Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Мб
Скачать
☆

11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы

Конго-Кырым қанды қызбасы (немесе көкала деп аталады) — табиғи ошақты вирустық аса қауіпті жұқпалы ауру.

Эпидемиологиясы. Конго-Кырым геморрагиялық қызбасы алғашқы рет 1944 жылы Қырымда жаңа жерді иелену мақсатында келген қоныстанушылар мен әскерлер арасында болған ауру адамдар арасында зерттеліп, анықталды. Ғалымдар аурудың кенелер арқылы таралатынын және тасымалдаушы екенін дәлелдеді. Аурудың табиғи ошақтары көптеген елдердің шөлейтті, жартылай шөлейтті аймақтарында шоғырланған, сондықтан көбіне Африка елдерінде (Конго, Кения, Уганда, Нигерия және т.б.), Косовода, Болгарияда, Қытайда, Ресейде (Ставрополь, Краснодар, Ростов, Астрахан, Қырым) және Орталық Азияда тіркелуде. Ауру 20-60 жас аралығында жиі кездесіп, олардың үлес салмағы 80 пайызға дейін жетеді. Аурудың өршуіне экологияның және климаттың өзгеруі де әсер етеді. Иксода кенесі қансорғыш жәндіктердің қатарына жатады (11.21.сурет). Көктем, жаз мезгілдерінде өсіп-өнуі үшін аса белсенділік танытып, жануарларға, сонымен қатар төрт түлік малға және адамға қан сору үшін шабуыл жасайды. Адам денесіне кене білдірмей және ауыртпай терінің жұмсақ жеріне жабысып қан сорады. Иксода кенесі Конго-Кырым қанды қызбасы ауруы қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы болып табылады. Кене ұрпақтан-ұрпаққа осы қоздырғыштардың тұқымын сақтап, таратып отырады. Сондықтан адам жеке бастың тазалығын сақтамай, кенені қолымен алып, езген жағдайда және қой қырқымы кезінде кененің қаны шашырап жұғуы мүмкін.

11.21.сурет. Иксода кенесі

http://go.mail.ru/search_images?q=ККГЛ

Конго – Қырым қанды геморрагиялық  қызбасы (Көкала) -  табиғи ошақтары бар,  вирустар арқылы берілетін, дүние жүзінде кең тараған аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Көкала ауруы вирусының  айналымы үшін  табиғи тіршілігінде кенелердің өсіп-өнуіне  жағымды жағдайлар қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл  облыстарының аумақтарында тіркеледі. Қазіргі уақытта эпидемиялық үрдіс  анда-санда кездесетін  жағдайлар түрінде болса да жыл сайын тіркелуде. Жартылай шөлді және шөлді аймақтарда «көкала» ауруын таратушы кененің түрі «Г. Азиатикум» кенесі қысқа қарай ұяларынан наурыз айында шығады да қырқүйекке дейін белсенді өмір сүреді. Соңғы  жылдары  КҚГҚ вирусын жұқтырған кенелердің таралу аймағының  үлкейгені байқалады.  Мысалы Қызылорда облысы  Арал ауданының  елді мекендерінде жиналған  кенелерде КҚГҚ вирусына  қарсы тектер (вирусты гендері)  анықталды,  бұл кенелердің  таралу аймағының  солтүстікке қарай  ауысуын  дәлелдейді. Қазақстан Конго-Кырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары бар мемлекеттердің қатарына жатады. Белсенді табиғи ошақтар Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында орналасқан. Сонымен қатар табиғи ошақтардың жандану мүмкіндігі Қарағанды, Атырау, Алматы облыстарында сақталуда.

Соңғы жылдары эпидемиялық жағдай республика көлемінде күрделі жағдайда қалуда. 2010 жылы 19 науқас анықталып, оның ішінде 17-сі Оңтүстік Қазақстан облысынан, екеуі Қызылорда облысынан болды. Адам аурудың қоздырғышы бар кене шаққанда, кенелері бар жануармен қатынаста болғанда, оларды жайлағанда, қой қырықтығы кезінде және ауырған адамның қанымен қарым-қатынаста болғанда жұқтырады. Табиғи ошақтың тұрғындары бірінші кезекте кене шағудан қорғайтын арнайы киімді далалық жердегі жұмыста қолданып, жұмыстан соң киімнің сыртқы жағын тексеріп және кенені үркітетін реппеленттерді пайдалануы қажет. Тұрғындар, әсіресе ауылдық, қолайсыз аймақтағы тұратындар тазалық ережелерін сақтауы керек. Қан сорған кенені дереу абайлап, тұмсығын денеде қалдырмауды қадағалаған жөн. Қан сорған кенеге кез келген майды, керосинді тамызып, пинцетпен немесе мықты жіппен ырғау арқылы теріден шығару керек. Егер теріде кененің тұмсығы қалса, оны тікен алғандай денеден алып және шаққан жерді иод тұнбасымен залалсыздандыру қажет.

