- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
Лайм – боррелиоз, Лайм ауруы. Иксод кене боррелиозы трансмиссивті табиғи ошақты ауру. Borrelia туыстастығының спирохеталары тудырады. Кене арқылы тасымалданады. Lyme қаласында (АҚШ – тың Коннектикут штаты) 1975 жылы A. Steere деген ғалым жасөспірімдердің ревматоидтық артритінің бұрқетпесін анықтау барысында иксод кенесі мен ол шаққаннан кейін дамитын аурудың арасында байланыстың бар екендігін анықтады. Жаңа Жұқпанозологиялық түр ретінде Лайм ауруы деген атауға ие болды (бұрқетпенің болған жеріне байланысты). Бірақ қоздырғыштың өзін 1981 жылы W. Burgdorfer және A. Bourbor атты ғалымдар (АҚШ, Нью - Йорк штаты) Ixodes dammini кенесінің ішегінен тапты. 1984 жылы спирохетаны R.S. Johnson және т.б. толық сипаттады.
Тұқымдастығы: Spirochaetaceae; Туыстастығы: Borrelia; Түрі: Borrelia burgdorferi
Морфологиясы. Ірі спирохеталар (0,2 x 10 – 30 мкм.), грамша теріс боялады, анилинді бояулармен жақсы боялады, 7-11 периплазмалық талшықтары бар. Баяу айналып қозғалады. Боррелиялар хемоорганотрофтылар, микроаэрофилдер
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. In vitro Borrelia burgdorferi қоректік ортаға өте талғамды, арнайы альбуминмен, өгіздің немесе қоянның плазмасымен, амин қышқылдармен, витаминдермен, және басқа да заттармен байытылған ортада өсіріледі. Оптималды өсу температурасы 32 – 370C, 5 апта бойы өседі.
Антигендік құрылымы. Боррелияларға тән сыртқы мембранасының антигені бар – порин, оны синтездейтін ферменттер, әр түрлі липопротеидтер. Негізгі ақуыздары - беткейлік (OspA, OspB, OspC,OspF және т.б.), жалпы 30 – дан астам ақуыздары анықталған. Олар спецификалық (флаггелин - оған қарсы антидене түзіледі) және бейспецификалық ақуыздар. Ақуыздардың синтезделуі көбінесе плазмидалық гендермен бақыланады.
Патогенділік факторларлары Негізгі патогендік факторы - адгезиндер.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Лайм ауруының тобындағы аурулар табиғи -ошақты зооноздарға жатады. Borrelia –ның табиғи резервуары жылы қанды омыртқалылар (кеміргіштер, бұғылар, құстар және т.б.), сонымен бірге иттерге, жылқыларға, ірі қара мүйізді малдарға жұғатыны анықталған. Қоздырғыш Ixodes dammini және т.б. кенелер арқылы таралады. Қоздырғыш кененің сілекейі арқылы, қанды сорған кезде жұғады. Резистенттілігі басқа боррелияларға ұқсас. – 70 – 900C температурада тіршілігін сақтайды. Ауру көбінесе Солтүстүк Америкада, әсіресе АҚШ – та, Солтүстік Африкады, Европада, Евразияда, Азияда тіркелген. Ресейде ауру көбінесе орманды аймақтарды қамтиды.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Иксодтық кенелік боррелиоздың патогензі нашар зерттелген. Клиникалық көріністері ауқымдылығымен сипатталады. Зақымдалатыны тері, тірек –қимыл аппараты, жүйке, жүрек – қан тамыр жүйесі, бауыр, көк бауыр, көз және басқа ағзалар. Рецидиві дамуы мүмкін, себебі қоздырғыш организмде ұзақ уақыт сақталады. Жасырын кезеңі 3 – тен 32 күнге дейін. Қоздырғыш кененің сілекейі арқылы теріге енген соң, сол жерде терілік спецификалық антиденелер және Т -жасушалары жиналып, жасушалық иммундық жауап туғызады. Спецификалық IgМ, сарысулық IgМ көбеюіне ықпал жасап, ревматоидтық факторлар пайда болады. ОЖЖ зақымдалғанда IgМ және IgG түзіледі. Бірақ максималды жасушалық иммунитет аурудың соңғы кезеңінде (әсіресе лайм –боррелиозы кезінде ) қалыптасады. Емдеуден соң жазылған кезде антиденелердің мөлшері қалыпты жағдайға дейін төмендейді. Соңғы кезеңде антиген – антидене кешені буындар мен тіндерде орын алады. Зақымданған тіндер жасушалық иммунитеттің нейтрофилдері мен медиаторлары арқылы инфильтрацияланады. Боррелияларды периваскулярлы, тіндерде, кейде жасуша ішінен де табуға болады. Боррелиялар аутоиммунды реакциялардың бастамасы болуы мүмкін, ол қоздырғыш болмағанда да анықталып отыруы мүмкін.
