Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)

Респираторлы-сенцитиальді вирусы (РСВ) Pneumovirus туыстастығы Paramyxoviridae тұқымдастығының РНҚ құрамды вирустарына жатады. Жаңа туылған нәрестелерде және жасы ерте жастағы балаларда төменгі тыныс жолдарының ауруларын шақырады. Негізгі берілу жолы: ауа-тамшылы.

Құрылысы. Вирионы полиморфты. Гемагглютинині жоқ. Беткейлік сфералық антигені бойынша РС-вирустың үш типінде айырмашылық болуы мүмкін.

Микробиологиялық диагноз қою. 1) Вирусологиялық әдіс: РИФ арқылы ұлпа дақылында вирусты бөліп алады, вирустық антигендерді анықтайды. Вирусты сонымен қоса ИФА, РСК, РН бойынша идентификациялайды. 2) Серологиялық әдіс: қан сарысуында антигендерді анықтау үшін РСК, РН қолданылады, ал вирустың антигенін анықтау үшін РИФ, ИФА қолданылады.

11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)

Аденовирустар – аденоидтер ұлпасынан бөлінетін қабықшасыз ДНҚ құрамды вирустар тұқымдастығы; құрамында екі туыстасы бар – Mastadenovirus, Aviadenovirus. Аденовирустарды - алғаш рет 1953 жылы У. Роу анықтады. Аденовирустар тұқымдастығына 90 серотиптер кіреді. Биологиялық ерекшеліктері: Аденовирустар -ДНҚ-лы вирустар– екі жіпшелі сызықты және кубтық симметриялы бойымен бағытталған ДНҚ (12-14%), ақуыздық мембранамен (87%) қапталған, 252 капсомерлері бар. Вириондардың құрылысы икосаэдралы пішінді, симметриялы куб тәрiздi, оның диаметрі – 70-90 нм. (11.1.кесте). Вирионның ортасында дезоксирабонуклеопротеид (ДНҚ) орналасқан, ол екі жiпшелi геномды ДНҚ молекулаларынан тұрады. Вирионның құрамында 7-ден көп антигендер анықталған. А атигені (гексон) типоарнайы болып табылады. В антигені (пептон) бойынша үш топқа бөлінеді. С атигені бойынша арнайы болып табылады. Осы антиген бойынша барлық аденовирустар 41 серовариантқа бөлiнедi. ДНҚ молекуламен геномдық ақуыз байланысады, ол сезімтал жасушаға енген вирустың ДНҚ репликациясын инфицирлейді. Суперкапсидтік қабықшасы жоқ, эфир әсеріне төзімді. Гемагглютинин капсидтің үстінде орналасатын ерекше өсінділермен көрсетілген.

11.1.кесте Adenoviridae тұқымдастығының сипаттамасы

Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А.

Туыстастығы

Өкілі

Mastadenovirus

Адамның аденовирустар

Жануарлардың аденовирустары

Aviadenovirus

Құстардың аденовирустары

Аденовирустың құрылысы мен электронограммасының сызбасы

Аденовирустар өткір респираторлық инфекцияларды, конъюнктивитті, гемморагиялық цистит пен гастроэнтеритті шақырады. 100 серотиптен тұрады, оның ішінде 42-сі адамдарды инфицирлейді. 12, 18, 31 серотиптері онкогенді вирустар болып келеді, бірақ табиғи қожайындарында емес, жануарлардың басқа түрлеріне қатысты.

Дақылдануы. Аденовирустар тауық эмбрионында көбеймейдi, бiрақ жасушасының бiрiншiлiк трипсиндi және қайта егiлетiн дақылдарында жақсы өседi. Вирустар жiпшелерiнiң көмегiмен жасуша рецепторларына адсорбцияланады. Вириондар жасушаға енгеннен соң депрегенизациясы цитоплазмада басталып, ядрода аяқталады, онда вирионға терминальды ақуыздармен жабысқан ДНҚ босайды. Аденовирустарды адам эмбрионының бүйрек ұлпаларында дақылдандырады, Hela, Hep-2 жасушаларда, ядро ішінде қосындылар түзеді.

Резистенттілігі. Адамның басқа вирустармен салыстырғанда аденовирустар сыртқы ортаға өте тұрақты келедi, май ерiткiштерде бұзылмайды, липидтерi жоқ, 50ºС және рН 5,0-9,0 да өлмейдi, мұздаған жағдайда жақсы сақталады. Жұқпакөзi ауру адам. Ауа тамшылы, жанаспалы тұрмыстық қатынас арқылы, шомылу бассеиндерiндегі судан және фекальды-оральді жол арқылы жұғады. Вирус iшекке қан арқылы да түсуi мүмкiн. Адам организмiнде аденовирустардың бiрiншiлiк репродукциясы жоғары тыныс жолдарының шырышты қабықшаларында және iшекте көз конъюнктивасында және лимфа ұлпаларында жүредi. Вирустар қанда церкуляциясы арқылы тамшылар эндотелиiн зақымдайды. Бұл шырышты қабықшалалардың экссудативтi қабынуына фибринозды қабықша түзiлуiне және некрозға алып келедi. Вирус физикалық және химиялық факторларға төзімді, қоршаған ортаның төменгі температурасында ұзақ сақталады: ультракүлгін сәулелер және 56ºС әсеріне сезімтал.

