Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.

Бруцелла қоздырғышын 1886ж. Д. Брюс ашты, ол оны мальтиялық қыбасынан өлген солдаттың көкбауырының препаратынан анықтап мальтиялық микрококк деп атады.

Бұл қоздырғыштың жасушалары қой және ешкілер екені және оның адамға жуғуы осы жануарлардың пісірілмеген сүтін қолданғанда жұғатыны анықталды. Бруцеллез бактериялар тудыратын жұқпалы ауру, ұзақа созылаған дене қызбасы, қимыл-тірек аппараты, жүке, жүрек-қан тамыр және зәр шығару- жыныс жүйелерінің зақымдалуымен сипатталатын адамдар мен жануарлардың ауруы. Оны тудырушы қоздырғыштар Brucella туысына жатады. Brucella туысы 7 түрге бөлінеді: 1) B. melitensis 2) B. abortus. 3) B. suis. 4) B. ovis 5) B. canis 6) B. neotomae 7) B. rangiferis. Бруцеллалар - 3 типке бөлінеді. 1. Brusella melitensis –адамға патогенді, үй жануарларынан (қой, ешкі) 2. Brusella abortus-ірі қара малдарда сиырда ауру шақырады, адамға патогенді. 3. Brusella suis- шошқада ауру шақырады, адамдарға патогенді. Қоздырғыш туыстастығының аталуы 1886 жылы бруцеллез қоздырғышын алғаш рет ашқан ғалым Д. Брюстың атымен байланысты.

Тұқымдастығы: Brucellaсеае.

Туыстастығы: Brucella.

Түрлері: Brucella melitensis, Brucella abortus, Brucella suis, Brucella canis, Brucella ovis, Brucella neotomae.

Морфологиясы.

Бруцеллалар – ұсақ, грам теріс, сопақша пішінді таяқшалар өлшемi 0,5-0,7 Х 0,6-1,5 мкм ,Спора түзбейді, қозғалмайды, талшықтары және капсуласы жоқ. Капсуласы белгілі бір жағдайда ғана түзеді, анилин бояулардың барлығымен боялады, Грамтеріс (5.4.сурет). Дақылда тұрақтылығы төмен. Дегенмен, спецификалық бактериофаг немесе құрамында 10% иммундық сарысуы бар ортада өскенде нәзік капсула түзеді. Морфологиялық қасиеттері бойынша бруцеллалардың 6 түрін бір-бірінен ажырата алмайды, ал жағынды да ретсіз шашырап орналасады.

Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Бруцеллез облигатты аэробтар қарапайым қоректiк орталарға сарысу немесе қан қосып өсiредi.

 Brucella abortus және Brucella ovis өсіру үшін 5-10% көмір қышқыл газын қажет етеді. Оптималды өсу температурасы – 370С, қолайлы орта рН – 6,8-7,2. Бруцеллалар қоректік ортаға талғамды, арнайы қоректік орталарда (бауыр қосқан және т.б.) өседі (5.4.сурет). Олардың ерекшеліктері – баяу өсуі (2-3 апта ішінде). Сұйық қоректік ортада бруцелалар лайланып тұнба түзеді. Тығыз қоректік орталарда көгілдір сұр түсті, ұсақ, дөңес, мөлдір колониялар түзеді.

Гемолиз және пигмент түзбейді. S-пішіндіден R-пішіндіге қарай диссоциация байқалады. Антибиотиктердің әсерінен L-пішінге ауысады. Тауық эмбрионның сарыуыздық қапшығында жақсы дақылданады.

Бруцеллалардың биохимиялық белсендігі төмен. Бруцеллалар глюкозаны және арабинозаны қышқылға дейiн ферменттейдi, индол түзбейдi, сүтті ірітпейді, желатинаны ыдыратпайды, нитраттарды нитриттерге айналдырады, бірде-бір көмірсутекті ыдыратпайды, экзотоксин түзбейді.

Каталаза және оксидазасы бар, цитратты утилизацияламайды, күкіртті сутек түзеді.

Brucella melitensis -электронды микроскоптағы көрінісі

Brucella melitensis– Грам әдісімен боялған таза дақылы.

Бруцелез қоздырғышы (МППГГА) ет –пептонды- бауы глюкоза-глицеринді агарындағы өсінді

Бруцеллалардың адамдардың буынын жарақатаған кезіндегі клиникалық көрінісі.

