Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

11.3.1. 4. Есно - ң вирустары

ECHO-Enteric Cytopathogenic Human Orphan- адамның ішектік цитопатогендік жетімшілері. ЕСНО-ң вирустары- тыныс алу жолдарын және жүйке жүйесін, ішек жолдарын зақымдайтын цитопатогенді вирустар.1941 жылы зерттеуші Эндрес атты ғалым полимиелит ауруына күмәнді науқастың ішегінен вирус бөліп алған, бірақ оның адам патологиясындағы рөлі белгісіз болды. Д.Мельников т.б. адамдардың нәжісінен бөліп алып зерттеген. Бұл вирус қоздыратын аурулар полиомиелит және ішек инфекцияларына ұқсас. Белгілі бір аурудың иесі болмағадықтан оны « жетім» ( orphan- жетім) вирусы деп атады. Кейіннен бұл вирус адамдардың ішегінде ауру тудыратыны 1951 ж. дәлелденді. ЕСНО деген атау Е - enteric; С - cytopathogenic; H - human; О - orphan - ағылшын сөздерінің бірінші әріпінен алынған. Полиомиелит және Коксаки вирустарының айырмашылығы олар лабораториялық жануарларға патогенді емес.

Таксономиясы. Тұқымдастығы: Picornoviridae. Туыстастығы: Enterovirus. Түрі: ЕСНО вирустар.

Морфологиясы. ЕСНО вирустары- өте майда вирустар. Вирионның симетриялық типі куб тәріздес. Кейбіреулерінің мөлшері 100 нм – ге дейін жететін кристалл құрауы мүмкін. Жалпы пикорнавирустар сияқты құрамында липиттері жоқ, гемагглютинині бар.

Антигендері. Қазіргі кезде ЕСНО тобы 32 сероварианттан тұрады олардың бәріне ортақ комплементбайланыстырушы антигені бар. Серотиптерін бір біріне бейтараптау реакциясы бойынша ажыратып анықтайды. ЕСНО вирустардың кейбір серотиптері адамдардың қаны О тобына жататын эритроциттерін агглютинациялау қаблеттілігі бар. Оның көп бөлігі гемагглютиндеуші қасиетке ие және дақылдық жасушада жақсы көбейеді. Энтеровирусты Жұқпакезінде адам сарысуында антиденелерді анықтау үшін НР, түсті реакция, ТГАР, КБР, преципитация реакциясы жасайды. Әр аурудан жұп сарысу қолданады. Егер антидене титрі 4 еседен артық көбеймесе реакция оң болып саналады. Сонымен қатар ИФМ қолданады.

Дақылдандыру және патогенділігі. ЕСНО вирустар жасуша дақылдарында өсіп- өніп көбейеді, және де ЦПӘ- і бар. Зертханалық жануарларға ЕСНО вирустар патогенді емес.Поливирусардан ерекшелігі маймылдарға патогенсіз, ал Коксаки вирустардан ерекшелігі жаңа туылған тышқандарға патогенді емес.

Энтеровирустар туғызатын ауруларды диагностикалау үшін вирусологиялық, серологиялық әдістер қолданылады. Зерттелетін материалдармен (нәжіс, мұрын, жұтқыншақтың алынған жұғынды және жуынды, ликвор, қан). дақылдық жасушаны және жаңа туылған тышқанды залалдаймыз. Бөлініп алынған вирустыттар, КБР, АР, преципитация реакциясы арқылы типтейміз.

Эпидемиологиясы. Кіру қақпасы : мұрынның, жұтқыншақтың, аш ішектің кілегейлі қабықшасы болып табылады. Осы вирустар эпителиальды жасушаларда және лимфойдты ұлпада көбейеді. Жұқпа көзі ауру немесе вирустасмалдаушы адам. Вирус ас қорыту жолдары (фекальды- оральды) арқылы, сирек жағдайда ауалы- тамшылы жолмен жұғады. Ауру өте жұқпалы.

Патогенезі және клиникасы. Вирустың алғашқа кіру қақпасы ауыз қуысының,жұтқыншақтың кілегейлі қабаты, асқазан

және жіңішке ішектің шырышты қабаттары, олардың эпителиялдық жасушаларында, және лимфоидты тіндерінде вирустың біріншілік көбеюі басталады, сондықтан оларды бірнеше күннен кейін жұтқыншақ кілегейінен және нәжіс бөлінділерден анықтауға болады (1гр нәжісте вирустың 1млн дозасы бар). Эпителиальды жасушаларда көбейгеннен кейін, вирустар аймақтық лимфа түйіндеріне еніп, сонан соң қанға өтеді де, вирусемиялық фаза бір сағаттан бірнеше күнге дейін созылады. Фазаның соңғы 2 сатысында симптомсыз өтеді. Вирусемия кезінде қысқа мерзімді температураның көтерілуі және сәл әлсіздік байқалады да посЖұқпалыиммунитет қалыптасады. Гематоэнцефальды тосқауылдан өтіп, аксондар арқылы орталық нерв жүйесіне жетеді. Вирустың репродукциялануы жұлынның алдыңғы мүйізінің сұр затында, және де бас миы нейрондарында жалғасын табады. Қоздырғыштың тропизмділігі полиомиелит вирусы үшін жұлынның алдыңғы мүйізінің, сопақша мидың және варолиев көпіршесінің нейрондарында арнайы рецепторлардың болуымен байланысты. Вирустың әсер етуінен жұлынның алдыңғы мүйізінің қозғағыш нейрондарының бұзылуы қаңқалық бұлшық еттердің сал болуын туғызады. Дегенмен, ЕСНО вирустары Жұқпакезінде айқын клиникалық көріністері байқала бермейді. ЕСНО вирустардың 11, 18 және 19 сероварианттары эпидемиялық түрғыдан ең қауіпті болып табылыды. Вирустың 8-11 және 20- серологиялық варианттары «суық тиген» сияқты аурулар, 2-9, 12, 14,16,21- серологиялық варианттары- асептикалық менингит, ал 9- және 16- варианттары- қызылша ауруы кезіндегідей бөртпе шығуымен сипатталатын дене қызбасының көтерілуіне себепкер болады.

Иммунитеті: Тұрақты,типтік спеификалық. Ауырып түрғанан кейін комплементбайланыстырушы, вирусбейтараптаушы антиденелер,антигемагглютиндер пайда болады.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін заттар коксаки инфекциясы кезіндегідей. Вирусты бөліп алу (индикациялау)- жасша дақалдарына (біріншілік және ауыспалы) жұқтыру -ЦПӘ (толық дегенерациялау). Вирусты идентификациялау- БР (жаңа туылған тышқандарда), ИФТ, ГАТР, РСК. Серологиялық диагноз қою- БР, КБР, ИТФ, ГАТР. Жедел диагноз қою- ИПЭ, ПТР.

Алдын алуы: жалпы медициналық сақтану шаралары, спецификалық профилактикасы, яғни вакцина егу қолданылады.

Емдеуі: симтоматикалық ем- шаралар.