Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

5.2. Туляремия қоздырғышы

Туляремия қоздырғышы - ( Francisella туыстасығы) – Туляремия қоздырғышы (Калифорниядағы Tulare жерінің атымен байланысты) – табиғи ошақты Francisella tularensis ( VcCoy et Chapin) туғызатын, жедел және созылмалы адамдарда және жануарларда ағзада қабыну процессін, интоксикациямен, қызбамен және лимфа түйіндерінің зақымдалуымен сипатталатын, жедел Жұқпалыауру болып, әр түрлі клиникалық көріністе өтетін зоонозды жұқпалы ауру. Туляремия қоздырғышын - Francisella tularensis - 1911 ж. Г. Мак-Кой және Ш. Чепик ашты, бірақ оны толық Э. Френсис 1921 жылы зерттеп бұл аурумен адамдар да ауыратынын анықтап оған сипаттама берген. Сондықтан туляремия қоздырғышын Francisella tularensis деп атаған.

Туляремияның қоздырғышы - Francisella tularensis - Francisella туыстығына, Brucellacea тұқымдастығына жатады. Туляремия қоздырғышы 3 түрастына бөлінеді: арктикалық емес, орта азиялық, голарктикалық. Соңғысы 3 биологиялық варианттан тұрады: жапониялық, биовар I Еrу (S) (эритромицинге сезімтал) және биовар II Еrу (R) (эритромицинге төзімді). Қоздырғыштың 2 түрі бар: А-түрі және В-түрі. А-түрінің вируленттік қасиеті жоғары, ауру Солтүстік Америкада кездеседі, қояндар ауырады, олардан аңшыларға жұғады. В-типі Еуропада, Азияда таралған, вирулентілігі төмен, кеміргіштер ауырады. 1966 ж. М.А.Айкимбаев қоздырғыштың үшінші ортаазиялық түрін анықтаған. Қазақстанда қоздырғыштың 2 түрі кездеседі: В-түрі және ортаазиялық түрі.

Морфологиясы. Ұсақ, грам теріс бактериялар, талшықтары жоқ, спора түзбейді, бактерия айналасында капсула тәрізді шырыш жабынын ажыратады (5.2. Сурет).

Francisella tularensis - электронды микроскоптағы көрінісі

Романовский – Гимзе әдісімен боялған жұғынды-таңбалықтардағы – Francisella tularensis

5.2. Сурет. http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q=туляремия

Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. F.tularensis - аэроб, қарапайым қоректік орталарда өспейді, дефибринденген қан, сарысу (10%), сарыуыз немесе цистин, тиамин, глюкоза қосылған орталарда өседі (Мак-Кой, Чепин және Френсис қоректік орталары). Тауық эмбрионның сарыуыз қапшығында жақсы өседі. Өсуі кезінде бактерияның аттенуациясы және олардың вирулентті S-түрінің авирулентті R-пішінге айналуы іске асады. Туляремияның көптеген штамдары глицерин негативті (глицеринді ыдыратпайды) және голарктикалық түрлік айырмашылығына жатады. Қазақстандық ғалым М.А.Айқымбаев 1960 ж. Francisella tularensis-тің жаңа түрастын (Francisella tularensis mediaasiatica Aikimbaevi) ашты, бұл глицеринді ыдыратады, глюкоза, мальтоза қанттарын ыдыратпайды, құрамында цитрулинуреидазасы бар. Оптимальды өсу температурасы – 37-380С; рН 6,8 – 7,4. Тығыз қоректік орталарда домалақ, майда, нүктелік, ақшыл, шеттері тегіс колониялар түзеді. Колония түзілу жылдамдығы зерттеу матералындағы микробтар санына байланысты, аз инфицрленген материалдан бөлек колония түзілу мерзімі ұзақ болып келеді – 10 тәулікке дейін.

Антигендік қасиеттері. Francisella tularensis-тің қабықшалық Vi- және соматикалық 0-антигендері бар, бруцеллаларға антигендік туыстығы анықталған. Ауру туғызатын және иммуногенді қасиеттері Vi-антигенмен, эндотоксин типті токсикалық заттармен байланысты жасушаішілік паразитизм - фагоциттердің лизосомалды қызметін басу, осының нәтижесінде бактериялар ретикулоэндотелиалды жүйенің макрофагтарында ұзақ уақыт болады. Капсуласы - фагоцитоздан қорғайды. Эндотоксин - басқа грам теріс таяқшалардың эндотоксинімен салыстырғанда белсенділігі төмен. S- пішінді колония түзетін миробтар патогенді болып келеді. R-колонияға өткенде Vi- антигенін жоғалтады, сонымен бірге – вируленттілігін және иммуногендігін жоғалтады. Соматикалық антигенімен қоздырғыштың вирулентілігі және иммуногенділігіне байланысты. Бруцелла антигенімен ұқсастығы бар.

