- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
10.1 Саңырауқұлақтар
Fungi әлеміне (Mycetes, Mycota) жатады. Бұлар микоздық жұқпалы ауруларды туғызады. Саңырауқұлақтардың хлорофилі жоқ, цитоплазмада оқшауланған ядросы, серпінді (ригидты) жасуша қабығы, көптеген вакуольдары, рибосомалары және басқа органеллалары бар бір немесе көп жасушалық эукариоттық микроорганизмдерге жатады. Саңырауқұлақтар өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы микроорганизмдер.
Саңырауқұлақтар - эукариоттардың патшалық үстiнiң жеке патшалығана кiредi, ол 2 бөлiмнен тұрады: 1.Гифалылар немесе мицелийлер (көгерткіш зең саңырауқұлақтар)
2.Бүршіктенушілер (ашытқылар, ашытқы тәрізділер). шырмалған мицелийлерінде бұтақталған жіңішке.
Ашытқы саңырауқұлақтар (ашытқылар) негізінен оваль пішінді.
кiлегей саңырауқұлақтар Myxomycota нағыз саңырауқұлақтар. Ең соңғысы 7 классқа бөлiнедi:
Chytridiomycetes.
Hypochytridiomycetes.
Oomycetes.
Zygomycetes.
Ascomycetes.
Basidiomyc
Deuteromycetes.
1- 4 класс төменгi топтар саңырауқұлақтарды құрайды, қалған 3 класс жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады.
Саңырауқұлақ-эукариоттар ядролық қабаты бар ядросы бар. Саңырауқұлақтар ұзын, жiңiшке жiпшелерден тұрады /гиф бұл жiпшелер грибницаға немесе мицелиті өрiледi. Төменгi сатылы саңырауқұлақтар тифi-фикамицеттердiң қабырғалары жоқ. Жоғары сатылы саңырауқұлақтар - эумицеттердiң-тифтерi қабырғаларымен бөлiнген, ал мицелии-i жасушалық саңырауқұлақтар споралармен көбейедi, жыныстық жыныссыз және вегатативтi жолмен көбейедi.
Мукор саңырауқұлағы |
|
|
|
10.1 сурет |
|
Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
|
Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар микоздар деп аталады. Микоздар өздерінің қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктері, патогенезі және аурудың клиникасы бойынша әр түрлі. Олар урбанизацияға байланысты, антибиотиктерді рационалды пайдаланбауда, иммунды жеткіліксіз кезінде адамдар арасында кең таралады.
Микоз қоздырғыштарының жіктелуі (0.1.кестеде көрсетілген) Микоздардың сипаттамасы. Терең микоздар туберкулез таяқшасы мен актиномицеттер тудыратын созылмалы бактериалдық инфекцияларға ұқсас. Алғашқы зақымданулар, өкпелерді зақымдап, жедел пневмония түрінде өтеді; кейде гематогендік жолмен бүкіл ағзаға таралады. Ауру жұқпалы емес. Антибиотиктер ашылғанға дейінгі кезеңде бұл ауру өліммен аяқталатын. Полиенді микоздарға қарсы препараттар жоғары тиімді.