Резистентгілігі. Эфир және тағы басқа майды ерітетін ерітінділерге, формалинге, рН төмен көрсеткіштеріне, УКС-не сезімтал, 56-60 градуста 30 минутта инактивацияланады. Мұздатылған және лиофнлизацияланған жағдайда ұзақ сақталады.

Патогенезі және клиникалық белгілері. Қан сорғыш буынаяқтылар шаққаннан кейін қоздырғыш қан ағымы арқылы аймақтык лимфа түйіндерге өтеді, онда алғашкы репродукциясы жүреді, содан кейін қанға өтеді (вирусемия). Әрі қарай вирустар ОЖЖ жасушаларын, терінің қан капяллярларьн, шырышты қабықты және де ішкі мүшелер мен тіндерді (бауыр, көкбауыр, бүйрек т.б.) зақымдайды. Арбовирусты инфекцнялардың патогенезінде ЖСБТ дамуының иммунологиллық реакциялары өте маңызды орын алады. Аурудың белгілері (14.2.сурет) кене шаққаннан кейін жасырын кезеңі 2-7 күн нен 10-14 ішінде білінеді. Ауру жедел түрде басталады. Вирус макрофагальды моноцитарлық жүйенің жасушаларына және эндотелициттерге еніп, көбейгенен кейін генерализацияланған вирусемия дамиды, нәтижесінде жалпы улану синдромы пайда болады. Вирустың гематогенді жолмен таралуы капилляротоксикозға, жәнеде миокардтың, бүйректің, бүйрекүсті безінің некрозды зақымдануына әкеледі. Негізгі клиникалық белгілері – жедел басталуы, интоксикация, миалгия, артралгия, t 39-400 С дейін 6-12 күндей көтеріледі. Сырқаттың қызу кезеңде дене мен аяқ қолында геморрагиялық дақтар пайда болады, мұрыннан, жатырдан, асқазаннан және басқа мүшелерден қан кету, келесі күні лоқсып, құсқысы келеді, іші өтеді, басы, буындары қатты сырқырап ауырады, беті ісініп, қызарады, тілінің үсті ағарады.Көзі мен тамағы қызарады, тамаққа тәбеті болмайды. Аурудың 2-5-ші күндері мұрыннан, асқазан ішектен, әйелдердің жатырынан қан кетеді, кейде асқазанға да қан құйылуы мүмкін, асқазан мен ішекке қан кеткенде, адамның үлкен дәреті қараяды. Тістерінің түптері босап, қанайды, тіпті аузынан бірнеше күн қатарынан қан ағады. Осының салдарынан науқастың жағдайы нашарлап, әлсіреп, жүректің соғуы жиілейді, науқастың денесі бөртеді. Қол мен теріні қатты басқанда немесе ине шаншығанда қанталап, көгеріп кетеді. Науқас адам дер кезінде дәрігерге көрінбесе, ауру асқынып, қазаға ұшыратуы мүмкін, сонымен қатар қасындағы адамдарға да жұқтырады.

Қырым – Конго қанды геморрагиялық қызбасы (Көкала) ауруының клиникалық көрінісі

Көзге геморагиялық қан құйылуы

11.22.сурет. http://go.mail.ru/search_images?q=ККГЛ . http://the-day-x.ru/na-yuge-ukrainy-mozhno-zarazitsya-lixoradkoj-krym-kongo.html

Реконвалесценция кезеңі - 1-2 айға созылады, астеникалық симптомокомплекспен сипатталады. Летальділік көрсеткіш 2-50%. Арбовирустар кең таралған, ареалды тасымалдаушылар өмір суретін аймағымен шектелінеді. Арбовирустардың табиғаттағы резервуары жылықанды, салқын қанды жануарлар, әсіресе құстар мен кеміргіштер және жарғанаттар болады. Негізгі таралу механизмі - трансмиссиялық қан арқылы (зақымданған тасымалдаушының шағуы арқылы - қан сорушы буынаяқтылар). Арбовирустардың арнайы тасымалдаушылары масалар, кенелер, теміреткілер және т.б. Кейбір буынаяқтылардың түрлері қоздырғышты өмір бойы сактап оны ұрпақтарына беріп отырады, яғни олар арбовирустардың табиғи резервуары маңызын атқарады. Кейбір жағдайларда арбовирусгар адамнан адамға қан сорғыш буынаяқтылар арқылы таралуы мүмкін. Аурудың мерзімділігі тасымалдаушылардың белсенділік кезеңіне байланысты.

