- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
11.3.2. Риновирустар.
Риновирустар – Picornaviridae тұқымдастығының Rhinovirus туысының РНҚ құрамды вирустары; көбінесе жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекцияларын шақырушылар (ЖРВИ). 100 серотиптерінен астамы идентификацияланған. Риновирустар рецепторы болып клетка аралық адгезиялы молекула 1 (ІСАМ-1) табылады, эпителиальді жасушаларда, фибробластарда және эндотелиальді жасушаларда экспрессияланады. Риновирустар екі түрлі механизм арқылы беріледі: аэрозольді және тұрмыстық қатынас арқылы жұғады. Вирустар мұрын, ауыз қуысы, коньюктива арқылы организмге енеді. Процесс жоғарғы тыныс жолдарында басталады.
Ауырған соң ағзада тұрақты, түр ерекшелігі бар иммунитет қалыптасады.
Диагноз қою әдістері – вирусологияқ және серологиялық. мұрын – жұтқыншақ шырышты қабатынан, нәжістен және жұлын сұйықтығынан табуға болады.. Серологиялық диагноз қою үшін нақастың қос сарысуы зерттеледі, 4 есе жоғары болса диагноз дәлелденеді.
Микробиологиялық диагноз қою: 1) Вирусологиялық әдіс: вирусты клетка дақылдарында бөліп алады, РИФ арқылы анықтайды. 2) Серологиялық әдіс: науқастың жұп сарысуында РН арқылы антиденелерді анықтайды.
Вирусологиялық әдіс- аурудың бірінші тәулігінде мұрын жұтқыншақтан, нәжістен, ликвордан вирусты анықтау. Қайтыс болған науқасың зақыманған ішкі мүшелерінен вирусты анықтауға болады
Серологиялық әдіс- РН және КБР реакцияларында қос сарысуды зерттеу. Аурудың 14 – тәулігінде алынған сарысуындағы энтеровирустарға түзілген антиденелердің алғашына алған сарысумен қоздырғышы титрінің 4 немесе одан жоғарылауы энтеровирустарды - дәлелдейді. ИФА-да тексеруге болады және де ПТР (ПНР) қолдануға болады. ЭВИ-і серозды менингитпен, энцефалиттермен, ЖІИ, аппендицитпен , холециститтен және тағы да панкреатит, қызылша, иерсинеоз, герпестік стоматит, сал ауруы, ревматизмнен ажырата алу керек.
Емдеуі және алдын алу шаралары. Аурудың бастапқы кезеңіне интерферон және басқа да вирусқа қарсы препараттар қолданады. Вирусқа қарсы дәрілер, көп мөлшерде су беру, 10-шы стол, асқыну болған жағдайда антибиотиктер беріледі. Менингитте қосымша дегидратациялық дәрілер береді. Алдын алу мақсаты қарым- қатынаста болғaн амдарға лейкоцитарлы интерферон тағайындайды. Карантин қойылмайды.
11.4. Гепатит вирустары
Вирустық гепатиттердің- бес түрі (А, В, Е, С, D) бар. Олардың әр біреуінде симптоматика мен салдар, бір-бірінен өзгеше. Вирустық гепатиттер – гепатиттің вирустары қоздыратын адамға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, бірінші кезекте адманың бауырын залалдайды. Гепатитің ең көп тараған белгісі терінің және көздің ағының сарғаюы болғандықтан, оны көбінше сары ауру деп атайды. Сары аурудың эпидемияларын біздің дәуірден бұрын V ғасырда Гиппократ сипаттаған, ал гепатиттің қозғаушысы тек өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. «Гепатит» деген ұғым қазіргі медицинада тек қана дербес ауруларды ғана белгілемейді. Гепатит, немесе бауырдың қабынуы сары ауру қызбасының, қызамықтың, ұшықтың, ЖҚТБ және кейбір басқа аурулардың белгісі. Сонымен қатар, уланудан болған гепатит бар, оның мысалы, ішімдіктің салдарынан бауырдың зақымдануы. Вирустық гепатиттер бір-бірінен этиологиясы мен аурудың дамуына байланысты өзгеше болады, алайда оларды кейбір белгілері бір-біріне ұқсас. Вирустық гепатиттің көптеген белгілері бойынша классификация жасау мүмкін: Этиологиясы бойынша гепатит A, B, C, D, E, G болып бөлінеді. Аурудың дамуының ұзақтығына байланысты жедел, жай өрбитін және созылмалы түрі болып бөлінеді.
