- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
9.3.Споровиктер классы
Споровиктер классы – (Sporozoa). Барлық споровиктер жануарлар мен адамдар паразиті және комменсалы. Қозғалу органелласы жоқ. Споровиктердің қоректенуі барлық қоректі бүкіл денесі арқылы сіңіру жолымен жүреді. Көптеген споровиктер клетка ішілік паразиттер. Олар өте терең дегенерацияға шыдаған. Споровиктерге көбеюдің екі түрі тән: жынысты және жыныссыз. Бірінші түрі даму цикліне жыныссыз көбею. Жыныстық процесс копуляция және спорогония түрінде. Жыныссыз көбею – жәй күрделі көп бөліну – шизогония арқылы жүреді. Жынысты көбею кезінде – жыныс жасушалар – аталық және аналық гаметалар түзіледі. Гаметалар қосылады, түзілген зиготаны қабық қаптайды, оның ішінде спорогония жүреді – көп бөліну нәтижесінде спорозоидтың түзілуі жүреді. Өмірлік циклі осындай типті споровиктер ішкі орта ұлпаларында өмір сүреді. Споровиктердің екінші даму циклінің түрі ішкі ағзада өмір сүретіндерде кездеседі. Ол өте қарапайым, циста және трофозойд стадияларында болады. Паразиттің адам ағзасына өтуі, патагендік әсері, аурудың диагностикасы, профилактикасы сол паразит өмір сүретін адам ағзасының спецификасына байланысты. Сондықтан қарапайымдыларды, медициналық көзқарас бойынша әртүрлі топқа бөледі, ішкі ағзада өмір сүретін, сыртқы ортамен байланысқан түрі, адамның ішкі ағзасында, ұлпада өмір сүретін түрі. Сонымен қатар еркін өмір сүретін қарапайымдылар, олардың кездейсоқ организмге түсуі патологиялық процестерге тіпті адам өліміне әкеліп соқтыруы мүмкін. Сыртқы ортамен байланысқан қуысты мүшелерде мекендейтін қарапайымдылар. Бұл экологиялық топқа жататын қарапайымдылар, паразит болып, олардың мекендеу жағдайы салыстырмалы сыртқы ортадан аз ерекшелінгендіктен терең дегенерацияны шыдай алмады. Бұл паразиттердің көбісі анаэробтар. Олардың даму циклі қарапайым көбісінде трофозоит және циста стадиялары болады. Кейбіреулері циста құрмайды. Бұл паразиттердің көбісімен зақымдалу цисталарды және трофозоиттарды жұту жолымен жүреді. Олардың таралуына қоздырғыштардың механикалық тасымалдаушылары – жәндіктердің маңызы зор. Зақымдалған ағзалардан бөлінген трофозоит немесе цистаны табу негізінде ауруды диагностикалайды. Профилактикада жұқтырудың негізі жеке бас гигиенасын сақтау. Көп түрлері ас қорыту түтігінде және басқа мүшелерде тіршілік етіп және онда қолайлы орта тауып комменсалдар болып табылады. Бірақта болашақта олардың иесімен қарым – қатынасының күшеюі және паразиттеуге көшуі мүмкін.
9.3.1.Безгектің қоздырғышы
Кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның, омыртқалы жануарлардың қан жасушаларында тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, қан сорғыш жәндіктердің, яғни Anopheles туыстас масалардың ішегінде өтеді және масалар осы паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады. Адамда Plazmodium туысының төрт түрі паразиттік тіршілік етеді: РІ. vivax, РІ. malariae, РІ. falciparum, РІ. Ovale (9.9.сурет). Безгек масасы (Аnopheles туысынан) адамды шаққанда сілекеймен бірге адам қанына спорозоиттар түседі. Спорозоиттар өте майда 5-8 мкм, құрт тәрізді немесе орақ тәрізді. Олардың құрылысы кокцидиялардың зоит құрылысына өте ұқсас, тек коноиды болмайды.