Патогендiлік факторлары. Туляримия қоздырғышы жасуша ішілік паразит болып табылады. Оның вируленттілігі фагоцитозды тежейтін капсулаға, адгезияға қатысатын нейроминидазаға, эндотоксинге жасуша қабат аллергенді қасиетіне, сонымен қоса фагоцит ішінде көбейіп, оның киллерлік эффектін тежеу қабілеттілігіне байланысты. Сонымен қоса туляримия таяқшасына JgG классының Fc-фрагментизімен байланысатын рецепторлар табылды. Осындай байланысу әсерінен комплемент жүйесі мен макрофагтардың активтілігі төмендейді.

Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Туляремия қоздырғышы сүтқоректілердің көптеген түріне және кеміргіштер мен қояндар үшін патогенді (5.3.сурет). Табиғатта олардың 100-ден астам түрлері жұқпа көзі болуы мүмкін. Үй жануарлары арасында франциселлаға қой, шошқа, ірі қара мал сезімтал.

Туляремия көптеген континенттерде тараған. Кеміргіштердің барлық түрі, соның ішінде су суыры, ондатр, үй тышқаны, қоян және т.б. жиі Жұқпа көзі болып табылады. Жануарлар арасындағы қоздырғыштың таралуы қансорушы буынаяқтылар (кене, масалар, бүргелер) арқылы жиі іске асады. Адамға таралу жолдары – трансмиссиялық (кене, маса, бөгелектің шағуы), қарым-қатынас – тұрмыстық (көздің шырышты қабаты немесе терінің зақымдалған беткейі арқылы), тағамдық (ластанған су немесе азық-түлік қабылдағанда), ауалы-тамшылы (кеміргіштер бөліндісімен ластанған ауадағы шаң немесе тамшылармен дем алу кезінде). F.tularensis қоршаған оратада ұзақ сақталады, әсіресе төмен температурада (8-10 ай), ылғалды топырақта 5 айға дейін, суда – 9 айға дейін, құрғақ шөпте 00С темпертурада – 4-5 айға дейін сақталады; жоғары температураға тұрақсыз: қайнатқанда сол мезетте өледі. 600С - ге дейін қыздыру 20 мин кейін жояды; күн сәулелерінің тура әсерінен 20-30 мин кейін жойылады. Francisella tularensis бактериялары әдеттегі дезинфектанттарға және радиациялық сәулеленуге тұрақсыз.

Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Қоздырғыш енген орында алғашқы ошақ пайда болады. Қоздырғыштың лимфа тамырлары бойынша таралуы патогенезде маңызды орын алады. Қоздырғыш, оның токсиндері қанға еніп, лимфа түйіндерінің зақымдануларын тудырады (бубондар түзілу).Түзілген ошақтардан ауру қоздырғышы оқтын-оқтын лимфа және қанға еніп, ол эндотоксин бөлінумен сипатталады, ал бактериемия - бауырға, көк бауырға, өкпеге және басқа ағзаларға метастазданумен суреттеледі, ол екіншілік зақымданулармен сипатталады (екіншілік пневмония, менингит және т.б.). Туляремия микробы аэрозольды жолмен жұққанда біріншілік пневмония (өкпелік пневмония), ал буынаяқтылар шаққанда туляремияның жайылмалы түрі дамиды(септикалық). Осы екі түрде біріншілік ошақ болмайды және жоғары өлімге әкеледі. Алиментарлы жолмен жұққанда абдоминальды түрі (асқазан-ішектік) сирек кездеседі. Туляремия – токсико-аллергиялық, аз септикалық сипатты жедел қызбалы ауру. Халықаралық статистикалық жіктелінуі (оныншы қаралым, ВОЗ, 1995) бойынша келесі клиникалық түрлері: ультцерогландулярлы (ескі жіктелінуі – жаралы-бубонды, синонимы – тері-бубонды), окулогландулярлы (көзбубонды, офтальмологиялық), торакальды (өкпелік туляремия), абдоминальды (асқазан – ішекті туляремия), жайылмалы және басқа түрлері (соның ішінде ангинозды-гландулярлы) анықталмаған. Инкубациялық кезеңі 3-7 күнге созылады. Ауру кенеттен басталады, дене қызуы 38-400С дейін көтеріледі, клиникалық белгілері аурудың түрі мен инфекцияның берілу жолына байланысты. Басында қызба тұрақты, ал кейіннен әртүрлі сипатта болады. Ауру әлсіздікпен, бас ауыруымен, бас айналуымен, тәбетінің төмендеуінен, тілдің ақ-сұр түсті өңезделуімен, бұлшық еттердің ауыруымен, ұйқының бұзылуымен, терлегіштікпен, қан қысымының төмендеуімен сипатталады. Ауырғаннан кейін иммунитет ұзақ сақталады, кейде өмірлік болады; аурудың бірінші күнінен бастап қоздырғыш антигендеріне аллергизациялану дамиды.

