Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

6.3.Микобактериялар

Mycobacteriaceae тұқымдастығының Mycobacterium туыстастығына (грек сөзі «myces» – саңырауқұлақ, «bacteria» - таяқша) 160 астам микобактериялар түрлері кіреді. Бұл полиморфты, тік немесе сәл иілген және тармақталған таяқшалар. Мицеллий секілді жіптер түзуі мүмкін, олары коктар мен таяқшаларға бөлінеді. Микобактериялардың ерекше қасиеті – қышқылға, спиртке, сілтіге тұрақты болуы. Бұл липидтердің көп мөлшерінің жасуша қабырғасында орналасуына байланысты. Олар анилин бояуларымен қиын боялады, мысалы Грам әдісімен – бояғанда әлсіз грам оң. Қозғалмайды, спора, капсула түзбейді. Аэробтар немесе факультативті анаэробтар. Өсуі баяу немесе өте баяу. Каталаза және арилсульфатаза өндіреді. Лизоцимге тұрақты. Халықаралық жұмыс тобының ұсынысы бойынша Mycobacterium туыстастығына жататын барлық микобактерияларды 3 топқа бөледі:

1. Баяу өсетіндер, олар температура мен қоректенудің қолайлы жағдайында тығыз қоректік орталарда 7 және одан да астам тәуліктен кейін көрінетін колониялар түзетін микобактериялар (M.tuberculosis, M.bovis, M.аfricanum, M.avium, M.cansasi, M.marinum, M.simia, M.gastrii ж.т.б.).

2. Жылдам өсетіндер, олар температура мен қоректенудің қолайлы жағдайында тығыз қоректік орталарда 7 тәулікке дейін көзге көрінетін колониялар түзетін микобактериялар (M.phlei, M.vaccae, M.diernhoferi, M.smegmatis және т.б.).

3. In vitro-да дақылданбайтын немесе ерекше қоректік орталарды қажет ететін микобактериялар (M.leprae, M.lepraemurium, M.haemophylium).

Шартты-патогенді микобактериялар, микобактериоз тудырушылар, және сапрофиттер Е. Раньон зерттеуі бойынша атипті микроорганизмдерге жатады, сол себептері пигмент түзу, өсу жылдамдығы, культуралдық және биохимиялық қасиеттеріне байланысты 4 топқа жіктелінеді:

1. Фотохромогендік микобактериялар, жарық әсерінен пигмент тудырады, баяу өседі. Осы топ өкілі M. kansasii адам өкпесінің аурулары кезінде көрінеді.

2. Скотохромогендік микобактериялар, қараңғыда сары, жарықта қызыл немесе қызғыш пигмент, баяу өседі. M. scrofulaceum балаларда лимфаденит тудырады.

3. Хромогендік емес микобактериялар, пигмент түзбейді, баяу өседі. Бұл топ өкілі M. аvium құстарда туберкулез ауруын тудырады, кейде адамда да болуы мүмкін

4. Тез өсуші микобактериялар, (1-2 күннен 14 күнге дейін). Бұл топ өкілі M. Smegmatis адамда ауру туғызады.

6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары

Туберкулез (tuberculosis; латынша tuberculum – төмпешік) - микобактериялар туғызатын жұқпалы ауру, әр түрлі ағзалар мен жүйелерді (өкпе, ас қорыту, зәр шығару жолдары, тері, сүйек, және т.б.) зақымдаумен сипатталады. Барлық микобактериялар адамға және жануарға патогенді, шартты патогенді және сапрофитті болып бөлінеді. Патогенді түрлеріне жатқызамыз: M. tuberculosis, M. bovis, M. leprae, M. Africanum, M. Paratuberculosis, M. Microti, M. Lepraemurium. Қазіргі кезде туберкулез қоздырғыштары M. tuberculosis complex тобын құрады: M.tuberculosis- адамдық түрі, 80-85% жағдайда туберкулез тудырады; M.bovis- өгіздік түрі, 10-15% жағдайда кездеседі, (пиразинамидқа төзімділік көрсетеді); M.africanum- африкалық тип, 90% жағдайда Оңтүстік Африканың елінде кездеседі (тиоцетазонға төзімділік көрсетеді); M.tuberculosis microti (M.microti)- тышқандық типі, адамдарда сирек кездеседі; M.avium- құстық типі, иммунды тапшылықпен ауыратын адамдарда кездеседі. Туберкулез қоздырғышын Р. Кох (1882) ашқан. Осы қоздырғышты ашқаны үшін Р.Кохқа 1911 жылы Нобель сыйлығы тағайындалды.

Морфологиясы. Микобактериялар тік немесе аздап қайырылған таяқша тәрізді ұзындығы 1-10 мкм және ені 0,2-0,6мкм қозғалмайды, спора және капсула түзбейдi, грамоң, полиморфты қасиетке ие. Туберкулез таяқшасының құрамында микол қышқылы, липидтер,майлы–балауызды заттар көп болғандықтан бірнеше қасиеттерге ие болады: әдеттегі бояулармен бояғанда тинкториалдық қасиеттері төмен; сыртқы ортаның факторлары – қышқыл, сілті, кептіру, дезинфектанттарға төзімді келеді. Туберкулез бактериясы боялғаннан соң басқа бактериялар сияқты спирттiң қышқылдық, сiлтiлiк әсерiнен түссiзденбейдi. Сондықтан арнайы Циль-Нильсен бояу әдісін қолданады (6.3.сурет). Электронды микроскоппен зерттегенде M.tuberculosis-те микрокапсула, көп қабатты жасушалық мембрана, цитоплазма – қосындылары (вакуольдар, рибосомалар,) және ядролық субстанция табылды. M.tuberculosis сыртқы ортаның әсерінен өзгергіштікке ие. M.tuberculosis полиморфты, ол - актиномицеттер сияқты жіп, дәндік, кокк тәрізді, L-пішінді, фильтрден өтетін және ультра ұсақ және басқа түрлер түзей алатындығымен байланысты. Полиморфизмі антибактериальдық препараттарды ұзақ уақыт пайдаланғанда да көрініс береді. Өзгергіштіктігінің тағы бір түрі туберкулезге қарсы препараттарға төзімділік пайда болуында. M.tuberculosis-тің антибиотиктерге төзімділігі плазмидті (R-плазмида) және хромосомды (гендегі өзгергіштік) болады.

Егкенге дейін Егкеннен кейін

Mycobacterium tuberculosis - электронды микроскоптағы көрінісі

Mycobacterium tuberculosis- Левенштейн-Йенсен ортасында өсуі

Грам әдісімен боялған Mycobacterium tuberculosis - жарық микроскоптағы көрінісі

6.3.сурет. http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q= микобактерии

Антибиотиктерғе резистенттілігі бойынша M.tuberculosis:

-монорезистентті: бір препаратқа;

-полирезистентті: екі немесе одан көп препараттарға;

-көп дәрілік резистентті: кем дегенде изониазид пен рифампицинге;

-поливалентті: барлық туберкулезге қарсы препараттарға деп бөлінеді.