|
1 - спорозоиттар, 2-4 - бауыр жасушаларындағы өтiп жатқан шизогония кезеңi (2 - жас шизонт, З – көп ядролы өсiп келе жатқан шизонт, 4 - мерозоиттар), 5-9 - эритроцитте өтiп жатқан шизогония, 10- мерозоиттар, 11-12 - макрогамонттар, 11 а- 1 2а - микрогамонттар, 13 - макрогамета, 1 4-микрогамонт, 15 – микрогаметалардың түзiлуi, 16 - копуляция, 17 - зигота, 18 - жылжымалы зигота (оокинета), 19- оокинетаның масаның iшегiнiң қабырғасына енуi, 20- оокинетаның ооцистаға айналуы, 2 1-22-23 - өсiп келе жатқан ооциста, 24- спорозоиттар, 25 - масаның сiлекей безiндегi спорозоиттар. |
9.9.сурет. Безгек плазмодиясының даму циклi. |
Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп 10-20 мерозоиттар пайда болады .Қанға түскен спорозоиттар қан тамырлары арқылы бауырға жиналады. Осы жерде шизогония көбею кезеңі басталады. Әрбір спорозоит бауыр клеткасына еніп, жұмырланып шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, бұлардан мерозоиттар пайда болады. Осыдан кейін шизогония екі жерде жүреді: мерозоиттардың бір тобы қайтадан бауыр жасушаларына еніп, жұмырланып шизонтқа айналып, олардың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, көптеген мерозоиттар пайда болады, ал мерозоиттардың екінші тобы бауырдан қанға шығып эритроциттерге енеді, сол жерде жұмырланып шизонтқа айналады. 2-3 сағаттан кейін шизонтта вакуоль пайда болады, сол вакуоль әсерінен шизонттың денесі сақина тәрізді болып тұрады. Кейін вакуоль жойылып, шизонт өсіп, амеба тәрізді болады.Бұлар эритроцитті зақымдап қанға шығады да, жаңа эритроциттерге енеді, содан шизогония кезеңі қайтадан басталады және бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Сөйтіп, шизогония бауыр клеткасында және эритроциттерде өтеді. Шизогония кезінде адам қанындағы паразиттің саны артады, ал эритроциттердің саны азаяды. Сау адамның 1 мм3 қанында 5 млн эритроциттер болса, ал безгек аурумен ауырған кезде эритроциттердің саны азайып 1 мм3 қанында 1 млн-ға жақын эритроциттер қалады. Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады. Гамонттар екі түрлі болады: макрогамонттар немесе макрогаметоциталар пісіп-жетілмеген аналық жыныс жасушалары және микрогамонттар немесе микрогаметоциттер пісіп-жетілмеген аталық жыныс жасушалары. Осыдан кейін әрі қарай даму қанында жүрмейді. Ендігі дамуы маса денесінде өтеді.
