Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Ағзада натрий мен сұйықтықтың ұсталынып қалуы, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, калийді жоғалту, гипокалиемиялық алкалоз, гипертония, иық және ортан сүйек басының асептикалық некрозы, стероидты миопатия, бұлшық ет әлсіздігі, остеопороз, патологиялық сынықтар, ульцерогенді әсері, жүректің айнуы, панкреатит, эзофагит, регенерацияның бұзылуы, петехия және экхимоздар, терінің жұқаруы мен нәзіктігі, ақуыз катаболизмі салдарынан теріс азоттық тепе-теңдік, бас ми қысымының жоғарлауы, мишықтың жалған ісіктері, психикалық бұзылыстар, тырысу талмалары, етеккір циклінің бұзылыстары, Иценко‑Кушинга синдромы, гипофиз бен бүйрек үсті безі қызметінің тежелуі, стероидты диабет, балаларда бой өсуінің тежелуі, артқы субкапсулярлы катаракта, көздің ішкі қысымының жоғарлауы, экзофтальм, иммунитеттің тежелуі. Кортикостероидтарды парентеральды енгізу жолымен байланысты болатын реакциялар: айналымды коллапспен болатын анафилактикалық реакциялар, жүректің тоқтауы, бронхоспазм, жүрек ырғағының бұзылуы немесе онсыз болатын гипотония, артериальды гипертензия. Көз майы ретінде ұзақ қолданғанда көз ішінің қысымы жоғарлайды, катарактаның түзілуі. Сыртқа қолданған жағдайларда сирек терінің тітіркенуі болады; ұзақ қолданғанда және/немесе үлкен беткейге жаққанда жүйелік жанама әсерлер болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы:

Дексаметазон (dexamethasone)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 4 мг/мл, 8 мг/2 мл дексаметазон фосфат (динатрий тұзы ретінде)

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Әр түрлі генездегі шоктар. Бас миының ісінуі (бас миының ісігінде, бас ми жарақатында, нейрохирургиялық араласуларда, бас миына қан құйылғанда, энцефалитте, менингитте, сәулелермен зақымдалғанда). Демікпелі статус. Ауыр аллергиялық реакциялар: Квинке ісінуі, бронхоспазм, дерматоз, дәрілік препараттарға жедел анафилактикалық реакциялар, сары судыжәне антибиотиктерді құйғанда, пирогенді реакциялар. Жедел гемолитикалық қаныаздық, тромбоцитопения, жедел лимфобластты лейкемия, агранулоцитоз. Ауыр инфекциялық аурулар (антибиотиктермен бірге). Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жедел жетіспеушілігі. Балалардағы жедел аурулар (жедел круп және т.б.). Буын аурулары (иық жауырын периартриті, эпикондилит, стилоидит, бурсит, тендовагинит, компрессионды нейропатия, остеохондроз, әр түрлі этиологиялық артриттер, остеоартроз).

Парентеральды енгізгенде препаратты к/т баяу құю арқылы немесе тамшылатып (жедел және шұғыл жағдайларда) енгізеді; б/е; сонымен қатар периартикулярлы және буын ішіне енгізуге болады. Тәулік бойы 4-тен 20 мг дексаметазонды 3-4 рет енгізуге болады. Парентеральды қолдану ұзақтығы 3-4 күнді құрайды, кейін ұстап тұрушы емде препараттың пероральды түріне ауысады. Шок: ересектерге бастапқы мөлшер ­40‑300 мг к/т/, кейін 2-3 тәулік бойы, науқастың ауыр жағдайына байланысты 16‑40 мг-нан ара қашықтығы 6-12 сағаттан. Анафилактикалық шок: адреналинді енгізгеннен кейін тікелей к/т сол инемен ересектерге 100 мг, балаларға 40 мг дексаметазонды енгізеді; қажет жағдайларда препаратты енгізуді қайталайды. Бас миының жедел ісінуі: алдын алу шаралары мен емдеу үшін бастапқы мөлшер к/т немесе б/е тәулігіне 40-100 мг-ды құрайды ара қашықтығы 2-4 сағат; үлкен мөлшердің қолдану ұзақтығы 8 күндей. Демікпелік статус: бастапқы мөлшер – к/т 40‑80 мг, кейін қажет жағдайларда препаратты қайта тағайындайды ара қашықтығы бірнеше сағат. Қан жүйесінің аурулары мен ауыр дерматоздар: бастапқы мөлшер‑16‑40 мг. Ауыр инфекциялар: тәуліктік мөлшер ‑ 40‑100 мг (сәйкес еммен біріктіріліп қолданылады). Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жедел жетіспеушілігі кезінде: бастапқы мөлшер ­8‑16 мг. Ауыр жалған круп кезінде: к/т немесе б/е 4‑8 мг препаратты енгізеді, қажеттілік кезде 2-3 сағаттық үзіліспен қайта енгізіледі. Буындардың ауруларында периартикулярлы немесе буын ішіне енгізу: көбінесе 4‑8 мг 2-3 күндік үзіліспен 1-2 аптаға дейін тағайындайды. Аурудың жедел кезеңінде және емнің басында препаратты шамалы жоғары мөлшерде қолданады. Әсерге қол жеткізгеннен кейін мөлшерін ұстап тұрушы мөлшерге дейін немесе емді доғаруға дейін төмендетеді.

