Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6.4. Вирустарға қарсы заттар

6.4.1. Ұшық кезінде қолданылатын дәрілік заттар.

АЦИКЛОВИР

(ACICLOVIR)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 200 мг; флакондағы ұнтақ 250 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

ВПГ-1 және ВПГ-2 туғызған тері мен шырышты қабаттың инфекциялары; белдеулене теміреткі; иммунды статусы бұзылмаған ересек науқастардағы жел шешек; иммунитеті төмендеген науқастардағы бейімді ВПГ инфекциясының алдын алу шаралары.

П/о: ересектерге 0,2 г 5 р/тәулігіне, балаларға 3 айдан-2 жас – 0,1 г, 2 жастан үлкендерге – 0,2 г әр 8 сағат сайын 5 тәулік. Жел шешек пен белдеулене теміреткі кезінде – 0,8 г-нан 5 р/тәулігіне 7 тәулік, 2 жасқа дейін – 0,2 г-нан 4 р/тәулігіне, 2-5 жасқа – 0,4 г-нан 4 р/тәулігіне, 6 жастан үлкен – 0,8 мг-нан 4 р/тәулігіне. К/т тамшылатып: ұшық инфекциясы кезінде, жыныс мүшелерінің ауыр ұшықтарында және белдеулене теміреткі кезінде – 5 мг/кг әр 8 сағат сайын 5 тәулік; иммунокомпрометирленген науқастар мен менингоэнцефалит кезінде – 10 мг/кг әр 8 сағат сайын 10 тәулік.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, 3 айға дейінгі жас балаларға – к/т енгізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бүйрек қызметінің бұзылуы, нефротоксикалық препараттармен бір уақытта қолдану, неврологиялық бұзылыстар (сонымен қатар анамнезенде). Егер жел шешек жеңіл түрде жүргенде балаларға тағайындау ұсынылмайды. Жүктілік кезде және емшекпен емізу кезінде тек өмірге қажетті көрсеткіштер бойынша тағайындайды. К/т ұзақ инфузия түрінде енгізеді, болюсты енгізу кезінде ЖБЖ дамуымен бүйрек түтікшелерінде кристаллдардың түзілуінің тәуекелі жоғарлайды. Жеткілікті гидратацияны ұстап тұру қажет, әсіресе егде жастағыларда және үлкен мөлшерде қолданған кезде.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Егер потенциальды пайда тәуекелден басым болса, жүйелік қолдану мүмкін. Қынапты ұшықтың алдын алу шаралары мен емдеу үшін қолдануға болмайды.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Бөртпелер, бастың ауруы, бастың айналуы, жүректің айнуы, құсу, диарея, бауыр ферменттерінің белсенділігі мен Спл билирубиннің жоғарлауы, лейкопения, тромбоцитопения; к/т енгізу кезінде жергілікті реакциялар (некрозға дейін), ЖБЖ, елестер, тырысулар, психоздар, кома.

Саудаға тіркелген атауы

6.4.2 Антиретровирусты дәрілік заттар

6.4.2.1. Нуклеозидті қайтымды транскриптаза баяулатқышы

ДИДАНОЗИН

(DIDANOSINE)

Шығарылу түрі. Буферлі шайнайтын, еритін таблеткалар 100 мг; егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ 2 000 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

АИВ-инфекциясы. Зидовудинді көтере алмағанда немесе оны қолданғандағы ересектер мен балалардағы иммунологиялық декомпенсация мен клиникалық симптомдар (6 айдан үлкен). АИВ материалымен қатынаста болып зақымданғандағы АИВ зақымданудың алдын алу шаралары.

Ересектерге ДС < 60 кг: п/о 0,125 г-нан әр 12 сағат, ≥ 60 кг – 0,2 г-нан әр 12 сағата; 3 айдан үлкен балаларға – 120 мг/м2 әр 12 сағата (90 мг/м2 әр 12 сағат зидовудинмен біріктіріп). Капс. 250 және 400 мг 1 р/тәулігіне қабылдайды.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бүйрек және/немесе бауыр жетіспеушілігі, жүктілік, емшекпен емізу, панкреатит (сонымен қатар анамнезенде), шеткі нейропатия (сонымен қатар анамнезенде). Бауырдың қызметтік сынамаларының көрсеткіштері нашарлағанда, стеатозда, үдемелі гепатомегалияда немесе себебі белгісіз лактат-ацидозда емді доғару. Созылмалы вирусты В гепатитімен ауыратын науқастарда доғарғанда гепатиттің қайталануы мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Сақтықпен. Плацент арқылы өтеді, анасының қанындағы және плаценттегі құнарлық қатынасы 0,5. Қауіпсіздігі туралы бара-бар мәліметтер жоқ.

Емшекпен емізу: Тыйым салынған. Мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Диарея, жүректің айнуы, құсу, ауыздың құрғауы, аллергиялық реакциялар, қасаң қабақтың депигментациясы (көбінесе балаларда), панкреатит, шеткі нейропатия, симптомсыз гиперурикемия, қант диабеті, ЖБЖ.