Дақылдандыруы. Дақылдық (микологиялық) зерттеулерді саңырауқұлақтың таза дақылын бөліп алу және оны идентификациялау үшін жүргізеді. Ол үшін тығыз және сұйық қоректік орталарды қолданады (Сабуро, сусло-агары, Чапек т.б.), Термостатта өсу ұзақтығы 3-4 апта (22-28 °С). Саңырауқұлақтың таза дақылын белгілерінің жиынтығы бойынша идентификациялайды: колониялардың пішіндері, түсі, тығыздығы, микроскопиялық көрінісі (мицелияның сипаты, споралардың, конидия тасымалдаушылардың орналасуы) және басқа да белгілері арқылы. Саңырауқұлақтарды мынадай қоректiк орталарға егемiз: Сабуро, сулы сусла не болмаса сусла агары. Сулы ортада бетiнде жұқа үлбір түзедi, тығыз қоректiк орталарда алғашқа кезде түссiз колония, соңғы пигменттелген колония түзiледi. Төменгi саңырауқұлақтардың - гифтерi ұзын жiңiшке жiпшелерден тұрады, гифтер бiр-бiрiмен байланысты септасыз мицелии түзедi. Жоғары саңырауқұлақтардың гифтерiнiң арасында септа түзуiмен сипатталады, мицелилерi көп жасушалы, кейбiр бөлiктерi субстратқа өсiп егуiн вегетативтi деп атайды. Ал бос бөлiгi ауалы репродуктивтi деп аталады. Саңырауқұлақтар спора арқылы, жынысты және жыныссыз вегетативтi түрде көбейедi. Саңырауқұлақтарда жануарлар ағзаларының жасушаларына тән белгiлерi бар. Олар гетеротрофты типпен, витаминдердi қажет етумен қоректенедi. Саңырауқұлақтар- хлорафильсiз, гетеротрофты, аэробты не болмаса факультативтi анаэробты микроорганизмдер. Саңырауқұлақтар әр түрлi ферменттер түзедi. Кейбiр түрлерi күштi токсиндердi бөледi.
Резистенттілігі. Микозды аурулардың қоздырғыштары әртүрлі температуралық, химиялық және қоршаған ортаның басқа да факторларының әсеріне өте төзімді, кептіргенде 4-5 жылға дейін сақталады, қайнатқанда 15-30 минуттан кейін ғана жойылады, қатырғанға төзімді келеді.
Зақымдалған теріде 6 айға дейін, шашта 4 жылға дейін сақталуы мүмкін.
Патогенезі мен клиникалық белгілеріАурудың жасырын кезеңі - 1аптадан 1 айға дейін. Шаштың арасында 1-2 домалақ немесе сопақша келген үлкен, қызғылт түсті қабыршақты жара пайда болады. Шаштың барлығы бір деңгейде(5-8мм) қырқылған тәрізді көрінеді, жылдам жұлынады. Бетте, денеде, аяқ-қолда домалақ, шеттері айқын көрінетін, білекше тәрізді қабынған дақ пайда болады. Жараның ортасында қабыршақтар байқалады. Қоршаған орта факторларына сезiмталдығы саңырауқұлақтардың түрiне байланысты. Күн сәулесiнiң әсерi ұзақ немесе сұйық ортаға әсер етсе ғана жояды, қайнатуда бiрнеше минут шыдайды. Фунгицидтты әсерге 3-7% уксус қышқылын, 1-2%-салиция және бензол қышқылдары. Клиникалық белгілері. Аяқ басы эпидермофитиясының бірнеше түрі бар: қабыршақты, бармақ аралық, дисгидротикалық және тырнақ эпидермофитиясы. Қабыршақты эпидермофития. Табан терісінде кейде шектелген, жайылған қабыршақтанған ошақтары түзіледі. Тері қызарыңқырап тұруы мүмкін, шетінде аршылған, мүйізденген қабаттың қалдықтары көрінеді. Кейде аздап қышиды. Бұл түрі көпке дейін білінбеуі мүмкін, сондықтан эпидемиологиялық жағынан өте қауіпті. Бармақ арасы эпидермофитиясы. Ең алдымен 4-5, 4-3 бармақтардың арасы зақымданады. Терісі қызарып, дымқылданып, эрозия пайда болады, жан-жағында мүйізденген қабаттың қалдықтары байқалады. Біртіндеп үдемелеп қабынудан бақайлардың астына және өкшеге, басқа бақайлардың арасына жайылады. Егер пиодермиямен асқынса айналасы қызарып, ісініп, лимфаденит дамуы мүмкін. Дисгидротикалық түрі табанның екі жағында, күмбезінде түйрегіш басынан бұршақтың үлкендігіне дейін бір-біріне жақын шоғырланып орналасқан көпіршіктердің шығуынан басталады. Кейбіреулері қосылып көп қалталы ірі көпіршікке айналады. Қуысында мөлдір немесе лайланған сұйықтық болады. Көпіршіктер жарылып эрозияға айналады немесе сұйықтығы қатып, қабық пайда болады. Дисгидротикалық эпидермофития ұзаққа созылады, әсіресе көктемде, жазда жиі қайталануға бейім. Ауру дисгидротикалық экзема түрінде қайта дамуы мүмкін. Дисгидротикалық және қабыршақты эпидермофития жұқпамен асқынғанда алақанда екіншілік бөртпелер шығуы мүмкін. Тырнақ эпидермофитиясы тек бақайларда байқалады. Көбінесе бірінші және бесінші бармақтың тырнағы зықымданады. Тырнақта сары дақ және сызықтар пайда болады, біртіндеп қосылып бүкіл тырнаққа жайылады. Тырнақ астында гиперкератоз дамиды.Тырнақ қалыңдап, борпылдақтанып, сарғайып, үгітіледі. Диагнозы тек лабораториялық зерттеу нәтижесімен дәлелденеді.
