- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
11. 4.6. Вирусы гепатит g
G гепатит вирусы (HGV) – Hepacivirus туыстасының Flaviviridae тұқымдастығының РНҚ құрамды вирусы. Аз зерттелген вирус (11.2. кесте). Қоздырғыштың парентеральді механизмі арқылы берілетін, бауырды зақымдайтын антропонозды жұқпа G гепатитін шақырады. Вирус геномы – сызықшалы бір жіпшелі қосу РНҚ, ол ақуызды кодтайды. Синтезделген ақуыз қабықшалы ақуыздарды, екі протеазаны, хеликазаны және РНҚ-тәуелді РНҚ полимеразаны ыдыратады.
11.2. кесте.G гепатитінің сипаттамасы |
||||
Тұқымдастығы |
Геномы |
Вирион өлшемі
|
Зақымдау механизмі |
Диагности-калық маркерлері |
Flaviviridae
|
РНҚ
|
60 |
Парентеральді |
анти-HGV E2, HGV RNA |
Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
||||
Микробиологиялық диагноз қою. Сарысуда, қан плазмасында (HGV RNA) вирус РНҚ-сын алдын ала өңделген кері транскрипциямен (RT-PCR) бірге ПТР арқылы анықтайды; Е2 (анти-HGV E2) вирустық ақуызына қарсы антиденелерді ИФТ- да анықтайды. Дифференциация басқа да вирустық гепатиттердің басқа қоздырғыштарының маркерлері арқылы жүргізіледі.
11. 5. Ротавирустар.
Ротавирустар ( латынша «roto»- дөңгелек)- негізінде гастроэнтрит тәрізді аурулар қоздыратын РНҚ-вирустар. Ротавирустар сфера пішінді, вирион геномы екі жіпшелі фрагменттелген РНҚ (ІІ фрагмент). Суперкапсиді жоқ. Вирион құрамында 8 ақуыз бар (РІ-Р8). Көбіне 2 жасқа дейінгі балалар ауырады
Алғашқы рет 1973 жылы Р. Бишоп гастроэнтеритпен ауырған баланың 12-елі ішектің эпителииін электронды микроскоппен зерттегенде анықтады.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Reoviridae
Туыстастығы: Rotavirus.
Құрылымы. Ротавирустардың вирион пішіні шеңбер тәрізді, диаметрі -65-75 нм. Вириондары шеті айнала шеңберлі жиекпен қоршалған, одан ішкі жағына қарай сым шабақ тәрізді өсінділер бағытталған( сондықтан доңғалақ сияқты көрінеді). Суперкапсиді жоқ. Геномы 11-12 сегменттерге бөлінген екі жіпшелі сызықша РНҚ молекуласынан тұрады. Геномдық РНҚ және РНҚ полимераза вирионның жүрекшесін құрайды. Капсидтің екі қабаты (сырқы және ішкі) бар. Ішкі қабаты икосоэдро типтес, жүрекшені қоршап тұрады және сыртқы қабатымен сабақшалар арқылы байланысады, сондықтан доңғалақ сияқты. Ішкі капсидтің құрамына VP1, VP2, VP3, VP6 ақуыздары кіреді. Сыртқы капсидтің құрамына кіреді: 1)VP4 (вирионның сыртындағы тікенекшелер гемагглютинин және жабысуды қамтамасыз ететін ақуыз); 2)VP7 ақуыз сыртқы капсидтің негізгі компоненті, типтік арнайы антиген. Құрылымдық ақуыздарға жататын ақуыздар болады (NSP1 NSP2 NSP3 NSP6) . Науқастан шығатын бөлінділерде әдетте, біркапсидтік(60-65нм) және екікапсидтік (70-75нм) вириондар кездеседі.
Вирион геномы 2-жіпшелі фрагменттелмеген РНҚ құрамды. Ротавирустардың ерекшеліктері лабораториялық жағдайда нашар өседі, сондықтан оларды торша дақылында көп уақыт адаптациялауға тура келеді.
Антигендік құрылымы. VP4 және VP7 ақуыздарының құрамы бойынша 4 серотиптерін ажыратады. Топтық антгендері бойынша ротавирустарды 6 серотоптарға бөледі ( А,В,С,Д,Е,F).
