- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
Полиомиелит- сал ауруы жедел, антропанозды, қоздырғышы негізінен нәжіс–ауыз механизмімен берілетін, жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінің, мидың әр түрлі бөлімдерінің зақымдалуымен, бұлшық еттің атрофиялық сылбыр салдылығымен сипатталатын ауру. Вирустың мөлшері 28 нм. Полиомиелит қоздырғышы Picarnoviridae әулетіне Enterovirus тұқымына Poliovirus түріне кіреді.
Полиомиелит сөзін аударғанда мидағы сұр заттың қабынуы (грек polios-сұр, myelitis- ми деген мағына береді) Олар жұлын миындағы сұр заттағы қозғалғыш жасушаларын зақымдайын өте ауыр жұқпалы ауру.
Бұл ауру туралы мәліметтер ерте заманнан бері архелогиялық зерттеуде. Археологтар Египеттегі зираттарды қазғанда қисайып біткен сүйектері бар түрлі қаңқаларды тапқан. Әрине, бұл аурудың қоздырғышын табуда оңайға соққан жоқ. Полиомиелит вирусы тұмау вирусынан әлде-қайда майда және оның шапшаң таралып, эпидемияны тез қоздырғыштық қасиеті бар екенін мәліметтерден (мумияларды зерттеу кезінде) белгілі болған. Полиомиелит ауруын жеке ауру ретінде 1860ж неміс ғалымы Хайне қарастырған болатын. Орыс дәрігері А.Я. Кожевников (1883ж) аурудың клиникалық белгілерінің толық сипаттамасын берген. Медин деген зерттеуші (1890ж) үлкен эпидемиясын анықтап жазған.
Таксономиясы. Полиомиелит ауруын қоздыратын вирусты 1909 жылы К.Ландштейнер мен Г. Поппер маймылдарға тәжірибе жасау арқылы дәлелдеді.
Тұқымдастығы: Picornoviridae
Туысытығы: Enterovirus
Түрі: Enterovirus
Морфологиясы және эпидемиологиясы. Полиомиелит вирусының геномы 1 жіпшелі фрагменттелмеген РНҚ құрамды, 7,5-8 млн нуклеотидтерден тұрады, молекулалық массасы 2,5 МД. Вирустың пішіні сфера тәрізді. Симметрия типі – куб тәрізді. Вирион капсиді – 4 ақуызды қабаттан тұрады, олардың үшеуі VP1, VP2, VP3- сыртқы капсид, VP4 – ішкі капсидті түзеді, сондықтан олар сыртынан көрінбейді. Қабықтағы ақуыздардың қызыметі- жасуша иесінің рецепторын тану қызметін атқарады, вирионның оған жабысуы және вирионның жасуша ішіне РНҚ –ны босатуы. Вирустың негізгі қасиеті сал (паралич) тудырады, ол қабықшадағы 1 ақуызбен байланысты. 1916 жылы тек Нью-Йоркте осы полиомиелиттен 2 мыңдай адам қаза тапты, 7 мыңдай адамның денесі жансызданып, сал болуға ұшырады. Бұл ауру, әсіресе балалар арасында көп тараған. Аурудың көзі тек қана науқас немесе вирус тасмалдаушы адамдар болып саналады, яғни антропонозды инфекция. Ауру негізінде ішек инфекциясына жатады. Инфекцияның жасырын кезеңінде 3-5 күнен кейін, ауру басталғаннан алғашқы күндерінде өте жұққыш келеді. Инкубациялық кезеңнің соңында (соңғы 3-7 күн) кейде 40 күннен бірнеше айға дейін көптеген мөлшерде науқас вирус бөлуі мүмкін. Ең қауіптісі жеңіл түрімен ауырғандар, өйткені олар емделместен айналасындағы адамдарға күн сайын жұқтыруы мүмкін. Вирус сыртқы ортаға науқастың нәжісімен, несебімен тыныс алу жолдары арқылы таралады. Негізгі берілу жолдары фекальды-оральды, ластанған ас тағамдары, су арқылы жиі жұғады, ауа-тамшылы жолмен беріледі. Полимиелитпен көбінесе 5-10 жасқа дейінгі балалар ауырады, соңғы жылдары ересектер арасындада байқалып жүр.