Саңырауқұлақ ауруларының түрлері өте көп. Зақымдалудың орналасуы бойынша микоздар бірнеше топқа бөлiнедi:
1) Терең микоздар( кокцидиоз, гистоплазмоз, криптококоз, бластомикоздар).
2) Терi астылық не болмаса субкутанды микоздар (споротрихоз, хромомикоз, мадуромикоз).
3) Эпидермомикоз, эпидермистi шаштарды, тырнақтарды зақымдайтын дермофитияны туғызатын қоздырғыштар болып табылады.
1. Кератомикоздар (кебекті немес түрлі – түсті теміреткі). Қоздырғыш- қабынусыз, эпидермистің мүйізденген қабатында орналасады. Аса жұқпалы емес, терінің қосалқы мүшелерін зақымдамайды. Субьективті сезім тудырмайды.
2. Дерматомикозды (эпидермофития, рубромикоз, трихофигия, микроспория, фавус). Қоздырғыштары эпидермисте орналасады, тері мен оның қосалқы мүшелерінің қабыну реакциясын туғызады (10.2.сурет).
3. Кандидоздар (теріні, шырышты қабатты, ішкі ағзаларды зақымдайды).
4. Терең ( жүйелік ) микоздар ( актиномикоз, хромомикоз ).
Адамдарда көбінесе эпидермофития кездеседі. Қоздырғышы эпидермофития тобына жатады. Олар терінің жоғарғы қабатын және тырнақты зақымдайды. Екі клиникалық түрі бар:
1. Ірі қатпарлар эпидермофитиясы немесе шап эпидермофитиясы.
2. Аяқ басының эпидермофитиясы.
Шап эпидермофитиясы. Көбінсе шат, кейде қолтық асты, әйелдердің сүт безі зақымданады. Теріде анық шектеулі қызыл дақтар пайда болады, бетінде аздаған қабыршақтар бар. Ауру моншада, бассейінде, жөкеден, сүлгіден, ваннадан жұғуы мүмкін. Аяқ басы эпидермофитиясы. Аурудың көзі – ауру адам. Жұғу жолдары: моншада, бассейінде, душта жұқтырады.
Кератомикоздар - жеңіл өтетін сирек аурулар. Бұл аурулар - түрлі-түсті теміреткі (малассезиоз), кара теміреткі (кладоспориоз), ақ пьедра (трихосиороз) - біздің елімізде мүлдем кездеспейді.