Арбовирусты инфекциялардың клиникалық белгілері симптомдары мен көрініс түрлерінің көп түрлілігімен сипатталады - ауыр жағдайдан өлім-жітімдікке жеткізетін белгісіз түрге дейін. Симптомдарды үш топқа бөледі:

жүйелік қызба кейбір жағдайда бөртпе және буындардың зақымдануымен өтеді, ағымы катерсіз; геморрагиялық қызба; ауыр ағымды және өлім-жітімдікпен сипатталатын энцефалиттер (11.22.сурет).

Сақтандыру шаралары. - Кенені қолмен ұстауға болмайды, қолмен кенені езбеу керек;

- Кене шаққан жағдайда өсімдік майын тамызып, кенені қысқышпен ұстап, оны отқа жағу керек;

- Мал қорадан келген соң, киімдерді қағып, оны мұқият қарап шығу керек;

- Малға қарағанда арнайы сақтану киімдерді (қолғап, халат, шалбар) киген дұрыс;

- Кене шаққан жерін йод ерітіндісімен сүрту керек;

- Қой қырқымы кезінде қолға қолғап, үстіңізге арнайы киім киген жөн.

- Мал қораны залалсыздандырып тұрған жөн.

Кенеге қарсы бүрку, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу керек, яғни Конго-Кырым қанды қызбасы ауруын алдын алу мақсатында ірі қара, жылқы түйелерге — бүрку, қой мен ешкілерге тоғыту, ал үй іргелік қора-жайларға дезинсекция, дезинфекциялау жұмыстарын міндетті түрде жыл сайын жасатып тұру қажет.

Конго - Қырым геморрагиялық қызбасының жеңіл түрі де болады. Мұндайда адамның дене қызуы ұзаққа созылмайды, тері астына қан кетіп, тіс түптері қанталайды. Бір-екі рет мұрнынан қан кетеді, содан кейін адам жеті-он күннің ішінде жазылады. Ал кей жағдайларда геморрагиялық қызба ауруынан жазылу бір жарым екі айға дейін созылуы мүмкін. Жеке қорғану шараларынан басқа елімізде Үкімет тарапынан жалпы кенеге қарсы күрес жұмыстары жүргізілуде. Ауруды түрақтандыру мақсатында биыл да Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының жергілікті атқарушы мекемелерінен кенеге қарсы залалсыздандыру шараларын, мал тұрақтарына, қолайсыз елді мекендерге санитарлық қорғаныс аймағын құруды талап етіп отыр. Еліміздегі табиғи ошақтың тұрғындары арасынан 2010 жылы 14722 адамды кене шағып, соның ішінде 796-сы конгоқырым геморрагиялық қызбасына ұқсас қауіпті симптомды белгілерімен ауруханаға жатқызылып, дер кезінде профилактикалық емін алды және зертханалық зерттеу нәтижесінен 19 науқастан ғана нақты ауру анықталды. Геморрагиялық қызба байқалған жерде малға кене жабыспау үшін оларды дәрілеп, тоғыту керек. Малды механикаландырылған шомылдырғыштармен тоғытқан дұрыс. Мал тұратын қораларды, сарайларды креолиннің 2-3%, гексахлоранның 1% және басқа дәрілердің ерітіндісімен дезинфекциялау орынды. Бұл жұмыстар міндетті түрде мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуы шарт. Ауру байқалған жерді, мал қораларын және маңайын, үй ішін т.б. дезинфекциялау керек. Бұл жұмысқа мал шаруашылығы қызметкерлері, әсіресе жергілікті түрғындар белсенді түрде қатысуы қажет. Сонымен қатар тұрғын үйлерде, мал қораларында кенелердің болмауын қадағалау керек. Бір сөзбен айтқанда, әрбір адам міндетті түрде өз денсаулығын сақтауын, дер кезінде медициналық көмекке жүгінуін, қорғаныш құралдарын, инсектоакарицидтердің болуын, аулалардың таза болуын қадағалау керек.

Аурудың жұғу көзі. Тасымалдайтындар – иксодты кенелер вирусты трансовариальді беру мүмкін. Жұқпа көзі мен резервуары – ірі және ұсақ қара малдар, кеміргіштер, жабайы сүтқоректі жануарлар мен құстар, оларда Жұқпасимптомсыз формада өтеді. Кеміргіштер, қоян және кірпілер кенелердің барлық даму фазасының тамақ асыраушысы болады, үлкен инфицирленген кенелерден зақымдалады, сонымен солармен тамақтанатын нимфа мен личинкаларын зақымдайды. Олар тасымалдаушыларды зақымдатады, ал қояндар табиғи ошақтың маңынан алыс жерлерге тасымалдайды. Ауру адамның қан арқылы адамдар зақымдалуы мүмкін, бұл кезде летальдік көрсеткіш кенелердің зақымдануынан жоғары. Медициналық монипуляция кезінде және де адамның иницирленген қаны теріге түскенде вируспен зақымдалу мүмкін. Адам кенелерден трансмиссивті жолмен зақымдалады (60% кенелер денеге жабысқан кезде, малдан кенелерді алғанда шаншып тастау кезде, кенелер өрмелеп жылжығанда экскременттерін теріге енгізу кезінде. Адамнан жұқтыруы қанмен тікелей контакт кезде болады (қанды тексеруге алғанда, көк тамырға қан құйғанда, мұрынан қан кеткенде, ауыздан ауызға қолдан дем алдыру жүргізгенде). Зертханажағдайда авария кезінде аспирациялық зақымдалуы мүмкін. Адамдардың қабылдағыштығы – жоғары, инфекциядан кейінгі иммунитет 1-2 жыл сақталады. Қырым – Конго геморрагиялық қызбасының көзі, таралу жолдары тек гиалемма кенелері мен ауру адамдардан жұғады. Қазақстанда бұл аурумен көбінесе адамдардың белгілі бір кәсіби тобы ауырады, олар:  шопандар, малшылар, жеке меншігінде мал ұстайтын адамдар, бау – бақша өсірушілер, фермерлік жұмысшылар, қой қырқушылар. Ауру - кене шаққанда немесе  қырқым кезінде кенелердің қаны арқылы не болмаса ауру адамдардың қаны -мен байланыста болғанда жұғады. Лабораториялық жағдайда, мамандар қоздырғыш вирусын сақтану тәртіптерін немесе ережелерін бұзғанда жұқтыруы мүмкін. Бірқатар жағдайларда таралу жолдары басқа механизм арқылы іске асуы мүмкін - аэрогенді, алиментарлы (зақымданған тағам өнімдері арқылы), қатынастык (зақымданған теріге науқас қаны түскенде). Зертханалык жағдайларда ауада вирустардың мөлшері жоғары болған кезде вирустық аэрозолды тьныс алу нәтижесінде зақымдану болуы мүмкін, сондыктан арбовирустармен жұмыс істеу барысында арнайы қорғаныш ережесін сақтау арқылы зерттеу жүргізіледі. Арбовирустар эпидемиялық күрт көбеюі мен жекелей бірең-саран аурулар тудыруы мүмкін. Конго-Кырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі – КҚГҚ) – екі толқынды қызбамен, жалпы уыттанумен және айқын білінетін тромбогемморрагиялық белгісімен, өлім-жітімінің жоғарылығымен сипатталатын адамның жіті вирусты ауруы. Адам ауру жұқтырған кенелер шаққанда, сырқаттың қаны мен қанды шығындылары арқылы, құрамында вирус бар материал теріге және сілемейлі мүшеге түскенде, мал қырқу және оларды қолмен кенелерден тазарту кезінде кенелердегі жұқпаның терінің ашық бөліктеріне түсуі нәтижесінде, КҚГҚ вирусымен зертханалық жағдайда жұмыс істегенде, сырқаттарды күту және оларға медициналық көмек көрсету кезінде жұқтырады. Ол аяқ астынан тез басталады, адамның басы қатты ауырып, денесі дел – сал болады, әлі құрып, тамаққа тәбеті шаппайды, белі сырқырайды. Адам денесінің қызуы 40 градусқа дейін көтеріледі, келесі күні лоқсып, құсқысы келеді, іші өтеді. Сосын беті ісініп, қызарады, тілінің үсті ағарады. Сырқат басталғаннан 2-4 күн өткен соң ауру адамдардың мұрнынан, құлағынан, тіс еттерінен, жатырынан; ішегінен қан кетуі мүмкін. Бұл жағдай 3-7 күнге созылады. Асқазан мен ішекке қан кеткенде, адамның үлкен дәреті қараяды. Тістерінің түптері босап қанайды, тіпті аузы-мұрнынан бірнеше күн қатарынан қан кетуі мүмкін. Осының салдарынан науқастың жағдайы нашарлап, әлсірейді, жүректің соғуы жиілейді. Науқастың терісінде укол салғанда немесе жгутпен қысқанда тері астына қан құйылып көкала дақтар пайда (көгала қойдай) болады. Уақтылы дәрігерлерге қаралып емделмеген жағдайда науқастың қайтыс болуы мүмкін. Қырым – Конго геморрагиялық қызбасының жеңіл өтетін түрі де болады. Мұндайда адамның дене қызуы ұзаққа созылмайды, тері астына қан кетіп, тіс түптері қанталайды. Бір – екі рет мұрнынан қан кетеді, содан кейін адам 7-10 күннің ішінде жазылады. Ал кей жағдайларда геморрагиялық қызба ауруынан жазылу бір жарым – екі айға дейін созылуы мүмкін.

Иммуннтеті. Аурумен ауырғаынан кейін гуморалды және типті спецификалық иммунитет қалыптасады. Егілгендердің арасында иммунитет жақсы зерттелмеген. Микробиологиялық диагноз қою. Аурудан 1-4 күні вирусты анықтау үшін қан алынады. Жаңа туылған ақ тышқандардың ағзасында, жасуша дақылдарында (алғашқы және қайта егу), тауық эмбриондарында өсіреді. Тышқандардың миына еккенде орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен өтетін, аяқ-қолдың салдануы және өліммен аяқталатын жедел Жұқпадамиды. Кейбір жасуша дақылдарында цитопатиялық әсер байқалады. Жұп қан сарысуды серологиялық зерттеу үшін аурудың алғашқы күндері немесе сырқаттың 2-4 аптасында алынған РСК, РИФ қолданады. Қырым – Конго қанды геморрагиялық қызбасы (Көкала) аса қауіпті инфекцияға жататындықтан зертханалық диагноз қою арнайы мекемелерде қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде бұлжытпай орындау арқылы, олармен жұмыс тек қана арнайы жабдықталған зертханаларда жүргізіледі. Зерттеу материалдары: қан, ми-жұлын сұйықтығы, өліген жағдайда -барлық мүшелердің бөлшектері. Кейбір арбовирусты инфекцияларға жедел диагностика өңделген – вирустық антигенді анықтау үшін қолданылады ИФР, ИФТ, РИТ, ГАБР. Арбовирустарды бөлудің жан-жақты әдісі жаңа туылған тышқандардың (1-3 күн) миына зақымдау болып табылады. Кейбір арбовирусты ивфекцияларда (дене қызбасы) жасуша дақылдарын қолданады. Бөлінген вирус КБР, ГАТР және БР көмегімен идентификациялайды. Бұл реакциялар арбовирусты инфекциялардың серологиялық диагностикасында (антиденені анықтау үшін) колданылады. Негізгі эпидемиялық белгілер. Маусымдылық – көктем-жаз, бұл кенелердің белсенді шабуыл жасауына байланысты. Сырқат сәуірде басталып, максимум маусым – шілдеде, қыркүйек айында азаяды. Қыста температура 200 С жоғары болған территорияларда, кенелер белсенділігі жоғалтпайды және бірен-саран оқиғалар тіркеледі. Сырқат спорадикалық түрде кездеседі (тұрғын пунктерде 1-2 адам ауырады). Аурухана ішілік және отбасы ішінде науқастан зақымдалған өршулер болуы мүмкін. Жиі жасы 20-40-тағы ер адамдар ауырады, негізінде мал шаруашылығы жұмыскерлері, сауыншылар, малшылар және басқа да ауыл шаруашылықтағы істейтін жұмыскерлер. Малды күткенде ауыл шаруашылық зақымдалудың 70% анықталады. Аурудың қан арқылы отбасы

Эпидемиялық ошақта жүргізілетін шаралар. Клиникалық көрсеткіш бойынша науқасты госпитализациялайды. Станционарларда вирустың ауруханаішілік, әсіресе парентеральді жолымен таралуын алдын-алуға шараларды қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің қорғануы: екінші халат, резенкелі қолғап, демперде кию арқылы жүргізеді.

