Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

11.4.5. Вирустық гепатит с

Гепатит С вирусы (НСV), (Flavіvіrіdae тұқымдастығы).

Вирустық гепатитінің ең ауыр түpi С гепатиті РНҚ геномды вирус.СГВ қоздыратын гепатит әдетте созылмалы түрде өтеді. Бұл гепатиттің созылмалы түрі көбінесе бауыр циррозына және біріншілік бауыр карциномасы дамуына әкеледі.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Flavіvіrіdae

Туыстастығы: Hepacivirus: гепати С, Гепатит G вирустары

Эпидемиологиясы. Жұғу механизмі ВГВ кезіндегідей, бірақ В гепатитке қарағанда СГВ жұғу үшін вирус көп мөлшерде жұғуы қажет. СГВ көбінесе – парентералық, трансплацентарлық жолмен, жыныстық қатынас арқылы, зарарсызданбаған шприцтер арқылы жұғады. Жұқпа көзі инфинцирленген адам. Қaзipri уақытта бүкіл донорлық қан С гепатитінің вирусына тексерілінеді. Жыныстық жолымен берілуі және ауру анадан іштегі балаға С гепатит вирусының берілуі өте сирек.

С гепатитімен ауыратын адамдарда шамамен 70-80% аурудың созылмалы түpi дамиды. Онын ең үлкен қayіпі — цирроздың пайда болуына себепкер болады және қатерлі ісікке әкеліп соқтыруы мүмкін.

С гепатиті басқа да вирустық гепатиттермен ағзада бірігe жүрсе аурудың жағдайы кенет төмендейді аурудың барысы асқынады және өлімге әкеліп соктыруы мүмкін. Бұл аурудың қауіптілігі, қазіргі кезде cay адамды С гепатитін жұқтырудан қорғай алатын нәтижелі вакцинаның жоқтығы.

Морфологиясы. Қоздырғыш - гепатит С вирусы (НСV) - осы кезге дейін таза күйінде табылмаған. Көптеген зерттеулер арқасында вирустың қасиеттері бойынша Flavіvіrіdae тұқымдастығына жатқызған (11.15.сурет). Вирионы күрделі сфера пішінді, диаметрі 35-50 нм, суперкапсиді бар (хлороформға сезімтал). Геномы бір жіпті фрагменттелмеген позитивті РНҚ, нуклеотидтер саны 9500-10000. Вирионның РНҚ 8 гені анықталған. Үш гені құрылымды ақуыздарды қадағалайды: С - капсидті, м.м.13 кД; Е - қабықша белогы, м.м. 21,4 кД; М - мембраналық ақуыз, м.м. 15 кД. Қалған гендер 5 репродукцияға қатысатын құрылымсыз ақуыздарды синтезін қадағалап кодтайды.

Антигендік қасиеті. Вирустың антигендік құрылымы өте күрделі. Қабықшасының гликопротейіні, жүрекшесі және құрылымсыз ақуыздар антигендер болып есептеледі.

Резистенттілігі. Гепати С вирусы эфирдің, деттергенттердің,УК сәулесінің, 50 С- қа дейінгі температурасына сезімтал.

Дақылдандыруы. Жасуша дақылында әлі өсіріп алмағандықтан НСV қасиеттері толық зерттелмеген. Экспериментальды зерттеулер шимпанзеге жүргізіліп жатыр.

11.15.сурет Гепатит С вирусы (НСV), (Flavіvіrіdae тұқымдастығы). Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А.

Эпидемиологиясы мен клиникасы. Инфекцияның жұқтыру көзі адам. Вирустың таралуы трансфузия арқылы қан және қан өнімдерін құйғанда немесе инструменттер арқылы жұқтырады. Сонымен қатар, тік арқылы ауру анадан ұрыққа таралады. Тұрғындардың арасында сезімталдығы жоғары. БДСҰ ақпараттары бойынша Африкада гепатит С 25% таралған, АҚШта трансфузиялық вирустық гепатиттің 90% гепатит С вирусымен қоздырылған. Эпидемиялық процестің таралуы гепатит С созылмалы түрде дамуы. Науқастан вирус аурудың алдында бірнеше апта бойы және ауру басталған соң 10 аптадан астам бөлініп отырады. Инкубациялық кезеңі гепатит В қарағанда 1 ай қысқа, яғни 6-8 апта. Клиникасы гепатит В ұқсас, бірақ женіл өтеді, науқас тез сауығады, сарғаю байқалмайды. 50% созылмалы гепатит дамиды, ал 20% бауырдың созылмалы бұзылыстары бауыр циррозы мен қатерлі ісік қалыптасуына әкеледі.

Иммунитеті. Аурудың созылмалы түрге айналуы айқын (СД4) иммунды жауаптың болмауына байланысты. СД4) иммундық жауап құрылымдық емес ақуыздарға қарсы бағытталған. Иммундық жауап әлсіреген кезде вирустың белсенділігі қайтадан күшейеді.

Микробиологиялық диагноз қою. Негізгі зерттелетін заттар: қан, қан сарысуы. Вирус репликациялануының маркерлері гепатит С вирусының антигендеріне қарсы антиденелер және вирустық РНҚ. Маркерлер ИФТ, ПТР әдістеріменен анықталады.ИФТ нәтижесін анықтау үшін рекомбинативтік иммундыблотинг әдісін қолданады.

Алдын алу және емдеуі. Басқа гептиттер сияқты жалпы медициналық сақтандыру шаралары жүргізіледі. Арнайы алдын алу, яғни вакцина егу жасалмаған. Б интерферон және рибовириндерді емдеу үшін қолданады. Емдеу курсы аяқталған соң науқастардың 40 – 50%- да қабыну рецидиві болуы ықтимал.