Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

ОЖЖ жағынан: экстрапирамидалық бұзылыстар. Жүрек қан-тамырлар жағынан: артериальды гипотензия.

Саудаға тіркелген атауы:

Морфин гидрохлорид (morphine hydrochloride)

Шығарылу түрі . Егуге арналған ампуладағы ерітінді 1%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жарақаттар және қатты ауырсынулармен жүретін (қатерлі ісіктер, миокардтың инфаркты ж.т.б.) аурулар кезінде ауырғанда басатын дәрілер ретінде қолданылады. Операцияға дайындау және операциядан кейінгі кезеңдерде. Қатты ауырсынумен байланысты болатын ұйқының қашуында. Жөтелге қарсы дәрілермен шеттелмейтін жөтелдер. Жедел жүрек жетіспеушілігімен байланысты қатты демікпелерде.

Ересектерге т/а 1 мл-ден тағайындайды. Ересектерге арналған жоғары мөлшер: бір реттік 0.02 г, тәуліктік 0.05 г.

Лапаротомия жүргізу кезінде опиаттарды жүйелік немесе эпидуральды енгізумен салыстырғанда, жергілікті жансыздандыруларды эпидуральды енгізуде асқазан-ішек жолдарының параличін төмендетеді, операциядан кейінгі ауырсынуды басумен тең. Опиатты эпидуральдыға қосымша эпидуральды жергілікті жансыздандырудықосқанда операциядан кейінгі анальгезияны күшейтедіА. Эпидуральды емеске қарағанда, ауырғанды басу әсері босану кезіндегі эпидуральды анальгезия айқын қамтамас етеді, бірақ босанудың бірінші және екінші сатысының ұзаруына ықпал етеді, окситоциннің және қынап құрал әдістерінің қолдануының қажеттілігін жоғарлатадыА. Морфин – ӘДҰ (1986) ұсынысына сәйкес қатерлі ісіктер кезіндегі шамалы және айқын болатын ауырсынуларды шеттетудегі талдамды дәрі болып келеді. Ішке немесе парентеральды енгізген кезде терминальды науқастарда демікпені төмендетеді (операция жасалмайтын қатерлі ісіктер, айқын тыныс алу және жүрек жетіспеушілігі)А. Морфин интраректальды және кесаро тілігі кезінде қосымша жұлын жансыздандыруында, операциядан кейінгі ауырғанда және анальгезиялық заттарды қолдануды қысқартқан. Фентанил, суфентанил және бупренорфин ықпалы жағынан морфинге орын береді. Салыстырмалы тәуекел қышыма, жүректің айнуы немесе құсу морфиннің мөлшерін жоғарлатумен жоғарлайды. Тиімді мөлшер – 0,1 мгА.

Кері көрсеткіштері

Жалпы күшті жүдеу, тыныс жетіспеушілігі.

Сақтандыру.

Морфин айқын эйфория туғызады, қайта қолданғанда тез дәріге тәуелділік дамиды. 2 жасқа дейінгі балаларға тағайындамайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді, емшекпен емізу кезінде қолданбайды.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, тыныстың тежелуі.

Саудаға тіркелген атауы:

Прометазин (promethazine)

Шығарылу түрі . Егуге арналған ампуладағы ерітінді 50 мг/ 2мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Аллергиялық аурулар мен реакциялар: спастикалық бронхит, бронхиальды демікпе, бөртпелер, қышыма, экзема, медикаментозды бөртпелер, сары су ауруы, Квинке ісінуі, қызба, анафилактикалық шок. Анестезиологияда: операциялық араласулардың алдында және кейін науқастарды тыныштандыру үшін, ауырғанды басатын препараттарға қосымша заттар ретінде біріктіреді. Наркоз жүргізгенде және хирургиялық араласуларда жүректің айнуын және құсуды емдеу және алдын алу үшін; жасанды гибернация кезінде. Неврологиялық тәжірибеде: кинетоздар, бас сақинасы, ұйқының бұзылуы, қозу жағдайлары, теңіз ауруы. Асқазан мен ұлтабардың жара аурулары. Өкпе эмфиземасы барысындағы созылмалы бронхит. Психиатрияда көмекші заттар ретінде. Педиатрияда: нәрестелердегі экссудативті диетез кезінде болатын тері мен шырышты қабаттардағы өзгерістер, экзема, демікпелі бронхит, жалған круп, әр түрлі түрдегі аллергодерматоздар, сары су ауруы.