Емдеген кезде олар организмде жылдам пайда болады, дегенмен, макрофагтардың ішінде ұзақ уақыт персистенцияланады. Соның нәтижесінде туберкулезге қарсы стерилді емес иммунитет қалыптасады. Фильтрден өтетін ультра ұсақ пішінді микобактериялар туберкулездің созылмалы, каверна орналасқан деструкциялық түрлерінде және миллиарлы туберкулез кезінде бөлінеді, «қышқылға тұрақты емес» көгілдір варианттары сүйек туберкулезінің жабық ошақтарынан бөлінеді. Ал енді L-пішінді микобактериялар – көрініссіз, баяу, әлсіз дамитын науқастардан бөлінеді. Фильтрлі, ультрамайда L-пішінді түрлері плацента арқылы және гемато-энцефалды кедергілерден өте алады.

M.bovis – қысқа, жуан дәнді таяқшалар. Қолайлы биологиялық үлгі – орқояндар. M.аfricanum – жұқа, ұзын таяқшалар. Қарапайым қоректік орталарда өседі. Ерекшелігі-қолайлы температурасы 40-420С. Адам үшін патогенділігі төмен. M.tuberculosis-тің вирулентті штамы тығыз ортада R-колония түзеді.

Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. (6.3.сурет). Микобактериялар аэробтар, факультативті-анаэробтар. Микобактериялар баяу көбейеді (жасушаның бір бөлінгені 14-18 сағат). Жасуша қарапайым екіге бөліну арқылы көбейеді. Микроколониялары сұйық қоректік орталарда 370С–та 5-7 тәуліктен кейін көрінеді, тығыз қоректік орталарда көзбен көрінетін колониялары 12-20 тәуліктен кейн пайда болады.

M.tuberculosis өсуі үшін құрамына: көмірсулар, азот, фосфор, магний, калий, натрий, темір, хлор, күкірт кіретін арнайы қоректік орталар қажет. Бұл микроорганизмдер көбею үшін өсу факторларын талап етеді, аталып отырған факторларға В тобына кіретін витаминдік құрылымдар, биотин, никотинамид және басқа заттар жатады. Осы факторлар M.tuberculosis дақылдандыратын қоректік орталардың құрамына кіреді. Қоректік орталар консистенцияларына қарай сұйық, жартылай сұйық және тығыз болады. Кең тараған Левенштейн-Йенсен ортасы пайдаланылады (6.3.сурет). Жасуша қабырғасы зақымдалған микобактерияларды дақылдандыру үшін арнайы Колестос қоректік ортасы қолданылады. Сұйық орталарда 2-3 аптадан кейін микобактериялар әжімді қабық түзеді (R-пішінді), ал орта мөлдір түрінде қалады. Сұйық орталарда өсіргенде M.tuberculosis корд-фактор түзеді, тығыз ортада сүйел тәрізді жайылып өседі. Сұйық ортада заттық әйнекше бетіне микродақылдау жүргізгенде 3 тәуліктен кейін микроколониялар түзіледі, мұнда вирулентті миобактериялар «өрілген шаш, бұрым» немесе «ширатылған жіп» түрінде орналасады. Бұл феномен корд-фактор деп аталады. Әдісті Прайстың экспресс диагностикасы деп атайды. Қолайлы биологиялық үлгі – теңіз шошқасы.

Туберкулез микобактерияларының биохимиялық белсенділігі әртүрлі (6.2.кесте), сондықтан оларды бір-бірінен және қышқылға тұрақты сапрофиттерден, шартты-патогенді микобактериялардан ажыратуға мүмкіндік береді. Оксидоредуктаза ферменттерінің арасында аса маңыздысы каталаза және пероксидаза, себебі қоздырғыштың вирулентілігі және де гидразид изоникотин қышқылы тобына жататын препараттарға тұрақтылығы солармен байланысты. Шартты-патогенді микобактериялар мен қышқылға тұрақты сапрофиттердің каталазасы термостабилді. Туберкулез қоздырғышының каталазасы термолабилді. Изониазид сезімтал штамдары жоғары каталазалық және перкосидазалық белсенділікке ие, ал изониазид тұрақты бактерияларда осы қасиет жойылған. Патогенді микобактериялар көп мөлшерде никотин қышқылын немесе ниацинді түзеді, олар сұйық қоректік ортада көп мөлшерде жиналып калий цианиді мен Б хлорамин ертіндісімен бірге дақылды ашық сарғыш түске бояйды (Конно ниацин сынағы). Шартты-патогенді микобактериялар оң нәтижелі ниацинді сынама береді, нитратты қалпына келтіреді, мочевинаны, никотинамидты, пиразинамидты ыдыратады.

Антигендік құрылымы. Микобактериялардың антигендік құрлымы жеткілікті түрде күрделі. Антигені жасуша қабырғасымен, рибосомалармен, цитоплазмамен байланысты, табиғаты ақуызды және липополисахаридты, ЖСБТ және ЖСЖТ реакциясына қатысатын, протекциялық (қорғаныш) белсенділігі бар. Ақуызды компоненттер - әр түрлі туберкулопротеидтер - микобактериялардың 56% құрғақ салмағын түзейді. Олардың құрамына барлық белгілі амин қышқылдар кіреді. Туберкулопротеидтер ең негізгі антигендік құрылым болып келеді.

M.tuberculosis 15,3% дейн көмірсулардан тұрады, көбінесе олар полисахаридтер түрінде болады, 6% дейн минеральды заттар: кальций, фосфор, магний, калий, темір, цинк, марганец кездеседі.

M.tuberculosis-тің жасуша қабығының құрамында түрспецификалық антигендер болады, олар ағзада жасушалық имммундық реакциялар жүруіне және антиденелер түзілуіне себепкер болады.

Патогенділік факторлары.  гликолипид, туберкулопротеин (аллерген), эндотоксин, персистенцияның АЛА факторы. Сонымен қатар, жасуша қабырғасының құрамында кездесетін корд-фактор (вирулеттік факторы) - M.tuberculosis-тің фагоцитоз кезінде макрофагтарға токсикалық әсер көрсетеді.

Микобактериялардың негізгі химиялық бөлшектері: ақуыздар (туберкулопротеиндер), көмірсулар және липидтер. Басқа бактериялармен салыстырғанда микобактериялардың құрамында липидтер көптеу (10-40%) болады. Қышқылға тұрақты сапрофиттермен салыстырғанда вирулентті микобактерияларда липидтердің мөлшері көп болып келеді. Қоздырғыштың патогенділігі микобактерияның жоғарыда көрсетілген химиялық құрамымен байланысты (гранулема және «казеозды» некроздың дамуы, фагоцитоз белсенділігінің төмендеуі», лимфоциттер миграциясының тежелуі ж.т.б.).

