Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кері көрсеткіштері:

Жоғары сезімталдық, бауыр мен бүйректің жедел аурулары, айқын бауыр жетіспеушілігі, ауыр миастения, өзін өзі өлтіруге бейім болулар, наркотикалық немесе маскүнемдік тәуелділік (жедел абстинентті синдромды емдеу ғана), айқын тыныс алу жетіспеушіліктері, айқын гиперкапния, церебральды және жұлынды атаксия, глаукоманың жедел ұстамалары, жабық бұрышты глаукома, жүктілік (I үшайында), емшекпен емізу, 30 күнге дейінгі жас.

Сақтандыру.

Үрейлік пен депрессия біріккен кезде (өзін өзі өлтіру мүмкіндіктері болуы), бензодиазепинмен монотерапия жүргізу ұсынылмайды. Парадоксальды реакциялардың даму мүмкіндіктерімен байланысты, сонымен қатар озбыр мінез-құлықта, жеке және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарға сақтықпен қолданады. Парадоксальды реакциялар көбінесе балаларда және егде жастағы науқастарда байқалады. Парадоксальды реакциялар пайда болған кезде диазепамды доғарады.

Диазепаммен емделу кезінде алкогольді сусындарды қолдануға болмайды. Көлік жүргізушілерге және қызметтері жылдам психикалық және физикалық реакцияларды талап ететін адамдарға, сонымен қатар жоғары көңіл қоюды қажет ететін жағдайлармен байланысты кезде қолдануға болмайды.

14 жасқа дейінгі балаларға диазепамды қолдану анық негізделген жағдайларда ғана болады, емдеу ұзақтығы ең аз болуы тиіс.

Диазепамды қолданған кезде (тіпті терапиялық мөлшерде) үйренгіштік, физикалық және психикалық тәуелділіктің қалыптасуына әкелуі мүмкін. Тәуелділіктің даму тәуекелі үлкен мөлшерлерді және қабылдау ұзақтығы жоғарлағанда дамиды, сонымен қатар анамнезінде дәрілік және алкогольді тәуелділік бар науқастарда болады. Алып тастау синдромы мен rebound-синдром тәуекелін төмендетуде, мөлшерін төмендету жолымен, диазепамды доғаруды біртіндеп жүргізу керек. Ұзақ қолданған кезде немесе үлкен мөлшерлерін қабылдаған кезде бірден алып тастау кезінде, алып тастау синдромы дамиды (бас және бұлшық ет ауруы, мазасыздану, үрейлену, естің шатасуы, дірілдеу, тырысулар), ауыр жағдайларда — деперсонализация, елестер, қояншық талмалары (қояншық кезіндегі бірден доғаруда). Диазепамды тағайындауға себепкер болған транзиторлы синдром симптомдары, қайтадан оданда айқынырақ түрде жүреді (rebound-синдром), сонымен қатар көңіл-күйдің өзгеруімен, мазасызданумен жүруі мүмкін.

Ұзақ қолданған кезде шеткі қанның суретін және бауыр қызметін кезекті бақылап отыру керек.

Босанар алдында 15 сағат бойы 30 мг-нан (әсіресе б/е немесе к/т) жоғары мөлшерде қолдануда, нәрестеде апноэ, гипотензия, гипотермия, емшектен бас тару ж.т.б. өзгерістерді туғызуы мүмкін. Бензодиазепинді нашақорлық жағдайлары суреттелген.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктіліктің I үшайында кері көрсетілген (тау пайда болатын ақаулардың даму тәуекелін жоғарлатады). Жүктіліктің II және III үшайында қолдану мүмкін, егер күтілетін ем тиімділігі ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса.

Емшекпен емізу: Емді қабылдау кезінде емшекпен емізуді доғару.

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: әлсіздік, ұйқышылдық, шаршаудың жоғарлауы; атаксия, эмоцияның тоқырауы, көрудің анықсыздығы, диплопия, нистагм, дірілдеу, тездік реакцияның және көңіл қою құнарлығының төмендеуі, қысқа есте сақтаудың нашарлауы, дизартрия, сөйлеудің түсініксіздігі; естің шатасуы, депрессия, естен тану, бастың ауруы, бастың айналуы; парадоксальды реакциялар (жедел қозу, үрей, елестер, қорқынышты түстер ену, ашу ұстамалары, түсініксіз мінез-құлықтар); антероградты амнезия.

Жүрек қан-тамырлар жүйесі мен қан (қан түзілу, гемостаз) жағынан: брадикардия, нейтропения.

АІЖ мүшелері жағынан: сілекей бөлінуінің бұзылыстары (ауыз қуысының құрғауы немесе гиперсаливация), жүректің айнуы, іштің қатуы.

Басқа да: аллергиялық реакциялар (есекжем, бөртпелер), зәрдің ұсталмауы, зәр шығарылуының ұсталуы, либидоның өзгеруі, бауыр трансаминаза және сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарлауы, сары ауру.

Парентеральды енгізу кезінде: енгізілген жердегі реакция (тромбоз, флебит, инфильтраттардың қалыптасуы); тез к/т енгізу кезінде — гипотензия, жүрек-тамыр коллапсы, сыртқы тыныс алу қызметінің бұзылуы, ықылық.

Үйренгіштіктің, дәріге тәуелділіктің, алып тастау синдромының, әсерден кейінгі синдромның (бұлшық ет әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмендеу), rebound-синдромның дамуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы:

КАРБАМАЗЕПИН

(CARBAMAZEPINE)

Шығарылу түрі.

таблеткалар 100 мг, 200 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қояншыштар (petit mal басқа), желікпелі жағдайлар, жілікпелі-тұнжыраулы бұзылыстардың алдын алу шаралары, маскүнемдік абстиненция, үшкіл және тіл-жұтқыншақ жүйкесінің невралгиясы, диабеттік нейропатия.

Ішке, ересектерге — 100–1600 мг тәулігіне (аурудың көрсеткіштеріне және айқындылығына байланысты), балаларға — 10–20 мг/кг бірнеше рет қабылдауға тәулігіне.