Анигендік қасиеттері. Антигендік құрылымы бойынша полиомиелит вирусы 3 серотипі бар түрдің ішінде 1,2,3, қиылысатын иммунитетті шақырмайтын түрге бөлінеді. Барлық серотиптері маймылдар үшін патогенді.
Адамға ең қауіптісі І типтегі поливирус. ІІІ типтегі көп эпидемия тудыра алмайды. ІІ типі көбінесе инфекцияның латентті формасын тудырады.
Дақылдандыру. Адамның тіндерінен дайындалған біріншілік және ауыспалы жасушаларда жақсы репродукцияланады (өсіп –өніп көбейеді) және цитопатиялық әсер етеді. Агар ортасының астындағы жасуша дақылдарының қабатында түйін –таңдақтар пайда болады.
Резистенттілігі. Энтеровирустар сыртқы орта факторларының төзімді. рН-тың 2,5 тен 11- ге дейінгі аралығында жұқпалылығын сақтайды. Төменгі температурада суда, топырақта, тағамдық заттарда, нәжісте және тұрмыстық заттарда ұзақ уақыт (бірнеше ай) бойы сақталады. Бірақ қайнатқанда тез өледі. Вирус қышқылға төзімді болғандықтан ол асқазан сөліне, өт сұйықтығының әсеріне суперкапсиді болмағандықтан төзімді. Көптеген дезинфектанттарға төзімді. Хлор құрамды дезинфектанттар (хлорлы әк, хлорамин) жақсы әсер етеді. УК сәулесінің, құрғатудың, тотықтырғыштардың, формалиннің әсеріне белсенділігін жояды.
Патогенезі клиникасы және иммунитеті. Вирустың алғашқа кіру қақпасы ауыз қуысының, жұтқыншақтың кілегейлі қабаты, асқазан және ішек жолдарының шырышты қабаттары. Сол жерлерде вирустың біріншілік көбеюі басталады, сондықтан оларды бірнеше күннен кейін жұтқыншақ кілегейінен және нәжіс бөлінділерден анықтауға болады (1гр нәжісте вирустың 1млн дозасы бар). Эпителиальды жасушаларда көбейгеннен кейін, вирустар аймақтық лимфа түйіндеріне еніп, сонан соң қанға өтеді де, вирусемиялық фаза бір сағаттан бірнеше күнге дейін созылады. Фазаның соңғы 2 сатысында симптомсыз өтеді. Вирусемия кезінде қысқа мерзімді температураның көтерілуі және сәл әлсіздік байқалады да Ауырғаннан кейінгіиммунитет қалыптасады. Гематоэнцефальды тосқауылдан өтіп, аксондар арқылы орталық жүйке жүйесіне жетеді. Вирустың репродукциялануы жұлынның алдыңғы мүйізінің сұр затында, және де бас миы нейрондарында жалғасын табады. Қоздырғыштың тропизмділігі полиомиелит вирусы үшін жұлынның алдыңғы мүйізінің, сопақша мидың және варолиев көпіршесінің нейрондарында арнайы рецепторлардың болуымен байланысты. Вирустың әсер етуінен жұлынның алдыңғы мүйізінің қозғағыш нейрондарының бұзылуы қаңқалық бұлшық еттердің сал болуын туғызады.
Ауру 5-14 күнге созылған жасырын кезеңінен кейін бас ауырып, дене қызбасы көтеріліп құсуымен басталады.1-2 күнен кейін белгілері кете бастайды. Бір аптадан кейін аурудан айыққандай болған кезде, нейрондардың жұлынның қандай дәрежеде және алдыңғы мүйізінің екі жақты немесе бір жақты зақымдануына байланысты қазғалыс мүшелерінің әлсізденуі (сенуі) басталып, толық сал болумен аяқталады, және т.б. белгілері болуы мүмкін. Сонымен полиомиелитті клиникалық дамуына байланысты бөледі.