Дезинфекция – құрамында қаны бар науқастардың бөліністерін залалсыздандыру. Науқастың бөліністеріне және қан кеткенде қанға экспозиция 2 сағатқа дезерітіндіні құйып қояды. Бөліністер мен қан тиген заттарды дезинфекциялайды.

Дезинсекция – кенеге қарсы өңдеуді белсендетеді. Науқаспен қатынаста болған адамдарды 8 күндей медициналық байқауға термометриямен алынады.

Науқастың қанымен қатынаста болған адамдарға арнайы гаммаглобулинмен жедел профилактика жүргізеді. Ауырып шыққандарға диспансерлік бақылау тағайындалмайды. Кейбір арбовирусты инфекцияларға қарсы формалинмен инактивацияланған вакцина, тек қана сары қызбаға карсы тірі вакцина қолданылады. Вакцинация эпидемиялық көрсеткішке ғана байланысты. Жедел сақтандыру және емдеу үшін гомологиялық және гетерогенді арнайы иммундыглобулиндер қолданылады. Емдеу үшін кейбір жағдайда рибавирин, интерферон қолданылады. Кене шаққан адамдар 14 күн бойы медицина ұйымында диспансерлік қадағалауда болуға тиіс. Ошақта қорытынды дезинфекцияжүргізілуге тиіс. Сырқат болған тұрғын үй жайлар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялықұралдармен өңделеуі қажет. Іш киім дезинфекциялыерітіндіге салынып жібітіліп, кейіннен қайнатылуы керек. Заттар дезинфекциялыкамерада өңделуі тиіс. Ошақта санитарлық-ағарту жұмысы жүргізілуі керек. Жеке профилактикалық шара ретінде репеленттер сіңірілген қорғаныш киім пайдаланылуы керек.

Арнайы алдын алу шаралары және емдеуі. Симтоматикалық және антивирустық препараттар (реаферон,тибаверин) қолданылады. Аурудың алғашқы үш күнінде гетерогенді (жылықандылардың қан сарысуынан дайындалған) және гомологиялық ( аурып тұрғанан кейінгі адамдардың қан сарысуынан дайындалған) иммунды глобулиндер енгізеді. Иммунды глобулиндер арнайы алдын алу мақсатында жедел түрінде пайдаланады.

ҚКГҚ аса қауіпті жұқпа болғандықтан міндетті түрде науқасты оқшаулау қажет және арнайы дайындалған медициналық мамандар қызмет етуі керек Әрине, стерильдік, дезинфекциялыережелердің қатал орындалуы алдын алу шаралардың бірі. Қоздырғыштарды тасымалдайтын кенелермен күресу, сонымен қатар мал тұратын қораларды (1,5% хлорофос ерітіндімен ай сайын өңдеу). Табиғи ошақтарда жұмыс істегенде өз немесе бір-бірін қарау, жұмыстың аяқ жағында барлық анықталған кенелерді дер кезде жою.

Эпидемиялық көрсеткіш бойынша арнайы профилактикасында ақ егеуқұйрықтар мен ақ тышқандардың жаңа туылған баласының зақымдалған миынан жасалған инактивирленген вакцинаны қолдану. Вакцинация тері астына 3 рет жүргізеді, ревакцинация 1 жылдан кейін. Ауру байқалған жерді, мал қораларын және маңайын, үй ішін, т.б. дезинфекциялау керек. Бұл жұмысқа мал шаруашылығы қызметкерлері (мамандары), әсіресе сол жердің тұрғындары белсенді түрде қатысулары қажет. Сонымен қатар тұрғын үйлерде, мал қораларында кенелердің болмауын қадағалау керек. Ауру адамдардың қаны үй заттарына тиюінен сақтанған жөн. Маңайдағы керексіз заттар, мал қораларындағы қоқыр – соқыр, қи жиналып өртеледі. Үйдің іші 3% хлораминнің ерітіндісімен дәріленеді. Геморрагиялық қызба байқалған жерде уақ малға кене жабыспау үшін оларды дәрілеп, жылына екі рет тоғыту керек.

Мал тұратын қораларды, сарайларды мал дәрігерлері рұқсат еткен дәрілердің ерітінділерімен дезинфекциялау орынды. Бұл жұмыстар міндетті түрде мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуы дұрыс. Кене шаққан жағдайда терідегі кененің үстіне май тамызып кенені пинцетпен немесе киім тігетін жіппен байлап жайлап ырғап-ырғап шығарады. Кенені өртеп жіберу керек, мыжып өлтіруге болмайды. Сосын тездетіп дәрігерлерге қаралу қажет.