Ересектерге ішке тәулігіне 0.075‑0.1 г мөлшерде тағайындайды. Бір реттік жоғары мөлшерді 0.075 г құрайды, тәуліктік ‑ 0.5 г.Препаратты парентеральды шұғыл жағдайларда енгізеді (демікпелі жағдай), сонымен қатар операциялық араласулардың алдында және кейін. Б/е енгізілетін бір реттік жоғары мөлшер ‑ 0.05 г, тәуліктік ‑ 0.25 г. К/Т препараты лити қоспасы құрамында енгізеді. 1 жастан 2 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға ішке 0.005‑0.01 г-нан тәулігіне 1‑2 реттен тағайындайды; 2 жастан 5 жасқа дейінгілерге ‑ 0.005‑0.01 г-нан тәулігіне 1‑3 реттен; 5 жастан 10 жасқа дейін ‑ 0.005‑0.015 г-нан тәулігіне 1‑3 реттен; 10 жастан үлкен және жасөспірімдерге 0.005­0.02 г-нан тәулігіне 1‑3 реттен. Б/е енгізуде мөлшері дене салмағына есептегенде 0.5‑1 мг/кг құрайды, енгізу жиілігі тәулігіне ‑3‑5 реттен. Шұғыл жағдайларда (демікпелі статус, жалған круп) мөлшері 1‑2 мг/кг дейін жоғарлауы мүмкін. К/т енгізгенде (кәдімгі лити қоспа бөлігінің құрамы ретінде) мөлшері б/е енгізу мөлшерінің 1/3 мөлшерін құрайды.

Жылан шаққанда тиімсізА. Атопиялық дерматит кезінде тиімділігін анықтап, көрсететін мәліметтер жоқ, мүмкін ол препараттың тыныштандыратын әсерімен байланысты шығарВ. Автокөліктерді жүргізуден және көңілдің мұқияттылығын және тез психомоторлы реакцияларды талап ететін потенциальды қауіпті қызметтерді жасаудан, этанолды қолданудан бас тарту керек. Прометазин жүктілік кезіндегі аллергиялық ринитті емдеуде талдамды препарат болып келеді, себебі басқа гистаминге қарсы заттармен салыстырғанда ұрыққа әсер етуі жақсы зерттелген және қауіпсіз препарат, ең төменгі мөлшерде қолдану керекВ.

Кері көрсеткіштері

Препаратқа және басқа фенотиазиндерге жоғары сезімталдық. Жүктілік және лактация, ерте жастағы балалар. Моноаминооксидаза баяулатқыштарымен емдеу. Бауыр мен бүйректің ауыр қызметтерінің бұзылуы. Феохромоцитома. Жабық бұрышты глаукома. Қуықтың босануы бұзылуы қалдық зәрдің жиналуымен жүретін. АІЖ стенозды аурулары. Артериальды гипотензия.

Сақтандыру.

Препаратты көлік жүргізушілер мен тез психикалық және қозғалыс белсенділігін талап ететін науқастарға сақтықпен қолдану. Респираторлы аурулармен ауыратын науқастарға тағайындағанда байқап тағайындау керек (әсіресе балаларға), себебі препарат жөтелу рефлексін тежейді. Наркотикалық, ұйықтататын, анальгетикалық және жергілікті жансыздандыру дәрілерінің серін потенциялайды. При совместном применении с үшциклді антидепрессанттармен біріктіріп қолданғанда м‑холинотежегіштердің әсерін күшейтеді, сонымен қатар ОЖЖ-не тежегіш әсер көрсетеді; гипотензивті дәрілермен – гипотензивті әсерлерін күшейтеді.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Емдеу кезінде жүктілік тестінің нәтижесі жалған оң болуы мүмкін.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді. Емшекпен емізу кезінде қолданбау керек. Лактацияны төмендетеді (антихолинергиялық ықпал). 2 жасқа дейінгі балаларда бірден өлу синдромының дамуы, аналарының прометазиннің қолданылуымен байланысты болуы мүмкін.