Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

11.1.5. Коронавирустар.

Коронавирустар (Coronaviridae тұқымдастығы) – қабықшасы бар РНҚ құрамды вирустар (11.7.сурет) тұқымдастығы; бір Coronavirus туыстасынан тұрады. Вирустардың қабықшасынан пепломерлер деп аталатын түйреу тәріздес үлкен қадамшалар болады. Коронавирустар өз атауын вирионының сыртқы беті күн тәжіне ұқсас болғандықтан алған. Олар респираторлы инфекцияларды, соның ішінде «жұқпалы» мұрыннан су ағуды, адам мен жануарларда асқазан-ішек жолының және жүйке жүйесінің инфекцияларын шақырады. Ауыр өткір респираторлық синдромның қоздырғышы /АӨРС/ Coronoviridae тұқымдастығы жатады, бұл 2 туыстықтан тұрады: Coronovirus және Togavirus

Коронавирустың атауы жалпы пішініне байланысты аталған, оны тек электронды микроскоп арқылы көруге болады. Оның шырышты қабаты шығыңқы, тәж тәрізді болып келеді. РНК вирустарының ішінде короновирустар үлкен топты құрайды. Олар көптеген жануарларда кездеседі (ірі қара мал, шошқа, мысық, ит, құстар) және бір жануардан екінші жануарға таралуы мүмкін, сондықтан оның нақты қайдан шыққанын анықтау мүмкін емес. Аурудың жасырын кезеңі 2–3 күнге дейін созылады. Короновирусты инфекциялардың негізгі белгілері, ол дене қызуының көтерілуі, демікпе және тыныс алудың жиілеуі, өкпе қабынып асқынған жағдайда бүйрек қызметінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Вирус балаларды да және ересек адамдарды да бірдей зақымдайды. Әйелдерге қарағанда ер адамдар ауруға екі есе көп шалдығады, оның себебін ғалымдар да анықтай алмай отыр. Ауруды жұқтыру жағдайы көбінесе Сауд Аравиясында анықталған. Диабет пен семіздік ауруларына шалдыққан адамдар короновирусты жұқтырған жағдайда өліп кетуі де мүмкін, тіпті қосымша аурулары болмаған жағдайда да вирусты жұқтырған адам үшін  мамандардың пікірі бойынша, сауығып кету екіталай. 

Туыстастығы

Өкілі

Вирустардың қасиеті

Coronavirus

Адамның коронавирустары

Вирустар сфералы (80-220 нм), қабықшасы және спиральді нуклеокапсиді бар. Геномы-біржіпшелі РНҚ.

Репликациясы: цитоплазмада. Жиналуы: кедір бұдырлы эндоплазмалық ретикулум мебранасында немесе Гольджи аппаратында бүршіктенеді.

Құстардың Жұқпалы бронхит, тышқандардың гепатит вирустары.

Коронавирустың құрылысы

Коронавирустың репликациясы

11.7.сурет Coronaviridae тұқымдастығының сипаттамасы

Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А.

Ауруға қарсы вакцина әзірге жоқ. Бүгінгі таңда вирусты анықтайтын тәсіл біздің елімізде де бар. Короновирус әлемнің 17 елінде тіркелген: Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираты, Катар, Йордания, Кувейт, Египет, Йемен, Ұлыбритания, Тунис, Оман, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Филиппин, АҚШ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2014 жылғы мамыр айының ортасында  жалпы әлем бойынша короновирусты жұқтырғаны зертханалық расталған 497 адам тіркелген, соның ішінде 131 жағдай өліммен аяқталған. Ең көп жағдай Сауд Аравиясында тіркелген—414, соның ішінде 115 өліммен (27,7%) аяқталды. Жұқпаның таралу жолдары зерттелуде, сондықтан Таяу Шығыс елдерінде болуы адамдарға қауіп төндіреді. Осыған байланысты Сауд Аравия билігі денсаулығы нашар және қайталама аурулары бар адамдарды қажылыққа барудан бас тартуға кеңес береді. Жаңа короновирус тудырған аурушаңдық бойынша эпидемиялық ахуалдың шиеленісуін ескере отырып, ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мүмкіндігінше Сауд Аравиясы, Катар, БАЭ барудан бас тартуға кеңес береді. Егер бұл жедел іссапар немесе демалысқа бару болмаса бұл бағытқа саяхат жасаудан бас тартқаныңыз жөн. Эндемиялық аумаққа барған кезде аурудың алдын алу үшін адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу, сондай-ақ, ауа - тамшы арқылы таралатын жұқпалы аурулардан қорғану ережелерін орындау қажет.