Саудаға тіркелген атауы

ЗИДОВУДИН

(ZIDOVUDINE)

Шығарылу түрі. Ішке қолдануға арналған ерітінді 200 мл; егуге арналған құнарлық 10 мг/мл; капсулалар, таблеткалар 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

АИВ – ересектер мен балалардағы инфекция. АИВ-жұқтырған материалдармен жұмыс істеу кезінде инемен шаншу және тілумен мамандандырылған адамдардағы жұқтырылған және трансплацентарлы АИВ-инфицирленген ұрықтағы инфекцияның алдын алу шараларында.

Ересектерге: 600 мг/тәулігіне 2-3 қабылдауға. Балаларға: 150-180 мг/м2 4 р/тәулігіне, мөлшерді есептеуді ≥1 р/айға жүргізеді, жаңа туылған балаларда – 1 р/2 аптасына.

Кері көрсеткіштері

Абсолюттік: жоғары сезімталдық және зидовудинге, лейкопения (нейтрофилдер саны 0,75·109/л төмен); қаназдық (гемоглобин деңгейі 70 г/л төмен).

Салыстырмалы: В12 витаминінің немесе фолий қышқылының жетіспеушіліг; бауыр жетіспеушілігі.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Плацент арқылы өтеді. Препаратты жүкті әйел, АИВ инфицирленгендер қолдануда, баланың инфицирлену тәуекелін төмендетеді. Препарат төс сүтіне өтеді және қан сары суындағы құнарлығына жақын келеді. АИВ-инфицирленген аналарға төсімен емізуге рұқсат берілмейді. 3 айға дейінгі балаларға АИВ-инфекциясы үшін ем қолданылмайды. Ауыр бауыр жетіспеушілігі кезінде (креатинин клиренсі 20 мл/мин төмен болғанда) мөлшерге түзетулер қажет. Бауыр жетіспеушілігі препараттың жиналуына әкелуі мүмкін және улану тәуекелін жоғарлатады, мөлшерін төмендету қажет. Гепатомегалия үдеуі кезінде және АЛТ, АСТ, лактат-ацидоз белсенділігінің тез жоғарлауында емді тоқтату керек.

В12 витаминінің жетіспеушілігі кезінде нейтропения дамуының тәуекелі жоғарлайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Сақтықпен. Плацент арқылы өтеді, анасының қанындағы және плаценттегі құнарлық қатынасы 0,85. Жүктілік кезеңінде инфицирленген анасынан балаға АИВ-инфекция берілуінің алдын алу шараларында қолданылады. Шектеулі зерттеулер тератогенді ықпалдың жоқтығын көрсетеді.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне жақсы өтеді, онда плазмадағы құнарлығына тең қатынаста болады.

Жанама әсерлері.

Жиі болатын: жүректің айнуы және құсу; сирек: дәмнің бұзылуы, іштің ауруы, диарея, анорексия, метеоризм; трансаминаза белсенділігінің, стеатоздың жоғарлауы; қаназдық, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения; әлсіздік, шаршаудың жоғарлауы, бастың ауруы, ұйқының қашуы, астениялық синдром, ұйқышылдық, депрессия, шеткі нейропатия, парестезия; жөтел; сирек - лактацидоз, миопатия (митохондриальды уланумен байланысты), қызба, дірілдеу, зәр бөлудің жиілеуі, панкреатит.

Саудаға тіркелген атауы

ЛАМИВУДИН

(LAMIVUDINE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 100 мг; ішке қолдануға арналған ерітінді 5 мг/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ересектер мен балалардағы үдемелі АИВ-инфекциясы (ерітінді үшін, ішке қолдану үшін п/о 10 мг/мл және табл. 150 мг). Созылмалы вирусты гепатит В вирустың репликациясы тұсында (ішке қолдануға арналған ерітінді үшін п/о 5 мг/мл және табл. 0,1 г). анасынан баласына АИВ бірілуінің алдын алу шараларында.

Ересектерге п/о 0,15 әр 12 сағатта зидовудинмен біріктіріп; балаларға 1 аптадан 3 айға дейін – 2 мг/кг 2 р/тәулігіне, 3 айдан 12 жасқа дейін – 4 мг/кг әр 12 сағат, жоғары тәуліктік мөлшері 0,3 г.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бүйрек және/немесе бауыр жетіспеушілігі, жүктілік, емшекпен емізу, панкреатит, шеткі нейропатия. Бауыр қызметінің сынамаларының көрсеткіштері нашарлағанда, стеатозда, үдемелі гепатомегалия немесе себебі белгісіз лактат-ацидозда емді тоқтату керек. Созылмалы вирусты В гепатитімен ауыратын науқастарда доғарғанда гепатиттің қайталануы мүмкін. Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Ерекше жағдайларда, егер потенциальды пайда тәуекелден басым болғанда. Жануарларда тератогенді әсері бар.