M.tuberculosis complex-тің түрлік негізгі ерекшелігі патогенділігі болып келеді, ол адам ағзасының тіндерінде көбею қабілетімен байланысты, сонымен қатар зақымдалған ағзаларда туберкулездік гранулематоздық қабыну сияқты спецификалық морфологиялық реакциялар тудыруымен байланысты. Токсигенділіктің немесе патогенділіктің негізгі факторы корд-фактор, ол жедел қабыну үрдісін қоздырады.

Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Туберкулезді жұқтыру көздері - науқас адам, науқас жануарлар. Өкпе туберкулезінің ашық түрімен ауыратын науқастың эпидемиялық қауіптілігі жоғары. Жұғу жолдары: ауа–тамшылы, ауа–шаңды, қатынастық-тұрмыстық, трансплацентарлық, тағамдық. Жұқтыру көзі ретінде маңыздылығы бойынша екінші орында туберкулезбен ауыратын ірі қара мал болып табылады. Басқа жұқтыру көздерінің эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары емес. Бұндай объектілерге үй жануарлары (шошқа, қой, ит, мысық) жатады.

Туберкулез барлық жерде таралған, әсіресе әлеуметтік дамуы төмен мемлекеттерде. Туберкулезге барлық адамдар жаппай сезімтал. Аурушылдыққа халықтың әлеуметтік жағдайы әсер етеді, әлеуметтік дерт болып табылады, түрғындардың зардаптануы, аурушылдығы және өлім-жітімдігі жоғары.

Бұл мәселенің өзектілігі туберкулездің кең таралуына байланысты. 1993 жылы ДДҰ аурудың күрт өсуіне байланысты туберкулезді «әлемдік қауіпті» мәселе деп жариялады. Адам ағзасы патогенді микобактерияларға жоғары деңгейде тұрақты. Сондықтан аурудың пайда болуы Жұқпа көзі мен ұзақ қарым-қатынаста болуымен, микобактериялардың мөлшері, вирулентілігі және макроорганизмнің резистенттілігінің төмендеуімен байланысты. 40 жасқа келген адамдардың 70-90% микобактерияларды жұқтырған, дегенмен тек 10% - да алғашқы туберкулез дамиды. Қалған адамдарда туберкулез инфекциясының клиникасы белгісіз өтеді. Тек қана туберкулиндік сынақ кезінде, вираж түрінде айқындалады. Микобактериялар спора түзбейтін бактериялар арасында қоршаған ортадағы қолайсыз факторларға аса тұрақты болып келеді. Басқа микробтар тәрізді олар дақылданбайтын түрлерге айналуы мүмкін, соған байланысты биоценоздардың табиғи компоненттері болып келеді және қоршаған ортада көп уақыт сақталады. Күн сәулесі жоқ жерде M.tuberculosis бірнеше айға дейн сақталады, күншуақта M.tuberculosis 1-1,5 айда жойылады, суда 5 айға дейін сақталады, шаңда 10 күнге дейін, кітап беттерінде 3 айға дейін, майда – 10 айға, сырда – 8 айға, қақырықта – 10 айға дейін сақталады. Күннің сәулесі тік түссе 1,5 сағатта жойылады, ультракүлгін сәулесінің әсерінен 2 -3 минутта, ылғал қақырықты қайнатқан кезде 5 минутта, құрғақ қақырықты - 25 минут қайнатқанда жойылады. Активті хлор бөлетін қоспалар (хлораминнің 3-5% ерітіндісі, хлорлы әктін 10-20% ерітінділері) M.tuberculosis-ті 3-5 сағатта жояды.

Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. (6.4.сурет) Жұққан жағдайда (жасырын кезеңі 3-8 апта) қоздырғыштың енген жерінде алғашқы туберкулезді кешен пайда болады (қабыну немесе қабыну-некрозды реакция), ол кең таралып және көптеген ағзалар мен жүйені зақымдай отырып жеңіл түрінен ауыр септикалық күйге дейін зардаптандыруы мүмкін.

Трахеяда, ірі бронхтарда M.tuberculosis кідірместен, төменгі тыныс алу жолдарына, альвеолаларға қонып, сол жерлерде патогенді үрдіс дамыта бастайды. Кейбір бактериялар енген жерлерінде қалып қояды, кейбірі қан мен лимфа сұйықтарымен бүкіл ағзаға тарайды. Альвеоладағы M.tuberculosis фагоцитозға ұшырайды. Бірақ, микобактериялар фагосомаларда сақталып сол жерде көбеюі мүмкін, ол корд-фактор және улы заттармен байланысты. Туберкулездің симптомдары қай жерде патологиялық үрдіс дамығанымен байланысты. 85%-да туберкулез өкпені зақымдайды, тек 15% өкпеден тыс жерді зақымдайды. Тыныс жолдарының туберкулезінде клиникалық көрініс қабыну-интоксикациялық синдромы және өкпе-бронхты синдромдармен сипатталады. Олар - адам денесінің қызбасының көтерілуі, тершеңдік, түнгі тер, қалтырау, тез шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі немесе жоғалуы, дене салмағының төмендеуі, тахикардия пайда болуымен көрініс береді.

Қоздырғыштың адам организміне біріншілік экзогенді жұғуына байланысты бірншілік туберкулез пайда болады, екіншілік жұқтыру салдарынан (экзогендік суперинфекция) немесе біріншіліктен кейін жазылып кеткен ошақтардың реактивациялануынан (эндогендік инфекция) екіншілік туберкулез дамиды.

Қоздырғыштың біріншілік енген жеріне байланысты қабыну ошағы немесе біріншілік аффект өкпеде, ауыз қуысында, бадамша бездерде, ішекте және т.б. жерлерде орналасады. Ары қарай қоздырғыш өкпе мен лимфа түйіндерінде қатар көбейе бастайды, бұл құбылысқа ағза спецификалық гранулема (төмпешік), яғни біріншілік кешен түзумен жауап береді. Біріншілік жұқтырудың салдарынан көкірек лимфа түйіндерінің туберкулезі, плеврит, туберкулемалар, ошақтық және инфильтративтік үрдістердің дамуы мүмкін.