Кері көрсеткіштері.

Дексаметазонға жоғары сезімталдық. Жүйелік микоздар. Буынның және буын айналасындағы жұмсақ тіндердің инфекциялық зақымдалуы.

Сақтандыру.

Интеркуррентті инфекцияларда, септикалық жағдайларда және туберкулез кезінде сәйкес антибиотиктермен бірге дексаметазонды тағайындау қажет. Күнделікті қолданғанда емнің 5-ші айында бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының атрофиясы дамуы мүмкін. Препарат кейбір инфекциялардың симптомдарын көрсетуі мүмкін. Емдеу кезінде иммунизация жүргізілмеуі тиіс. Спецификалық емес жаралы колит, дивертикулит, жуырда жасалған ішек анастомозында, асқазан мен ұлтабар жара ауруларында, бүйрек жетіспеушілігінде, жүйелік остеопорозда, миастенияда, артериальды гипертонияда науқастарға сақтықпен қолдану керек. Сонымен қатар айқын артериальды гипертониямен, қант диабетімен, психикалық аурулармен, глаукома мен гипоальбуминемиямен ауыратын науқастарға дексаметазонды тағайындағанда сақтық керек. Гипотиреозда, сонымен қатар бауыр циррозында препарат әсері күшеюі мүмкін. Эмоциональды тұрақсыздық кезде немесе психотикалық тенденцияларда аталған көріністер күшеюі мүмкін. Қасаң қабақтың ұшығымен ауыратын науқастарға препаратты тағайындағанда, оның перфорациясы болу мүмкіндіктерін ескеру керек. Емдеу кезінде көз қысымын және қасаң қабақ жағдайын бақылау қажет. Препаратты қолдануды бірден доғарғанда, әсіресе жоғары мөлшерді қолданғанда ГКС алып тастау синдромы дамиды (гиперкортицизммен байланыссыз): анорексия, жүректің айнуы, тоқырау, жаппай қаңқа-бұлшық ет ауырсынулары, жалпы әлсіздік. Препаратты доғарғаннан кейін бірнеше ай салыстырмалы бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі сақталады. Егер осы кезде күйзелістік жағдайлар дамыса, уақытша ГКС (көрсеткіштер бойынша) тағайындалынады, қажеттілік кезде минералокортикоидтармен бірге қолданылады.

Балаларда ұзақ емдегенде өсу мен даму қарқыные қатаң қадағалау қажет. Емдеу кезеңіндегі балалар, қызылшамен немесе жел шешек науқастарымен қатынаста болса, оларға алдын алу шаралары ретінде арнайы иммуноглобулиндер тағайындайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Плаценттік кедергіден өтеді, терапиялық құнарлығының теріс әсері дәлелденбеген. Жүктілік кезде (әсіресе І үшайда), сонымен қатар лактация кезеңінде препаратты күтілетін емдік әсер және ұрыққы теріс әсер етпеуді ескеріп тағайындайды. Жүктілік кезде ұзақ қолдану, ұрықтың өсу бұзылыстарының мүмкіндіктері шектелмейді. Жүктіліктің соңғы айларында препаратты қолдану кезінде, ұрықтың бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жетіспеушілік даму қауіпсіздігі бар, ол нәрестеге орын басушы емді жүргізуді қажет етуі мүмкін.

Емшекпен емізу: кіші мөлшерлері қауіпсіз, жоғары мөлшерлері – баланың өз гормондар өнімін тежеу тәуекелі және бой өсуінің ұсталуы – ұсынылмайды.