Дерматофития- шашты, теріні, тырнақты, аяқты, шаштың маңайындағы теріні және бетті зақымдайтын микозды жұқпа, ол халық арасында теміреткі деген атпен белгілі. Терінің микозды ауруы (микоздар немесе дерматофития)–адамның терісіне ауру тудыратын микроскопиялық саңырауқұлақтардың енуінен пайда болатын жұқпалы ауру, олар табиғатта кең таралған, қазіргі уақытта олардың адам терісінің жұқпалы ауруын тудыратын 500 түрі белгілі.
|
|
Дерматомикоз ауруы |
Терідегі дематомикоз
|
10.2.сурет http://go.mail.ru/search_images?q=дерматомикозы |
|
Ауру тудыратын саңырауқұлақтар теріге басқа да жұқпалардың енуіне жол ашады және аллергиялық аурулардың негізгі себебі болып табылады. Адамдар мен жануарлардың дерматомикоздары ветеринарлық және әлеуметтік-медициналық ең өзекті мәселе, қазіргі уақытта бұл мәселеге ерекше көңіл аударылуының себебі жұқпаның өте жылдам жұғуына және таралуына байланысты. Тұрғындардың микозбен немесе теміреткімен көп аурулары олардың жұқпаның көзі, жұғу жолдары және алдын алу туралы мағұлматтарының жеткіліксіздігінде. Науқастардың дәрігерге кеш қаралуы жиі орын алатындықтан, аурудың созылмалы түріне әкеліп соғады, кейіннен емдеу кезінде қиындықтар тудырады. Облыс аумағында дерматофития аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ аурушаңдық деңгейі біршама төмендеген соңғы 5 жылдан кейін 2012 жылы аурушаңдықтың қайтадан өскені байқалды. Дерматофитияның 2011 жылы 403 жағдайы тіркелсе 2012 жылы 455 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 2011 жылы 29,2, ал 2012 жылы 32,6 құрады, 2011жылмен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 12% өскен.
Дерматомикоз аурушаңдығы 60% жағдайда 14 жасқа дейінгі балалардың арасында тіркеледі, олардың 59% оқушылар.
Көп жылғы байқаудың нәтижесі бойынша облыс аумағында микозды жұқпаның көзі үй жануарлары болып табылады (60,7%),
Беткейлiк микоздар не болмаса кератомикоздар (түрлi-түстi лишай, қара теміреткі т.б.). Бөлек топты оппортунистикалық микоздар: шартты патогендi саңырауқұлақтардың қоздырғыштары(10.3. сурет).
Терең (жүйелі) микоздардың қоздырғыштары: Coccidioides iromitis, Histoplasma capsulatum, Criptococcus neofonnans, Blastomyces dermatitidis. бiрiншiлiк зақымдалуда, өкпеге өтiп, өткiр түрдегi пневмонияны туғызады. Созылмалы түрдегi формасы сирек кездеседi. Олар өте баяу түрде дамып, iрiңдi гранулеметозды зақымдалумен ерекшеленедi. Қоздырғыштар гемотогендi жол арқылы тарап, бүкiл организмдегi кез-келген ағзаларда және ұлпаларда метастатикалық абцесстермен гранулеманы тудырады. Терең микоздарда жоғары сезiмталдықтың бояу типтегi реакциясының жүрумен сипатталады. Терең микоздардың Микробиологиялық диагноз қоюнда микроскопиялық зерттеу тәсiлi бойынша қоздырғыштың өзiне тән морфологиясын анықтайды. Саңырауқұлақтардың таза дақылын алу үшiн микологиялық зерттеу жүргiзедi.
Субкутанды микоздар теріастылық (субкутанды) микоздардың қоздырғыштары: Sporotrichum. Теріастылық микоздар көбінесе ыстық климаттағы елдерде, ауыл тұрғындарына тән. Тері астылық абцесстер мен гранулемалар пайда болады, кейіннен олар жұмсақ тіндер мен сүйектердің созылмалы ойық жарасына -мицетомаға ауысады. Ауру бiлiнбей басталып, баяу прогрессивтi түрде терi астында абцесс және гранулеманы пайда болумен, көбiнесе терi беткейiне дейiн дамумен сипатталады. Жұқпа лимфатикалық жол арқылы регионарлы лимфа бездерiнде iрiңдi, гранулематозды зақымдалумен жүредi.