M.tuberculosis көбеюін тоқтатпастан, қан және лимфа арқылы бүкіл ағзаға таралады. Нәтижесінде біріншілік немесе облигаттық (міндетті түрде) микобактериемия дамиды. M.tuberculosis микроциркуляторлық қан айналымы дамыған ағзалардың тіндеріне қонып, ол лимфа түйіндерінің капилярлары, бүйрек қыртысының шумақтары, түтікшелі сүйектердің эпиметафизарлық бөлімдері, жатыр түтікшелерінің ампулярлы-фимриольды бөлімі, көздің увельдық жолына және т.б. жабысады. Болашақта ағзалардағы бұл өзгерістер туберкулездің өкпеден тыс түрлерінің (сүйек және буын, несеп-жыныс жүйесінің, көз т.б.) дамуына мүмкіндік береді. Экзогенді жұқтыру нәтижесінде біріншілік туберкулез жұқтырылған адамдардың 7-10%-да ғана дамиды, қалғандары туберкулездік инфекциямен клиникалық көрініссіз ауырып, спонтанды түрде айығып кетеді. Кейде гематогенді немесе лимфагенді диссеминацияланған түріне өтіп кететін жағдайлар да кездесіп жатады. Туберкулездің бұл түрі біріншілік инфекцияның үдеуімен немесе ошақтарының реактивациялануымен байланысты болады.Біріншілік туберкулез, өкпедегі немесе көкірек лимфа түйіндеріндегі спецификалық өзгерістердің әктенуі немесе кальцинациялануымен (Гон және Симон ошақтары) аяқталуы мүмкін. Бұндай ошақ түзілген адамдарда жүре пайда болған иммунитет қалыптасады. Ошақтарда ұзақ сақталған M.tuberculosis иммунитетті қалыптастырып отыруымен қатар, эндогенді туберкулез үрдісінің дамып кету қаупін төндіріп тұрады. Аталып кеткен жағдай туындаса екіншілік туберкулез үрдісі басталады. Біріншілік ошақтың реактивациялануы иммунитеті төмендеген адамдар арасында жиі кездеседі. Екіншілік туберкулез экзогенді жолмен, яғни қайта жұқтырумен (суперинфекция) байланысты да болуы мүмкін. Бірақ суперинфекциямен адам екінші рет кездескен кезде де ол міндетті түрде ауырмауы мүмкін, патологиялық үрдіс дамуы үшін адам ағзасының жалпы иммундық жүйесінің әлсіреуімен қатар, арнайы иммунитеті де төмендеуі қажет.

Екіншілік туберкулездің патоморфологиялық сипаттамасы түрлі болып келеді, ол төмендегідей клиникалық түрлермен көрініс береді: ошақтық, инфильтративтік, кавернозалық, өкпенің фиброзды-кавернозалық туберкулезі, туберкулема, казеоздық пневмония. Екіншілік туберкулез профилактикалық –диагностикалық мақсатта флюорография жасалған кезде жиі анықталып отырады. Туберкулезді жұқпа үшін ЖСБТ реакциясы тән, теріішілік туберкулинді енгізу арқылы анықтайды (Манту сынамасы). Бұл сынаманы жүргізу үшін туберкулездің микобактериясынан тазартылған ақуыз препаратын (PPD - Purified Protein Derivative) қолданады. Сенсибилизацияланбаған организм препаратқа әсер көрсетпейді, бірақ ағзада тірі микобактериялар болса (ауру адамда немесе егілген адамдарда), онда 48 сағаттан кейін жергілікті қабыну реакциясы дамиды. Балалар мен жасөспірімдерде Манту сынамасы негізгі диагностикалық маңызды әдіс. Сынақтың нәтижесі оң болғанда туберкулин еңгізген орнында диаметрі 5 мм және одан астам инфильтрат пайда болады («инесіз» әдісті қолданғанда инфильтрат диаметрі 3 мм және одан астам). Дегенмен, бұл нәтиже ауру дамуын көрсетпейді, тек қоздырғыш жұқтырғанын көрсетеді. Туберкулезге қарсы иммунитет тұрақсыз және ол организмде микобактерия болғанда ғана сақталады. Көптеген адамдар туберкулез қоздырғышына қарсы тұрақтылыққа ие. Себебi адам ағзасына туберкулез микобактериялар түскен де ауру бiрден дамымайды, тек туберкулездер алғашқы комплекс түзедi. Бiрақ эндогендi және экзогендi факторлардың арқасында бұл тұрақтылық бәсеңдейдi. Екiншiден адам ағзасына туберкулез микобактериялары түскенде сау организiмнен басқаша егуi мүмкiн, жоғары сезiмталдыққа ие болғандықтан /сенсибилизация/, жаңа түсiп жатқан дозаны өзiне байланыстырып алып организмнен шығарып тастайды. Сенсибилизация жоғары сезiмталдықтың баяу типтегi түрiмен сипатталады. Туберкулезге қарсы иммунитет - инфекциялы.. Туберкулез инфекциясына қарсы түру процесiнiң негiзiнде бiрнеше механизм жатыр. Маңызы жағынан бiрiншi орында жасушалық иммунитет. Туберкулез кезiнде пайда болатын антиденелердi әртүрлi серологиялық реакциялар көмегiмен анықтауға болады. Бұл антиденелер кластары әрқилы иммуноглобулиндер. Ағзаның туберкулез таяқшасына қарсы өзіндік резистенттілігі бар. Ағзаның қарсы түруына көптеген факторлар кедергі келтіреді: қоғамдық-тұрмыстық жағдайдың нашарлығы. Мұндай жағдайда туберкулез ауруы асқынып, қатерлі аяқталуы мүмкін.

Тері туберкулездері. Сүйел тәрізді тері туберкулезы

Туберкулезге жасалған манту реакциясы оң болуының көрсеткіші

6.4.сурет.http://coullighis.ucoz.ru/news/tuberkulez_vnelegochnyj_simptomy_vnelegochnyj_tuberkulez_lechenie_simptomy_diagnostika_kak_peredaetsja/

Инфекциядан кейінгі кезеңнің де ерекшелігі өте көп. Ауырған адамда туберкулездің антигендеріне қарсы антиденелер қалыптасады. Бұны түсіну үшін Кох жұмыстарына мән береміз. Егер бұрын ауырмаған теңіз шошқасына туберкулез таяқшасын енгізгенде ол жерде инфильтрат пайда болып, ол язваға айналып, ол өз кезеңінде жазылмай өлімге әкеледі. Ал егер дәл осыны бір апта бұрын туберкулезбен ауырған теңіз шошқасына енгізсек, онда жара жазылып кетеді. Бұл жағдайда туберкулез бүкіл ағзаға таралмайды, тек осы жарамен ғана шектеледі. Туберкулезге қарсы иммунитеттің қалыптасуына Т-лимфоциттердің маңызы зор. Т-лимфоциттер МНС ақуыздарының қатысуымен туберкулез таяқшаларын танып, оларды жояды. Арнайы маманданған антиденелер туберкулез таяқшаларына қарсы циркуляцияланған иммундық кешен қалыптастырады. Антиденелер ағзаның қорғаныштық қасиетін күшейтіп, фагоцитозды жоғарылатады.

