- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
3.3.Ботулизм
Ботулизм— тағамдық токсикоинфекция тобына жататын, нәжіс - ауыз механизмімен берілетін, ботулотоксиннің әсерінен интоксикация және орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің төменгі жақтың жəне бұлшық еттердің салдануымен сипатталатын ауру. Қоздырғышы– Clostridium botulinum. Аурудың маңызы ақырының науқастың өмірі үшін аса қолайсыздығына (өліммен аяқталу 20%-дан 70%-на дейін жетеді) қоздырғыштың табиғатта кең таралуына, спора түзуіне орай, абиотикалық ортада ұзақ сақталуына, тұрмыстық жағдайындағы тағамды консервілеудің, ұстаудың, тұздаудың кең қолданылуына орай эпидемиологиялық бақылаудың қиындықтарына байланысты. Аурудың қоздырғышы клостридиялар тұқымдасына жататын Clostridium botulinum (лат. botulus –шұжық, botulism- шұжық уымен улану). Қоздырғышты 1896 жылы Голландияда Э. Ван Эрменгем бұзылған ветинадан және осы тағамды қабылдағанның нәтижесінде қайтыс болған мәйіттен бөліп алған.
Морфологиясы. Clostridium botulinum - iрi, шеттерi домалақтанған полиморфты таяқшалар, Грамоң, қозғалғыш (перитрих) капсула түзбейдi, өзіне
қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда, рН 6 – дан жоғары, жағымсыз температура жағдайында, қоректік ортада, суда, топырақта, басқа да ортада, бір жақ ұшына қарай орналасқан ірі, сопақша келген спора түзеді. Спорасы бар таяқша теннис ракеткасына ұқсас келеді (3.4.сурет).
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Ботулизм қоздырғышы - Clostridium botulinum қатаң анаэроб. Өсу температурасы 18 - 37°С, рН 7,3 – 7,6. Қанды агарда колониялары дұрыс пішінді емес, жіп тəрізді бұтақтары бар. Колония айналасында гемолиз құбылысы байқалады. Қоздырғышты өсіру үшін арнайы қоректік орталар. Цейсслер агары, глюкоза қосылған бауыр агары, Китта – Тароцци ортасы, Хоттингер сорпасы қолданылады. Бағанадағы агарда колониялар мақта түйiршiгiне ұқсайды.
Китта – Тароцци ортасы алдымен лайланады, одан соң шөгінді пайда болып мөлдірленеді, өсінділер шіріген май тəріздес иіс шығарады. Протеин ыдырататын ферменті бар, сүтті пептондайды. Глюкозаны, левулозаны, мальтозаны, глицеринді ферменттейді.
|
|
Clostridium botulinum - электронды микроскоптағы көрінісі. \\ http://go.mail.ru/image_details?q\ |
Clostridium botulinum – Грам әдісімен бояп, жарық микроскоптағы көрінісі\ http://go.mail.ru/image_details?q\ |
3.4.сурет. Ботулизм қоздырғышының - морфологиялық қасиеттері |
|
Антигендік құрылымы. Ботулизм қоздырғышы 8 типтi токсин түзедi: А. В. С. I. С2, Д. Е. F. G - арнайы антигендiк қасиеттері бойынша ерекшелiндi. 8 қоздырғыштың 8 типi кездеседi. Барлық сероварлар анаэробты жағдайда, негізінен абиотикалық ортада, 35-40°С температурада экзотоксин түзеді.
