Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, ОЖЖ тежейтін заттармен улану (алкогольды қоса), ортостатикалық коллапс, феохромоцитома, қояншық, паркинсонизм, коллапстарға бейім болу, айқын бауыр, бүйрек, жүрек және тыныс қызметтерінің бұзылыстары, жабық бұрышты глаукома, миастения gravis, жүктілік, емшекпен емізу (емшекпен емізуден бас тарту), егде және балалар жасындағыларға (6 жасқа дейін).

Сақтандыру.

Емді доғаруды, мөлшерін біртіндеп төмендету арқылы жасайды. Емделу кезінде алкоголді қолданудан, күтілмеген температура әсерлерінен, инсоляциядан, жоғары көңіл қоюды және тез психомоторлы реакцияларды талап ететін, потенциальды қауіпті қызмет түрлерінен бас тарту керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдануға болмайды.

Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Психомоторлы тежелу, экстрапирамидалық бұзылыстар, жоғары қалжырау, бастың ауруы, ауыздың құғауы, аккомодация мен көрудің бұзылуы, ортостатикалық гипотензия, тахикардия, іштің қатуы, зәр шығарудың бұзылыстары, сары ауру, аменорея, галакторея, гинекомастия, либидоның төмендеуі, көмірсу алмасуының өзгеруі, тәбеттің жоғарлауы, дене салмағының жоғарлауы, агранулоцитоз, лейкопения, фотосенсибилизация, фотодерматит, «алып тастау» синдромы.

Саудаға тіркелген атауы:

24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар

Биполярлы бұзылыстарды емдеу үш сатыдан құралады: жедел эпизодты емдеу, емді жалғастыру фазасы және келесі эпизодтарды болдырмаудың алдын алу шаралары. Лития препараты тұнжыр ойдың жедел кезінде тиімді, бірақ антиманикальды заттар өз әсерін көрсеткенше, продуктивті симптомдарды бақылауда антипсихотикалық немесе бензодиазепиндер жиі қажет болады. Бензодиазепиндерді бастапқы сатысында тағайындауға болады, лития препараттары өз ықпалдарын көрсеткенше, бірақ оларды тәуелділік даму тәекелімен байланысты, ұзақ қолдану керек. Лития препараттарын бір мезгілде антипсихотиктермен бірге тағайындауға болады, антипсихотиктермен емдеуді лития препараты өз ықпалын көрсеткен кезде доғарады. Бара-бар, антипсихотиктермен науқастың көңіл күйі тұрақтанғанша, лития препараттарымен емдеуді күте тұру керек. Бірақ бір мезгілде лития препараттары мен антипсихотикалық дәрілерді біріктіріп қолданған кезде, нейротоксикалық тәуекел мен экстрапирамидалық бұзылыстардың күшеюі жоғарлайды (1 қосымшаны қара). Лития препараттары — емнің негізі, бірақ олардың жеткіліксіздігіне тар терапиялық жол жатады. Натрия вальпроат тиімді, сонымен қатар карбамазепинді қолдануға болады.

Алып тастаған кезде аурудың қайталану мүмкіндігі жоғары. Егер лития препараттарын қолдануды доғару керек болса, мөлшерін бірнеше апта бойы біртіндеп төмендету арқылы доғарады, бірден доғарғанда аурудың қайталану мүмкіндіктерін науқасқа түсіндіріп айту керек.

Лития тұздары тар терапиялық/улы диапазонға ие және тек олардың сары судағы құнарлығын мониторинг жасау арқылы тағайындау керек. Қолданылған мөлшерден кейінгі 12 сағаттан соң барып алынған, сары су үлгілеріндегі құнарлығы 0,4-1 ммоль/л (төменгі деңгей – ұстап тұрушы ем үшін және егде жастағыларға) деңгейде болатындай, мөлшерде талдап тағайындайды. Әр науқасқа құнарлық деңгейі бойынша тағайындалуы керек.

Мөлшерден тыс, көбінесе құнарлығы сары суда 1,5 ммоль/ лития/л жоғарыда, өлімге әкелуі мүмкін, ал улы ықпалы ірі қозғалысты дірілдеуден, атаксиядан, дизартриядан, нистагмнан, бүйрек жетіспеушілігімен және тырысулармен жүреді. Егер осы ықпалдардың біреуі байқалса, емді доғару керек, сары судағы литий құнарлығын анықтау қажет, жеңіл мөлшерден тыс кезінде — үлкен мөлшерде сұйықтықты енгізу және улылықты төмендету үшін натрий енгізу; ауыр жағдайларда гемодиализ қажет болуы мүмкін.

Литиймен емделуге жауап бермеген науқастарға немесе оны көтере алмағанда, биполярлы бұзылыстардың алдын алу шаралары үшін карбамазепин қолданылуы мүмкін, әсіресе жиі циклді аффективті бұзылыстары бар науқастарда (төрттен артық аффективті эпизодтар).

Лития карбонат

(LITHII CARBONAS)

Шығарылу түрі. Таблеткалар, капсулалар 300 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Желікпелі фазадағы биполярлы психозА, желікпелі-депрессивті психоздың асқынуын алдын алу шараларында, психопатия және созылмалы маскүнемдік кезіндегі озбырлық, психотропты препараттарға үйренгіштік болғанда, жыныстық ауытқуларда, Меньера синдромы, бас сақинасы. Ішке, тамақпен бірге, сумен немесе сүтпен ішу. Ересектерге тағайындалынатын мөлшер, алдын алу шараларында 6 ай бойы үнемі қолданғанда қандағы құнарлығы 0,6-1,0 ммоль/л тепе-теңдікте болады; мөлшері 1 г/тәу құнарлығы 10-14 күнде тұрақтандырылады. Айқын жағдайы жақсарғанына қарамастан, аурудың қайталанбауы үшін, емді жалғастыру керек. Балаларда литийдің құнарлығы қанда 0,5-1,0 ммоль/л арасында болуы керек.