Микробиологиялық диагноз қою. Туберкулезге зертханалық диагноз қою микробиологиялық әдістерге сүйенеді, ол жарықтық және люминесценттік микроскопта зерттеу: бактериологиялық немесе дақылдық әдіс, биологиялық әдіс. Оған қоса микробтың өсуін анықтайтын радиометрикалық әдіс, ПТР қолданылады. Зерттеуге алынған материалды қақпағы тығыз бұралып жабылатын стерильді контейнерлерге жинайды. Ол қақырық, аспират, бронх пен асқазанның шайындысы, экссудаттар, операциядан кейінгі материалдар болуы мүмкін. Материалды зертханаға жеткізу кезінде күн сәулесінен, ыстықтан қорғау керек. 48 сағаттың ішінде зертханаға материал жеткізілсе оған консерванттар қажет емес.Туберкулезбен біріншілік жұқтырылғандарды туберкулинмен қойылған реакция нәтижесі терістен оңға айналған кезде (туберкулиндік сезімталдық «виражы») қорытынды диагноз қоюды бастайды.

Бактериоскопиялық зерттеу. Бұл ең негізгі және кең таралған әдіс. Оның ерекшелігі қарапайым және тез нәтиже беруінде. Бірақ оның мүмкіндігі төмен. Жасалған жағындыдан бірен-саран микобактериалардың көрінуі мүмкін, ал көп бактериялар көру үшін 1мл материалда 10 мыңнан 100 мың бактерия жасушалары болуы керек. Сол үшін бактериялар аз деген заттарға «байыту» әдістері қолданылады. Зерттелетін заттарды «байыту» үшін әр түрлі әдістер, соның қатарында центрифугалау әдісі, қақырықты гомогенизациялау, флотациялау қолданады.

Микроскопиялық зерттеу жүргізгенде екі әдіс қолданылады: бірішісі тікелей микроскопиялау әдісі, ол өңделмеген заттан (ірің немесе қақырық түйіршігінен) жағынды дайындау; екіншісі себуге өңделген заттың тұнбасынан жағынды дайындау. Дайын болған жағындыларды 15-30 минут бөлме температурасында кептіреді. Кепкен соң үш рет жалын үстінен өткізеді, фиксациялайды. Қышқылға төзімді микобактерияларды Циль-Нильсен әдісімен бояйды. От және фенолмен (карбол қышқылы) бірдей әсер етудің салдарынан, анилинді бояғыш заттардың микроб жасушасының қабырғасына, әсіресе қабырға құрамындағы липидтер мен микол қышқылының бояуды сіңіруіне мүмкіндік береді. Қышқылға төзімсіз бактериялар кейінгі 3% тұзқышқылды спирт ерітіндісімен өңдегенде түссізденеді, ал микобактериялар қышқылға және спирттерге төзімді болғандықтан сіңірген қызыл түсін тұрақты сақтайды. Жағындыда түссізделген элементтер метилен көгімен боялады. Микроскоппен қарағанда топталып немесе «өрілген шаш» түрінде жағындыда орналасқан, ашық қызыл түсті таяқшалар көрінеді. Сәулелі иммерсиялық микроскопта (объективі х90, окуляры х10) қарайды. Жалғыз жатқан микобактерияларды табу үшін 100 көру аймағын қараған жеткілікті.

Кейінгі жылдары люминисцентті микроскоппен зерттеу әдісі кең таралды. Осы әдістің арқасында зерттеудің информативтілігі 14-30%-ға жоғарылады. Микобактерияларды люминисцентті арнайы бояғыштармен (аурамин, родамин т.б.) өңдегенде олар микроб қабырғасындағы балауыз тәрізді заттармен байланысып, флюоресцентті сәулелермен жарықтандырғанда ашық-қызыл немесе қызғыш-сары түспен жарқырайды.

Бактериологиялық әдіс.Дақылдық әдіс микроскопиялық тәсілге қарағанда жоғары сезімталдықпен сипатталады. Таза дақыл бөліп алу үшін 1 мл зерттеу затында 20-100 микроб саны болса жеткілікті. Патологиялық заттан Левенштейн-Йенсен, Финн-2 қоректік орталарға себінді жасайды, бір сепкенде құрамы әр түрлі 2-3 қоректік орталарға себінді жасайды, сонда микобактериялардың өсіп шығуы ықтимал. M.tuberculosis-тің таза дақылын бөліп алғуға 3-8 апта уақыт кетеді. Алынған таза дақылдың биохимиалық қасиетін зерттеп, идентификациялап, антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды. M. tuberculosis complex идентификациялағанда биохимиялық негізгі тесттерді қояды: ниацин тест (никотин қышқылын бөлу қабілеті);нитратредуктазасын анықтайды;термостабильді каталазасын анықтайды; натрий салицин қышқылымен өсуін байқайды.

Жедел диагноз қоюға микродақылды Прайс әдісі қолданылады. Заттық әйнектің бетіне клиникалық материалды жағып, күкірт қышқылымен өңдеп, натрий хлоридінің ерітіндісімен шайып, цитратты қан қосылған қоректік ортаға салып қояды. 3-4 күн 370С–та инкубациялаған соң әйнектегі препаратты Циль-Нильсен әдісімен бояп, микроскопта қарайды.

Таза дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын анықтаудың маңызы зор. Жоғарыда аталып кеткендей микобактерияларда антибиотиктерге өзгергіштік пен резистенттілік тез пайда болады, сондықтан сезімталдылықты анықтау емдеудің сәттілігіне қажет. Антибиотиктерге сезімталдықты анықтағанда халықаралық стандартты әдістер қолданылады, кең тарағандары пропорциялық және абсолюттік концентрация әдістері. Пропорция әдісі Левенштейн-Йенсен ортасына препараттар қосып және препараттар қоспаған қоректік орталарға бактерия суспензиясының әр түрлі концентрациясын сепкенде, популяция ішіндегі препараттардың әр түрлі концентрациясында тіршілік ете алатын жеке даралар пайызы белгілі болады және төзімді мен сезімтал микобактериялардың зерттелген дақылда ара-қатынасы анықталады. Препаратсыз бақылаудағы колониялардан препарат қосылған тәжирібиедегі колониялар саны 1% - дан асса, сол дақыл төзімді болып саналады.

M.tuberculosis-тің резистенттілігін абсолюттік концентрациямен зерттегенде Левенштейн-Йенсен қоректік ортасына туберкулезге қарсы препараттардың белгілі мкг/мл есептегенде (изониазид- 1 мкг/мл, рифампицин -40 мкг/мл, пиразинамид- 100 мкг/мл, стрептомицин- 10 мкг/мл, этамбутол- 2 мкг/мл, канамицин- 30 мкг/мл, амикацин- 8 мкг/мг, протионамид-30 мкг/ мл, офлоксацин- 2 мкг/мл, циклосерин- 30 мкг/мл) стандартты концентрацияларын қосады. Егер туберкулезге қарсы әр түрлі препараттардың концентрацияларын қосқан қоректік орталарда өскен колониялар саны 20-дан асса, M.tuberculosis-тің дақылы резистентті болып саналады.