Микробиологиялық диагноз қою. Туляремияны диагностикалау үшiн адамдарға әдетте терi-аллергиялық сынақ және серологиялық реакциялар сонымен қатар бактерияны зерттеу үшің бактериологиялық, биологиялық, бактериоскопиялық әдістерді қолданады. Зерттеулер арнайы мамандырылған зертханаларда жүргізіледі. Тексерілетін материал ретінде науқастан қан, бубон пунктанты, жарақаттан жұғынды, көз коньюктивасынан бөлінген сұйықтық, қақырық алынады. Туляремия бактериясының таза дақылын бөлiп алу үшiн биосынақ қолданылады. Ол үшiн патологиялық материалды көз коньюктивасындағы сұйықтық, қақырық ақ тышқандарға терi астынан немесе теңiз шошқаларына егедi. Теңiз шошқасы 4-5 тәулiктен кейiн өледi. Өлген жануардан алынған туляремия бактериясының дақылын арнайы қоректiк орталарға егiп, бөлiп алады. Идентификацияланған таза дақылды морфологиялық дақылдық, биохимиялық және антигендiк қасиеттерi бойынша ажыратады, Романовский –Гимзе әдісімен боялады (5.2.сурет)..

Серологиялық әдіс . Туляремиялық диагностикум көмегімен АР қолданады, сонымен қатар КБР, ИФР, ИФТ, эритроцитарлы диагностикум көмегімен ГАТР жүргізіледі. Аллергиялық әдіс. Туляринмен тері сынамасы қойылады. Сынама оң нәтижелі болса еңгізген орнында 12-24 сағаттан кейін қызару және ісіну пайда болады. Терішілік тулярин – туляремиялық бактерияның вакциналық штамының қоспасы, 700С температурада 1 сағат қыздырылған 1 мл препаратта 500 млн өлі бактерия бар. Препарат бірінші кезекте туляремия диагнозын қоюға арналған. Туляринді 0,1 мл мөлшерде стерильді шприцпен тері ішіне сол білекке егеді. Нәтижесін 24-48 сағаттан кейін теріні көру және пальпациялау арқылы анықтайды. Тері гиперемиясы мен инфильтрациясы 0,5 см-ден кем болмаса - оң нәтижелі, тері қызарып инфильтрат болмаса - теріс нәтижелі деп есептеледі.

Иммундыфлюресцентті әдіс туляремияға тиімді жедел-диагноз қою тәсілі болып табылады. Бұл әдіс бойынша тірі жіне өлі бактерияларды олардың арнайы антигендерінің жарқылдауымен анықтайды. Зерттеу материалы ретінде бубон ішінің, көз кілегейінің бөліндісін, тері жарасынан, жұтқыншақтан шайындыны және т.б. қолданады. Зерттеу материалын майсыздандырылған шыныға тамызып жұқа жағынды дайындайды. Препаратты бөлме температурасында кептіреді және 96% этил спиртінде 10-15 минут фиксациялайды. Фиксацияланған препаратты ауада кептіреді. Құрғақ люминесцентті туляремиялық сарысу мен құрғақ бұқа альбуминін ампула этикеткасында жазылған көлемде дистилденген сумен сұйылтады. Препаратқа тамызар алдында люминесцентті туляремиялық сарысу мен родаминмен белгіленген бұқа альбуминін изотоникалық натрий хлор ерітіндісімен (рН 7,0-7,2) екі еселік жұмыстық титрге дейін сұйылтады. Бір тамшы люминесцентті туляремиялық сарысу және родаминмен таңбаланған бұқа альбуминінің қоспасын фиксацияланған және кептірілген препаратқа бірдей мөлшерде тамызып ылғал камераға салады. Препаратты бөлмелік ауа температурасында 30-40 минут бояйды немесе термостатта 37ºС температурада 20 минут ұстайды. Препаратты ағын сумен 3-5 минут шаяды немесе изотоникалық натрий хлор ерітіндісімен (рН 7,0-7,2) бірнеше мәрте шайып, ауада кептіреді.