Анофелес (Anopheles) туысына жататын безгек маса ауру адамның қанын сорған кезде оның ішегіне қанмен бірге макро және микрогаметоциттер түседі. Масаның ішегіне макрогамонттар (макрогаметоциттер) пісіп-жетіліп макрогаметаға айналады, ал микрогамонттардың (микрогаметоциттер) ядросы көпке бөлініп, пісіп-жетіліп қозғалғыш майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар мен макрогаметалар қосылып зигота құрайды. Зигота қозғалғыш келеді, сондықтан оны оокинета деп атайды. Оокинета масаның ішек қабырғасына еніп қозғалуын тоқтатады да, сыртына тығыз қабықша шығарып ооцистаға айналады. Ооцистаның ішіндегі ядро бөлінеді, мұның саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Әрбір ядро жұқа цитоплазмамен қапталынып, мыңдаған (10000-ға дейін) спорозоиттар түзіледі. Ооцистаның көлемі өсіп, мыңдаған спорозоиттар пайда болғаннан кейін ооциста жарылады. Қозғалғыш спорозоиттар безгек масаның аралас қуысына түсіп, гемолимфа ағынымен сілекей бездеріне жиналады. Маса адамды шаққанда оның қанына сілекеймен бірге спорозоиттар да түседі. Даму циклы ары қарай жалғасады. Сонымен безгек плазмодиясының тіршілік циклы - өте күрделі және олар иесін алмастырып отырады, жыныссыз көбеюі адам қанында, ал жынысты көбеюі безгек масаның ішегінде өтеді. Плазмодияның негізгі иесі – безгек масасы, ал аралық иесі – адам. Безгек плазмодиясы адамның безгек ауруын қоздырушы. Безгекпен ауырғанда безгек ұстауынан басқа анемия (эритроциттердің азаюы) байқалады және плазмодиялар қан плазмасына улы өнімдерін бөледі. Ауру адамның безгегі әр 72 сағат, немесе 48, немесе 24 сағат сайын қайталанып отырады. Осы қайталануы плазмодияның өкіліне және шизогония мерзіміне байланысты. Безгек ауруына қарсы шаралары. Масалардың сан мөлшерін азайтуға қолайлы тәсілдерін қолдану, ауырған адамды дәрілермен емдеу.
Негiзгi жұғуы және клиникалық белгісі. Трансмиссивтi кезең ұрғашы инвазирленген масаның шаққаны арқылы. Инкубациялық кезең малярияның әртүрлi формасына байланысты бiр аптадан бiр жылға дейiн, кейде одан да ұзақ уақытқа созылады. Малярияның қасиетi ұстама болып өтедi, адам қалтырап, басы ауырып ол дененiң температурасы 30-41ºС дейiн кетерiлуi мен ауысады. Бұдан кейiн температура жылдам төмен түсiп, терлеп әлсiрейдi, осылай клиникасы ауысып отырады.
Микробиологиялық диагноз қою. Безгек ұстамасы кезiнде қан алынады. Романовский-Гимзе әдiсiмен боялған жұғындыны зерттеймiз және “жуан тамшы” препараты қанды 30-50 рет зерттеуге мүмкiндiк жасайды. Жұқа жұғындыға қарағанда қанда әртүрлi шизонттың және таметоциттiң түрлерi байқалған.
Безгекті емдеу және алдын алуы. Эритроцитарлық және ұлпалық шизонттарға және гемотоциттерге әсер ететiн препараттар қолданады. Сондықтан хоноцидпен комплекстiк терапия қолданады және хининмен, циклохининмен, хлорохининмен және т.б.
9.3.2.Токсоплазмоздың қоздырғышы
Токсоплазмоз - жасуша iшiлiк паразит арқылы шақырылатын зоонозды жұкпалы ауру, паразитпен бiрге жүретiн немесе ауру симптомсыз өтедi. Жасуша ішілік паразит қоздырған ауру әртүрлі мүшелердің зақымдануларымен сипатталады. Адамда клиникалық белгілері полиморфты, немесе аурудың ағымы белгісіз. Қоздырғыш Potozoa, Apikomplex типіне, Sporozoa классына жатады. 1908 ж. Ш. Николь және Л. Мансо ашқан.
Морфологиясы және дақылды өсіру. Токсоплазмоздың тіршілік циклінде бірнеше морфологиялык кезеңдсрін ажыратады. Токсоплазмоз – қоздырғышы бірнеше механиздер мен берілетін, клиникалық белгілері әр түрлі жасырын және созылмалы түрде дамыйтын ауру. Эвдозоит (трофозоит) қоздарғышы –ерекше пішінді - апельсин бөлшегі немесе жартылай ай тәрізді, бір шеті үшкірленген, екіншісі – жұмырланған, өлшемi 4-7/1,5-2 мкм.. Романовский-Гимзе әдісімен бояғанда цитоплазмасы аспан көк түсті, ядросы рубин-қызыл түске боялады. Токсоплазмаларды тауық эмбрионында, тін дақылында, сонымен қатар оларды зертханалык жануарлар, ақ тышқандарға жұқтыру жолы арқылы тексеремiз.