Таза дақылды бөліп алу мерзімі 1-1,5 айдан кем емес, ал антибиотиктерге сезімталдығын анықтау аталған әдістермен 2-2,5 ай уақыт алады. Ең негізгі кемшілігі осыда. Пропорциялық және абсолюттік концентрация әдістерін тікелей емес әдістерге жатқызады. Егер ауру бактерияларды қақырықпен көп мөлшерде бөлсе (жағындыда бір көру аймағында 1-5 микобактериялар көрінсе), онда патологиялық материалдан тікелей антибиотиктерге сезімталдық анықтай береді. Оның нәтижесі 3 аптаның ішінде белгілі болады.

Сонымен қатар, микобактериялардың резистенттілігін тез анықтау үшін нүктелік мутацияларға молекулалық-генетикалық талдау жүргізеді. Микобактериялардың 95% рифампицинге резистентілігі rpo-B генінде кодталады. Ол гендегі мутациялар 80-90% M.tuberculosis штамдары изониазидке де төзімділігінің, дәлірек айтқанда көпдәрілік резистенттіліктің белгісі. Нүктелік мутацияларды молекуларлық - генетикалық талдау жүргізгенде нәтижесі 3-4 күннен кейін белгілі болады.

Биологиялық әдіс. Теңіз шошқаларына биологиялық сынама қою, туберкулезге диагноз қоюдың классикалық әдістерінің бірі болып табылады. 1мл клиникалық материалды жануарға теріасты немесе құрсақ ішіне жұқтырады. Антибиотикке төзімді микобактериялардың қасиеттері өзгерген болады, сондықтан жануарларға интертестикуларлық әдіспен де жұқтырады. 5-10 күннен кейн жануарда лимфаденит пайда болады. Пункцияда микобактериялардың саны көп болады. 3-4 аптадан соң туберкулез инфекциясын туберкулин сынамасымен анықтайды. Жануар 1-2 айда генерализацияланған инфекциядан өледі.

Аллергиялық сынама.Сынама қою үшін ақуыздардан тазартылған қоректік ортада өсірілген, кептірілген туберкулин ППД (PPD- Purified Protein Derivative) пайдаланады. Ол үшін M.tuberculosisпен M.bovis дақылдарын жоғары температурада өлтіріп, ультрасүзгіден өткізіп, консервант ретінде 0,005% твин-80 стабилизатор ерітіндісінде, 0,01% хинозол қосып дайындайды. Препарат 5мл-лік флаконда (50 дозалы), 3 мл-лік флаконда (30 дозалы) шығарылады.

Біріншілік туберкулезбен ауырғанды анықтаған кезде, балалар мен жас– өспірімдерге терішілік туберкулин енгізгенде, «вираж» 6 мм немесе одан үлкен болса, «оң» нәтиже деп диагноз қойылады. Манту сынамасын білектің іш жағына қояды. Манту сынамасы вакцинациядан кейінгі және инфекциялық аллергияны көрсетеді. Манту сынамасының нәтижесін төмендегі көрсеткіштер бойынша тіркейді:

теріс - гиперемия иненің орнында 2 мм ғана болғанда;

күмәнді –папула немесе гиперемия 2-4 мм болса;

оң – 5-17 мм папула балалар мен жасөспірімдерде, 5-21 мм үлкендерде болса;

гиперергиялы - 17 мм–ден үлкен папула балалар мен жасөспірімдерде, 21 мм үлкендерде болса.

Серологиялық әдіс: ПГАР, ИФТ, ПТР. Қоздырғыштың ДНҚ-ның спецификалық бөлшегін амплификациялайды. Бұл әдіс 5-6 сағаттың ішінде диагностикалық материалдың ішіндегі микобактерияларды идентификациялауға мүмкіндік береді, сонымен қатар сезімталдығы жоғары (микробтар саны 1-10 жасуша арасында болса да). Туберкулез микобактериясын дифференциалдау және идентификациялау. Потенциалды патогендi бактериялардан туберкулез микобактерияларын ажыратуда морфологиялық тинкториалды гемолизденген нитраты бар флакондарға енгiзiп термостатқа салады. 7-14 күннен кейiн қасиеттерi, қоректiк орталарда өсу жылдамдығымен ерекшеленедi, биохимиялық қасиеттерi және лабораториялық жануарларға вируленттiк әсерi ескерiледi, биохимиялық тәсiлi ретiнде никотин қышқылын синтездеу ерекшелiгi зерттелiнедi.

Туберкулин қалай алынады және не үшiн қолданады? РРД деген не? Кохтың қандай айырмашылығы бар. Туберкулез диагнозын қою үшiн туберкулин сынағымен қатар басқа да тәсiлдердiң нәтижелерi ескерiледi. Себебi Манту реакциясының оң нәтиже беруi организмнiң туберкулез микобактериялары инфицирленгенiн бiлдiредi. Туберкулинді 1890 жылы Р. Кох препарат ретінде алып ескі туберкулин деп атады. Ал қоспалардан алынған туберкулин (РРД-тазартылған протеиді дериват) ақуыз болып табылады. Туберкулинді терішілік жолмен білекке енгізгенде, инфицирленген адамдарда жергілікті қабыну тудырады, ол инфильтрат және қызару арқылы көрініс береді.

Мycobacterium туыстығының дифференциациясы

6.2.кесте

Белгілер

M.tuber-culosis

M.bovis

M.microti

M.africanum

M.kansasii

M.avium

Уреаза

Никотинами-нидаза

Пиразинами-нидаза

Нитраттарды тұзуі

Ниацинді синтездеу

Каталаза 68ºС

Пигмент тұзуі

25ºС өсуі

37ºС өсуі

40ºС өсуі

–

–

–

–

V

–

–

–

–

–

–

–

–

–

–

–

–

–

–

–

V

–

ф

–

–

–

–

V

Инфекцияларды емдеуі мен алдын алуы.  Туберкулезге қарсы препараттар науқастың ағзасында M.tuberculosis-тің көбеюін тоқтататын (бактериостатикалы) немесе жоятын (бактерицидты) әсер көрсетеді. Антибиотиктер қолдану туберкулезбен аурғандарды емдеудің негізгі әдісі болып табылады. M.tuberculosis -тің резистенттілігіне қарай туберкулезге қарсы препараттарды екі топқа бөледі:

1 – топ: негізгі, немесе бірінші қатарлық препараттар: изониазид, рифампицин, пиразинамид, стрептомицин және этамбутол, бұл препараттарды сезімтал микобактериялар бөлетін алғаш рет туберкулезбен аурғандарды емдегенде пайдаланады;

2 – топ: резервтік, немесе екінші қатарлық препараттар: этионамид, канамицин, капреомицин, циклосерин, фторхинолондар, ПАСК, бұл препараттарды бірінші қатардағы антибиотиктерге төзімді M.tuberculosis-тер бөлетін ауруларды емдегенде пайдаланады.