Препаратты көру үшін флюоресцентті емес иммерсиялық майды қолданады. Оң нәтижелі болса люминесцентті микрскопта туляремиялық бактерияның ашық жасыл жарқырауы байқалады.

Туляремия қоздырғышынан туындаған ауруларыды емдеу мен алдын алу.

Емдеуі антибиотиктермен: аминогликозидтер (амикацин, гентамицин, нетилмецин, стрептомицин, канамицин және т.б.), биомицин, тетрациклин, мономицин, левомицетин, эритромицин қолдалынылады. Аталған препараттарды улылығына байланысты ауыр және орта жағдайларда қолданады. Жеңіл жағдайларда доксициллин немесе рифампицин қолданады. Адамдарда туляремияны алдын алуға белсенді иммунитет туғызу үшін эпидемиялық көрсеткіштер бойынша туляремиялық тірі вакцина қолданылады. ТМД елдерінде Рессей ғалымдары Б. Я. Эльберт және Н. А. Гайский ұсынған F.tularensis № 15 штамынан дайындалған тірі вакцина, терi /әлсiзденген/ құрғақ терi үстiлiк вакцина қолданады.

Вакцинаны бiр рет салады, иммунитет 5-6 жылға жетедi.

Алдын алу шаралары кеміргіштерді жоюға, су көздерін қорғауға, санитарлық–ағарту жұмыстарын жүргізуге негізделген.

5.3.сурет. Эпидемиологиялық кесте

http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q=туляремия

Тесттер.

1. Бубонды, көз-бубонды, ангинозды-бубонды және септикалық формаларда өтетін зоонозды ауруға ... жатады.

  1. сібір күйдіргісі

  2. оба

  3. бруцеллез

  4. туляремия

  5. тырысқақ

2. ... зоонозды ауру қоздырғышын бөліп алу және идентификациялау биологиялық зерттеу әдісінен соң жасалынады.

  1. сібір күйдіргісі

  2. оба

  3. бруцеллез

  4. туляремия

  5. тырысқақ

3. Зоонозды ауру ... алдын алуының шарасы Н. Гайский және Б. Эльберт тірі вакцинасы болып табылады.

  1. тырысқақтың

  2. обаның

  3. бруцеллездің

  4. сібір күйдіргісінің

  5. туляремияның

4. Лихорадкамен, лимфа түйіндерінің зақымдалуымен сипатталатын зоонозды Жұқпалыауруға ... жатады.

  1. оба

  2. туляремия

  3. бруцеллез

  4. сібір күйдіргісі

  5. тырысқақ

5. Қозғалмайтын, спора түзбейтін, сарыуыз немесе цистин қосылған ортада ғана өсетін грамтеріс ұсақ бактериялар ... ауру қоздырғышы

  1. сібір күйдіргісі

  2. оба

  3. бруцеллез

  4. туляремия

  5. тырысқақ

6. Вируленттілік антигені бар және эндотоксин синтездейтін микроорганизм ... ауру қоздырғышы.

  1. сібір күйдіргісі

  2. оба

  3. бруцеллез

  4. туляремия

  5. тырысқақ

7. Туляремия қоздырғышының патогенділік факторларына ... жатады.

1. капсула

2. экзотоксин

3. нейраминидаза

4. эндотоксин

5. ДНКаза

  1. 1,2,3

  2. 1,2,3,4

  3. 3,4,5

  4. 2,3,4

  5. 4,5

8. Лимфа тамырлары арқылы таралып, сол жерде бубондардың түзілуіне алып келетін, Калифорния штатында бөлініп алынған зоонозды ауруға ... жатады.

  1. туляремия

  2. оба

  3. сібір күйдіргісі

  4. бруцеллез

  5. тырысқақ

9. ... ауруының спецификалық профилактикасында Н. Гинсбург және А. Тамарин ұсынған тірі СТИ вакцинасы қолданылады

  1. Тырысқақ

  2. Оба

  3. Туляремия

  4. Бруцеллез

  5. Сібір күйдіргісі

10. Колониясының ересек түрі 3-5 күнде өсетін микроорганизм ... қоздырғышы болып табылады. 

  1. туляремияның

  2. обаның

  3. сібір күйдіргісінің

  4. бруцеллездің

  5. тырысқақтың

11. Қоздырғышы лимфа түйіндерінің зақымдалып, бубонның пайда болуына алып келетін зоонозды ауру... болып табылады.

  1. туляремия

  2. лептоспироз

  3. сібір күйдіргісі

  4. тырысқақ

  5. бруцеллез