5.4.сурет http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q=бруцелла

Антигендік құрылымы. Бруцеллалардың О-антигендері бойынша бірнеше түрі бар, негізгі беткейлік антигендері – А және М. Бұл антигендердің түрге байланысты арнайылығы бар; Brucella melitensis-тің М антигені басым, ал Brucella abortus және Brucella suis-те – А-антигені артығырақ болады.

Жалпы алғанда бруцеллалардан 10-14 антигендiк фракциялар табылған. Олар жалпы туыс iшiлiк антиген, түрiшiлiк және соматикалық антиген болып бөлінедi. Бруцеллаларда термостабильді Vi- антиген анықталған. Олардың биохимиялық, антигендік қасиеттері бойынша, тионин және фусин бояулары қосылған қоректік орталарда өсу қабілеті бойынша түр ішінде биоварлары ажыратылады. Бірдей антиген түзеді О-антиген, капсулалы К-антиген.

Патогенділік факторлары. Бруцеллалар жоғарғы инвазиялық қасиетке ие, эндотоксин және агрессия ферментеріне жататын гиалуронидазаны түзеді. Олардың адгезиялық қасиеттері – сыртқы мембрана ақуыздарымен байланысты. Осымен қатар бруцеллалар аллергендік қасиетке ие.

Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Бруцеллаларға теңіз шошқалары, ор - қояндар, ақ тышқандар өте сезімтал болып келеді. Бруцеллез (сарып) – зоонозды инфекция; жұқтыру көзі - ірі және ұсақ қара мал, доңыз, сирек жағдайда - еліктер, жылқылар, иттер, мысықтар және тағы басқа жануарлар. Қазақстанда бруцеллездің негізгі жұқтыру көзі – Brucella melitensis бөлетін қойлар, дегенмен сиырлар да жұқтырады (Brucella abortus). Науқас адамдар инфекцияның көзі болмайды. Барлық зооноздарға ұқсас сарыптың жұғу механизмдері және таралу жолдары әртүрлігімен сипатталады. Бруцеллезбен зақымдану сүт, ет тағамдарын қолданғанда болады. Ауру жануарлармен қатынаста болған малшылар, сауыншылар ауырады. Бруцеллез барлық мемлекеттерде таралған. Оқтын-оқтын немесе күрт көбею түрінде ауру негізінде мал-шаруышылық аймақтарында кездеседі.

Бруцеллалар қайнатқанда, дезинфекциялы ертінділер әсерінен тез жойылады, дегенмен төменгі температураға тұрақты (тоңазытылған етте 5 айға дейін, сүт тағамдарында 1,5 айға дейін сақталады). Ылғалды орталарда бруцеллалар 3-4 ай бойы сақталады, сүт тағамдарында – 40-45 күн, суда, топырақта 3-5 айға дейін тіршілік етеді. Бруцеллалар ылғалды топырақта және суда 2-3 күн, 11-13ºС температурада 4,5 ай, ағынды суда 3 ай, сүтте 73 күн, майда 142 күн, ірімшікте 1 жылға дейiн сақталады. 70ºС температурада 10 минуттан кейiн, 100ºС-та тез жойылады. Дезертінділеріне сезiмтал.

Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті.

Адамдар үшiн патогендiсi 95-97% бруцеллез ауруын тудырады. Жұғу жолы тұрмыстық, алиментарлық. Бруцеллез зоонозды инфекция: жұқтыру көзі ірі және ұсақ қара мал, доңыз, сирек жағдайда еліктер, жылқылар, иттер, мысықтар және тағы басқа жануарлар.

Бруцеллалар адам ағзасына тері және шырышты қабат арқылы өтеді, аймақты лимфа түйіндеріне түседі, қанға таралады. Қан айналымымен барлық ішкі ағзаларға тарайды және ретикулярлық эндотелиялды жүйеге енеді (бауыр, көк бауыр, сүйек кемігі). Осы ағзаларда ұзақ сақталып, қайтадан қанға түсуі мүмкін. Бруцеллалар бұзылған уақытта эндотоксин бөлінеді, ол ағзаның жалпы интоксикациясын тудырады. Аурудың патогенезінде организмнің бруцеллалармен сенсибилизациялануы маңызды рөл атқарады. Инкубациялық кезеңі 1-3 аптаға дейін созылады. Дамыған аурудың белгілері әр түрлі. Бруцеллез кезінде ұзақ дене қызбасы, қалтырау, тершеңділік, буындардың ауырсынуы, түсік тастау байқалады. Кейбір жағдайларда радикулиттер және миозиттер пайда болады. Патологиялық процестерге жүрек-қан тамыры, зәр шығару жыныс және басқа жүйелер бұзылыстары қосылады. Ауру созылмалы түрде өтеді (5.4.сурет)..

Аурудан соң тұрақсыз, стерилді емес, ұзаққа созылмайтын (6 - 9 айға дейін сақталатын) гуморалды-жасушалық (фагоцитоз, агглютининдер, комплемент байланыстырушы антиденелер және т.б.) иммунитет қалыптасады. Бруцеллезбен ауырған адамдар осы инфекцияға қайтадан шалдығуы мүмкін.

Микробиологиялық диагноз қою.

Зерттеуге алынатын материалдар – қан, зәр, сүйек кемігі. Диагноз қою үшін барлық микробиологиялық әдістер қолданылады. Негізгі бактериологиялық әдіс қоздырғыштың туыстастығын ғана емес, Жұқпа көзі н табу үшін түрін де анықтайды. Сонымен қатар, серологиялық әдіс (Райт, Хеддельсон агглютинациялық реакциялары, жанама геммаглютинациялық реакция, комплементті байланыстыру реакциясы және тағы басқалар), тері аллергиялық сынамалар (бруцеллинмен Бюрне сынамасы) қолданылады. Биологиялық әдіс үшін ақ тышқандар және теңіз шошқаларына жұқтырады.

Бактериологиялық әдіс негізгі және барлық уақытта жүргізіледі, теріс нәтиже инфекцияның толық жоқ екеніне негіз емес. Бруцеллаларды бөліп алу үшін ет-пептонды бауырлы агар, сарысулы - декстрозды және эритрит-агарлар, Мартен және Альбими агарлар, «Д» агарды қолданады. Басқа микрофлоралар өспеу үшін ингибиторлар қосады: генцианвиолет 1:200 000 концентрациясында немесе антибиотиктер. Қызба кезінде аурудан алынған қанның 5 мл екі би фазалы орталарға себеді. Ортаны флаконға қиғаш етіп құяды (30-50 мл) және оның бетіне 25-30 мл сорпа қосады. Бір флаконды СО2-ның жоғары концентрациясында (5-10%), ал екіншісін қалыпты атмосферада 370С температурада инкубациялайды. 4-ші күні орталарды қарайды.Өсу анықталмағанда бетіне сорпа қосады. Оң нәтижелі болса орта бетінде бруцелла колониялары пайда болады – майда, түссіз, томпақ. Колонияларды жинап алып идентификациялау жүргізеді. Егер бір ай ішінде бруцелла колониясы анықталмаса тығыз қоректік орталарға бақылау үшін себеді.

Биологиялық әдіс бактериологиялық әдіспен бірге жүргізіледі. Салмағы 250-300 грамм болатын теңіз шошқаларына немесе 17-20 грамм салмақты ақ тышқандардың шап аймағына, іш қуысына зерттеу материалын 0,5-1 мл мөлшерде енгізеді. Жануарлардың (шошқаларды - 30-35 тәулік, тышқандарды – 20-25 тәулік өткенде) өлігін ашып зерттейді. Бактериологиялық әдіспен лимфа түйіндерін, бауырды, көк бауырды зерттейді. Себілген орталарды 370С температурада 25-30 тәулік инкубациялайды, 3-4 күн сайын орталарды бақылап қарайды.

Серологиялық әдісте бруцеллез қоздырғыштарының антигендерін анықтау реакциялары қолданады: иммунофлюоресценция реакциясы (ИФР), иммуноферментті талдау (ИФТ), антиденелерді бейтараптау реациясы (АдБР).

Зерттеу материалынан жағынды дайындап ауада кептіріп 30 минут этил спиртында фиксациялайды. Содан кейін препаратқа бруцеллездік люминисцентті сары су тамызады. Препаратты 15-20 минутқа ылғалды камераға қояды, содан кейін ағын сумен 10 минут шаяды және ауада кептіреді. Кепкен препарат бетіне глицерин ерітіндісін (9 бөлік глицерин мен 1 бөлік натрий хлоридімен буферленген изотоникалық ерітінді) тамызып, бетіне жабын шыны жауып люминесцентті микроскопта қарайды. Оң нәтижеде қараңғы немесе қызғылт-сары бетте ашық жасыл боялған жасушалар байқалады.

АдБР - материалды зерттеу алдында 1000С температурада 10 минут қыздырады. Реацияны полистиролыды пластинкаларда жүргізеді. Реакция – антиденелердің антигендерді бейтараптап, арнайы антигенмен байланысқан эритроциттердің агглютинациялауын тоқтатуға негізделген. Бруцеллаларға қарсы арнайы антиденелерді анықтау үшін пластиналық агглютинация реакциясын, көлемді агглютинация реакциясын (Райт), ЖГАР, Роз-Бенгал антигенімен пластиналық агглютинация реакциясын, антиглобулярлы сынама (Кумбс реакциясы), иммундыферментті талдау (ИФТ), жанама иммундыфлюресценция реакциясын (ЖИФР) қолданады. Пластиналық агглютинация реакциясы (Хеддльсон реакциясы). Бұл реакция өте қарапайым, сезімтал және нәтижесі жедел алынады. Антиген ретінде Хеддельсон және Райт реакцияларына ортақ бруцеллездік диагностикум қолданады.

Бруцеллаларды емдеу мен алдын алу. Арнайы профилактикасы тiрi вакцинамен терi үстiнен бiр рет қана жасалынады. Ревакцинацияны Бюрне сынағы мен серологиялық реакциялар терiс болып шыққанда жасайды. Тiрi вакцина күштi аллергиялық әсер көрсететiндiктен, оның орнына бруцелланың жасуша қабырғасындағы антигендерден дайындалған химиялық вакцина ұсынылған. Емдеу үшiн жедел және созылмалы түрінде күшті антибиотикотерапия, кең спектрлі антибиотиктер, созылмалы түрінде антибиотиктер әсер етпейді, сондықтан арнайы емдеу өлі- емдік вакцинасын және бруцеллездің иммунды глобулинин қолданады. Бруцеллезден сақтануда санитарлық гигиеналық шаралар сақтау маңызды орын алады.

Тесттер.

1. Ұзақ уақыт лихорадкамен, тірек-қимыл аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қантамыр және зәр-жыныс жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын зоонозды ауруға ... жатады.

  1. бруцеллез

  2. оба

  3. туляремия

  4. сібір күйдіргісі

  5. тырысқақ

2. 1886 ж. Д Брюс анықтаған қоздырғышқа ... жатады.

  1. туляремия

  2. оба

  3. бруцеллез

  4. сібір күйдіргісі

  5. тырысқақ

  1. Сопақша пішінді, спора және капсула түзбейтін, арнайы қоректік ортада ұзақ уақыт өсетін, үй жануарларында ауру туғызатын грамтеріс қозғалмайтын ұсақ таяқшалар ... ауру қоздырғышы болып табылады.

  1. оба

  2. бруцеллез

  3. туляремия

  4. сібір күйдіргісі

  5. тырысқақ

  1. А және М түрспецификалық соматикалық антигені бар, зоонозды ауру туғызатын грам теріс сопақша пішінді ұсақ таяқшалар ... ауру қоздырғышы болып табылады.

  1. оба

  2. бруцеллез

  3. туляремия

  4. сібір күйдіргісі

  5. тырысқақ

5. Адамға патогенді және бруцеллез туғыза алатын бруцеллаларға ... жатады.

1. Brucella abortus

2. Brucella melitensis

3. Brucella suis

4. Brucella canis

5. Brucella bovis

  1. 1,2,3

  2. 1,2,3,4,5

  3. 1,3

  4. 2,3,4

  5. 4,5

6. Шошқадан бөлініп алынған Brucella ... деп аталады.

a) suis

b) canis

c) abortus

d) melitensis

e) bovis

7. Адамнан адамға жұқпайтын, негізгі Жұқпа көзі үй жануарлары болып табылатын зоонозды инфекцияға ... жатады.

a) бруцеллез

b) оба

c) туляремия

d) сібір күйдіргісі

e) тырысқақ

8. Бауырға, көкбауырға, сүйек кемігіне еніп көбейетін, грам теріс, овоидты ұсақ таяқша бактериялар ... қоздырғыштары болып табылады.

a) туляремия

b) оба

c) бруцеллез

d) сібір күйдіргісі

e) тырысқақ

9. Ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі, қалтырау, тершеңдік, буынның ауруы, полиартрит ... кезінде байқалады.

a) тырысқақ

b) оба

c) туляремия

d) сібір күйдіргісі

e) бруцеллез

10. Райт және Хеддельсон, Бюрне тері-аллергиялық сынамасы ... диагностикасында қолданылады.

a) сібір күйдіргісі

b) оба

c) туляремия

d) бруцеллез

e) тырысқақ