucei gambiense, Trypanosoma brucei

rhodesiense (Талшықтылар кл.)

Безгек плазмодиясы – Plasmodium (Споровиктер классы)

9.1.кесте Қарапайымдылар (PROTOZOA)

Дюсенбекова Б.Н. Медициналық паразитология, Қарапайымдылар типі. – Оқу құралы

Өкілдері

Тудыратын аурулары

Мекендейтін орны

Берілу жолдары

Саркодиналар классы Sarcodina

Дизентерия амебасы (Еntamoeba histolytica)

Амебиаз

Ішекте

Ауыз - нәжістік

Ауыз амебасы Entamoeba gigivalis

Шартты - патогенді

Ауыз қуысында

Ішек амебасы Еntamoeba coli

Шартты - патогенді

Ішекте

Талшықтылар классы Flagellata

1.Лейшмания

(Leishтапіа)

а. дерматропты

б. висцеротропты

Лейшманиоз

Тері

Ішкі мүшелерде

Трансмиссивтік

2.Трипаносома

Трипаносомоз

Қанда

Трансмиссивтік

3.Трихомонада

(Trichomonas)

Трихомониаз

Несеп – жыныс жүйесінде

Жыныстық

4. Лямблия

Лямблиоз

Ішекте

Ауыз – нәжістік

Споровиктер классы Sporozoa

1. Плазмодия

(Plasmodium)

Безгек

Қанда

Трансмиссивтік

2. Токсоплазма

Токсоплазмоз

Тінде, несеп – жыныс жүйесінде

Вертикалдық

3. Саркоциста

Саркоцистоз

Тінде

4. Кокцидия

Кокцидиоз

Ішекте

5. Пневмоциста

пневмоцистоз

Тінде

Аэрогендік

Инфузориялар классы Infuzoria

1. Балантидия

Балантидиаз

Ішекте

Ауыз – нәжістік

.

Диагностикалық әдістері. Микроскопиялық зерттеу. Протозойлық инфекцияның зертханалық диагностикасының негізгі әдісі микроскопиялық - науқастан алынған материалдан қоздырғыштардың микроскопиялық әдістер және морфологиялық қасиеттері бойынша идентификациялау арқылы анықталуы. Қоздырғыштың қозғалғыштығын анықтау үшін нативті және фиксирленген препараттарды дайындап, әртүрлі күрделі бояу әдістерімен бояйды. Кейбір протозойлық инфекцияның (трихомониаз, амебиаз, криптоспоридиоз) диагностикасын анықтау үшін иммунофлюоресценциялық әдістерді қолданады.

Серологиялық диагностика. Науқас қанындағы антиденені анықтау протозойлық инфекцияның жайылмалы түрінің диагностикасын және диагнозды дәлелдеу үшін пайдаланады. Әртүрлі серологиялық реакцияларды қолданады.( КБР, ПГАР, ИФ, ИФА т.б.)