Эпидермомикоздар қоздырғыштары (дерматомикоздар): Epidermophyton floccosum, Microsporum cams, Trichophyton rubrum және т.б, TV. Кератомикоздардың қоздырғыштары (беткейлі); Malassezia furfur, Cladosporium weraeskii, Trichosporon cutaneum және т.б. V. Оппортунистикалык микоздардың қоздырғыштары: Candida albicans, Aspergillus, Mucor, Penicillium т.б. туыстықтардың әр түрлері ауылды жерлерде көп кездеседi. Эпидермомикоздар - көбінесе жеңіл өтетін, созылмалы инфекциялар. Қоздырғыштар сүткоректілердің терісінде (кейде топырақта) тіршілік етеді. Ауру жануарлардан немесе адамнан қарым қатынас арқылы жұғады.
Эпидермомикозбен ауырған ауруларда жоғары сезiмталдылықтың баяу типтегi реакциясы дамиды. Шаштың фоликуляр бөлiгiн микроскоптау кезiнде саңырауқұлақтар майда спорасымен қоршалған көрiнiстi бередi. Шаштың түбiнен саңырауқұлақ спорасының фрагментi табылады.
Трихофития кезiнде саңырауқұлақ элементтерiнiң локализациясы патологиялық материалдарда әртүрлi болуы мүмкiн. Candida тобының споралары тек шаш түбiнде орналасады, яғни ондағы қосылысты толтырады (ридотрикс), бiрнеше қабатты қоршайды (эктотрикс), мицелия мен спора шаш сыртынан да табылады. Фавус кезiнде полиморфты саңырауқұлақтар элементтерi табылады майда мицелиямен қатар iсiк мицелиялар кездеседi, ауа көпiршiктерi тәрiздi тiк бұрышты пiшiндi түзейдi.
Лаборатораториялық диагностикада дерматикозды аурудан шашпен зақымдалған терi бөлiгi алынады. Бұйым шынысында 10% сiлтiге салынады. Қайнауға жеткiзбей спиртовкада қыздырада. Сонан соң “жаншылған” тамшы препаратымен қаралады. Сабуро ортасында себiлген материалды 1-2 апта дақылдағаннан соң 24ºС-та қоздырғыштың дақылын алады және морфологиялық белгiлерiн қарайды.
Ашытқы тәрiздi саңырауқұлақтар жасушалар түзедi: овальды шар тәрiздi және таяқша формалы. Олар мицелия түзедi және бүршiктенiп, бөлiнiп, жыныстық әртүрлi жолмен көбейедi. Ашытқы саңырауқұлақ жасушалары ашытқылардан айырмашылығы көбею кезiнде шынжыр түзедi және жiпке ұқсап созылады.
Оппортунистикалық микоздар - аспергиллездар, кандидоздар, мукороздар және тағыда басқалар - иммундытапшылық нәтижесінде пайда болады. Қоздырташтардың көбі қалыпты адам микрофлорасына жатады. Клиникалық көрінісі үрдістің орналасуымен анықталады (жергілікті немесе жайылымды). Аурудың нәтижесі көбінесе ағзаның қалпымен байланысты, созылмалы түрдегi инфекциямен сипатталады. Қабыну ошақтары лифицирленген жерде жергілекті болады, деструкцияға бейiмсiз.Candida тобының ашытқы саңырауқұлақтары терi аурулары кандидиозының қоздырғыштары болып табылады. Сонымен қатар шырышты қабық, iшкi организмнiң кандидиоз кезiнде патологиялық материалда 1-жасушалы грам оң, овальды және домалақ пiшiндi микроорганизмдер көрiнедi. Псевдомицелия түзейдi. Кандидозға диагноз қою үшiн көп санды агар ортасына және Петри ыдысына егiлген патологиялық материал қажет. Ертiндiден алынған колонияның көп бөлiгiнен және қан сарысуындағы антиденеден диагноз толықтырлады. Candida тобының саңырауқұлақтары егуден 2-3 күннен соң майда көтерiңкi колония түзедi. Макроскопиялық, патологиялық материалдың микроскопиясы кезiнде, дақылдық белгiлерi, патогендiгi мен биохимиялық активтiлiгi бойынша өткiзiледi. Соның арқасында Лабораториядағы жануарлалардың зақымдануы анықталады. Көп жағдайда кандидоздар кең спектрде антибиотиктердi ұзақ қолданбаған, гармональды препараттарды пайдаланғандарда дамиды. Нәтижесiнде микробтың биоценозы бұзылады. Нақты диагнозды микроскопиялық зерттеу негiзiнде сүйенiп қоюға болмайды, өйткенi Candida тобына жататын саңырауқұлақтар қалыпты микрофлораға жатады және сау адамдарда табылуы мүмкiн. Сол үшiн қоректiк ортадағы (сусло-агар, Сабур ортасы сындық егiндiсi яғни Петри ыдысындағы) егу қажет. Сонымен қатар қан сарысуындағы антиденесi диагнозды толықтырады, негiзiнде идентификациялайды.
Микоздың жұғу жолдары. Ауру көздері- науқас адамдар және үй жануарлары болып табылады (ІҚМ, мысықтар, иттер).
Микозды жұқпаларды таратуда жануарлар қауіпті. Микозды жұқпалар ауру жануарларды ұстағанда және ауру қоздырғышымен зарарланған әртүрлі заттарды пайдаланғанда таралады. Үй жануарлары арасында жұқпаның таралуы оларды лас, қараңғы, тар қораларда ұстауға байланысты. Ауру қоздырғыштары жануарлардың жүндерімен, тері қабыршақтарымен қора- жайдың еденіне, қабырғасына, төсемшесіне, малдардың күндізгі тұрағына түседі. Мысықтар ауырмаса да жүндерімен микоздың қоздырғыштарымен зарарланған басқа жануарлардың жүндерін, тері қабыршақтарын үйге әкеледі.
Қатынастық-микоздың қоздырғыштарымен зарарланған науқастардың тері қабыршақтары, шаштары, жануарлардың жүндері арқылы жұғады.
Тұрмыстық-микоздың қоздырғыштарымен зарарланған науқастардың бас киімдері, төсек жамылғылары, тарақтары, қайшылары және қолданыстағы заттары арқылы жұғады.
Көбінесе балалар ауырады, аурушаңдықтың өсуі күз-қыс айларында байқалады.
Микозды аурудың қоздырғыштары қоршаған ортаға өте төзімді келеді, олар киімге, төсек жамылғыларына, паластар мен кілемдерге және басқа да заттарға науқастардың зарарланған шаштарынан және тері қабыршақтарынан түсіп, бірнеше жылдар бойы сақталады, қоздырғыштар сау адамның терісіне түскенде қайтадан микозды ауруларды тудырады.
Микоздардың диагностикасы. Микоздардың диагностикасы үшін микроскопиялық әдіс бойынша нативті (боялмаған) және жағындыны көбінесе Грам, Циль-Нильсен, Романовский-Гимза әдістері арқылы, микологиялық (дақылдық), аллергиялық, серологиялык, биологиялық және гистологиялық зерттеу әдістері қолданылады. Патогенезіне байланысты зерттеу материалдары: ірің, қақырық, зақымдалған шаштар, тырнақ, ликвор, лимфа түйіндері мен жұлынның пунктаттары, ішкі мүшелер, қан, өт, нәжіс, тіннің биоптаттары және тағыда басқалар. Микроскопиялық зерттеуде нативті (боялмаған) және боялған жағындылардың микроскопиясы жүргізіледі. Нативті препараттарды дайындау үшін шашты, теріні, тырнақты 10-30% КОН және NaOH ерітінділерде ағартады. Сілтімен өңделген материалды шыныдағы глицерин тамшысына салады, жабын шынымен жауып микроскоп аркылы зерттейді (фазалы-контрасты микроскопты қолдануға болады), ол саңырауқұлақтың кұрылысын, спорлардың орналасуын зерттеуге мүмкіндік береді, дегенмен саңырауқұлақтың түрлік тегі туралы соның нәтижесі тек дақылдық зерттеулер арқылы беріледі. Дерматофиттерді бояғанда Сабуро, Адамсон т.б. әдістерін қолданады.