Резистенттілігі. Токсоплазмалар 550С температурасында тез тіршілігін жояды, 50% спиртке және 5% NEUOH ерітіндісіне сезімтал.
Токсоплазмозмамен ластанған заттар құрғатылған кезде қоздырғыштар жылдам қырылады. Токсоплазмалар 40-500С температурада 15-20 мин, ал 60-800С-та 5-10 минуттан кейін өледі. 5-80С температуралық жағдайда токсоплазмалар суда бір тәулік, сүтте – 2 тәулік тіршілігін сақтай алады. Ал, малдардың өлігінде 8 тәулікке дейін сақталады. Токсоплазмоз қоздырғыштары жыныстық және жыныссыз жолмен көбейеді (9.10.сурет). Жыныстық даму циклі-мысықтар мен мысық тұқымдастардың ішек жолында өтеді. Ауру мысықтарға тышқанды жеу арқылы жұғады. Жабайы кеміргіштермен қоректеген мысықтың нәжісінен адамға жұғады. Адам организмінде даму циклы 1-3 аптада аяқталады. Созылмалы процесе кезінде қоздырғыш бұлшық етте, мида және басқа органдарда түзіледі. Олардың даму циклы тоқтаусыз жүріп жатады.
|
Адам ағзасында немесе басқа аралық қожайынының ағзасында токсоплазмалардың жыныссыз көбеюі (T. Gondii – облигатты клеткааралық паразит). 1 – эндозоиттің, цистозоиттің немесе спорозоиттің (спорозоиттер құрамында екі спороцисттері мен спорозоиттары бар дамыған ооцисттен шығады) (2) қожайынының клеткасына енуі; 2 - қожайынының клеткасы; 3 – паразитарлы вакуольде эндозоиттердің жиналуы; 4 – жұлынған қожайынның клеткасынан эндозоиттердің шығуы; 5 – цистозоиттер клеткааралық цистада; 6 - цистозоиттер клеткадан тыс цистада. |
|||
Токсоплазмалар (трофозоиттер) патологиялық материалдан алынған жұғынды. Романовский-Гимзе бойынша бояу |
Токсоплазмалар (трофозоиттер) Перитонеальді экссудаттан алынған жұғынды |
|||
|
|
|
|
|
9.10.сурет |
||||
Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
||||
Эпидемиологиясы. Токсоплазмалар кең таралған. Токсоплазмалар барлық сүтқоректілердің эритроциттерінен басқа жасаушалардың бәрінің ішінде өсіп-өніп көбейді. Токсоплазмоз қоздырғыштары мысық тектес жыртқыштардың ағзасында өніп-өседі, әсіресе, үй мысықтарында. Қоздырғыштар бөліну жолымен көбейеді және бірнеше жыл тіршілік етеді. Олар сыртқы ортада ұзақ уақыт тіршілік ете алмайды, қоздырғыштар тасымалдаушылардың өлігінде және құсығында қысқа мерзімде ғана сақталады. Көптеген үй және жабайы сүтқоректілердің түрлері және құстар инвазия көзі болып табылады. Жұғуы жиі токсоплазмозбен ауыратын жануарлардан алынған, температуралық технологиясы дұрыс өңдемеген тағамдар (ет, сүт, жұмыртқа) қолданғанда жиі жұғады. Мысықтар және мысық тұқымдастар – токсоплазмоз инвазия көзі және резервуары болып табылады. Сондай-ақ қоздырғыштары сүтқоректілер мен құстардан да табылады, олар паразиттің аралық иесі болып табылады. Әсіресе тышқан тектес кеміргіштер мен қояндар жиі зақымданады.