Туберкулезге қарсы препараттардың бірнешеуін бірден (4-тен кем емес) тағайындағанда M.tuberculosis-тің дәрілерге төзімділігі пайда болғанға дейін ем курсын аяқтауға мүмкіндік береді.

Микобактериялар популяциясы кезеңдеріне байланысты әртүрлі жағдайда болуы мүмкін (L-пішінде, ультрамайда, фильтрлерден өте алатын), сондықтан туберкулездің химиотерапиясы екі кезеңнен (фазадан) тұрады: бастапқы, немесе интенсивті және жалғастыру. Интенсивті кезеңдегі химиотерапия жылдам көбейіп, белсенді метаболизм көрсетіп жатқан микобактериялар популяциясына қарсы қолданады. Жалғастыру кезеңіндегі химиотерапия қалған микобактериялар популяциясының ақырын бөлінетін және метаболизімі төмендеген жасушаішілік орналасқан персистенцияланған түрлеріне қарсы қолданылады.

Туберкулезді емдеудің жаңа бағыты – моноклонды антиденелер (антибиотиктерді қажетті ағзаларға тасымалдау үшін) қолданылады. Бұндай әдіс қолданылатын препараттардың улылығын төмендетеді және де емдеу әсерін жоғарылатады. Келешекте – гендік терапия технологиясын қолдану қарастырылуда.

Туберкулездің арнайы сақтандыруы – тірі вакцина BCG енгізу, әрбір 5-7 жылда ревакцинация жүргізу болып табылады. Бұл вакцинаны француз ғалымдары Calmette and Guerin 1921 жылы жаңа туылған сәбиге енгізген. БЦЖ вакцинасыM.bovis BCG -1 вакциналық штамының тірі жасушалары, 1,5% глутаминад натрий ерітіндісінде лиофильді кептірілген түрінде қолданады. Бір ампулада 1мг БЦЖ вакцинасы бар, ол 20 доза болады - әр қайсысы 0,05мг препараттан тұрады. Бір ампуланы 2 мл 0,9% стерильді натрий хлорид ерітіндісінде езеді, 0,1мл-лік шприцпен тек тері ішіне енгізеді (тері асты енгізсе суық абсцесс пайда болуы мүмкін).

Туберкулезге қарсы вакцинаның пайдалылығы - вакцина енгізген балалар мен жас өсперімдер арасында туберкулезбен ауырғандар саны төрт есе, өлім- жітім саны тоғыз есе азаяды. Жаңа туылған балаларға 4-7 күннен кейн вакцина егеді. Пайда болған иммунитет 5-7 жылға дейн сақталады, содан кейн ревакцинация жүргізу қажет. Ревакцинация жүргізер алдында Манту сынамасын қояды, 48 сағаттан кейн жергілікті реакцияның қорытындысын бақылайды. Тері асты суық абсцесс, 10 мм-ден үлкен жара, жергілікті лимфа түйіндерінде лимфадениттер 1,5 см және одан да үлкен болса, келлоидты тыртық 10мм және оданда үлкен болса, олар БЦЖ вакцинасынан кейінгі асқынулар деп саналады. Асқынулар пайда болған балаларды, жас өспірімдерді, үлкендерді туберкулезге қарсы диспансерге қаралуға жібереді.

Мезгілінен бұрын туылған балаларға, салмағы 2000г және одан көп, әлсіз балаларға арнайы антигендігі екі есе жеңілдетілген вакцина БЦЖ-М енгізеді. Бір ампулада 0,5 мг препаратта тірі микобактериялар, БЦЖ-1 вакциндік штамдары бар. Бір ампуладағы 20 дозаны 2 мл 0,9% стерильді натрий хлоридінің ерітіндісінде езгенде 0,1 мл –де 0,025мг препарат болады.

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы кешенді шаралар қолданады (кәсіпорындардың, мектептер, балалар мекемесі және тағы басқалардың санитарлық жағдайы, ауруларды анықтап, жанұяларды тіркеу, диспансеризациялау, эпидемиологиялық бақылау тағы басқалар). Тірі вакцинаны енгізу жолымен спецификалық алдын алу іске асырылады. Алдын алу флюротерапиялық зерттеулермен халықты мүмкіндігінше кеңінен қамту принципі де дәл осы мақсатты көздейді.

Міне, індетті тұмшалау ісіндегі бірінші қадам ауруханада жатқызып тұрақты емдеу, екіншісі – санаториялық – шипажайда емдеу, сонан соң науқас адам айналсындағылар үшін қауіпсіз болған кезде – емханалық емдеуге алынатыны сондықтан. Сырқат адам есепте тұрады және жыл сайын күзгі және көктемгі кезеңде тексеріліп, аурудың қайталануына қарсы ем алып отырады. Науқас адам толық диспансерлік есептен 5–7 жыл ішінде аурудың шығу немесе қайталану қаупінің клиникалық – лабораториялық белгілері байқалмағаннан кейін барып шығарылады. Екінші принцип емдеудің барабарлығы болып табылады, мұның өзі науқастың салмағына қатысты есептелген негізгі қатардағы дәрі – дәрмекті (изониазид этамбутол рифампицин) екінші қатардағы препараттармен үйлестіре бақылай отырып қабылдау керек.

Үшінші принцип – препараттың адам қанында пәрменді баламасын жасау үшін препараттың тәуліктік мөлшерін бір рет бір жолғы қабылдау.

Төртінші принцип – қақырықта, несепте немесе организмнен бөлініп шығатын басқа нәрселерде бактериологиялық әрекет әдісімен туберкулездің микробактериясы үш рет тексергенде байқалмайтын болғанға дейін тұрақты емдеудің ұзақтығы және кешендігі. Бұл әсіресе туберкулездің бүлдіруші нысандарымен (ыдырау сатысындағы фиброздық-каверноздық, каверноздық немесе басқа нысандары, сондай-ақ сүйек және буын туберкулезінің терең жара салатын нысандары) ауырған сырқаттарға қатысы, өйткені жасуша талшықтарының ыдырауы туберкулездің микробактериясы бөлініп отыратын белсенді туберкулез процесінің бар екенін бірден көрсетеді.

Бесінші прицип – емдеудің тұрақты және санаториялық-курорттық түрінен емханалық емдеуге дейінгі барлық кезеңдерінде үздіксіз жүргізілетіні және сабақтастығы. Бұл орайда емдеудің әрбір кезеңі туралы бүкіл ақпарат түрғылықты жер бойынша диспансерде шоғырланып отыратың.

