- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
11.2.2.Қарапайым ұшық.
Қарапайым ұшық вирусы – Herpesviridae туыстастығына жататын ДНҚ құрамды вирус. Вирустың 8 антигендік типі бар; 1тип кең тараған. 2 тип вирусымен генитальды ұшықты және нәрестенің жайылмалы инфекциясын байланыстырады. Біріншілік жұқпа симптомсыз болады, сосын жасырын кезең болады. Біріншілік және қайталанбалы қарапайым ұшық болып бөлінеді. Негізгі клиникалық белгілері: топталған ұсақ көпіршіктер түріндегі, іші мөлдір сірлі сұйықтыққа толы бөртпелер бір уақытта теріде және кілегей қабатта түзіледі. Ұшық жиі - ерінде, ауыздың айналасындағы теріде, сирек – ұрттың, қабақтың, құлақ қалқанының терісінде пайда болады.
Қарапайым ұшықтың қасиеттері мен эпидемиологиясы.
Вирион нуклеоид және капсидтен тұрады, геномы екі жіпшелі сызықтық ДНҚ. Суперкапсиді липопротеидтерден тұрады. Вирус тауық эмбрионы мен жасуша дақылында көбейеді. 1 типтегі герпес вирусы контактілі- тұрмыстық жолмен, ал 2 типі- жыныстық және вертикалды жолмен жұғады. Жұқпа көзі тек адам болып табылады. Қазіргі кезде қарапайым герпес вирусы —1 және 2 түрлері инфекциясы жер бетіндегі 90 %-дан астам адамда кездеседі. Олардың көпшілігі ауру тасушы болып табылады, герпестің өте ауыр түрлері ауру жұқтырған адамдардың 20 %-да ғана кездеседі. Герпестің көрінуі немесе адам ағзасында болмауы вирус тасушы адамның иммундық жүйесіне және жалпы денсаулық жағдайына қатысты болады. Осылайша қарапайым герпестің (ерінге шығатын ұшық сияқты) белгілері көбінесе ОРВИ, тұмау немесе имунитетті әлсірететін басқа аурулардан кейін туындайды.
Қарапайым ұшықтың патогенезі, клиникасы және иммунитеті. Ауалы тамшылы жолмен жұққанда вирустың алғашқы репродукциясы ауыз қуысының шырышты қабатының, жұтқыншақтың жасушаларында, жанасу жолымен жұққанда тері қабатының немесе көздің жасушаларында және жыныс жолдарының кілегейлі қабатының эпителиінде жүреді. Вирус лимфагенді жолмен қанға түседі де, гематоэнцефалдық барьерден өткен соң, генерализацияланған Жұқпа (менингит немесе энцефалит т. б. ) қоздырады. Инфинцирленген жасушалар бұзылады да некроздық ошақтар және везикула түрінде жергілікті қабынулар пайда болады. Көп ядролы жасушалар везикулалардың негізін қалайды. Біріншілік ұшықтық гингивостоматиттің жергілікті және жалпы көріністері болады. Жиі балалар, жасөспірімдер, 25 жасқа дейінгі үлкендер ауырады. Ауру мазасызданумен сипатталады. Жергілікті лимфа түйіндерінің ісінуі мен ауырсынуы болады. 1-2 күннен соң қызыл иекте , қатты таңдайда, ауыздың шырышты қабатында, еріннің қызыл жиегінде зақымданулар пайда болады. Зақымданған жасуша ядросында эозинофильді қосындылар (Каудри денешіктері) болады. Зақымдану элементіне көпіршік жатады, олар тез жарылып, ауырсынбалы эрозияға және жиегі тегіс емес жараға айналады. Жазылуы 1 күннен 2 аптаға дейін. Жалпы белгілері жоғалады. АИВ-инфекцияда ауыз қуысы еріннің, жыныс мүшелерінің шырышты қабатының ұшықтық зақымданудың қайталануы байқалады. Орналасуына қарай бұл зақымданулар атипті және ауырсынбалы, ұзақ сақталады; тілде, жұмсақ таңдайда, ауыз қуысы түбінде, ерінде дамиды. Науқас адам жазылған соң қанының антиденелері вирустың персистирленуі мен латенттік инфекцияның дамуына жағдай жасайды. Көпіршіктер пайда болған жер аздап қышиды немесе теріні күйдіргендей болады, кейде адам тоңады, әлсіздік байқалады, асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылады (әсіресе балаларда). Өте сирек жағдайда сәбилердің ішкі органдарының, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Бұл кезде балалардың дене қызуы көтеріліп, жалпы әлсіздік пайда болады. Ұшық — адам терісі мен шырышты қабықшаларына тұтасқан көпіршіктердің шығуынан болатын вирусты ауру. Ұшық көп жағдайда жылдың салқын мезгілдерінде, бұл кезде ағзаның ауруға қарсыласу қабілеті нашарлап, гиповитаминоз дамығанда; әр түрлі жұқпалы аурулармен (тұмау, пневмония, безгек) ауырғанда, кейде жаздың ыстық мезгілінде күн көзіне көп қыздырынғанда шығады. Ұшықтың 2 түрі ажыратылады. Қарапайым ұшық, генитальді ұшық (немесе жыныстық) түрі бар. Қарапайым ұшықтың бірнеше түрі бар: тері ұшығы, ауыз қуысы ұшығы, жыныс ұшығы, көз ұшығы, т.б. Аурудың бұл түрі нәрестеге алғашқы күндері-ақ жұғады, бірақ сәбидің анасынан алған иммунитетінің нәтижесінде бір жасқа дейін ауру белгісі білінбейді. Баланың бұл қорғаныш қасиеті бір жастан кейін әлсірейді де, өзіне қолайлы жағдай туса болды, вирус күшейіп, ауру туғызады. Ағзаға түскен жай ұшықтың вирусы адамның денесінде өмір бойы сақталады. Генитальді герпес сілемейлі қабатты зақымдайды. Бұл – жыныстық жолмен берілетін ең кең таралған аурулардың бірі. Генитальді герпес 1736 жылдан бастап белгілі болған, оны алғаш француз дәрігері «корольдердің ауыратын ауруы» деп атаған. Қазіргі таңда генитальді герпес ауруы белгісіз өтетін түріне байланысты, үнемі өсіп келеді. Генитальді герпеске көбінесе әйел адамдар шалдығады, генитальді герпестің әйел адамдардың арасында таралуы ер адамдарға қарағанда 6 есе көп. Сондай-ақ өткен ғасырдың ортасында генитальді герпестің екі түрінің арасында зақымдану орны бойынша айырмашылық болса, қазір көбінесе жыныс мүшелерінің қарапайым герпестің екі түрімен де ауырады. Сондықтан қазіргі замандағы қарапайым герпестің вирустарын анықтауға арналған тест жүйелері вирустың екі түріне де әсер етеді. Жұқпа көзі науқас адам немесе қарапайым герпес вирусын тасымалдаушы болып табылады. ҚГВ ауа тамшысымен немесе қарым-қатынасқа түскенде, сондай-ақ қан құю және мүшелерді ауыстырған кезде жұғады. 40 % жағдайларда герпесті бірінші рет ерте бала кезінде жұқтырады. Бұл жағдайда ҚГВ отбасы мүшелерінен ауа-тамшы жолымен герпес инфекциясының белсенді белгілерімен беріледі. Герпестің вирусы ағзаға бір рет кіріп алып, сонда мәңгіге қалып қоятын вирустарға жатады. Адам өзін-өзі күтіп, иммунитетін қалыпты ұстап, салауатты өмір салтын сақтаса вирус аурудың клиникалық белгілері көрінбеуі де мүмкін. Олар өзара өте ұқсас және ағзаға түскенде белгілері бірдей болып келеді. Қарапайым герпес вирусы белсенді көбейген кезде тері мен сілекейлі қабат зақымданады. Сондай-ақ қарапайым герпес вирусы басқа қабыну ауруларының қоздырушысы болуы мүмкін. Олардың ішінде: көз, орталық жүйке жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің, жүрек қан тамыр жүйесінің, ішек-қарын, несеп-жыныс жүйелерінің аурулары бар. Қарапайым герпес вирусы жүктілік патологиясын тудыруы мүмкін, нәтижесінде түсік немесе нәресте өлімі, басқа жағдайларда жаңадан туған нәрестеде түрлі инфекцияларды тудыруы мүмкін. Вирустардың негізгі айырмашылығы 1 вирус герпесі ерін, көз және ауыз қуысы түрінде көрінсе, 2 герпес вирусы генитальді герпесті (немесе жыныстық герпес) және жаңадан туған нәрестелердегі герпесті және жатыр мойнының қатерлі ісігімен байланысы ауру тудырады.