Емшекпен емізу: Ерекше жағдайларда, егер потенциальды пайда тәуекелден басым болғанда. Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауруы, жөтел, бастың ауруы, ұйқының қашуы, әлсіздік, қызба, бөртпе, алопеция, бұлшық ет-буын аурулары. Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін, шеткі нейропатия, панкреатит, нейтропения және қаназдық (зидовудинмен біріктіру), тромбоцитопения, АЛТ, АСТ белсенділігі және амилаза, лактат-ацидоздың жоғарлауы, ауыр стеатозбен жүретін гепатомегалия.

Саудаға тіркелген атауы

СТАВУДИН

(STAVUDINE)

Шығарылу түрі. Капсулалар 30 мг, 40 мг; пероральды ерітінді үшін ұнтақ 5 мг/5 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

АИВ-инфекциясы (сонымен қатар зидовудинмен емдегеннен кейін).

Ересектерге дене салмағы <60 кг п/о 30 мг әр 12 сағатта 1 сағат бұрын тамақтың алдында, ≤60 кг – 40 мг әр 12 сағат; балаларға <30 кг – 1 мг/кг әр 12 сағат; ≥30 кг – 30 мг әр 12 сағат.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, емшекпен емізу, жүктілік.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Маскүнемдік (белсенді немесе анамнезенде), ауыр бауыр жетіспеушілігі, шеткі нейропатия, СБЖ (КК <50 мл/мин), панкреатит, жас балалар (фармакокинетикасы 5 аптадан 15 жасқа дейінгі балаларда аз зерттелген, ересектерге ұқсас келеді), панкреотоксикалық әсері бар ДЗ біріктіріп қолдануда. Емдеу кезінде үнемі бауыр мен бүйрек қызметін бақылап отыру керек. Шеткі нейропатия, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылғанда (КК 10-15 мл/мин) препараты қолдануды доғарады; емді симптомдар жойылған соң барып қайта бастайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Сақтықпен. Плацент арқылы өтеді, анасының қанындағы және плаценттегі құнарлық қатынасы 0,76.

Емшекпен емізу: Тыйым салынған. Мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Мөлшерге тәуелді шеткі нейропатия, панкреатит, жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің қатуы, анорексия, көкіректің ауруы, тыныс алудың бұзылуы, бас ауру, бастың айналуы, ұйқының қашуы, көңіл-күйдің өзгермелі болуы, астения, бұлшық ет-буын аурулары, тұмау тәрізді синдром, бөртпе және басқа да аллергиялық реакциялар, лимфаденопатия, неоплазия, бауыр ферменттері мен амилаза белсенділігінің жоғарлауы, нейтропения, тромбоцитопения.

Саудаға тіркелген атауы

РИБАВИРИН

(RIBAVIRIN)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 200 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Созылмалы вирусты гепатит С, бауыр циррозы А және В классы Child-Pugh жіктелуі бойынша маркералармен вирусты гепатит С репликациясымен (тек α-интерферонмен біріктірілгенде). Ауыр жедел респираторлы синдром.

П/о 1 г (дене салмағы <75 кг кезде) немесе 1,2 г (дене салмағы >75 кг кезде) α-интерферонмен бірге (т/а 3 млн ЕД) 3 апта немесе Пег-ИНФ 1 р/аптасына. Емдеу ұзақтығы генотиппен және вирус құнарлығымен анықталынады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүректің ауыр аурулары, ауыр бауыр жетіспеушілігі, бүйрек жетіспеушілігі (КК<50 мл/мин), ауыр қаназдық, аутоиммуннды аурулар (сонымен қатар аутоиммуннды гепатит), ауыр депрессиялар, 18 жасқа дейін, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Аллергиялық реакциялар, ӨСОА, ӨАТЭ, гемоглобинопатия, декомпенсирленген қант диабеті, қалқанша безінің аурулары, депрессия, өзін өзі өлтіруге бейім болу (сонымен қатар анамнезенде), егде жастағыларға. Құнарлығын қатаң сақтау керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы Х. Сақтықпен. Қауіпсіздігі туралы бара-бар мәліметтер жоқ.

Емшекпен емізу: Тыйым салынған. Мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Бастың ауруы, ұйқының қашуы, брадикардия, қаназдық, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, диспноэ, анорексия, жүректің айнуы, гипербилирубинемия, аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы

ОСЕЛЬТАМИВИР

(OSELTAMIVIR)

Шығарылу түрі. Капсулалар 75 мг, ауыз арқылы қолданылатын суспензия дайындау үшін ұнтақ 30 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ересектер мен 12 жастан үлкен балалардағы А және В тұмауларын емдеу.

П/о (тамақпен бірге) ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға 0,075 г-нан 2 р/тәулігіне 5 тәулік.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бүйрек қызметі бұзылғанда, мөлшерін түзету мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Сақтықпен. Мәліметтер жоқ.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, құсу, бронхит, ұйқының қашуы және бастың айналуы (препаратты алмастан), аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы