- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
Өткір бактериалды ішек инфекциялары кең таралған ауруларға жатады, оларды келесі бактериялар шақырады: а) Enterobacteriaceae тұқымдасының өкілдері: Escherichieae, Salmonella, Shigella және кейбір кезде Yersiniae (Y. enterocolitica) , Klebsielleae; б) тырысқақ вибриондары (Vibrio cholerae және т.б.) Yibrionaceae тұқымдастығы. в) анаэробты грамтеріс спора түзбейтін бактериялар — бактероидтар мен вейллонеллалар.
Enterobacteriaceae әулетінің жалпы сипаттамасы:
Жиі кездесетін Enterobacteriaceae тұқымдасының өкілдері. Бұл бактерияларға келесі белгілер сай.
Морфологиялары бірдей қысқа, спора түзбейтін, шеттері домалақ, қимылдайтын (перитрихтер) немесе қимылдамайтын, капсула түзетін немесе түзбейтін таяқшалар.
Грам бойынша теріс.
Глюкозаны қышқыл мен газ немесе қышқыл ғана түзеп ферменттейді, нитраттарды нитриттерге дейін айналдырады. Ферменттік белсенділіктері көмірсуларға, спиттерге, аминқышқылдарына жоғары.
Әдеттегідей, протеолетикалық қасиеті жоқ.
Факультативті анаэробтар мен аэробтар.
Қарапайым қоректік ортада 37°С температурада жақсы өседі.
Мекен жайы-ішек трактісі мен тыныс жолдары. Бұл әулетте 30-дан астам туыс және 100-ден астам түр бар.
4.1.Ішек таяқшалары
Таксономиясы: тұқымдастығы: Enterobacteriaceae; туыстастығы: Escherichia; түрі: Escherichia coli, E. adecarboxylatae, E.blattae, E.hermanii, E.vulneris, E.fergusonii. Осылардың ішінде адам патологиясында орын алатыны Escherichia coli. Энтеробактериялардың негізгі өкілі – Escherichia coli. 1885 жылы Т. Эшерих ашқан. Ішек таяқшасы тоқ ішектің қалыпты микрофлорасының өкілі бірқатар қызметтер атқады, соның ішінде ішек ауруын тудыратын бактерияларға, шіріткіш бактерияларға, кандида туыстығындағы саңырауқұлақтарға антогонист болып келеді, В, Е, К топтағы дәрумендерді синтездеуге қатысады, шелмайды (клетчатканы) жартылай ыдыратады. Тоқ ішекте 02, 07, 09 және т.б. серологиялық топтарға жататан Escherichia coli мекендейді. Сонымен қатар Escherichia coli –дің шартты патогенді штамдары бар диарегенді немесе энтеропатогенді ішек таяқшалары (ЭПІТ), олар ағзаға сырттан түсіп энтеральды (ішектік,эпидемиялық) эшерихоздар деп аталатын ауруларды көп таратады. Энтеропатогенді ішек таяқшалары көбінесе иммунитеті қалыптаспаған, грам теріс бактериялардан сақтайтын өзіндік иммундыглобулині түзілмеген, асқазан сөлінің қышқылдығы төмен, емізулі балалар ауырады. Балаларда колиэнтрит дамиды. Ал ересектерде ауырады, оларда эшерихоз, тырысқақ немесе дизентерия түрінде жүруі мүмкін.
Морфологиясы. Escherichia coli екі шеттері жұмырланған, ұсақ грам теріс таяқшалар, жағындыда ретсіз орналасқан, спора түзбейді, кейбір штамдары микрокапсулға ие, перетерихтер (немесе қимылдамайтын); талшықтардан басқа, кейде пилилері (кірпікшелер) анықталады (4.1.сурет).
|
|
Escherichia coli - электронды микроскоптағы көрінісі |
Escherichia coli – Грам әдісімен бояп, жарық микроскоптағы көрінісі. Таза дақылы. |
|
Эндо ортасындағы ішек таяқшаларының колониялары.
|
4.1.сурет Ішек таяқшасының морфологиялық және дақылдық қасиеттері. /Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А./ |
|
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері.
Ішек таяқшасы факультативті анаэроб, қоректік ортаға талғамсыз, қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі колониялары домалақ, дөңес, жалтыр мөлдір. Сұйық қоректік орталарда диффузды лайланып өседі., рН 7,2- 7,4 болатын қарапайым қарапайым қоректік орталарда 37C-та жақсы өседі. Сұйық ортада диффузды лайланып, түбінде тұнба түзіп өседі. Тығыз қоректік орталарда жылтыр мөлдір S және R колониялар түзеді.Эшерихоз диагнозын қою үшін дифференциалды -диагностикалық Эндо, Левин,және т.б.орталар кең қолданылады. Колониялары лактозаның ыдырауы нәтижесінде қоңыр-қызыл \метал түстес\ (4.1.сурет) түске ие (қара сызық); ақ сызықтар сальмонеллалар мен шигеллаларға тән лактозтеріс (түссіз) колонияларды көрсетеді. Ішек таяқшалары көбінесе глюкоза, лактоза, маннит, галактоза, кейде сахарозаны қышқыл мен газға дейін ферменттейді, индол түзеді. Әдетте H2S түзбейді, желатинді ыдыратпайды (4.1.кесте).
Антигендік құрылымы. Ішек таяқшасының антигендік құрылымы күрделі: Ішек таяқшасында 0-саматикалық, термостабильді /ЛПҚ/ антигені бойынша 171-ден астам, Н- талшықты , термолабильді, антигені бойынша 55, беткейлік К антигенінің В типіне байланысты 97 серотобын анықталған, К- антигені температураға және химиялық заттарға сезімталдығына байланысты 3 антигеннен тұрады: А термостабильді антиген, В, L термолабильді антигендер. Антигендік құрылымды серотоптарды формулалармен белгілейді. Мысалы, О55: К5: Н21 штамы О55 серологиялық тобына жатады.
Диареягенді ішек таяқшасының патогенді факторлары:
Адгезия және колонизация факторлары. Олар ұлпа жасушасына жабысуына және колонизациясы үшін керек (фимбрилар және сыртқы мембрана ақуызы).
Инвазиялық факторлар осылардың көмегімен ішек таяқшалары ішек жасушаларының эпителилеріне еніп, көбейіп, бұзылуына алып келеді (сыртқы мембрама ақуыздары.)
Экзотоксиндер:
а) цитотониндер – бикарбонат, Na, K, Cl- иондары бар ішек жасушаларындағы сұйықтардың гиперсекрециясын белсенділігін көтеріп, су-тұз алмасуын бұзып, диареяға алып келеді.
б) цитотоксиндер – жасушаларының капилляр эпителилерінің және ішек қабырғасының бұзылуына алып келеді.
4. Эндотоксиндер – липополисахаридтер. (ЛПҚ - ЛПС). Олар бактерияның антигендік спецификасын анықтайды, эндотоксикоздың себепкері болады.
Потагенді факторларына байланысты Е. coli келесі категорияларға бөлінеді.
1. Энтеротоксигенді ішек таяқшалары; Адгезиялық, колонизациялық факторлары, энтеротоксигендері басымырақ болады. Процестің таралу орны ащы ішек. Ауру тырысқаққа ұқсас типпен өтеді. Эпидемияның түрі-су арқылы, кейде тағамдық. 1-3 жастағы балалар және үлкен адамдар ауырады.
2. Энтероинвазивті ішек таяқшалары; патогенділігі эпителиялды жасушаларға кіріп оның бұзылуына алып келеді. Процестің таралуы – мықын және тоқ ішектің төменгі бөлігі. Ауру дизентерия типінде өтеді.
3. Энтеропатогенді ішек таяқшалары; Энтероциттер түзіп, эпителияны бұзып эрозия тудырады. Таралуы – тоқ ішек. Бір жасқа дейінгі балалар ауырады, қарым-қатынас, тағам арқылы жұғады.
4. Энтерогемморагиялық ішек таяқшалары; токсиндер майда қан тамырларының эпителиялды жасушаларын бұзып, қанға түсіп, қан айналуының бұзылуының нәтижесінде қансырауға алып келеді. Балалар мен үлкен адамдар ауырады, тағам арқылы жұғады.
5. Энтероадгезивті ішек таяқшалары; олар цитотоксин түзбейді, эпителиялды жасушаларына енбейді. Нер-2 in vitro жасушаларына адгезиндер арқылы жабысатын болғандықтан энтероадгезивті ішек таяқшалары деп аталған.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі Аурудың көзі – науқас адам (көбінесе жасырын түрлерімен), жұқпа көзі – бактерия тасымалдаушы. Таралу механизмі –фекальды – оральды. Таралу жолдары – алиментарлы (тағамдар және су), тұрмыстық қатынас арқылы. Ауыратын көбінесе кішкентай балалар, -ЭПІТ –бір жастағы балаларда диареяны шақырады, көп жағдайларда аурухана ішілік Жұқпа түрінде дамиды, көкірек жастағы балдарда жасанды тағаммен тамақтанатын балаларда кездеседі. Мерзімі: жаз-күз айлары. Эшерихиялар жоғарғы темпереатураға төзімсіз. 60°С-температурада 15 минутта, 100 °С-та лезде қырылады. Оларды көптеген дезинфекциялауда қолданатын заттар (формалин, фенол, хлорлы әк, күйдіргіш натрий жене басқалар) жояды. Эшерихиялар неомицинге, полимиксинге, ампициллинге, хлорамфениколга, тетрациклинге, нитрофуранды жене сульфаниламинды препараттарга сезімтал келеді,пенициллинге сезімталдығы жоқ не нашар.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті ЭПІТ-жіңішке ішектің эпителия беткейінде көбейеді, микроворсинкаларды бұзады, эпителидің апикальді беткейін зақымдайды. Ауырғаннан кейін топтық спецификалық әлсіз иммунитет түзіледі. Аурудан кейін колибактериялар иммунодефицитті жағдайға соқтырады. Балаларда және ересектерде жергілікті иммунитеттің қалпына келуі ішектегі SlgA секреторлы антиденесіне байланысты эшерихиоздан кейін спецификалық иммунитеттің әлсіздігі сақталады. Сондықтан қайтадан ауруға ұшырауы мүмкін.
Микробиологиялық диагноз қою. Жеделдетілген әдіс: РИФ, ИТФ, патогендік плазмидаларын анықтау. Зерттеуге арналған материал нәжіс, қосымша қан, өт, несеп, дуоденалды бөліндісі, құсық массалары, асқазан шайындысы. Негізгі әдіс- бактериологиялық әдіс. Эшерихиоз ауруларының бактериологиялық диагностикасы нәжісті Эндо ортасына егіп, оқшауланған колониялар алумен айқындалады. Дақылды 37°С бір тәулік, яғни келесі күнге дейін термостатта /өсіреді/көбейтеді. Сонан соң, лактоза оң Escherichia coli қою қызыл металша жылтыр немесе жылтыры жоқ ортасы ашық қызғылттау, кейде түссіз шеңбері бар, кейбіреулері жартылай мөлдір колониялардан жұғынды жасайды, Грам әдісі бойынша боялады және шыныда ОВ – сарысу қоспасымен (ол жиі таралған серотобының энтеропатогенді эшерихияларға қарсы антиденемен) қояды. Әрбір табақшаға 10 реттен аглютинация реакциясын жүргізеді. Дұрыс қорытынды бойынша аглютинация мына түрде болады: О26: В6, О55: В5, 0111: В17 және т.б, сосын болжам қорытынды жасайды. Одан кейін аглютинобелді колонияларды таза дақыл алу үшін тығыз қоректік агарға егеді. 3-күні таза дақылдың ОВ-сарысу қоспасымен аглютинация реакциясын анықтайды. Осылардан соң колонияларды қиғаш қоректік ортаға егеді.
Эшерихиозды емдеу мен алдын алу. Колиэнтериттердің терапиясында әртүрлі антибиотиктер қолданылады. Бұзылған су-тұз алмасуын реттеу үшін оральды тұзды ертінділер қолданылады. Микробтардан дайындалған биологиялық препараттар антагонистер – бифидумбактерин, лактобактерин қолданылады. Алдын алу шаралары бала бақшада, перзентханаларда т.б. мекемелерде санитарлық гигиеналық ереже сақтау және аурулар мен тасымалдаушыларды анықтау. Арнайы алдын алу шарасы жоқ.
4.1.кесте Enterobacteriaceae әулетінің Escherichia, Shigella, Salmonellaтуыстықтарын биохимялық қасиетері бойынша ажырату |
|||
|
Escherichia |
Shigella |
Salmonella |
Фогес-Проскауер реакциясы |
- |
- |
- |
Түзуі бойынша: |
|
|
|
Индол |
|
± |
- |
H2S |
- |
- |
|
Утилизация : |
|
|
|
Цитрат |
- |
- |
|
Малонат |
- |
- |
- |
Мочевинанаң гидролизі |
- |
- |
- |
Өндіреді: |
|
|
|
Лизиндекарбоксилаза |
|
- |
|
Орнитиндекарбоксилаза |
- |
- |
|
Глюкозаның ыдыраған кезіндегі газтүзілуі |
|
- |
|
Ферменттеу кезідегі қышқыл түзілуі: |
|
|
|
Лактоза |
|
- |
- |
Маннит |
|
± |
|
Сахароза |
± |
- |
- |
Тесттер.
1. Эндо ортасында қанық-қызғылт металл түсті, жылтыраған колония түзіп өсетін ... бактериясы.
ішек таяқша
сальмонелла
шигелла
камплиобактерия
иерсиния
Бактериальды ішек инфекцияларына диагноз қою үшін ... әдіс қолданады.
бактериологиялық
микроскопиялық
микологиялық
протозоологиялық
тері-аллергиялық
3. Ішек инфекциясын бактериологиялық зерттегенде нәжісті қандай ортаға егеміз:
Эндо, висмут-сульфит, Плоскирев
СТА, қанды агар
казеинді-көмірлі агар, Борде-Жангу
қантты сорпа, қанды агар
сарысулы агар
4. Қоздырғышы судың санитарлық көрсеткіш бактериясы болып табылатын ... ауруы.
a) іш сүзегі-паратиф
b) тырысқақ
c) эшерихиоз
d) иерсиниоз
e) дизентерия
5. Ішек таяқшасының ет-пептонды сорпада өсу сипаты:
a) түбінде тұба, орта мөлдір
b) диффузды лайсаңдану
c) беткейінде қабықша, орта мөлдір
d) беткейінде қабықша, түбінде тұба, орта мөлдір
e) беткейінде қабықша, түбінде тұба, лайсаңдану
6. Үш биотипі бар: Бойд 88, Манчестер және Ньюкасл шигелла:
дизентрия
Флекснер
Боуди
Зоне
Тифи
7. Ішектегі ... В тобының витаминдерін синтездеуге қатысады.
a) ішек таяқшасы
b) бактероидтар
c) протей
d) стафилококк
e) перфрингенс клостридиялары
8. Escherehia coli ... тұқымдастығына кіреді.
a) Bacillaceae
b) Streptocoсcaceae
c) Enterobacteriaceae
d) Neisseriaceae
e) Micrococcaceae
9. Iшек таяқшасының морфологиясы:
a) Кок тәрізді таяқшалар
b) Грам терiс, орташа көлемдi
c) Қос-қостап орналасу
d) Тiзбектелiп орналасқан
e) Грам оң, iрi
10. Соматикалық, капсулалық және кірпікшелі антигендерге ие, грам теріс таяқшалар ... болып табылады.
ішек таяқшалары
сальмонеллалар
шигеллалар
вибриондар
иерсиниялар