Саңырауқұлақтар қоздыратын аурулардың диагностикасы үшін серологиялық реакцияларды жалпы әдістемелер бойынша саңырауқұлақтык, антигендермен жүргізеді - АР, ПР, КБР, ТеГАР, ЙФР т.б.
Аллергиялық сынамаларды жалпы қолданылатын әдістеме арқылы сәйкес аллергендерді теріішілік егумен жүргізуге болады (жасушалардан немесе жасушалық қабықшалардан алынатан полисахаридті және ақуыздык фракциялар, жойылған саңырауқұлак, жасушасының қоспасы, дақылдардың фильтраттары). ЖСЖТ анықтау үшін тіндік және сарысулық базофилдердің дегрануляциялық тесті, ал ЖСБТ анықтау үшін ~ фагоциттердің көшуінің тежелу реакциясы, лимфоциттердің бласт трансформациясы қолдалынады.
Биологиялық зерттеулерді зертханалық үлгілерде жүргізеді (тышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқасы, орқоян, иттер, мысықтар). Микоздардың биологиялык үлгісі қоздырғыштардың патогендігін, таза дақылды бөліп алу үшін, жаңа микоздарға қарсы препараттарды зерттеу үшін қолданады.
Гистологиялык зерттеу тіндегі саңырауқұлақты, оның морфологиясын, ағзадағы тудырған патологиялық үрдістің ерекшелігін зерттеуге мүмкіншілік береді.
Беткейлік микоз қоздырғыштары (кератомикоздар) |
|||||
|
Кебек
тәрізді теміреткі
|
Қара пьедра
|
Ақ пьедра Trichosporon beigelii
|
||
|
|
||||
|
Эпидермофития қоздырғыштар (эпидермомикоздар, дерматомикоздар) |
||||
|
|||||
Антропофильді дерматофиттер |
|||||
|
Трихофития
|
Табан, тырнақ эпидермофитиясы
|
|||
10.3. сурет |
|||||
Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
|||||
Микоздарды емдеу және алдын алу. Дерматофитияны жұқтырған науқастарды оқшаулау қажет. Науқастарды оқшаулағаннан кейін ауру ошағында қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі Науқаспен қатынаста болған барлық тұлғалар алғашқы 2-3 күнде тексеріледі, ары қарай оларға 1ай бойы медициналық бақылау жүргізіледі. Үй жануарларын мал дәрігері люминесцентті шамның көмегімен тексеруден өткізуге тиісті. Балалар ұжымдарында бір ай бойы медициналық бақылау жүргізіледі. Осы кезде балаларды басқа топтарға ауыстыруға немесе басқа балалар мекемелеріне ауыстыруға тиым салынады, топқа жаңа балалар қабылданбайды. Бала бақшалардағы және мектептердегі балаларға алдын ала тексерулер жүргізіледі, тері мен шаштарының арасында микозды жара анықталған тұлғаларды түпкілікті диагноз қою үшін дерматологқа жібереді. Агглютинация реакциясы үшiн антигендердi негiзiнен саңырауқұлақтардың ашытқы фазасынан дайындайды, натрий хлоридiнiң изотоникалық ерiтiндiсiнде жас культураның салмағын қолданады. Мицелииальды фазада саңырауқұлақтардан антигендi препараттар туберкулин дайындау принципi бойынша немесе химиялық бактериальды вакцина бойынша дайындайды. Оларды РСК – да преципитация реакцияларында аллергендi препараттар ретiнде т.б. қолданады. Дерматомикоздарды емдеу үшiн тризеофульвин, иод препараттарын миканозол және т.б. қолданады. Кандидиозды емдеу үшiн антибиотиктер нистатин және лесварин, синтетикалық препараттар: клотримазол, миканазол қолданылады. Өткiр микоздарды емдеу үшiн амфотерицин В, миконазол, сульфаниламидтi препараттардан: амфотерецин қолданады. Алдын алу шаралары үш бағытта жүргізіледі. Жұқпаны тарату жолын жою. Жоғарыда айтылғандай эпидермофития көбінесе моншада, душ, бассейінде, спорт залында және иесі белгісіз аяқ киімнен жұғады. Иесі белгісіз және ауру адамның аяқ-киімдерін 30% формалин немесе 40 % сірке қышқылы ерітіндісімен жақсылап сүртіп, целлофан қалтаға салып 1-2 күнге қояды. Содан соң 12 сағат далада желдетеді. Алдын алу шараларының бірі моншаға, бассейінге, душқа барғанда жеке аяқ киімнің бар болуы. Дерттің бірінші белгілерін байқаған жағдайда дереу дерматолог дәрігеріне көрінуіңіз тиіс.