Эпидемиологиясы. Жұқпа көзі адам және вирус тасмалаушылар. Берілу механизмі -фекальді- оральды, су арқылы, тамақ өнімдері және тұрмыстық заттар арқылы беріледі. Аурудың алғашқы 3-5 күндерінде науқас ауру таратуда өте қауіпті (вирус көп мөлшерде сыртқа бөлінеді).Көбінесе 4-жасқа дейінгі балалар жиі аурады.
Репродукцилануы. Ротавирустар жасушаға эндоцитоз жолымен енеді, протеазалармен (мысалы,АІЖ-да) белсенділері де жұқпалы вирустық бөлшектерге айналады. Олар жасушалық мембрадан өтіп, цитоплазмада сыртқы капсидін жоғалтады (лизосомалардың әсерінен), вирион жүрекшесі босанып шығады. Вирионның құрамында транскриптаза ферменті (РНҚ тәуелді РНҚ- полимераза) бар. Осы ферменттің көмегімен вириондық РНҚ-нан плюс жіпше синтезделеді. Плюс РНҚ информациялық РНҚ болып табылады. Минус жіпшелі РНҚ матрица ретінде пайдаланады. Жасуша лизистенгенде вирус сыртқа шығады.
Резистенттілігі. Ротавирустардың сыртқы ортаның физикалық және химиялық факторларының әсеріне салыстырмалы түрде төзімділігі жоғары.
Патогенезі және клиникасы. Ротавирустар кең таралған, негізінде балаларда ( 6 айдан 2 жасқа дейінгі) гастроэнтриттер қоздырады. Вирус 12-елі ішектің эпителиоциттерінде өсіп өніп, оларды бұзады. Инкубациялық кезеңі – 1-7 күн. Симптомдары- құсу, іш өту, дене қызуының көтерілуі, күніне 20 рет сұйық дәретке отыру. Нағыз ротовирустық Жұқпакезінде ертерек байқалатын ауру белгісіне құсу жатады, ол іш өтуден бұрын басталады. Диарея 1-2 күн бойы тәулігіне 10-20 рет жиілікпен келеді.
Иммунитеті. Алғашқыда науқас ағзасында IgМ классына жататын антиденелер пайда болады, 2-3 аптадан кейін IgG-мен ауыстырылады. Жергілікті иммунитет қалыптасуда секреторлық IgA-ның маңызы күшті. Вирусбейтараптаушы антиденелер - IgG планцета арқылы өтіп кете алады. Олар нәрестелер туылғанан кейін алғашқы 6 айда енжар иммунитет түзілуде маңызды роль атқарады. Комплемент байланыстырушы антиденелер ауырып тұрғанан кейін жылдам жойылады, ал вирус бейтараптаушы антиденелер ондаған жылдар бойы сақталады.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын материал: нәжіс. Вирусты бөліп алу (индикациялау) аурудың алғашқы күндерінде жасуша дақылдарын жұқтару. Вирус немесе оның антигендерін нәжіс сүзіндісінен ИЭМ, ИФТ, КБР, ИФР,ко агглютинациялық реакциялардың көмегімен және РНҚ зондтау тәсілімен анықтайды. Серологиялық диагноз қою: ИФТ, КБР, ГГАР,БР, РИФ. Біздің елде көбінесе: РТГА, коагглютинация реакциясы, ИФӘ тест жүйесі арқылы АГ анықтау.
Емдеуі. Симтоматикалық
Алдын алуы. Жалпы медициналық профилактикалық шаралармен қатар арнайы емі жүргізіледі. Ол үшін тірі вакцина, ал кейбір елдерде балалар арасында егу жүргізу мақсатында инактивацияланған вакцина қолданылады.
11. 6. Норфолк вирусы.
1968 жылы Norwolk (АҚШ) қаласында оқушылар мен мұғалімдер жаппай ЖІА өршу пайда болғанда, иммунды электронды микроскоп көмегімен вирусты анықтаған. Норволк вирусы сфера пішінді, диаметрі 27-32 нм. суперкапсиді жоқ, 4 серовары бар. Геномдық нуклеин қышқыланың типі анықталмаған. Геномда 1-жіпшелі фрагменттелмеген РНҚ. Caliciviridae тұқымдастығына жатады. Бұл вирус 4-жастан асқандар мен ересектер арасында жиі гастроэнтерит тудырады. Вирус адамнан алғашқы 48-72 сағатта бөлінеді, қоршаған ортада өте тұрақты. Фекальді-оральды жолмен беріледі. Инкубациялық кезеңі 18-48 сағат. Ауру жедел басталады, 70% құсу, 65% диарея. Ауру 2-3 күнге созылады.