Патогенділік факторларлары. Ботулизм қоздырғышының негiзгi патогендiлiк факторы өте күшті экзотоксинге байланысты. Токсин себінділерде, тағам өнімдерінде жəне организмде түзіледі. Экзотоксин – нейротоксин мен гемагглютининнен тұратын улы, кешенді қосылыс. Токсин қайнатқан кезде (100°С) 20 минутта ыдырап, нейтралданады. Ботулотоксин ең күшті биологиялық у, оның кристалданған түрінің 1 граммы милиондаған адамды өлтіруге жеткілікті (биологиялық қару түрінде). Токсин тек асқазан — ішек жолдары арқылы түскенде ғана улы әсер етеді. Протеолиздік ас қорыту ферменттері токсинді ыдырата алмайды. Олардың антигендiк қасиеттерi бойынша ерекшеленетiн болғандығымен биологиялық активтiлiгi бiрдей. Нейтротоксикалық активтiлiгiнен бөлек қоздырғыштардың әр түрлi типтерi лейкотоксикалық, гемолитикалық , лейцитиндi активтiлiкке ие. Лейкотоксиндерiнiң ерекшелiктерi лейкоциттердi бұзбай фагоцитозды тежейтiндiктерiне байланысты.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі . Қоздырғыштың көзі және табиғаттағы резервуары сиыр, шошқа, жылқы, тауық, қоян, егеуқұйрық сияқты үй және жабайы жануарлар, балық, су құстары. Ауру адам эпидемиологиялық қауіпсіз. Жануарлардың тасымалдаушылығы кейде өмір бойына созылуы мүмкін. Инкубациялық кезең орташа 4-6 сағат. Бұл кезең 2 сағаттан 10 күнге дейін созылуы мүмкін. Кезеңнің ұзақтығы залалдау дозасына байланысты. Алғашқы 24-36 сағаттың ішінде қандағы консентрациясы ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Берілу механизмі — нәжіс-ауыз. Берілу жолы — алиментарлы (тағам жолы). Берілу факторлары ботулизм қоздырғышымен контаминацияланған көкөніс, саңырауқұлақ, ет, балық консервілері, шұжық топырақта немесе жануарлар нәжісімен ластанған кез-келген тағам түрінде Clostridium botulinum споралары болуы мүмкін. Бірақ тек анаэробты жағдайда сақталып, сақталу температурасы 35°С деңгейінде болса ғана экзотоксин түзіліп, ауру дамиды. Тағамдық уланудан өзге ботулизм қоздырғышы түскен анаэробиоз жағдайы жасалған жарақатта да ботулизм дамуы мүмкін. Эпидемиялық процестің көрінісі. Ботулизм споройдиялы немесе топталып ауруға шалдығу түріне жатады. Үй тағамдық консервілеу дәстүрге айналған елдерде кездеседі. Ботулотоксинге адамдардың сезімталдығы жоғары. Қазақ халқы ет тағамдарын тұздап, кептіріп, ыстап сақтайды, сондықтан анаэробиоз жағдайы көп туындамайды. Қазақстандағы қала тұрғындары арасында көкөніс, саңырауқұлақ консервілерін үйден дайындау (әсіресе орыс, кәріс т.б. ұлт өкілдері арасында) таралған. Осыған байланысты ауруға шалдығу споройдиялық түрде тіркеліп отырады. Ботулизм клостридиясының споралары жоғары температураға өте төзімді. 100°С кезінде тек 5 сағат өткенде, 105°С – 2 сағаттан кейін 120°с – 10 минутта өледі. Химиялық заттар спораның өнуін тоқтатады. Ботулизм токсині сұйық ортада қайнатқан кезде15 – 20 минутта, ал тығыз ортада 2 сағат өткенде күшін жояды, сонымен бірге ауаның, азоттың, көмір қышқыл газының əсерінен, сілтілігі аса жоғары ортада иондағыш сəуле мен тура түскен күн сəулесінің əсерінен белсенділігін жояды.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Ботулизм токсикожұқпа сияқты жүредi. Токсин тез асқазан мен iшекке сiңiп қанға өтедi және таңдамалы түрде сопақша мидың ядросына және жұлынның ганглиозды жасушаларына әсер етедi. Ботулотоксин орталық жүйке жүйесіне әсер етіп нейроциттердегі синапстарда импульс тасмалдаушы ацетилохиннің бөлінуін тоқтатады. Сөйтіп, көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық еттерде қозу мен жиырылу тоқтайды, яғни парез, паралич дамиды. Ауру мионеврологиялық симптомдармен көрініс береді, әр түрлі ағым варианттары мен басталады (гастроэнтериттік, «көз» варианты, жедел тыныс жетіспеушілік), қай вариант болса да қалыпты температурада, ақыл-естің бұзылуынсыз өтеді. Аурудың ауыр ағымында сырқат 3-4 сағатта тыныс, жүрек параличінен өледі. Өліммен аяқталу 85% дейін жетеді. Дер кезінде көп валентті антитоксиндік сарысу енгізу өлімді 15-20% дейін төмендетеді. Ауырғаннан кейiн типтi- арнайы иммунитет қалуы мүмкiн, қиылысу иммунитетi пайда болмайды.
