Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Орын басушы терапиядан басқа, кортикостероидтармен емдеу адамның физиологиялық жағдайымен салыстырғанда әрқашанда оларды мөлшерден тыс қолданумен жүреді. Асқынудың ауырлығы мен жиілігі препараттың қолдану мөлшеріне және жеке сезімталдыққа байланысты болып келеді.

Жиі кездесетін жанама әсерлер.

Ісінулер, артериальды қысымның жоғарлауы, АКТГ және эндогенді кортизолдың өндірілуінің төмендеуі. Кушинга синдромы; терінің атрофиясы, жараның жазылуының төмендеуі; гипокалиемия, натрий мен судың жиналуы, гипергликемия стероидты қант диабетінің дамуыеа дейін, катаболизмнің дамуы, остеопороз; бұлшық еттің атрофиясы және балалардың өсуінің тежелуі; инфекциядан иммунологиялық қорғану механизмінің басылуы және инфекцияның белсенуінің тәуекелі жоғалауы, мысалы туберкулез сияқты.

Жиі кездеспейтін жанама әсерлері.

Ұйқының қашуы, депрессия және созылмалы психикалық ауруларының асқынуы; глаукома, катаракта, тромбоздар; пептиттік жаралар және қан кетулер.

Сирек кездесетін жанама әсерлер.

Шамалы бас ми қысымының жоғарлауы.

Саудаға тіркелген атауы:

КОРТИЗОН

(Cortisone)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі, анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісінулер, ринит, артриттер, коллагеноздар, ревмокардит, бронхиальды демікпе, дерматиттер, гемолитикалық қаназдық, Верльгофа ауруы, созылмалы белсенді гепатит, гепатонекроз, лимфома, сүт безінің қатерлі ісігі, қуық үсті безінің қатерлі ісігі, нефротикалық синдром, миастения, кез келген генезді қабыну синдромы, лейкопения. Б/е енгізеді 25–50 мг-нан 1–2 реттен тәулігіне. Ересектерге жоғары мөлшер: бір реттік — 150 мг, тәуліктік — 300 мг. Балалар үшін бастапқы мөлшер 12,5–25 мг-нан 2 реттен тәулігіне. Ұстап тұрушы мөлшер жеке талданады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, миокардтың инфаркты, жүрек жетіспеушілігі, артериальды гипертензия, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, жоғары қан кетулер, остеопороз, қант диабеті, вирусты және зең аурулары, туберкулез, жабық бұрышты глаукома, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстары, қалқанша безінің патологиясы.

Сақтандыру.

Препаратты келесі аурулармен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындау керек:асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, остеопороз, Кушинга ауруы, қант диабеті, тромбоэмболияға бейім болу, бүйрек жетіспеушілігі, ауыр артериальды гипертония, жүйелік микоздар, вирусты инфекциялар, вакцинация кезеңі, туберкулездің белсенді түрі, глаукома, қояншық, психикалық аурулар кезіндегі продуктивті симптоматикасы, эпителидің зақымдалуымен жүретін қасаң қабақтың ауруларында, мерез, тері ісіктері. Аса сақтықты препаратқа жоғары сезімталдық кезінде, инфекциялық ауруларда, сонымен қатар жас балалар мен жасөспірімдерге сақтықпен тағайындау керек. Кортикостероидтарды ұзақ қолдағаннан кейін, бірден алып тастау кезінде бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Сондықтан доғаруды біртіндеп жүргізу керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Плаценттік кедергіден өтеді. Бірінші үшайда кері көрсетілген. Терапиялық құнарлығының теріс әсері дәлелденбеген.

Емшекпен емізу: 1% аз мөлшері төс сүтіне өтеді, аз мөлшері қауіпсіз, жоғары мөлшері – баланың өз гормондар өнімін тежеу тәуекелі және бой өсуінің ұсталуы – ұсынылмайды.