Полиомиелит вирусының 4 негізгі клиникалық формасы:
Абортивті (түсікті).
Паралитикалық емес(менингиальды).-серозды менингитті туғызады.
Паралитикалық емес (менингиальді)- серозды менингит.
Инапарантты-(жасырын).
Аурудан айыққаннан кейін тұрақты иммунитет сақталады. Ауырып тұрғандардың қан сарысуында вирус –бейтараптаушы қарсы денелер жиналады және де бейспецификалық ингибиторлар пайда болады.
Микробиологиялық диагноз қою.
Зертханалық зерттеу үшін мұрын жұтқыншақ жұғындысы, нәжіс, жұлын сұйықтығы, қан алынады. Вирусологиялық және серологиялық зерттеу жүргізіледі. Серологиялық зерттеу нәтижесі вирус нейтралдаушы қарсы денелер титрі 4 есеге артқанда ғана диагностикалық маңызды саналады
Вирусологиялық әдіс: біріншілік маймылдардың бүйрегіне дайындалған жасуша дақылдарына, ауыспалы –Hela, Hep-2, ж.т.б. жұқтыру. Вирусты индикациялау (өсіп- өну көрсеткіші)- ЦПӘ (толық дегенерация), таңдақ түзу, вирусты жекелендіру. БР, ИФТ.
Серологиялық диагноз қою -( қос сарысулармен)- КБР, БР, ИФТ. Сарысу құрамындағы иммуноглобулин кластары (JgG, JgA, JgM) Манчини тәсілі бойынша радиалдық иммунды- дифузиялық әдіспен анықтайды.
Жедел диагноз қою-ПТР, ИФТ (нәжіс, жұлын сұйықтығы).
Арнайы алдын-алу және емдеуі. Сал ауруына қарсы ауызға тамызатын тірі вакцина қолданылады. Вакцина африкалық жасыл маймылдардың бүйрек жасушаларында өсірілген. Вакцина сұйық түрде шығарылады. Емдеу әдістері. Патогенетикалық терапия. Емдеу тәсілі инфенцирленушілік деңгейіне, вирустың нейровируленттік дәрежесіне және ағзаның иммунологиялық статусына байланысты анықталады. Арнайы алдын алу емі жоқ, негізінде симтоматикалық ем шаралар қолданылады. Кейбір жағдайда салдылық түрінің алдын алу үшін гомологиялық иммундыглобулин пайдаланылады. Сал ауруын емдеуде дұрыс және ұзақ уақыт қолданылатын жаттығудың маңызы зор. Вакцина қолданбағанда гуморальды және жергілікті, тұрақты иммунитет қалыптасады. 50-ші жылдары ХХ-ғасырда полиомиелитке 3 вакцина шығарылған.
Дж. Солке-нің формалинмен инактивирленген вакцинасы (гуморальді иммунитет қоздырады).
Полиовирустың І, ІІ, ІІІ типтерінің аттенуирленген штамдарының жиналған А. Себиннің
М.Чумаков және А.Смородинцев (1958 ж) үш серотиптерден тұратын А. Себиннің аттенуирленген штамдарынан пероральді тәсілмен қолданылатын дақылдық тірі вакцина жасап шығарды. Вакцинаны балаларды жаппай иммунизациялау үшін пайдаланады, ол жалпы және жергілікті тұрақты иммунитет қалыптастырады. Осы 3 вакцинада әсерлі болып табылады, бірақ тірі вакцинаны көбірек қолданады. Себебі вакцинді штамдар АІТ (ЖКТ)-ң эпителиальды жасушаларында көбейіп, сыртқы ортаға шығып, поливирустардың жабайы штамдарын ығыстырада. Полиомиелитке қарсы вакцина егу 3 айлық жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында жүргізіледі.
Осы вакциналарды міндетті түрде қолданудың нәтижесінде полиомиелит індетін толық жоюға мүмкіндік бар.
Паралитикалық сатысында ортопедиялық режимді сақтау керек.