Эпидемиологиясы және патогенезі. Жұқпа көзі – науқас адам және вирустасымалдаушылар. ЖРВИ – ауа-тамшылы жолмен жұғады, ЖІВИ – фекальді – оральді жолмен жұғады. 6 айдан 2 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады. Вирус біріншілік тынысалу жолдарының эпителииінің кілегейінде, көз конъюктивасында, миндалинда немесе ішек энтероциті және мезентериальді лимфа түйіндерінде репродуцирленеді. Сезімтал жасушаның мембранасына оның адсорбциялануын гемагглютинин қамтамасыз етеді. Вирус жасушаға эндоцитоз жолымен енеді, вирустың депротеинизациясы фагосомада өтеді, ал вирустың нуклеин қышқылы торша ядросында түзіледі.

Клиникасы. Жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықшасымен қатар лимфоидты ұлпалардың аденоиды және көз конъюктивасы зақымдалады. Аденовирусты Жұқпаформасының клиникалық көрінісінің аты – фаринго-конъюктивитті қызба. Вирустың 3-, 4-, 8-, 19- сероварлары аденовирусты конъюктивиттің эпидемиялық дамуын тудыруы мүмкін. Аденовирусты этиологиялы конъюктивит және керато-конъюктивиттік инфекциялар жиі аурухана ішілік инфекцияны қоздырады. Аденовирустық жедел респираторлық инфекциясының (миндалин) сау адамдар арасында тасымалдаушылығы кең таралған, ал 40-, 41-сероварлары жас балаларда гастроэнтерит көрінісімен жедел ішектік вирустық Жұқпадамытуы мүмкін.

Иммунитет. Иммунитет-ұзақ, тұрақты, бiрақ типоарнайы, қиылысу иммунитетi жоқ, ол вирус нейтрализдейтiн антиденелермен және иммунды естеу жасушаларына негiзделеген типоспецификалық, аурудан кейін 8-12 айдан соң қайтадан ауруы мүмкін. Біздің елімізде арнайы иммунопрофилактикасы өткізілмейді. Аденовирустық инфекцияның эпидемиялық өршуін болдырмас үшін интерферон, ферментті препарттар дезоксирибонуклеаза, адамның иммуноглобулині қолданылады.

Репродукциялануы. (11.1.кесте). Адам организмiнде аденовирустардың бiрiншiлiк репродукциясы жоғары тыныс жолдарының шырышты қабықшаларында және iшекте көз конъюнктивасында және лимфа ұлпаларында жүредi. Вирустар қанда церкуляциясы арқылы тамшылар эндотелиiн зақымдайды. Бұл шырышты қабықшалалардың экссудативтi қабынуына фибринозды қабықша түзiлуiне және некрозға алып келедi. Иммунитет ұзақ, тұрақты, бiрақ типоарнайы, қиылысу иммунитетi жоқ, ол вирус нейтрализдейтiн антиденелермен және иммунды есте сақтау жасушаларына негiзделеген.

Микробиологиялық диагноз қою. вирусологиялық әдіс, серологиялық әдіс, иммуноиндикация әдісі – вирустық АГ, РТГА, РСК анықтайды.

Серологиялық әдісте- зақымдалған жасушалардағы вирустық антигендi ИФА және иммунофлюрисценттi әдiс бойынша айқындайды. Вирусологиялық әдісте- вирустарды бөліп алу үшін, зерттеу материалдарын мұрын жұтқыншақтың, коньюктива бөлiндiлерiнен және қан, нәжiстен алады. Вирустарды оқшаулау үшiн біріншілік трипсинделген жасуша дақылын пайдалынады. Комплименттiң байланысу реакциясы көмегiмен және цитопатикалық әсерiмен вирустарды табады. Жасуша дақылында тежелген гемагглютинация және нейтрализация әдісімен типоарнайы антигендерін идентификациялаймыз. КБР көмегiмен аурудың жұп қан сарысуындағы антидене титрiнiң жоғарылауын айқындаймыз.

Арнайы алдын алуы. Аденовирустардың кейбір сероварианттарына тірі иммуногенді пероральды вакциналар бар, бірақ олар кең қолданылмайды.