Токсоплазмоздың соңғы иесі мысықтар және мысықтар тұқымдасының өкілдері. Олар нәжіспен қоздырғыштың ооцистерін бөліп шығарады. Токсоплазмозбен зақымданған адам оларды қоршаған ортаға бөлмейді.
Патогенезі және клиникалык белгілері. Адам ағзасына қоздырғыш алиментарлы жолмен, сирек қарым-катынаста (зақымдалған тері және шырышты қабықшасы арқылы) немесе ауа-шаң жолымен енеді. Туа пайда болған токсоплазмозда қоздырғыш ұрыкқа плацента арқылы өтеді. Ағзаға еңген токсоплазмоздар, лимфа ағысымен регионарлы лимфа түйіндеріне жетіп, көбейіп, қанға түседі. Одан бүкіл ағзаға таралып, ретикуло-эндотелиалды және орталық жүйке жүйесіндегі жасушаларға түсіп, циста түрінде онжылдап сақталынады. Инкубация кезеңі - 2 апта. Клиникалық белгілері әртүрлі және қоздырғыштың орналасуына байланысты. Туа пайда болған токсоплазмоз әсерінен ұрықтың өлуі, түсік, өлі туу, балалардың ақаулармен тууы мүмкін. Көпшілік жағдайда токсоплазма жұққаннан кейін симптомсыз тасымалдаушылық қалыптасады. Токсоплазмалар жүйке жүйесінде, жатыр, көз тіндерінде өсіп-өнуге бейімделген, сондықтан ауру жұқтарған адамның ағзалары зақымданып, дертке шалдығады, түсік тастау, өлі бала туу т.б. жағдайлар болады. Токсоплазмоз жылдың барлық кезеңдерінде болады, дегенмен, күзгі-қысқы, қысқы-көктемгі маусымдарда жиірек байқалады. Қала түрғындары арасында токсоплазма жұғушылың біршама жоғары.
Аурудың жұғу жолдары. Қоздырғыш негізінде ауыз және нәжіс механизмімен таралады. Ол бірнеше жолмен атқарылуы мүмкін:
1. Ауыз арқылы шикі немесе жартылай шикі етті, фаршты пайдаланғанда;
2. Жанасу жолы-тұтас мал етін мүшелеу кезінде қасапшылардың және зарарлы заттармен жұмыс атқаратын зертханалық қызметкелердің жарақаттанған қол терісі мен шырышты қабаттары арқылы;
3. Жүктіліктің бастапқы мерзімінде анасының құрсақ ішіндегі нәрестеге планцента арқылы жұғады.
Токсоплазманың жұғуы барлық елдерде кең таралған. Жасы ұлғайған сайын токсоплазмаларды жұқтыру ықтималдығы ұлғая түседі.
Иммунитеті. Ауру пайда болған жағдайда жасушалық және гуморалды иммунитеттің белгілері байқалады. Ол қайталап токсоплазмоздың жұғуына кедергі жасайды. Сонымен қатар аллергия дамиды.
Микробиологиялық диагноз қою. Романовский-Гимзе әдісімен боялған патологиялык материалдан дайындалған жағындыны микроскоптан табу арқылы жүргізіледі. Тышқандарға жұқыратын биологиялық әдіс сирек қолданылады. Диагностиканың негізгісі серологиялық әдіс болып есептеледі. ИФР, тура емес гемагглютинация реакциясы (ТеГАР), КБР, және Сэбин-Фельдман реакциясы немесе боялу-тесті қолданады. Осы жағдайда коздырғыштың мерозоиттері, зерттелетін қан сарысуының антиденелерінің қасиетіне байланысты метилен көгімен әр-түрлі түске боялады. Токсоплазмамен тері астына аллергиялық сынама қойылады.