Гепатиттің ауырлығына байланысты ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл түрі болады. Зақымданудың орнығуы бойынша, гепатиттер ошақты, мезенхималдық, паренхиматоздық гепатит болып бөлінеді.
Гепатит вирустары энтеральді гепатиттер ( гепатит А және Е ), парентеральді (гепатит В,С,Д, F, G ) болып бөлінеді. Гепатит вирусы антропонозды қоздырғышы зақымдалған кілегей немесе тері қабаттарынан енетін, бауырдың зақымдалуымен, вирус тасымалдаушылықтан бауыр циррозына дейінгі әр түрлі клиникалық формалармен сипатталатын жұқпалы ауру.
Дақылдылдануы. Вирусты дақылдық жасушаларда өндіреміз. Репродукциялық циклы ұзақ уақыт, цитопатогендік нәтижесі анық емес.
Иммунитеті. Жұқпалы аурудан кейін IgG-ге байланысты өмірлік тұрақты иммунитет қалыптасады ол 4 - 6 айға дейін сақталады диагностикалық маңызы жоғары.
Микробиологиялық диагноз қою. Тексеру үшін қан, нәжіс алынады. Диагностика қандағы ИФА, РИА және иммунды электронды микроскоппен IgM анықтауға негізделген. Бұл әдістермен вирус антигенін нәжістен анықтауға болады.
Арнайы алдын–алуы және емдеуі. Арнайы алдын алу үшін вакцина қолданылады. Қазіргі таңда гепатитке қарсы ген-инженерлі вакцина өндірілген. Гепатитке қарсы егілетіндер жаңа туған нәрестелер, медициналық оқу мекемелерінің студенттері, мед қызметкерлері, қан және оның компоненттерінің реципиенттері, созылмалы В гепатит ошағындағы жанасқандар. Вакцина бұлшық етке жасалады. Індет ошағында күнделікті және ауру ауруханаға жатқазғаннан кейін қортынды дезинфекцияжасалынады. Жанасқандармен санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Вирустық гепатиттер - жалпы клиникалық синдромдармен сипатталатын аурулар тобы - күрделі глобалді проблема. ТМД-да жыл сайын гепатит А мен 1 млн астам адам аурады. Ал гепатит В жұқтыратын санын айту қиын, 50 млн астам адамнан кем емес. ДДҰ мәліметтері бойынша дүние жүзінде гепатит В вирусын тасымалдаушылар саны 1 млрд. астам адам. Гепатит А адамның жұқпалы аурулар арасында экономикалық қатер келтіруде алдынғы орында келеді. Алғаш рет Жұқпалыгепатитті басқа да бауыр аурулар арасынан бөлек нозология екенін дәлелдеген орыс дәрігері С.П.Боткин, 1888 жылы. Сондықтан ауруды көп жылдар бойы Боткин ауруы деп атап келген. Жұқпалыгепатит фекальды-оральды жолмен жұқтырылады. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 30-шы жылдары сары қызбаға (желтая лихорадка) қарсы еккендер арасында жаппай адамдардың сарғаю байқалғандықтан, гепатиттің екі түрін ажыратқан. Біріншісін Жұқпалыгепатит, ал парентералық манипуляцияда таралған гепатитті - сарысулық гепатит деп атады. Бірақ екі түрі де Жұқпалыгепатитке жатады. 1947 жылы Мак-Каллум Жұқпалыгепатитті - гепатит А, ал сарысулық гепатитті - гепатит В аталуын ұсынды. 1973 жылы ДДҰ осындай ауру аталуын заңдандырды. 1974 жылы гепатит А және В емес вирусы анықталған, ал 1977 жылы дельта гепатит вирусы табылды.