  • Науқас адаммен қарым-қатынаста болмау;

  • Ауру белгілері (жөтелу, түшкіру) анықталған адамдармен қатынасу кезінде бетперде пайдалану;

  • Лас қолмен көзге, мұрынға, ауызға жоламау және қолды жиі сабындап жуу;

  • Егер қол жуатын мүмкіндік болмаса міндетті түрде қол гигиенасына арналған дезинфекциялызаттарды пайдалану;

  • Шет елдерге шықпас бұрын, интернет немесе құзырлы органдар арқылы баратын елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы толық мәлімет алу;

  • Шет елден келгеннен соң, аурудың алғашқы белгілер анықталған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралып, шет елде болғаныңыз жөнінде және қанша уақыт болғаныңыз туралы ақпарат беру қажет.

Микробиологиялық диагноз қою: 1) ИФР арқылы мұрын және жұтқыншақ эпителиясында вирустарды идентификациялайды. 2) Серологиялық әдіс: қанның жұп сарысуында КБР, ИФТ, НР арқылы антиденелерді анықтайды.

Тесттер.

1. Адамдарда, жануарлар мен құстарда

ауру шақыратын вирустар:

  1. А тұмауының вирусы

  2. С тұмауының вирусы

  3. В тұмауының вирусы

  4. С тұмауының вирусы

  5. аденовирус

2. А тұмауы вирусының геномы:

  1. екі жіпшелі ДНҚ.

  2. бір жіпшелі ДНҚ.

  3. бір жіпшелі фрагменттелген негативтік РНҚ

  4. екі жіпшелі фрагменттелген позитивтік РНҚ.

  5. бір жіпшелі сақиналық ДНҚ.

3. А тұмауы вирусының ... антиген ажырататын гемагглютинин типі болады.

  1. 1

  2. 8

  3. 15

  4. 13

  5. 16

4. Кілегейлі қабатты зақымдайтын, ерекше қабілетті, нейраминидаза және гемагглютинин антигендерінің өзгергіштігі болып табылатын, РНҚ-құрамды вирус ... қоздырғышы.

  1. аденовирустық инфекция

  2. тұмау

  3. орнитоз

  4. парагрипп

  5. Жәншәу

5. Жер шарының 30-50% тұрғындарын зақымдайтын, пандемия және эпидемиямен сипатталатын вирусты респираторлы ауруға ... жатады.

  1. тұмау

  2. аденовирустық инфекция

  3. орнитоз

  4. парагрипп

  5. Жәншәу

6. Тыныс алу жолдарының кілегейлі қабатын зақымдайтын, А, В, С үш типтері бар РНҚ-құрамды вирустар ... қоздырғышы болып табылады.

  1. парагрипп

  2. тұмау

  3. аденовирустық Жұқпа

  4. Жәншәу

  5. орнитоз

7. Тұмаудың экспресс диагностикасына ... жатады.

  1. нейтрализация реакциясы

  2. КБР

  3. иммунофлюоресценттік әдісі

  4. гемадсорбция

  5. преципитация реакциясы

8. Гемагглютинин және нейраминидазасы болып табылатын гликопротеидттен тұратын, суперкапсидті тікенекшелері бар, күрделі вириондар ... қоздырғышы болып табылады.