Емдеу және алдын алу. Емдеуде хлоридин қолданады. Пириметамин (дараприм) сульфаниламидты препараттармен біріктіріп қолданғанда жақсы әсер береді. Жүктілік кезінде нириметамин орнына спирамицин қолдануы ұсынылған, ол плацента арқылы өтпейді. Сақтандыру шараларына гигиеналық талаптарды орындау: негізінде ас ішу алдында қол жуу, етті дұрыс пісіру, үйсіз мысықтармен қарым-қатынаста болмау. Ең алдымен негізгі резервуар әрі инвазия көзі болып табылатын мысықтардан адамға, әсіресе балаларға жұғудың алдын алуға бағытталған. Ол үшін мысық күтімінің ережелерін орындаудың маңызы күшті. Төмендегідей сақтық шараларын ескерген жөн:
1. Қолда бар әдістердің барлығын пайдалана отырып токсоплазмалар сақтаушыларды – үй тышқандарын және синантропты кеміргіштерді жою қажет;
2. Қасапхана, ет комбинаттары, құс фабрикаларының жұмыскерлерін оқтын-оқтын тексеріп тұру;
3. Мал етінен жасалатын өнімдердің технологиясын қатаң сақтау;
4. Барлық жүкті әйелдерді токсоплазмоз ауруына қарсы тексеру;
5. Қан құйғанда жұғудан сақтану үшін донорлардың қанын мұқият тексеру қажет.
9.3.3.Пневмоцистоз
Pneumocystes carinii паразиттердің жыныстық процесі жоқ ерекше тобына жатады (Споровиктер классы). Пневмоцитоз қоздырғышы болып табылады. Трофозоиттардың түрі сопақша дұрыс емес, көлемі 1 ден 5 мкм –ге дейін. Басқаларға қарағанда бұл топтың қарапайымдыларының цитоплазмасында митохондрийлер болады, ал диссимиляция аэробты жүреді. Адам мен сүтқоректілердің өкпесінің альвеоласында табылған, онда комменсалды тіршілік етуі мүмкін. Бұл паразиттің тіршілік циклі қазіргі кезде зерттелуде. Адам ауа-тамшысы арқылы трофозоиттармен зақымданады. Өкпеде трофозоиттар альвеолярлы эпителийлерде, оған жалғанаяқтармен бекіп орналасады. Бұнда олар қарапайым бөлінумен көбейеді. Спорогонийлерге өтіп, олардың көлемі ұлғайып, қалың қабықша құрап, әдетте бірнеше рет бөлінеді. Нәтижесінде 2 ден 8-ге дейін спорозоиттан тұратын циста құрайды. Цистаның қабырғасы жыртылғанда спорозоиттар одан шығып дем алғанда түссе белгілі ағзада немесе басқа иесінде трофозоиттардың көбеюінің келесі кезеңі басталады. Сау адамдардың 1 – 10% P. Carinii байқалған. Инвазия әдетте белгісіз өтеді, бірақ иесінің иммунитеттің нашарлауы жағдайында паразиттердің көбеюі күшейеді, олар ауыр жағдайларда асфиксиядан өлім жағдайына әкелетін бронхиололарды бітейді. СПИД – пен ауратын науқастардың өлімінің анализі АҚШ-та, Европада және Японияда 70 % жағдайда өлімнің негізгі себебі пневмоцитоз болғанын көрсеткен. Егер СПИД пен ауратын науқасты пневмоцистоздан құтқарса, онда олардың өмірі ұзарады деген мәлімет бар. Науқастардың қақырығынан паразитті табу өте қиын. Сондықтан диагностика үшін жоғары арнайыланғандығы (специфичность) жоқ иммунологиялық әдісті қолданылады. Қазіргі кезде генетикалық зонд қолдану арқылы пневмоцитоз диагностикасының әдісі жасалған. Пневмоцистозды алдын-алу паразиттің сау адамдарда үй жануарларында кең таралуымен байланысты күрделі. Сондықтан алдын-алудың эффективті шарасы тек генетикалық инженерия әдісімен алынатын арнайы иммунодефициті бар вакциналармен адамдарды вакциналау болып табылады.
