- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
3.2.Газды гангрена
Морфологиясы. Газды гангрена ауыр, жалпы интоксикациямен, тіндік некрозбен, олардың ыдырауымен сипатталатын жарақатты жұқпалы ауру, оның қоздырғыштарына мыналар жатады: Cl. рerfringens, Cl. novyi, Cl. septicum, Cl. histoliticum, Cl. sordelli және т.б. Қоздырғыштар - iрi субтерминальды орналасқан споралары бар Грам оң таяқшалар Сl. рerfringens - қозғалмайтың бактерия (жарақат алынған затта және сарысуы бар ортада капсула түзедi), қалғандарында перетрих болады және касула түзбейдi.
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. C. novyi облигатты анаэробтар, қалғандары факультативті анаэробтар. Китта–Тароцци ортасында бiртегiс лайланып, қанды агарда гемолиз зонасымен ортасы көкшіл колониялар түзедi. Нысанадағы агарда диск тәрiздi газ аралас (агар әр жерінен жарылып, ауаға толып қалады) колониялар пайда болады.
Cl. perfringens – қышқыл мен тұз түзiп глюкоза, сахароза, мальтозаны т.б. ферменттейдi. Протеолитикалық активтiлiгi әлсiз, желатинді сұйылтады, казеиiндi бұзбайды, сүттi iрiтедi.
Антигендік құрылымы. 6 сероварға бөлiнедi (А,В,С,Д,Е,), экзотоксин бөлетiн антигендiк қасиеттерi бойынша бөлінеді. Сероварлары α-токсин (лецитиназа) түзеді. А түріне АР -сы арқылы ажыратылатын көптеген туыстасы жатады, бұл тағам токсикожұқпа және жарақат анаэробных инфекциялар болған жағдайда олардың диагностикасын жеңілдетеді.
Патогенділік факторларлары Cl. perfringens жоғары инвазивтiк және жоғары токсигендiк қасиетке ие. Бiрiншiсi олардың гиалуронидаза және т.б. ферменттер бөлуiне байланысты олар дәнекер ұлпаның және бұлшық ет жасушаларының бұзылуына алып келедi. Патогендiлiгiнiң басты факторы олардың күрделi құрамды экзотоксин бөлуiне байланысты. Энтеротоксин бөлетiн бактериялар тағам токсикоинфекциясымен энтерит тудырады.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі Газды гангренаның дамуы токсиндермен байланысты. Споралар қайнатқанда бірнеше минутта жойылады. Вегетативті түрлері әдетте қолданылатын дезенфектанттармен жойылады. Жұқпа көзі. Клостридиялардың резервуары шөп қоректі жануарлар, адам. Споралар топрақта және онымен ластанған кез-келген объектілерде сақталады. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 5 күнге дейін созылады. Қоздырғыштардың берілуі: сіреспе қоздырғышы тәрізді жарақатты газды гангрена қоздырғышы да әр түрлі факторлардың (жарақат, күйік, үсік) әсерінен зақымдалып езілген, жыртылған тері арқылы енеді. Жарақат орны ластанумен қатар терең тесіліп, онда қалта тәрізді өзек болуы керек. Қоздырғыштар жарақатқа топырақпен шаңмен түседі. Асептика ережелері сақталмаған жағдайда медициналық мекемелерде де залалдану болу мүмкін. Қоздырғыш жарақатқа абиотикалық ортадан спора түрінде түседі.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті
|
|
|
C.рerfringens-жарық микроскоптағы көрінісі - Грам әдісімен боялған/\ http://go.mail.ru/image_details?q\ |
\ http://go.mail.ru/image_details?q\ |
|
3.3.сурет. Газды гангренаның морфологиялық және клиникалық көріністері |
||
Жарақатқа түскен клостридиялар газ түзе отырып жарақатталған тінде некроз туғызуы үшін ол жерде қоздырғыштардың көбеюіне жағдай жасалуы керек. Жергілікті жұқпалы процесс әуелі ісіну, сосын тіндердің ферменттермен токсиндердің әсерінен некроздануымен жүреді (3.3.сурет). Организмнің аса күшті бактерия токсиндерімен некрозданған тінмен улануы қатар жүредіАнаэробты инфекциялар айтарлықтай қабынусыз өтедi. Бұл мыналармен сипатталады: ұлпаның прогрессирлеушi некрозы, ұлпада газдың түзiлуi және организмге токсиннiң әсерi мен ұлпаның ыдырау өнiмi имунитет антитоксиндермен негiзделедi. Аурудан кейiнгi иммунитетiнiң ұзақтығы, тұрақтылығы зерттелмеген.