  1. парагрипптің

  2. аденовирустық инфекцияның

  3. Жәншәуның

  4. тұмаудың

  5. орнитоздың

9. Тұмау … жолмен беріледі.

  1. алиментарлы

  2. трансмиссивті

  3. аэрозольды

  4. жынысты

  5. плацентарлы

10. Қызылша вирусының геномы…

  1. бір жіпшелі ДНҚ.

  2. екі жіпшелі ДНҚ.

  3. сақиналық ДНҚ.

  4. негативтік бір жіпшелі РНҚ.

  5. позитивтік бір жіпшелі РНҚ.

11. Қызылша вирусы … туыстығына жатады.

  1. парамиксовирустар

  2. пневмовирустар

  3. морбилливирустар

  4. рубивирустар

  5. риновирустар

12. Қызылшаның иммунопрофилактикасы үшін … қолданылады:

  1. интерферон.

  2. өлтірілген вакцина.

  3. химиялық вакцину.

  4. иммундық сарысу.

  5. тірі вакцина.

13. Morbillivirus туысы, Paramixoviridae тұқымдастығына ... вирусы жатады.

  1. тұмау

  2. қызылша

  3. эпидемиялық паротит

  4. қызамық

  5. желшешек

14. Қызылша вирусы ... әулетіне жатады.

  1. ортомиксовирустар

  2. парамиксовирустар

  3. тогавирустар

  4. герпесвирустар

  5. аденовирустар

15. Морбилливирустар әулетіне жататын, антигендік варианттары жоқ РНК-лық вирус ... ауруының қоздырғышы болып табылады.

  1. қызылша

  2. тұмау

  3. эпидемиялық паротит

  4. қызамық

  5. желшешек

16. Эпидемиялық паротит вирусы … туыстығына жатады.

  1. парамиксовирустар

  2. ортомиксовирустар

  3. тогавирустар

  4. герпесвирустар

  5. аденовирустар

17. Халықта «шошқа мойын» деп аталатын вирустық ауру-бұл ... .

  1. эпидемиялық паротит

  2. тұмау

  3. қызылша

  4. қызамық

  5. желшешек

18. Бөртпелер ... болмайды.

  1. қызылшада

  2. қызамықта

  3. желшешекте

  4. бөртпе сүзегінде

  5. эпидемиялық паротитте

19. Орхит, менингит, тиреоидит, полиартрит ауруларының асқынуларын ... шақыруы мүмкін.

  1. эпидемиялық паротит

  2. аденовирусты инфекция

  3. қызылша

  4. желшешек

  5. қызамық

20. Құлақ маңындағы сілекей бездерінің зақымдануымен ... сипатталады.

  1. тұмау

  2. желшешек

  3. эпидемиялық паротит

  4. қызылша

  5. қызамық

21. Rubulavirus туысы, Paramixoviridae тұқымдастығына ... вирусы жатады.

  1. тұмау

  2. қызылша

  3. қызамық

  4. эпидемиялық паротит

  5. желшешек

22. Өзіне ғана тән цитопатикалық эффект шақыртатын, симпласттар, цитоплазматикалық және ядро ішілік қосындылары бар вирус ... ауруының қоздырғышы болып табылады.

  1. қызылша

  2. тұмау

  3. желшешек

  4. эпидемиялық паротит

  5. қызамық.

23. ... ауруын алдын алу үшін жоспарлы түрде тірі аттенуирленген вакцинаны қолданады.

  1. Қызамық

  2. Тұмау

  3. Эпидемиялық паротит

  4. Қызылша

  5. Желшешек

24. ... белсенділік эпидемиялық паротит вирусына тән емес.

  1. Нейраминидазалық.

  2. Гемолитикалық.

  3. Гемагглютинизациялаушы.

  4. Симпласт түзуші.

  5. Лецитиназалық.

25. Эпидемиялық паротит ауруын ... туғызады.