9.3.4.Криптоспоридиялар
Криптоспоридиялар (Cryptosporidium туыстастығы) – Apicomplexa типінің қарапайымдылары. Гастроэнтерит пен диарея арқылы өтетін криптоспоридиоз ауруын шақырады; көбінесе иммунды тапшылық кезінде кездеседі. Көбеюі: жыныссыз (шизогония немесе мерогония) және жынысты (гаметогония), ооцисттер құрайды. Криптоспоридиялар сүтқоректілерде, құстарда, рептилияларда және балықтарда кездеседі. Олар фекальді-оральді жолмен, қатынас арқылы, кейде аэрогенді механизм арқылы беріледі. Қожайынының ішегінде қышқылға төзімді ооцисттер түзеді (4-6 мкм диаметрлі), олар сыртқа нәжіс арқылы бөлінеді, жаңа қожайынына жұғуы мүмкін. Адам және жануарлар ооцисттерін тағам арқылы немесе сумен жұтады. Тік ішекте ооцисттерден 4 құрт тәріздес спорозоиттер босап шығып, клетка мембранасымен қоршалып, эпителиоциттермен қатынасады.
Содан соң жасушаішілік трофозоиттер (бірінші реттік трофозоиттер, одан кейін екінші реттік трофозоиттер) түзіліп, Жасушадан мерозоиттерге ауысып шығады. Мерозоиттердің кейбіреуінен жыныс жасушалары пайда болады, олар бірігіп, ооцисттер түзеді.
Микробиологиялық диагноз қою. Диагноз қою үшін нәжісте, кейде бөлінділерде, ішек биоптатында және т.б. ооцисттерді микроскопиялық әдіс арқылы анықтайды. Жұғындыны Циль-Нельсон бойынша модификацияға, Романовский-Гимзе бойынша бояйды (қышқылға төзімді ооцисттер қызыл түске, ал басқа микрофлора – көк немесе жасыл түсті ( 9.11.сурет).
|
Нәжістегі қышқылға төзімді криптоспоридиялардың ооцисттері. Циль-Нильсон бойынша модификациялауда бояу
|
|
|
|
Негізгі атаулары: 1 – спорозоит; 2, 3 – бірінші генерацияның мерогониясы; 4 – сегменттелген меронт; 4а - бірінші генерацияның мерозоиті; 5-7 - екінші генерацияның мерогониясы; 7а - екінші генерацияның мерозоиті; 8, 9 – микрогаметогенез; 10, 11 – макрогаметогенез; 12 – микрогамета; 13 – ұрықтандыру; 14 – спораланған ооциста; 14а – қожайынының аутоинвазиясын шақыратын жұқа қабырғалы ооциста; 14б – спорозоиттерді босататын бұзылған ооциста (1); 15 – қалың қабырғалы ооциста; 16 – ішекте немесе организмнен тыс қалың қабырғалы ооциста (Т.В. Бейер бойынша модифик.) |
||
9.11.сурет. Cryptosporidium parvum өмірінің даму циклінің құрылысы. |
|||
Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
|||
9.3.5.Циклоспоралар
Циклоспоралар (Cyclospora cayetanensis) - Apicomplexa типінің қарапайымдылары. Диарея арқылы өтетін циклоспоридиоз немесе циклоспороз ауруын шақырады. Циклоспоралар көп тараған, рептилияларды, құстарды және сүтқоректілерді зақымдайды. Фекальді-оральді механизм арқылы беріледі.
Паразит тік ішектің жоғарғы бөліктерін зақымдайды, эпителиоциттер цитоплазмасындағы вакуольдерде анықталып, кірпікшелерінің атрофиясын және крипттердің гиперплазиясын тудырады. Патогенділігі аз зерттелген.
Циклосропалардың ооцисттері сфералық пішінді (8-10 мкм), Cryptosporidium parvum ооцисттерінен үлкен (4-6 мкм) және изоспоралар ооцисттерінен кіші (20-35 мкм). Циклоспоралар ооцисттері қышқылға төзімді, қабықшамен қапталған және екі спороцисттерден құралған, әр қайсысында екі спорозоит бар.