Науқастанушылықтың үш кезеңін ажыратады: І – кезең - жергілікті инфекция, кене шаққан орында 1- 2 аптадан кейін пайда болады, 4 – 5 аптаға созылады. Науқастардың 80% жуығында үнемі көшіп отыратын эритема (диаметрі 1 – 20см , кейде 60 см). 3 – 5 күннен кейін ол айналасы қоршалған папула түрінде өзгереді, ол негізгі симптоммен бірге басталуы да мүмкін, кейде оның басталуына себепші болады. Температурасы жоғарылайды (38 - 390С), лимфа түйіндері ұлғаяды, бас ауыруымен, құсу, артралгия, миалгиямен бірге жүретін интоксикация белгілері көрінеді. Бұл кезең 3 -7 күнге созылады. ІІ – кезең - боррелиялардың организмге таралуы. 1 айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Қоздырғыш қан ағымына тамырлардың арасындағы эндотелия жасушаларымен немесе тікелей эндотелий арқылы енеді. Бұл кезең неврологиялық және кардиологиялық бұзылыстармен қатар жүреді. Кей жағдайларда сероздық менингит, омыртқаның мойын, көкірек, бел аймағындағы жүйке талшықтарында бұзылыстар пайда болады. Жүректің жұмысы бұзылады. Көзде және бездік тіндерде зақымдану болуы мүмкін.ІІІ– кезең - созылмалы түрі, кене шаққаннан кейін 2 айдан соң (кейде 2 жылдан) дамиды. Арнайы ағзалар жүйесіндегі зақымданулар түрінде көрінеді (мысалы, полиартрит, білек және тізе буындарының артриттері), ұзақтығы 8 күннен 3 айға дейін созылады. Артриттер рецидивтік сипат алып, ол сүйектер мен буындардың деструкциясына әкеледі. Кейде артерияларда тромбоз пайда болып, ол өлімге ұшыратады. Терінің зақымдануы атрофиялық акродермит, лимфаденома, түйіншектік атрофиялық склеродермия түрінде көрінеді. Көз зақымданғанда кератит дамиды. Науқастанушылықтың клиникалық көріністеріның кезеңдерге бөлінуі шартты болып табылады. Науқастарда кейбір кезеңдері болмауы мүмкін, ал сирек жағдайда бірден ІІІ - кезең басталуы мүмкін.
Микробиологиялық диагноз қою. Диагнозды зертханалық және эпидемиологиялық мәліметтерге сүйене отырып қояды. Клиникалық көріністері бойынша стрептококты эризипелоидтардан, аллергиялық дерматиттерден, фотодерматиттерден, коллагеноздардан және басқа аурулардан ажыратып алады. Зертханалық диагноз қоюда микроскопиялық, бактериологиялық және серологиялық әдістерді қолданады.
Микроскопиялық зеттеу әдістері. Боррелиялды қаннан, жұлын сұйықтығынан анықтауға мүмкіндік бермейді, себебі биоматериалдарда олардың мөлшері өте аз болады. Қазіргі кезеде сүйек тіндерінен дайындалған препараттарды күмістендіру арқылы анықтау (Warthin әдісі) тиімді болып отыр. Морфологиясы бойынша Borrelia burgdorferi туыстастықтың басқа өкілдерінен еркшелене бермейді.
Бактериологиялық зерттеу. Borrelia burgdorferi -ді күрделі құрылымды сұйық қоректік ортада (Келли және т.б. орталар) дақылдандырады. Қоздырғышты идентификациялау үшін биохимиялық және молекулалық - генетикалық (сыртқы мембрана ақуыздарын есептеу үшін гелдік –электрофорез әдісі, ДНҚ гибридизациялау, ДНҚ рестрикциялалық талдау) әдістері қолданылады.
Жеделдетілген–диагностикалық әдістер: иммунды химиялық, биохимиялық, молекулярлы – биологиялық зерттеу. Иммунды химиялық зерттеу. Зақымданған тері аймағындағы немесе қоздырғыш жұққан кененің гемолимфасындағы биоптаттағы қоздырғыштың антигенін ИФ әдіспен анықтауға болады.
Биохимиялық – молекулалық зерттеу. Жұқпа ошағы нан алынған зерттеу материалын қоздырғыштың ДНҚ -н ПТР көмегімен анықтайды. Сәйкес молекулалар табылса болжамдау диагноз қоюға болады.
Серологиялық әдіс. Науқастың қанындағы антиденелерді анықтау үшін жанама ИФР және ИФТ әдістерін қолданады.
Инфекцияларды емдеу мен алдын алу
Тетрациклин (доклициклин, юнидокс), макролидтер (азитромицин, рокситромицин, кларитромицин), цефалоспорин, пеницилиндер және басқалары қолданылады. Емнің нәтижелігін 2 айдан кейін диагностикалық әдістерді пайдалана отырып анықтайды. Боррелиозбен ауырып жазылған адамдардың барлығын 1 жылдан артық мерзімге диспансерлік бақылауға алады.
Спецификалық профилактикалық шаралары табылмаған. Бейспецификалық шараларға кенелерден қорғану (репелленттер, қорғаушы киімдер, аяқ киім); тұрғындардың арасында жеке басының алдын алу шаралары жөнінде мәлімдемелер тарату; алғашқы белгілері байқалғанда кешікпей дәрігерге көрінулерін ескерту жатады.
7.3.Лептоспиралар. Лептоспироз
Лептоспироз (грек. leptos — жіңішке және speіra — ирекше, бұрама; osіs — ауру) табиғи ошақты зоонозды, антропонозды (адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда) кездесетін тез жұғатын жұқпалы ауру. Бұл аурудың бастапқы атаулары: Вейль -Васильев ауруы, су қызбасы, ит қызбасы, шошқа бағатындардың ауруы. Қазақстаенда жергілікті халық бұл ауруды «су безгегі» деп атайды. Қоздырғышы — спираль пішінді лептоспира бактериялары. Негізінен, онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымданады. Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н.П. Васильев анықтаған. Қоздырғышын жапон зерттеушілері 1914 — 15 ж. А.Инадо және А.Ито денесі сарғайып ауырған адамдардан тапқан. Қазіргі кезде бұл дертті ауру қоздырғышының түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына байланысты үш түрге бөледі: 1. интерогеморрагиялық Лептоспироз (дене сарғаяды) немесе Васильев-Вейль ауруы деп аталады; 2. каникол (немесе Помон) Лептоспироз (денеде қан құйылу байқалады); 3. “су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды) түрі. Лептоспироз “су безгегі” республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының арасында жиірек кездеседі. Ауру таратушы, яғни Жұқпа көзі — дала және су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан — ірі қара мал, шошқа (әсіресе иттер). Таксономиясы. Тұқымдастығы: Leptospiraceae Туыстастығы: Leptospira Түрі: Leptospira interrhogans, L. biflexa. |
Лептоспироз қоздырғыштарының (Leptospira interrhogans) 200-ден астам серологиялық варианттары бар. Leptosрira туыстастығы 2 топқа бөлінеді: патогенді лептоспиралар (Leptospira interrhogans) - адамдардың және жануарлардың организмінде паразиттік тіршілік етеді; сапрофитті лептоспиралар –L. вiflexa, ашық су көздерінен бөлінген (1914ж. S.Wolbac). Дымқыл топырақта, сазды жерлерде мекендейтін галофилді лептоспиралар жылы қандыларға патогенді емес.
Морфологиясы.
Лептоспиралар – ирекше пішінді бактериялар, ұзындығы 7- 20 мкм, жуандығы 0,1 – 0,15 мкм. Жас жасушалары қысқарақ, ал қартайғандары ұзарады (30 – 150 мкм). Лептоспиралардың жасушалары спираль тәрізді иректелген, 12 – 18 алғашқы иірімі бір - біріне тығыздалған және екінші рет иілген, ұштары ілмек тәрізді болып, «S» және «С» әріптерінің пішініне ұқсайды. Бірақ бір ілмекті немесе ілмексіз пішінділері де бар (7.4.сурет). Лептоспиралар спора, циста, капсула түзбейді. Сұйық қоректік ортада айналмалы, иілмелі, қоймалжың ортада толқынданып, винт немесе жылан тәрізді қозғалыс жасайды. Лептоспиралар көлденеңінен бөлініп көбейеді (7–12 сағ).
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері.
Қоректік орталарда өте баяу өседі, басқа бактериялармен салыстырғанда 12 есе баяу жүреді. Оптималды өсу температурасы 28 - 300С. Электронды микроскопта олардың сыртқы қабығы, осьтік жіпшесі және цитоплазмалық цилиндрі көрінеді. Липопротеидтік құрылымы сыртқы қабығы остік жіпше мен цитоплазмалық цилиндрді қоршайды. Лептоспираларды әдеттегі сәулелі микроскоппен бояусыз қарағанда көрінбейді, сондықтан оларды түнек айдынды микроскопты пайдаланып қарайды. Онда олар нәзік, белсенді қозғалатын күміс жіпшелерге ұқсап көрінеді. Бастапқы бұрамалары маржан моншаққа ұқсайды. Лептоспиралар анилинді бояулармен нашар боялады, оларды анықтау үшін күмістендіру әдісімен анықтайды. Лептоспиралардың жасушалары қаралау – қоңыр түс алып, жарық айдында жақсы көрінеді. Романовский - Гимзе әдісі бойынша лептоспиралар ашық қызғылт түске боялады. Патогенді және сапрофитті түрлері морфологиясы, ультрақұрлымы, тинкториалдық қасиеті, қозғалғыштығы мен көбеюі жағынан бір – бірінен ерекшеленбейді.
Лептоспиралар хемоорганотрофтылар. Тыныс алуы бойынша - аэробтар, микроаэрофилдер. Лептоспираларды сарысулы, альбуминді немесе синтетикалық сұйық, жартылай сұйық және тығыз күрделі құрлымды қоректік орталарда дақылдандырады. Тығыз қоректік ортада лептоспиралар 3 түрлі болып өседі: агар бетінде, агар тереңдігіне еніп, агар түбіне дейін. Сондықтан колониялардың морфологиясы әр түрлі болады. Ал сұйық және жартылай сұйық қоректік орта бетінде күреңкі сақина тәріздес өсінді түзеді. Биохимиялық қасиеттері толық зерттелмеген. Патогенді лептоспираларда каталаза, пероксидаза, цитохромды энзимдер, аминопептидазалар, дегидрогеназалар және басқа да метоболиз процесіне қатысатын ферменттер анықталған. Сонымен бірге аггрессиялық ферменттер (гиалуронидаза, липаза, фибринолизин, плазмокоагулаза, гемолизин, ДНКаза, эстераза, уреаза) анықталған, олар макроорганизмге енуге көмектеседі.
Антигендік құрылымы.
Лептоспиралардың күрделі антигендік құрлымы бар. Leptospira туыстастығындағы өкілдердің ішінен 200 серологиялық вариантын ажыратады, олар 25-тен астам серологиялық топтарға бірігеді. Туыстастықтың спецификалық қасиетіне полисахаридті фибриллярлы антиген жатады (КБР көмегімен анықталады), топқа және вариантқа қатысын сәйкесінше қабықша ақуыздары мен липопротеинді антигендермен агглютинациялық реакция арқылы анықтайды (агглютиногендері, преципитиногендері, комплемент байланыстырушы антигендері, гемагглютиногендері). Лептоспиралардың таксономиялық критерийі - олардың антигендігі бойынша анықталады. Негізгі таксоны – серовар.
Патогенділік факторлары. Лептоспираның патогенді қасиеті келесідей: инвазивтілігі мен қоймалжың ортада қарсы қозғалу қабілеті (вискотаксис) - бұл қасиеті лептоспиралардың жоғары қозғалғыштығымен гиалуронидаза, фибринолизин және т.б. факторлармен шырышты қабықтан өтуге көмектесуімен байланысты; экзотоксин өнімдерін түзеді – гемолизин, липаза, ДНКаза және басқа да улы өнімдер жасушаның бұзылуына әкеледі; липополисахаридтті табиғатты эндотоксиннің болуы – пирогенді, некрозды, летальді әсер көрсетеді.
Қалыпты және иммунды сарысулардың, комплементтің, фагоцитоздың бактериоцидтік белсенділіктеріне тұрақтылық қасиетке ие бола отырып, макроорганизмде ұзақ сақталады.
Тәжірибелік жануарлардың ішінде жаңа бөлінген штамдарға сезімталы алтын түсті атжалман (6 – 8 апталық), жас теңіз шошқалары, қоянның көжектері.Тәжірибелік жағдайда патогенді лептоспиралар вируленттілік қасиеттерін тез жояды.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі.
Лептоспироз - кең тараған зооноз, барлық жерде кездеседі. Лептоспироздың табиғи ошақтары – көбіне орман, өзен жағалауы, батпақты жерлерде кездеседі. Жұқпа көзі жабайы жануарлар - кеміргіштер, түлкі т.б. болып келеді. Жануарлар зәрі суға түсіп, топырақ және өсімдіктерді залалдайды. Аурушылдық қатаң мерзімдікпен сипатталады (маусым – қыркүйекте), бұл ауылшаруашылық жұмыстарымен (пішен орғанда), сонымен қатар саңырауқұлақ, жидек жинаумен, аңға шығумен, балық аулаумен байланысты. Ауылды жерлерде инфекцияның көзі үй жануарлары болуы мүмкін: доңыз, ірі қара мал, иттер. Тағам арқылы да жұғуы мүмкін, мысалы сүт пайдаланғанда, ауру малдарды қарау кезінде қарым-қатынас-тұрмыстық жолмен таралуы мүмкін. Дегенмен, инфекцияның негізгі таралу жолы – су арқылы. Ауылдық жерлерде ауру жануарлардың зәрімен ластанған су қоймаларында шомылған адамдардар арасында күрт көбеюі жиі кездеседі. Лептоспироз ауруы егеуқұйрықтар көбейген портты қалаларда шығуы мүмкін. Лептоспира жоғары температурада, дезинфекциялызаттардың (сулема, лизол, хлорамин, карбол қышқылы және т.б.) әсерінен тез жойылады, бірақ төменгі темпертураға жеткілікті дәрежеде тұрақты. Табиғи су қоймаларында 5-10 күн, топырақта 270 күнге дейін өмір сүреді. Қышқыл және сілтілі ортада тез жойылады.Төмен температурада ұзақ сақталады, яғни - 700С температурада олардың вируленттілігі мен тіршілікке қабілеттілігі 7 жылға және одан да ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін.Олар мұздатылып, ерітіліп, қайта мұздатылу процесін 6 ретке дейін қайталағанға дейін сақтала алады.Тағамдарда бірнеше күнге дейін сақталады.
Пенициллин, тетрациклин, стрептомицин тобындағы антибиотиктер оларды өлтіреді. Неомицин, рифампицин, амфотерицин В және басқа антибиотиктер олардың белсенділігін жоя алмайды.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті.
Инфекцияның кіріу қақпасы - ауыз қуысының, ас қорыту жолдарының шырышты қабаты, көз, мұрын, зақымданған тері. Енген жерде қабыну аймағы байқалмайды. Лептоспиралар лимфатикалық жолмен таралады, қанға өтеді (лептоспиремия, токсемия) және қан ағынымен организмде таралып әртүрлі ағзаларға (бауыр, бүйрек, өкпе т.б.) түседі. Ағзаларда микроорганизмдер қарқынды көбейіп қайтадан қанға түседі. Қоздырғыштың және оның токсиндерінің әсер етуі нәтижесінде қан капиллярларының қабырғасы зақымдалады және әртүрлі ағзалар мен тіндерде қан құйылу байқалады. Көп зақымдалатын ағзалар - бауыр, бүйрек, бүйрек үсті безі, жүрек және бұлшық ет.
Лептоспиралар жұлынға енуге қабілетті, науқастанушылықтың 7 – 15 күні менингеалды көріністер байқалады.
Науқастанушылықтың симптоматикасы мен ауырлығы қоздырғыштың сероварына, қоздырғыштың вируленттілік жағдайына, макроорганизмнің жағдайына, жұғу жолдары мен механизміне байланысты. Жасырын кезеңі 7-10 күнге, ауру 5-6 аптаға дейін созылады. Ауру жедел басталады, дене температурасы 39-400С жоғарылайды, бас ауруы, бұлшық ет ауруы әсіресе балтыр етінің ауырсынуы байқалады. Ағзалардың зақымдалуына байланысты олардың белгілері пайда болады: бүйректік жетіспеушілік, сарғаю және тағы басқалары. Толқын тәрізді қызба тән. Лептоспироздың клиникалық түрлері әртүрлі – жеңілден өлімге алып келетін ауыр түріне дейін. Кеш асқыну фазасында көздің зақымдануы, пиелит, менингоэнцефалиттің қалдық көріністері де байқалады.
Иммунитеті ұзақ, қарқынды, дегенмен қатаң серологиялық вариантты спецификалық. 3 – 4 аптада стерилсіз иммунитет қалыптасады. Қанда антиденелер көп жиналады. Бүйректе қоздырғыш ұзақ сақталып, несеппен ұзақ уақыт бөлінеді (40 күн және одан да артық). Иммунитет біртіндеп күшейіп, ақырында қоздырғыштан толық айығады (науқастанушылықтың 5- 6 аптасында).
Микробиологиялық диагноз қою.
Негізгі зерттеу әдістері: микроскопиялық; бактериологиялық; серологиялық; ПТР.
Микроскопиялық зерттеу. Зерттеу материалы ретінде аурудың бірінші аптасында қан, кейінірек зәр, ми-жұлын сұйықтығын алады. Бактериоскопиялық әдісте түнек айдынды микроскопта қарау қолданылады, бұл әдістің сезімталдығы мен спецификалығы төмен деңгейде. Спирохеталар анилиндік бояулармен нашар боялады, сондықтан ДДҰ ұсынған келесі әдістерді қолданады: күміспен импрегнациялау, иммунды пероксидазалы бояу, қоянның және тышқанның моноклоналды флюоресцирлеуші антиденелерін қолданып қоятын ИФР.
Бактериялогиялық әдіс: аурудың алғашқы күндерінде қаннан, аурудың 2-3 аптасында зәр мен ми-жұлын сұйықтығынан таза дақылдарын бөлу. Сарысуы бар қоректік орталарда, фосфатты – сарысулы ортада 28-300С өсіреді.Зерттеу материалын науқастың төсек орнында жатқызып алады, 3- 5 пробиркаға алып, бетіне вазелин майын құяды, 2 ай бойы өсіреді. Лептоспиралар өскенде қоректік орта мөлдір болып сақталады, сондықтан әр 5- 6 күн сайын түнек айдынды микроскопта қарау үшін препарат дайындап, зерттеп отырады. Таза дақылдың морфологиялық, дақылдық, қозғалғыштық , антигендік қасиеттерін анықтап диагноз қойылады.
Биосынама. Теңіз шошқаларына, көжектерге, алтын түсті хомяктарға құрсақ астына жұқтырады. Бір ай бойы бақылайды. Жануар өлгенде қаннан, зәрден, өлексе ағзаларының материалынан жағынды дайындап, түнек айдынды микроскопта қарап, таза дақыл алу үшін қоректік орталарға себеді.
Жеделдетілген зерттеу әдістері.Биохимиялық және молекулалық - биологиялық зерттеулер жүргізіледі. Жұқпаанықталған ошақтан қоздырғыштың ДНҚ анықтау үшін ПТР қолданады.
Серологиялық әдіс. Науқастың қанынан антиденелерді науқастанушылықтың 1-шi аптасының соңында анықтауға болады. Ол үшін КБР, микроагглютинация реакциясы және лизис реакциясы науқастың сарысуы мен стандартты микроорганизмдердің жиынтығымен қойылады.
Инфекцияларды емдеу мен алдын алу
Көбінесе антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин топтары) және лептоспирозға қарсы гетерологиялық иммундыглобулин қолданылады. Ауыр жағдайда кортикостероидтар, витаминдер кешені, жүрек - қан тамыр жүйесіне әсер ететін препараттар қолданылады. Басқа мамандардың кеңесінен өту шарт.
Бейспецификалық сақтандыру бірқатар ережелерден тұрады: қайнатылмаған суды қолдануға, жуынуға, мал су ішетін жерде суға түсуге болмайды. Эпидемиялық көрсеткіш бойынша спецификалық алдын алу ретінде көп кездесетін серологиялық варианттардан тұратын өлі вакцина қолданылады.
|
|
Leptospira interrhogans-электронды микроскоппен көргенде |
Лептоспирозда склерға қанның құйылуы |
7.4.сурет http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q=лептоспироз |
|
Тесттер.
1. Бозғылт спирохета тудыратын ауру:
соз
көкжөтел
мерез
тұмау
күл
2. Мерез қоздырғышының морфологиялық қасиеті:
иілген таяқша, 5-6 біркелкі емес орамдары бар
S торша, пішіні С-тәрізді
біркелкі спираль 8 – 12 орамды
ірі спора түзетін таяқшалар
кокктар,тізбектеліп орналасқан
3. Екіншілік мерез көрінісі сипатталады:
торшалық типті аллергиялық реакция
құсулар
жүйке жүйесінің зақымдалу симптомдары
теріде және шырыштарда бөртпелердің болуы
қатты шанкрдың түзілуі
4. Спирохетозға ... жатады.
эпидемиялык бөртпе сүзегі
эндемиялық бөртпе сүзегі
лейшманиоз
қайтымды сүзек
микоплазмоз
5. Rіckettsіa prowazekіі ... Жұқпалыауруды тудырады.
Марсель қызбасы
эпидемиялық қайтымды сүзек
эндемиялық бөртпе сүзегі
эпидемиялық бөртпе сүзегі
Омбылық геморрагиялық қызба
6. Эпидемиялық бөртпе сүзегінің негізгі тасмалдаушыларына ... жатады.
көйлек биті
масалар
аргас кенелері
иксода кенелері
бүргелер
7. Мерез ауруының қоздырғышы:
Bacillus cereus
Troponema pollidium
Salmonella typhi
Clostrium perfringes
Clostrium botulinum
8. Қоздырғыштың енген орнында шеті күрт шектелген, ауырсынбайтын, тығыз жара пайда болуымен сипатталатын ... ауруы.
венерологиялық гранулема
гонорея
сифилис (мерез)
трихомоноз
жұмсақ шанкр
9. Спирохеталарды бояуда ... әдісі қолданылады.
Бурри
Грам
Циль-Нильсен
Здродовский
Романовский-Гимза
10. Терінің, ішкі мүшелердің, сүйектің, нерв жүйесінің жаракаттануына алып келетді.
сифилис (мерез)
гонорея
венерологиялык гранулема
трихомоноз
жұмсак шанкр
11. Эпидемиялық қайтымды сүзекте … үшін биосынақ қойылады.
биохимиялық қасиетін үйрену
токсиндерді анықтау
кенелік сүзектен дифференциалау
Жұқпа көзі н анықтау
антиденелерді анықтау
12. Брилл-Цинссер ауруының рецидиві ... түрінде кездеседі.
эпидемиялық бөртпе сүзегі
эндемиялық бөртпе сүзегі
Ку-қызбасы
қайтымды сүзек
кенелік қайтымды сүзек
13. Лептоспиралармен залалданудың негізгі жолдарына ... жолы жатады
кенелердің шағуы
бүргелердің шағуы
ауру малдың етін жегенде
биттердің шағуы
ауру малдың зәрі аркылы
14. ... ауруының қоздырғышы спираль тәрізді иректельген пішінде болады.
Туляремия
Оба
Лептоспироз
Сібір күйдіргісі
Бруцеллез
15. Спирохеталарды бояуда ... әдісі қолданылады.
Бурри
Грам
Циль-Нильсен
Здродовский
Романовский-Гимза
16. Лептоспироз қоздырғышының таза дақылын алуда ... қолданылады.
a) Левенштейн-Иенсен ортасы
b) Борде-Жангу ортасы
c) 5-10% көжек сарысуы бар орта
d) Тауық эмбрионы
e) Клауберг ортасы
17. Лептоспирозды анықтау үшін … әдісін зертханалық диагностикада қолданбайды.
тері-аллергиялық
микроскоптық
бактериологиялық
серологиялық
биологиялық
8-Бөлім
Риккетсиоздар, хламидиоздар және микоплазмоздар