  1. ортомиксовирустар

  2. аденовирустар

  3. морбиливирустар

  4. коронавирустар

  5. парамиксовирустар

26. Аденовирустар ... шақырады.

  1. фарингоконъюктивитті

  2. гастроэнтеритті

  3. энцефалитті

  4. менингитті

  5. миокардитті

27. Аденовирустық инфекциямен ауырып жазылған соң ... иммунитет қалыптасады.

  1. өмірлік

  2. стерильді емес

  3. жасушалық

  4. антитоксикалық

  5. ұзақ емес

28.Аденовирус геномы ...

  1. бір жіпшелі ДНҚ.

  2. сақиналы ДНҚ.

  3. екі жіпшелі ДНҚ.

  4. бір жіпшелі () РНҚ.

  5. екі жіпшелі РНҚ

29. Аденовирустық Жұқпа... жолмен беріледі.

  1. алиментарлық

  2. ауа-тамшылы

  3. трансмиссивтік

  4. жыныстық

  5. плацентарлық

30. Коплик-Филатов теңбілі… айқындалады.

  1. қызылшада

  2. аденовирусты инфекцияда

  3. эпидемиялық паротитте

  4. жел шешекте

  5. қызамықта

31. 12-14 жасар жасөпірім қыздар мен репродуктивтік жастағы әйелдері таңдамалы иммунизациялауды қажет ететін вирустық ауру:

a) аденовирустық инфекция.

b) эпидемиялық паротит.

c) қызылша.

d) желшешек.

e) қызамық.

32. Жүктіліктің алғашқы үш айында ... инфекциясымен ауру ұрықтың туа біткен кемтарлықтарына әкеп соқтырады.

a) қызамық.

b) аденовирустық инфекция

c) эпидемиялық паротит

d) қызылша

e) желшешек

33. Қызамық вирусы … әулетіне жатқызылады.

a) ортомиксовирустар

b) парамиксовирустар

c) тогавирустар

d) герпесвирустар

e) аденовирустар

34. Денеде бөртпелер пайда болғанда, қоздырғышы зәр мен нәжістен ... вирустық инфекцияда анықталады.

  1. жел шешек

  2. қызылша

  3. қызамық

  4. эпидемиялық паротит

  5. гепатит С

35. Ұрықтың кемтар немесе өлі туылуына ... алып келеді.

  1. гепатит А

  2. қызылша

  3. жел шешек

  4. қызамық

  5. эпидемиялық паротит

36. Туа біткен қызамықта нәрестеден зерттеу материалы ретінде ... алынады.

  1. зәр, нәжіс

  2. көмей кілегейі

  3. жатыр кілегейі

  4. қан, зәр

  5. қан

37. Қызбамен және бөртпелердің пайда болуымен сипатталатын рубивирустар өкілімен шақырылатын ауру:

  1. эпидемиялық паротит.

  2. тұмау.

  3. қызылша.

  4. қызамық.

  5. желшешек.

38. Мойын лимфа түйіндерінде... вирусы көбейеді.

  1. қызамық

  2. аденовирусты инфекция

  3. эпидемиялық паротит

  4. қызылша

  5. желшешек

39. Қызамық вирусы ... тұқымдастығына жатады.

  1. тоговирустар

  2. ортомиксовирустар

  3. парамиксовирустар

  4. герпесвирустар

  5. аденовирустар

40. 12-14 жасар жасөпірім қыздар мен репродуктивтік жастағы әйелдері таңдамалы иммунизациялауды қажет ететін вирустық ауру:

  1. қызамық.

  2. аденовирустық инфекция.

  3. эпидемиялық паротит.

  4. қызылша.

  5. желшешек.

41. Ауа-тамшы және трансплацентарлы жол арқылы… вирусы беріледі.

  1. қызамық

  2. аденовирус

  3. қызылща

  4. эпидемиялық паротит

  5. желшешек