Ооцист Спороцисттер Спорозоиттер |
Нәжістен алынған жұғындыдағы екі қышқылға төзімді ооцисттер. Циль-Нельсон бойынша бояу
|
9.12.сурет. Циклоспоралар ооцисттерінің құрылысы. |
|
Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
|
Микробиологиялық диагноз қою. Диагноз қою нәжісте ооцисттерді микроскопиялық анықтауға негізделген. Нативті немесе Люголь ерітіндісімен өңделген жұғындыны зерттейді. Жұғындыны Циль-Нельсон бойынша модифицирленген бояу қолданды, дөңгелек пішінді ооцисттер қызыл түске боялады. Люминесцентті микроскопта циклоспоралар көк түске аутофлюоресцирленеді (9.12. сурет).
9.3.6.Изоспоралар
(Isospora туыстиастығы) - Apicomplexa типінің қарапайымдылары. Тік ішектің шырышты қабықшасын, энтерит құбылысымен өтетін, энтероколит арқылы зақымдалатын изоспороз ауруын шақырады. Тік ішектің шырышты қабықшасының қабынуы мен эрозиясының дамуы мүмкін. Көбінесе жұқпа симптомсыз өтеді. Адамның изоспороз қоздырғыштары – Isospora belli және Isospora natalensis тропикалық және субтропикалық климатты елдерде кең таралған. Адам ағзасында дамуы жыныссыз көбею (шизогония), гаметогенез және ооцист түзілуі арқылы өтеді. Жұқтыруы: Адамнан адамға таза емес су және тағам арқылы ооциттерді жұтқанда беріледі (фекальді-оральді механизм арқылы). Ооцисттер инфицирленген адамның нәжісі арқылы ортаға бөлінеді және қоршаған ортада айлап сақталады. Ооцисттер екі контурлы қабықшамен қапталған, 20-35 мкм көлемді, овал пішінді. Ооцисттер ішекке түсіп, спорозоиттерді босатады, орақ тәріздес келеді. Спорозоиттер тік ішектің эпителияларында көбейеді. Спорозоиттер тік ішектің эпителияларына еніп, трофозоиттерге айналады. Трофозоиттер жыныссыз жолмен көбейеді, көптеген мерозоиттер түзеді. Мерозоиттер басқа да эпителиальді жасушаларға еніп, даму циклін жалғастырады. Жеке жасушаларда гамонттар (жыныс жасушалары) түзеді. Аналық жасушаларын ұрықтандырғаннан кейін дамымаған ооцисттер түзіледі, нәжіс арқылы бөлінеді. Ооцисттердің дамуы 2-3 күннен кейін бітеді: ооцисттерде екі опороцисттер түзіледі, құрамында төрт орақ пішінді спорозоиттер болады.
1 – жаңа бөлініп нәжістен алынған ооциста; 2 – ооцистте споробласттардың түзілуі; 3 – құрамында 4 спорозоиттері бар, екі спороцистадан тұратын ооцисттер. |
Ооцист препараты:
1 - спорозоит 2 – спороцисттер 3 – ооцисттер |
9.13.сурет. Кокцидия ооцисттердің құрылыс сызбасы. |
|
Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство побактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
|
Микробиологиялық диагноз қою. Жұғындыны микроскоптауда аурудың 10 күннен кейінгі бөлініп алынған нәжісінен ооцисттерді анықтайды. Сонымен қоса кездейсоқ жануарлар мен құстардың, адамға патогенді емес транзиторлы ооцисттерді анықтауда дифференциацияны жүргізеді. Ооцисттер өлшемі, спороцист, спорозоиттер және т.б. саны есептелінеді. Боялмаған жұғындыда ооцисттер овалды, мөлдір қабықшалы. Циль-Нельсон бойынша олар бозғылт қызыл түске боялады (9.13.сурет).