Микробиологиялық диагноз қою. Диагноз қою үшін бактериологиялық тексеру жүргізіп, аурудың қоздырғышын бөліп алады жəне ботулизмнің токсинін анықтайды. Зерттелiнетiн зат аурудың асқазанның жуындысы, қан, зәр, құсық және тағам болып табылады. Материалды консервілемей мұз салынған термоспен, ал азықты жарық өткізбейтін ыдысқа салып, кептіріп алмай жібереді. Бұны тығыз ортаға және Китта-Тароцци ортасына егеді. Науқастың қан сарысуындағы токсиндi анықтау үшiн моноваленттi антитоксикалық А,В,Е типтi ботулизмге қарсы сарысумен толтырылған эритроциттермен БТАР-ың жүргiзеді. Тағамдағы ботулотоксиндi және токсигендiлiгiн анықтау үшiн, ақ тышқандарға нейтрализация реакциясын жүргiзеді.
Ботулизмді емдеу мен алдын алу. Уланудың алғашқы уақытында асқазанды шаю, іш өткізу, абсорбенттер ішкізу. Ең басты ем ботулотоксинге қарсы поливалентті сары суды Безредко тәсілімен бұлшықетке немесе көк тамырға енгізу. Поливалентті сары су ботулотоксин түрі анықталғанша ғана қолданылады. Анықталғаннан кейін сәйкес сары су енгізіледі. Негізгі емге қосымша дезинтоксикациялық, антибактериалды, патогенетикалық, симптоматикалық емдер қолданылады. Ботулизмнің алдын алу шаралары тағамды өңдеу, тасымалдау, сақтау барысында санитарлық, гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға байланысты. Ерекше технологиялық, санитарлық назарда консервілеу, кәсіпорындарында тағамды стерильдеу, бактериологиялық бақылау, техникалық жабдықтардың дұрыс жұрыс істеуі т.б. ұсталады. Дайын өнімдерді тұтынушыларға жеткізу жүйесі тасымалдау, сақтау ережелерін қатаң сақтауы қажет. Балық өнімдерін өндіру, кәсіпорындарда балықты өңдеу тәртібін, тұздауды сақтау керек.
Тесттер.
1. Ботулизм таяқшасына ... түзу тән.
нейротоксин
тетаноспазмин
плазмокоагулаза
эндотоксин
гиалуронидаза
2. Анаэробты жұқпа қоздырғышы ... болып табылады.
Clostridium botulinum
Bacillus cereus
Vibrio cholerae
Salmonella typhi
Yersinia pestis
3. Анаэробты инфекцияны емдеу үшін ... қолданады.
антитоксикалық сарысу
бактериофаг
аутовакцина
антибактериялық сарысу
тірі вакцина
4. Патогенді клостридиялардың тіршілік етуінің негізгі табиғи ортасы ... болып табылады.
топырақ
ауа
адамның жоғары тыныс жолдары
кемірушілер
буынаяқтылар
5. Клостридиялар... тұқымдастығына жатады.
Bacillaceae
Micrococcaceae
Neisseriaceae
Streptococcaceae
Enterobacteriaceae
6. Ботулизм - жедел тағам токсикоинфекциясын шақырады ... .
Clostridium botulinum
Clostridium tetani
Clostridium histoliticum
Clostridium perfringens
Clostridium septicum
7. Консервленген тағамдарда көбейетін клостридиалар ... қоздырғышы болып табылады.
ботулизм
сіреспе
газды гангрена
менингит
Жәншәу
8. Тағам токсикоинфекциясын тудыратын, споралық түрлері қайнатқанда 3-5 сағатқа дейін төзімді клостридиялар ... қоздырғышы болып табылады.
ботулизм
сіреспе
газды гангрена
менингит
актиномикоз
9. Көру мүшелерінің, тамақ, тыныс алу бұлшық еттерінің сал болуына ... клостридиялардың экзотоксині алып келеді.
ботулизм
сіреспе
газды гангрена
Жәншәу
менингит
10. Экзотоксині биологиялық улардың ішіндегі ең улысы болып келетін, грам оң таяқшалар...ауруын шақырады.
ботулизм
сіреспе
газды гангрена
Жәншәу
менингит
11. Спорасы субтерминальды орналасқан таяқшалар... шақырады.
ботулизмді
менингитті
сепсисті
остеомиелитті
созды
4. БӨЛІМ