Тесттер.
1. Picornaviridae тұқымдастығына Hepatovirus туыстығына ... жатады.
гепатита А
гепатита В
гепатита С
гепатита D
гепатита Е
2. Бауырды ... жарақаттайды.
ортомиксовирустар
рабдовирустар
энтеровирустар
парамиксовирустар
аденовирустар
3. Жалпы тұмаудан кейiн екіншілік вирусты Жұқпашақыратын, бауырды зақымдайтын энтеровирус қоздырғышы ... болып табылады.
В гепатиті
Полиомиелит
Коксаки
А гепатиті
ЕСНО
4. Алиментарлы жолмен берiлетiн дене қызуымен, бауырдың зақымдануымен, сарғаюмен сипатталатын ауруға ... жатады.
гепатит
токсоплазмоз
полиомиелит
гепатит В
амебиоз
5. Жасырын кезеңi 15-50 күн аралығында өтетін, энтеровирус ... бауырды қатерсіз ағымда зақымдауын туғызатын қоздырғышы болып табылады.
гепатит А.
полиомиелит.
гепатит В.
амебиоз.
ұшық.
6. Науқастармен байланысқан балалар мен адамдарды эпидемия кезеңінің алдын алу үшiн иммуноглабулин ... ауруында пайдаланады.
токсоплазмоз
А гепатит
полиомиелит
амебиоз
В гепатит
7. Кері транскрипция көмегімен репликацияланатын вирусы ... қоздырғышы болып табылады.
полиомиелит
гепатит В
гепатит Д
Коксаки
ЕСНО
8. Гепатит В вирусының зертханалық диагностикасында ... анықтайды.
антидене Ig M классын
антидененің титірінің өсуін
HвsAg - ін
Гварниер денешігін
9. Orthohepadnavirus туысы, Hepadnaviridae тұқымдастығына ... вирусы жатады.
гепатит А
гепатит С
гепатит D
гепатит В
гепатит Е
10. Гепатит В вирусымен зақымдалғанда ... зерттейді.
қанды
нәжісті
жұлынның сұйықтығын
бұлшық еттің тіндерін
зәрді
11. Гепатит В вирусы ... .
пикорновирусқа жатады.
әр түрлі физикалық факторға төзімсіз.
қоянға патогенді.
цитоплазмада қосынды түзеді.
ДНҚ-сы бар.
12. Гепатит В вирусын тасымалдаушылықты ... айқындайды.
К-антиген
гемагглютинин
О-антиген
нейраминидаза
HBS – антиген
13. Хлордың әсеріне төзімділігі жоғары вирусқа … жатады.
ортомиксовирус
В вирустық гепатиті
ретровирус
А вирустық гепатиті
Аденовирус
14. Энтеровирустарға тән емес вирусологиялық қасиет:
липидтері болмайды
өлшемдері 22-30 нм
эфирге тұрақты
капсомерлер саны -60
суперкапсиді болады
15. Қоздырғышы Hepadnaviridae әулиетінен ... тарайды.
D вирустық гепатиті
В вирустық гепатиті
А вирустық гепатиті
С вирустық гепатиті
Е вирустық гепатиті
16. Қоздырғышы Picornaviridae әулиетінен ... тарайды.
Rubivirus
Hepatavirius
Morbillivirus
Paramixovirus
Lissavirus
17. ... қоздырғышының геномы ДНҚ-ан тұрады.
А вирустық гепатитінің
С вирустық гепатитінің
В вирустық гепатитінің
Е вирустық гепатитінің
D вирустық гепатитінің
18. Вирустық гепатит В-ге диагноз қою үшiн ... әдiсі қолданылады.
Гемагглютинациялық тежеу реакциясымен НВsАg анықтау
ИФА, РИА реакциясымен антиденелердi анықтау
Кумбс реакциясы
Агглютинация реакциясымен антидененi анықтау
Тышқандарға жұқтырып вирусты бөлiп алу
19. Гепатит В-ге зертханалық диагноз қою үшін ... қолданылады.
ИФА
Кері пассивті гемагглютинация реакциясы
Бейтараптау реакциясы
КБР
Жаусша дақылына жұқтыру
20. Энтеровирус туысының өкіліне ... жатады.
құтыру вирусы
гепатит А вирусы
кене энцефалиті вирусы
Омск геморрагиялық қызба вирусы
гепатит В вирусы