Микробиологиялық диагноз қою. Аурудың лабораториялық диагностикасы шешуші роль атқармайды. Себебі жарақаттан алынған материалдан клостридиялардың бөлінуі, инфекцияның анаэробты екенінін, олардың табиғатта кең таралуына байланысты дәлелі бола алмайды. Бактериологиялық зерттеу үшін жарақат тіні, ісік сұйықтығы, топырақ, дәке т.б. алынады. Микробиологиялық зерттеу клостридияларды бөлумен идентификациялауға бағытталған. Зерттелiнетiн материал ретінде жарақатталған ұлпаның бөлшектерi, эксудат, қан алады. Бактериоскопиялық зерттеудi, иммунды сарысу қолдана отырып, иммунофлюоресценттi реакция жүргiземiз. Егер препаратта жартылай капсула түзген iрi Грам оң таяқшалар болса, алғашқы диагноз қоюға болады. Бактериологиялық зерттеуде қоздырғыштың таза дақылын бөлiп алып, биологиялық қасиеттерi бойынша идентификация жүргiзеді. Биологиялық сынақ арқылы, жануарларда анаэробты жұқпа шақыруға болады. Жеделдетiлген тәсiл (экспрес диагностика) - газды сұйықтықтың хромототрафиясы, бiрнеше минутта, қоректiк ортадағы клостридияны анықтауға мүмкiншiлiк бередi.
Cl. perfringens - токсинiн жылдам анықтау үшiн, жарақаттан бөлiнген заттан оң лецитиназасын анықтаймыз, ол прибордағы сұйықтықтың лайлануы мен анықталады, егер реакция терiс болса сұйықтық мөлдiр болып қала бередi.
Газды гангренаны емдеу мен алдын - алу. Аурудың алдын-алу үшiн жарақаттанған адамға уақтылы және толық хирургиялық жәрдем көрсетуi тиiс және осы ауруды шақыратын клостридиялалардың токсиндерiне қарсы антиденесi бар антитоксикалық сарысу егеді. Ал емдеу үшiн осы антитоксикалық сарысуды көбiрек мөлшерде егеді. Егер қоздырғыш идентифицирленген болса осы қоздырғыштың токсинiне қарсы сарысу егеді. Антимикробты сарысулар да егiледi, ал пенциллин, канамицин және сульфаниламидты препараттары клостридиялармен бiрге түскен қосалқы микрофлораны жояды.
Тесттер.
1. Газды гангрена қоздырғышының қозғалмайтын түріне ... жатады.
C. Perfringens
C. Sordellii
C. Novyi
C. Septicum
C. Sporogenes
2. Клостридиялар шақыратын, ұлпалардың некрозымен, жалпы уланумен сипатталатын, полимикробты ауру... болып табылады.
газды гангрена
ботулизм
сіреспе
менингит
Жәншәу
3. Овальді, субтерминальды спора түзетін, ұлпалардың ыдырауы мен жарада некроз туғызатын грам оң таяқшалы ... қоздырғышы болып табылады.
газды гангрена
ботулизм
Жәншәу
менингит
сіреспе
4. Жарада газдың түзілуі, ісіктің пайда болуы және интоксикациямен сипатталатын клостридиялар ... қоздырғышы болып табылады.
газды гангрена
ботулизм
сіреспе
менингит
Жәншәу
5. Клостридияларды дақылдауда ... ортасын қолданады.
Цейсслер
Эндо
Рессел
Левин
сары уызды тұзды агар
6. Газды гангрена - ауыр жарақат инфекциясын шақырады ...
Clostridium perfringes
Clostridium tetani
Coynebacteriumdiphtheriae
Clostridium botulinum
Treponema pallidum
7. Патогенді клостридиялардың тіршілік етуінің негізгі табиғи ортасы ... болып табылады.
топырақ
ауа
адамның жоғары тыныс жолдары
кемірушілер
буынаяқтылар
8. Анаэробты инфекцияны емдеу үшін ... қолданады.
антитоксикалық сарысу
бактериофаг
аутовакцина
антибактериялық сарысу
тірі вакцина
9. Клостридиялар... тұқымдастығына жатады.
Bacillaceae
Micrococcaceae
Neisseriaceae
Streptococcaceae
Enterobacteriaceae
10. Топырақта тіршілік ететін жарақат инфекцияларын шақыратын микробтарға ... жатады.
клостридиялар
псевдомонадалар
менингиттер
клебсиелалар
стрептококтар