Туберкулез микобактериялары антибиотиктермен химиотерапевтiк препараттарға сезiмталдығын анықтау үшiн сериялық араластыру тәсiлi қолданады. Ол үшiн туберкулез микобактерияларының 100 мл. 0,1л. көлемiн және 1 және 2 қатар антибактериальды препараттары бар Левенштейн-Йенсен орталарына егедi. Бұл тәсiл приборкаларда жүргiзiледi. Нәтижесін 12-21 тәулік инкубацияланған соң қарайды.

Консервативті емдеу тәсілдерінде антибиотиктер мен химиялық препараттарды қолданады. І-ретті препараттарға (ерте сатыда) парааминосалицил қышқыл туындыларын (ПАСК), гидразида изоникотин қышқылы (ГИНК) – изотиазид (тубазид), фтивазид және стрептомицин тобының препараттарын қолданады. ІІ-ретті препараттарға – циклосерин, канамицин, флоримицин, рифампицин және т.б.

Ауруды анықтау түрі. Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.

Туберкулез кезiндегi аллергиялық сынақтық қойылу механизмі. Терi-аллергиялық сынақ (Манту реакциясы) ақуыздардан тазартылған туберкулез микобактериялары алынған туберкулин көмегiмен жүзеге асады. Жасау себептерi: 1. Организмнiң аллергиялық жағдайы арқылы туберкулез микобактерияларының бар жоғын бiлу. 2. Туберкулез ауруының жүру барысын бағалау. 3. Вакцинация эффектiлiгiн анықтау. 4. Туберкулезге қарсы ревакцинацияға континент таңдау. Қазақстанда туберкулезге қарсы қандай вакцинация қолданылады. Арнайы алдын алу жүргiзу үшiн БЦЖ вакцинасы қолданылады. Бұл тәсiл-активтi иммунизацияға әкеледi. Бұл вакцинаны француз ғалымдары К. Кальмет және К. Герен алған. 13 жыл бойы микобактериальды глицериндi - картоп ортасына ет қосу нәтижесiнде дақылдаған, өсiрген. Дақылдаған штаммалар белгiлi деңгейде вируленттiк қасиетi сақталған, протективтi және аллергиялық қасиетi бар. Туберкулезге қарсы егу тек терi iшiлiк тәсiлде жүргiзiледi. Алғашқы вакцинация туылған нәрестеге 5-7 күн аралығыңда жасалады, дәрiгер рұқсатымен ғана. Ревакцинация әр 5-7 жыл сайын 30 жасқа дейiн сау адамдарда жасалады.

Манту белгісінің нәтижелері:

Егілген жерде тек иненің орны немесе папула өте кішкентай – диаметрі 1 мм екені анықталса, бұл теріс нәтиже болып саналады.

Папуланың диаметрі – 2-4 мм болса немесе папула жоқ , тек қана қызару аныкталса, бұл күмәнді нәтиже.

Папуланың диаметрі – 5 мм және одан жоғары болса оң нәтиже.

Папуланың диаметрі 17 мм – ден де жоғары болса гиперергиялық реакция болып табылады.

Туберкулез белгілері болмай, бірақ манту белгісі өмірінде бірінші рет оң нәтиже берген жағдайды вираж деп атайды. Бұл балалар диспансерлік есепке алынып 3 ай бойы тубазид немесе изониазидпен химиопрофилактика жүргізіледі. 1 жылдан соң қайта манту белгісі қойылады. Нәтижесі теріс болған жағдайда диспансерлік бақылаудан алынады. Оң болған жағдайда баланы толық тексеріп, диагноз қойылып емделінеді.

Тесттер.

1. Диагностикасында жеделденген Прайс әдісін ... ауруында қолданады.

  1. орнитоз

  2. актиномикоз

  3. туберкулез

  4. Күл

  5. көкжотел

2. Қоректік орталарда борпылдақ әжім тәрізді колонияларды ... түзеді.

  1. микобоктериялар

  2. коринебактериялар

  3. бордотеллалар

  4. стрептококтар

  5. микоплазмалар

3. Әртүрлі мүшелер мен жүйелердің жарақаттануына алып келетін, қышқылға тұрақты, ұзын жіңішке таяқшалар ... ауруын тудырады.

  1. менингит

  2. актиномикоз

  3. туберкулез

  4. сіреспе

  5. микоз

4. Манту реакциясы аркылы ... ауруын айқындайды.

  1. Күл

  2. актиномикоз

  3. лепра

  4. туберкулез

  5. коклюш

5. Ниацинді сынамада оң нәтиеже беретін таяқшалар ... ауруын тудырады.

  1. микоплазмоз

  2. туберкулез

  3. мерез

  4. актиномикоз

  5. Ку-кызбасы

6. Диагностикасында жеделденген Прайс әдісін ... ауруында қолданады.

  1. орнитоз

  2. актиномикоз

  3. Күл

  4. туберкулез

  5. көкжотел

7. Туберкулез қоздырғышының негізгі патогенділік факторы .... болып табылады.

  1. токсикалық гликолипид

  2. туберкулин

  3. фтиоидты қышқыл

  4. микол қышқылы

  5. туберкулді стеаринді қышқылы

8. Туберкулез таяқшасы ... әдісі бойынша боялады.

  1. Циль-Нильсен

  2. Романовский-Гимзе

  3. Нейссер

  4. Бурри-Гинс

  5. Здродовский

9. Пиразинамид, этамбутол, изониазид, стрептомицин, рифампицин және т.б. препараттар ... емдеуде қолданылады.

  1. пневмонияны

  2. туберкулезді

  3. Жәншәуны

  4. Күлны

  5. көкжөтелді

10. Туберкулез таяқшасы ... қасиетіне ие.

  1. қышқылға, негізге тұрақты

  2. капсуланың болу

  3. талшықтардың болу

  4. волютин дәндерінің болу

  5. спора түзу

11. Туберкулез таяқшасын бөліп алу үшін қажетті элективті орта ... болып табылады.

  1. казеин-көмір агары

  2. сарысу-глюкозалы агары

  3. Левенштейн-Иенсен ортасы

  4. пептон суы

  5. сүт-тұзды агар

12. Туберкулездің аллергиялық күйін ... сынамасы арқылы анықтайды.

  1. Манту

  2. Мицуда

  3. Бюрне

  4. Дик

  5. Шик

13. Ең алғаш рет туберкулинді ... бөліп алды.

  1. Л.Пастер

  2. Ф.Лефлер

  3. Р.Кох

  4. А.Левенгук

  5. П.Эрлих

14. Туберкулездің жеделдетілген диагностикалық әдісіне... жатады.

  1. Циля-Нильсен әдісі

  2. аллергиялық әдіс

  3. биологиялық әдіс

  4. Конн сынамасы

  5. Прайса-Школьников әдісі

15. БЦЖ вакцинасында қолданылатын ... бактерия түрі.

  1. M. Bovis

  2. M. tuberculosis

  3. M.smegmatis

  4. M.avium

  5. M. Leprae