Тесттер.
1. Саңырауқұлақтардың бактериялардан айырмашылығы ... ерекшелінеді.
рибосомаларының болуымен
ДНҚ-сы бар болуымен
хромосомалардың диплоидты жиынтығымен
РНҚ-сы бар болуымен
Жұқпашақыруымен
2. Эпидермистің және шаштың жарақаттануы ... жүреді.
микотоксикозда
эпидермофитияда
оппортунистік микозда
терең микозда
теріасты микозда
3. Ішкі ағзалардың саңырауқұлақтармен жарақаттануы ... жүреді.
микотоксикозда
оппортунистік микозда
эпидермофитияда
терең микозда
теріасты микозда
4.Эпидермисті, шашты және тырнақты зақымдауымен сипатталатын микоздар тобына ... жатады.
эпидермомикоздар
жүйелік микоздар
беткейлік микоздар
оппортунистік инфекциялар
субкутанды микоздар
5. Сабуро, сусло-агар, Чапек орталарында... дақылданады.
риккетсиялар
қарапайымдылар
саңырауқұлақтар
микоплазмалар
спирохеттер
6. Микоздардың экспресс диагностикасыда ... әдіс қолданылады.
микроскопиялық
вирусологиялық
серологиялық
биологиялық
тері-аллергиялық
7. Шартты патогенді саңырауқұлақтармен шақырылатын ауру:
a) гистоплазмоз.
b) кератомикоз.
c) трихомикоз.
d) кандидоз.
e) споротрихоз.
8. Иммунодефициттік жағдайларда ең алдымен дамитын микоздар:
фавус
кандидоз
трихомоноз
трихофития
кокцидиоз
9. Қалыпты микрофлораға ... кіреді.
зигомицеттер
аскомицеттер
базидомицеттер
кандидалар
дейтеромицеттер
10. Ең төменгі саңырауқұлақтарға жатады:
Ascomycetes.
Basidiomycetes.
Deuteromycetes.
Oomycetes.
Candida.
11. Адамда фавус ауруын туғызатын патогенді саңырауқұлақтарға ... жатады.
a) трихомикоз
b) эпидермомикоз
c) кератомикоз
d) бластомикоз
e) кокцидиоидоз
11-Бөлім
Медициналық вирусология
Вирусология (лат. vіrus – у және грек. logos – ілім), вирусология, инфрамикробиология – вирустар туралы ғылым. Вирустардың тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттейтін ғылым – молекулалық генетикамен тығыз байланысты. Вирусологиялық зерттеулер Қазақстанда Қазақ эпидемиология, микробиология және гигиена ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Гигиена және эпидемиол. ғылыми-зерттеу орталығы) вирус-риккетсия лабораториясы (1954ж.) және Қазақстан Ғылыми Академиясының Микробиология және вирусология институтында жалпы вирусология лабораториясы (1956ж.) ашылғаннан кейін басталды. Республикада Вирусологиялық зерттеулерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы проблемалық комиссия мен Қазақстан эпидемиологтар, микробиологтар мен паразитологтар ассоциациясы үйлестіріп отырады.