Қарапайым герпестің 1 түрінің вирусымен әдетте жаңадан туған нәрестелер ауырады. Бұл вирус барлығында кездеседі десе де болады: оның негізгі көрінісі иммунитеттің кез келген әлсіреуінде пайда болатын еріндегі ұшық болып табылады. Сондай-ақ беттегі герпестің асқынуы қатты тоңу, күннің астында ұзақ уақыт болу, физикалық немесе психикалық жарақат алу, алкогольді қабылдау, гармондық өзгерістер тәрізді басқа да себептермен болуы мүмкін.
Жұқпалыпроцестің айқындылық дәрежесі және таралуы бойынша: латенттік, субклиникалық, манифестік түрлерін ажыратады. Ұшық негізінен типтік түрлері: шырышты қабаттардың ұшықтық зақымдануы (стоматит, гингивит, фарингит), көздің ұшықтық зақымдануы (коньюнктивит, кератит, иридоциклит және т. б.). Терінің ұшықтық зақымдануы (еріннің, мұрын шетінің, ұшының, беттің, қолдың, бөксенің ұшығы). Генитальдық ұшық ( жыныс мүшесінің, вульваның, қынаптың, жатыр мойны каналының және т. б.). Жүйке жүйесінің ұшықтық зақымдануы (менингит, энцефалит, неврит).
Иммунитеті. Қарапайым ұшық кезіндегі негізгі иммунитет- жасушалық. ЖБТ (ГЗТ) дамиды. Табиғи киллерлік (ЕК-NK ) жасушалар алғашқы қорғаныс факторы ретінде маңызды рөл атқарады. Т- лимфоциттер цитотоксикалық факторларды (CD8) және Т- хелперлерді өндіреді, және де В- лимфоциттерді белсендіреді. Гуморальдық иммунитетке сәйкес вирус бейтараптаушы антиденелер вирустардың кеңістікке таралуын басып тастайды, бірақ вирустардың жасушада персистенциялануына және рецидивте пайда болуына кедергі жасамайды. Қарапайым герпестің лабораториялық диагностикасы мен алдын алу. Зерттеу үшін алынатын заттар: бөртпелер бөліндісі, коньюктива сүріндісі немесе шайындысы, сілекей, несеп, қан, жұлын сұйықтығы.
Диагностикалау үшін вирусологиялық және серолгиялық әдістер қолданылады. Вирусты бөліп алу: а) жасуша дақылдарына жұқтыру, б) жаңатуылған тышқандарға жұқтыру.
Индикациялау: а) ЦПӘ, синцитияларды, жасушаішілік Каудри денешіктерін табу, б) тауық эмбрионының хорион -аллантоисты қабатынан түйін дақтар түзілуін анықтау; в) тышқандарда- тырысу, сал болу. Идентификациялау: ИФР, ИФТ. Жылдам диагноз қою: ИФР,ЭМ, ПТр, цитоскопия. Романовский Гимзе әдісімен боялған таңбалы жағындыларды микроскоптан қарағанда қосындылары (Каудри жасушалары) бар көп ядролы алып жасушалар (Цанк жасушалары) табылады. Емі ретінде химиопрепараттар қолданылады:интерферон және оның индукторлары, ацикловир, фамцикловир, индоксурридин және т.б. Емдік мақсатта ауыр жағдайда, сонымен қатар, жиі рецидивтің алдын алу үшін, өлтірілген дақылдық герпестік вакцина қолданылады. Бұл вакцинаны бірнеше рет қайталап еккенде ұшықтық инфекциялардың қайталану жиілігі едәуір төмендейді.
